ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Химиялық экспериментті жүргізуде оқушының оқу әрекеттері.Оқушы үшін химиялық эксперимент – өзіндік шығармашылық қабілеті мен жекелік сапасын дамытуға мүмкіндік береді, нәтижесінде оқушылар өздері жеке реактивтер мен жұмыстарды таңдап, эксперименттің орындалу жоспарын құрады және құрал – жабдықтарды жинайды, содан кейін экспериментті жүргізеді. Әдістемелік әдебиеттерде жаңа оқу материалын үйрену кезінде оқушы экспериментін басқару үшін қолданылатын екі әдіс қарастырылады: зерттеу және иллюстративті. Зерттеу әдісін сипаттауда әдіскерлер мен дидактар арасында бірауыздылық жоқ;біреулері оұытудағы зерттеу әдістерін шамадан тыс күрделенедіріп, ғылыми зерттеу әдістермен қатар қояды;екіншілері бұл талаптарды азайтып, көптің қолы жететін еткізеді. Зерттеу әдісінің күрделі вариантына мыналар кіреді: 1) Химиялық оқу экспериментінің мақсатын түсіндіру. 2) Оқушылардың гипотеза жасауы. 3) Эксперимет жұмысының жоспарын құру. 4) Тәжірибе жасайтын приборларды немесе қондырғыларды ойласытру немесе құрастыру. 5) тәжірибені орындау, бақылау, жазу; 6) бақылаудан қорытынды және есеп беру; 7) алынған нәтижелерді қолдану. 8) тәжірибені орындау, бақылау, жазу; 5) бақылаудан қорытынды және есеп беру; 6) алынған нәтижелерді қолдану. Зерттеу әдісінің мұндай күрделі варианты орта мектептегі химияны оқытуда кеңінен қолданылуы (оны сыныптан тыс жұмыстарда пайдаланады) мүмкін емес. Бұл әдістің оңай вариантын белгілі методист-педагог К. П. Ягодовский сипаттап жазған, ол зерттеу әдісі деп аталу үшін екі жағдай керек екенін атап өтеді: Әр түрлі оқу объектілерін зерттеу негізінде оқушылар белгілі дәрежеде өздігінен ббрын өзіне белгісіз ғылыми деректі (заттың белгісіз каеиеттерін, химиялык реакцияның ерекшеліктерін және басқа мәліметтерді) ашады. Белгілі деректер негізінде (тәжірибеден, бақылаулардан немесе кітаптан оқушылар өздері алған біЛім) оқушылар белгілі дәрежеде өздігінен бүрын өзіне белгісіз ғылыми қорытындыны жасайды. Оқушылар ашқан ғылыми деректер және корытындылар оларға бейтаныс болғанмен ғылымда белгілі болуы мүмкін. Оқушылардың даярлығына және басқа жағдайларға байланысты оқушылардың зерттеу әдісінін жоғарыда келтірілген күрделі схемадан өзге белгілері де болуы мүмкін. Иллюстративті әдісті кейбір дидактикалық еңбектерде хабарлама әдіс немесе дайын білім әдісі деп атайды. Оның мәнісі мынада: мұғалім алдымен тәжірибе нәтижесінде алынуға тиістіні хабарлайды, айтылғандардын дүрыстығының иллюстрациясы есебінде оқушылар тәжірибені орындайды. Оқушылардың химиялық эксперименті- күрделі педагогикалық процесс. Оның төрт негізгі бөлігі бар: 1) заттарды (тәжірибеге берілген немесе тәжірибе нәтижесінде алынған) зерттеу; 2) прибор әзірлеу немесе дайынын пайдалану; 3) тәжірибені орындау; 4) есеп жазу. Заттарды зерттеу. Окушылар химиялық тәжірибелер жасағанда жалпы міндетке және тәжірибенің мазмұнына сәйкес заттарды әр түрлі дәрежедегі тереңдікте зерттейді. Мәселен, айрылу реакциясы туралы үғымның қалыптасу процесіндегі тәжірибені орындағанда оқушы негіздік көмір кышкыл мыстың сыртқы түрін және айрылудың екі өнімін (су және мыс оксиді) білуі керек. Үшінші өнімді (көмір қышқыл газын) оқушы, оның қасиетін (жанған шыраны сөндіру және ізбес суын лайландыру) біліп анықтайды. Заттың сыртқы түрімен таныстыру сөзді көрнекілік құралдармен үйлестірудің бірінші немесе үшінші формасы бойынша жүзеге асуы мүмкін. Бұл жағдайда сөз мұғалімнің ауызша сөзі немесе тапсырмада басылған болуы мүмкін. Көмір қышқыл газын білу үшін екінші немесе төртінші форманы колдану қажет, өйткені оның пайда болғаны туралы бұрын алған білім негізінде: шала жанған шырамен сынау немесе ізбес суы арқылы өткізіп біледі. Анализаторлар жәрдемімен қабылданбайтын физикалық қасиеттерді: тығыздығы, электр өткізгіштігі, қайнау және қату тем-пературасы танып білу қиынға түседі. Олар туралы приборлардың көрсетуі бойынша біледі. Мәселен, еру процесін өткенде оқушылар таза судың және еритін заттардың, содан соң алынған ерітіндінің электр өткізгіштігін сынайды. Бұл жағдайда да окушылар ерітіндінің тікелей қабылданатын қасиеті ретінде прибордың керсетуін (лампа жанады) қабылдайды. Электролиздің электрхимиялық процестері таныс емес 8 - сынып оқушысы үшін электр лампасының қызуы қышқылдар мен сілтілер ерітінділерін лакмуспен сынағандағы тәрізді индикатор болып табылады. Электролиз процесін білетін 9-сынып оқушыларында прибордың керсетуі мен зат қасиеттерінің арасында қысқа байланыс туады. 8- сыныптағы тәжірибелерде көмір қышқыл газын анықтау үшін ізбес суын индикатор ретінде пайдаланады. Тәжірибе нәтижесінде алынатын заттарды зерттеу біраз күрделірек. Бүл жағдайда сөзді көрнекі қүралдармен үйлестірудің баска формалары колданылуы мүмкін. Бірақ барлық жағдайда химиялык, тәжірибелер кезіндегі заттарды зерттеу процесі үлестірілетін материалды зерттеуге үқсас. Лабораториялық жұмыс жасай отырып окушылар жаңа білім алмайды, заттар мен процестерді жакыннан бакылап білімді нақтылай түседі. Сонымен бірге олар мұғалімнің айтуы немесе жазбаша нұскау бойынша өздігінен жұмыс істеу дағдыларын және химиялык эксперимент техникасы бойынша дағдыларды үйренеді. Оқушылардың орындаған тәжірибелері мұғалімнен білгенін растайды. Бақылау жасамастан бұрын бакылау нәтижелерін жазады. Бақылағандарымен мұғалімнен білгендерінің арасында айырмашылық болған жағдайда окушылар мүғалімнің айтқанына сенеді. Бүл тақырыпка зерттеу әдісімен өткізілген зертханалық жұмыс басқаша ұйымдастырылады. Тақырып сол болғанымен максат басқа: оқушылар мұғалімнің басшылығымен химиялық тәжірибелерді ездігінен жасай отырып, білімді тәжірибс мен бакылау негізінде қабылдауға үйренеді. Мәселен, «Қосылу реакциясы» такырыбына оқушыларды лабораториялык жүмыска даярлайтын әңгімелесуде мүғалім кандай күбылыстар химиялық деп аталатыны, заттардын, механикалық араласуынан олардың айырмасы, өздері бақылаған сынап оксиді айрылу реакциясын атом молекулалық ілім түрғысынан калай тусіндірілетіні жөніндегі білімдерін нактылайтын сұрактар береді. Содан соң мүғалім зертханалық жұмыстардың тақырыбын және мақсатын тұжырымдайды, бұл жұмыстың жоспарын ұсынады: 1.Темірдің (ұнтақ күйінде) қасиеттерін зерттеу: а)сырткы түрі; б) кышкылмен әрекеттесе ме (реакцияның белгісі — иіссіз газ 2. Күкіртті зерттеу. 3. Күкірт пен темірдің коспасын зерттеу. 4.Күкірт пен темірдің химиялық косылу реакциясын жүзеге 5. Күкіртті темірдің касиеттерін зерттеу. 6. Қорытындылар. Бұл жұмыс химияны оқытудың бастапкы кезеңінде оқушыларда ұзак уакыт өздігінен жұмыс жасау дағдысы жок кезде өткізілетін болғандықтан мұғалім жоспардың әр бөлімі бойынша нұсқау береді және әр бөлім орындалған соң ұжымдық тексеру жүргізеді. Жұмыстың қорытындысын жалпылама әңгімелесуде тұжырымдайды Химия ғылымын меңгерудегі эксперименттің ролі, оның түрлері – демонстрациялық эксперимент (демонстрациялық столда мұғалім өзі жасап көрсетеді), оқушылар жасайтын эксперименттер (практикалық жұмыстар, зертханалық тәжірибелер және эксперименттік есептер). Эксперименттің ерекше бір түрі – ой эксперименті. Әр эксперимент түрінің өзіндік ерекшеліктері, жүргізілу уақыты. Демонстрациялық эксперимент негізінен жаңа материалды түсіндіру кезінде оқушыларда заттар, химиялық құбылыстар және процестер туралы нақты көзқарастар қалыптастыру үшін жүргізіледі. Демонстрациялық эксперимент жүргізуге қойылатын талаптар. Практикалық жұмыс – тақырыпты немесе тарауды оқып болғаннан кейін сол жаңа материалға сәйкес химиялық тәжірибелерді арнайы сабақта оқушылар өз бетімен жасайтын жұмыстың түрі, оқу жоспарында практикалық жұмысқа арнайы сағат бөлінеді. Практикалық сабақтарға қойылатын талаптар және ондағы мұғалімнің ролі. Зертханалық тәжірибелер-мұғалімнің бақылауымен оқушылар өз бетінше орындайтын жұмыс түрі. Зертханалық тәжірибелер жаңа материалды толық ұғыну үшін және нақты, дәлелді білім алу үшін сабақтың кез-келген ыңғайлы бөлігінде жасалатын тәжірибе түрі. Зертханалық тәжірибелер сабақтың барлық бөлігін алмайды, тек белгілі бір бөлігінде ғана жасалады, яғни тәжірибені қай уақытта жасау ыңғайлы екенін мұғалім өзі алдын-ала ойластырып шешеді. Зертханалық тәжірибелердің маңызы. Эксперименттік есептердің түрлері және олардың маңызы. 3. Химиялық экспериментті қоюда зертханашының жұмысы. Әдебиеттер: 1. И.Нұғыманұлы, Ж.Ә.Шоқыбаев, З.О.Өнербаева. Химияны оқыту әдістемесі – Алматы. «Print-S» баспаханасы, 2005. - 353 б. 2. Г.М.Чернобельская. Методика обучения химии в средней школе. М.:Владос, 2000. -413 с. 3. М.В.Зуева, Н.Н.Гара. Школьный практикум. Химия. 8-9 классы. Москва, Изд. Дом «Дрофа», 1999. 4. Н.Н.Гара, М.В.Зуева. Школьный практикум. Химия. 10-11 классы. Москва, Изд. Дом «Дрофа», 1999.
Лекция №7-10. Мектептегі химия кабинетінің құрал жабдықтары. Қажетті реактивтер мен құралдар жиынтығы. Химиялық кабинеттегі оқушының жұмыс орны. Жоспары: 1. Химия кабинетінің орналасуы. 2. Химия кабинетінің құрал-жабдықтары 3. Зертханалық шаруашылық
1. Химия кабинетінің құрал-жабдықтары Химиядан құрал жабдықтардың алатын орны. Олардың көмегімен күрделі процестерді көрсетіп, оқытылатын құбылыстың қатынасы мен байланысын ашады. Мектепте қолданылатын құралдарды үш топқа бөлуге болады. 1) өлшегіш құралдар 2) қыздырғыш құралдар 3) тәжірибе жүргізуге арналған арнайы құралдар. Осы үш топтағы құралдар демонстрационды және лабораториялық болып бөлінеді. Жұмыстың орындалу негізіне байланысты қыздыруға, балқытуға, өлшеуге, балқу және қайнау температурасын өлшеуге, тығыздығын, ерігіштігін, фильтрлеу, айдау, бөлу, ион алмасу ж.б өлшеуге арналған деп бөлінеді. Заттардың агрегаттық күйіне байланысты тәжірибе жүргізілетін құралдар. Ондай құралдарға газдармен тәжірибе (алу, жинау, сақтау, тазалау, жұту, тығыздығын анықтау химиялық реакция жүргізу) сұйықтармен тәжірибе (бөлу, қайнау температурасын, тығыздығын анықтау) қатты және сұйық заттармен тәжірибе (фильтрлеу, ерігіштігі, абсорбция, кристаллизация) жүргізіледі. Электр тогымен (электролиз, электр өткізгіштік, электрод потенциалын анықтау) және қыздырумен (термохимиялық реакция, пиролиз) жүргізілетін тәжірибе маңызды орын алады. Зертханада химиялық экспериментті өткізу үшін арнайы ір түрлі құрал-жаб
Шыны ыдыс барлық химимялық тәжірибелерге қажет. Мектептегі химия кабинетінде әдетте үш түрлі шыны ыдыстарын қолданады: 1) жеңіл балқитын шыныдан жасалған жұқақабатты ыдыс (сұйықтықтрды қыздыруға арналған); 2) қиын балқитын шыныдан жасалған жұқақабатты ыдыс (құрғақ заттарды қыздыруға арналған); 3) қалың қабатты ыдыс (реактивтерді сақтауға және қыздыруды қажет етпейтін тәжірибелер үшін). Жұқақабатты ыдыс (бірдей сыйымдылықтағы) қалың қабаттыдан анағұрлым қымбат. Мұны қыздыруды қажет етпейтін және өздігінен қызбайтын заттар бар тәжірибелерде, өте нәзік жұқақабатты ыдысты қолдануды шектеу керектігін ұмытпау керек. Химиялық ыдыстарды алғанда және тапсырыс бергенде оның өлшемін,атауын, ал кей жағдайларда шыны сортын (мысалы, жұқақабатты ыдыстар үшін мүмкіндігінше қиын балқитын шыны) айту керек. Сонымен қоса прейскурант бойынша номерін көрсетуге болады. Әртүрлі ыдыстар үшін жеке өлшемдер анықтау қабылдаған: сыйымдылығына қарай (миллилитр немесе су граммы); ұзындығы және кеңдігі, ұзындығы және диаметрі бойынша (кейде сыртқы және ішкі диаметр бойынша), кей жағдайларда номері бойынша және т.б. Ыдыстар және құралдарды жуу. Ыдыстың ішіндегі реакция өнімдері кептірілген соң, ыдысты жуу үшін сода, сабын, қайнаған су және щетканы қолданады: ыдысты жұмыс аяқталған соң кір күйінде көпке қалдырмау жуу қажет. Сонымен қоса жақсы жуғыш заттар болып әртүрлі ұнтақтар табылады. Ыдысты жууға арналған щеткалар әртүрлі өлшемдерде болады. 20 суреттің 4 және 5 көрсетілген ершиктер көп қолданылады. Лаборанттар бөлмесінде басқа да колбаға, стақанға және ступкаға, бюреткаға, мензуркаға және т.б. щеткалар қажет. Жиі түрде өте үлкен ыдысқа - 3, жұқа түтіктерге - 6 және қалың түтіктерге арналған щеткалар болады. Щетка болмаған жағдайда құс қанаттарын, кейде тряпка оралған лучинаны қолданады. Егер берілген тәсілмен ыдысты жуу мүмкін болмаса, онда қандай заттардан қалған ыдысты жуғанына байланысты сәйкес сілті, қышқыл және т.б. реактивтерге жүгінеді. Мысалы; темір оксидінің сары тұнбасы тұз қышқылында, калий перманганатының ыдырауынан кейін алынған марганец оксидінің бурый тұнбасы – қымыздық қышқылымен жақсы шайылады. Стеарин, май және өсімдік майларынан соң ыдысты сілтімен, басқа да органикалық қосылыстарынан соң – натрий немесе калий дихроматымен (хромды қоспа) концентрлі күкірт қышқылының қоспасымен жуу қажет. Осы ерітіндінің 100 мл қолданар алдында 320 мл тығыздығы 1,84 концентрлі күкірт қышқылын қосады. Органикалық заттарды жақсы тотықтыратын ыстық ерітінді алынады. Хромды қоспаны оның шашырап теріге түспеуі үшін абайлап қолданады. Егер хромды қоспа бірден әсер етпесе, онымен ыдысты толтырады және түнге қалдырады. Кейде ыдысты жууға спирт, бензин, скипидар және т.б. пайдалы болуы мүмкін. Сілті ерітіндісі ұзақ болған ыдыстар әдетте жуылмайды, онда ыдыстың құрғақ түрінде анық көрінетін ақ дақ қалады. Сілтілер беткі қабаты шероховый, маточный жасалған шыныларды ерітіп жібереді. Күкіртпен кейінгі тәжірибеден соң оны ыдыстан жағып кетіреді. Ол үшін күкірт қалған реторта, сынауық немесе басқа ыдысты тартқыш шкаф астына қойып, алдымен күкіртті абайлап қыздырып балқытады және көп бөлігін төгеді. Содан соң ыдысты штативке бекітіп, оған қол резина баллонмен жалғасқан шыны түтікті енгізеді және барлық күкірт жанғанша ауа үрлеп ыдысты спирт шамда қыздырады. Күкірт қыздырғанда анилинде өте жақсы ериді. Барлық күкірт ерігенше ыдысқа анилин құйып қыздырады. Анилин буы улы болғандықтан қыздыруды тартқыш шкафта жүргізеді. Ерітіндіні арнайы дайындалған банкаға төгеді. Ыдыстағы төккеннен соң ерітіндіден бөлінген күкіртті щеткамен өте жеңіл кетіруге болады. Қалыпты температурада күкірттің анилинде ерігіштігі өте төмен болғандықтан, ерітінді құйылған банка түбінде суыған соң барлық күкірт бөлінеді. Анилинді фильтрлеп бөліп, қайта қолдануға болады. Фарфорлы ступкаларды тазарту үшін көптеген құммен суды араластырады. Ступка және чашкалардағы майлы заттарды, вазелинді және т.б. құрғақ опилкамен сүрте кетіреді. Жуылған және таза сумен жақсы шайылған ыдысты сүртпейді, ал кептіреді. Ол үшін оны төңкеріп ыдысты кептіруге арналған этажеркаға Этажерканың жәшіктернің түбі шырышталған темірлі сеткамен керілген. Этажерканы пеш немесе сулы радиатор жанына,немесе этажерка астынан керамикалық қойғышы бар электрлі плитка орнатады. Ыдысты кептіру үшін тақтаға еңкейте бекітілген таза колышкаларға ыдысты ілуге (22 сурет) немесе осы мақсаттар үшін қарапайым ыдыс қойғышты себеттер қолданады. Себеттер астына ауа еркін енуі үшін астына ағаш брустар орналастырады. Ыдысты кептіруде ауаны қыздыра жүргізілетін фен (оны әдетте шаштаразда шашты кептіруге қолданады) өте ыңғайлы. Егер фенның аузына диамерлері 4-6 мм болатын түтіктер орнатса бірден бірнеше ыдысты кептіруге болады (23 сурет). Ауаның мықты ағымын алу үшін әртүрлі шаңсорғыштарды да қолданады. Қатаң жағдайда ыдыстың сыртын сүртеді, ал ішін спирт шам жалынының үстінен жоғары ұстап, әр кез айналдыра және ыдысқа қол резина баллон арқылы ауа үрлей отырып кептіреді. Қатты және бірқалыпты емес қыздырудың алдын – алған жөн, өйткені одан шыны шытынауы мүмкін. Кептіретін ыдысты төңкеріп ұстауға болады. Ыдысқа шаң – тозаң түспес үшін, ауа үрлейтін түтікке тығын арқылы мақта салынған ұзын түтік жалғайды. Ыдысты тез кептіру үшін оны спиртпен шаяды. Кейбір енді ғана бастаған экспериментаторлар сияқты кептіруді ауа үрлемей қатты қыздырып жүргізуге болмайды, себебі әлсіз қыздырғанда кептіру баяу жүрсе, ал қатты қыздырғанда ыдыс шытынауы мүмкін. Тар цилиндрдлі ыдыстарды (үлкен сынауықтар, цилиндарлер, ұзын түтіктер, эвдиометрлер, бюретка және т.б.) кептіріп және сүртуге әртүрлі қалыңдықтағы ұзын ағаш таяқшалар қолданады, олардың бастарында ағаштан 1-0,5 мм шыға орнатылған бірнеше мыс сымдары бар. Мұндай таяқшаны қолдан жасауға болады. Екі жағы да ашық жіңішке түтіктермен приборларды ұзындығы түтіктен екі есе болатын жіпке ортасынан мақта байлап тазалап және сүртеді. Содан соң жіптің бір ұшына мыс сымының бөлігін байлайды және соңын вертикаль ұстап оны түтікке түсіреді. Жіп түтік бойымен жүргенде, мақтаны ары –бері бірнеше рет жүргізеді. Егер түтік өте лас болса, онда алдымен спиртке батырылған, содан соң құрғақ мақтамен сүртеді.
Таразылар Заттардың керекті мөлшерін өлшеу және сандық анықтаулармен байланысты демонстративтік тәжірибелер және оқушылардың практикалық жұмыстарында, мысалы; ерітінді дайындауда, мектептегі химиялық кабинетте таразының бірнеше түрі болуы керек: техникалық таразы – жоғары дәлдікті үлкен таразы, футлярсыз және футлярдағы – техно–химиялық таразы, қолдық (дәріханалық) таразы (25-сурет), ал лаборанттар бөлмесі үшін – дөрекі таразы (серіппелі және т.б. 5 кг дейін). Кейбір жұмыстарда дәл өлшеу үшін (0,0001 г дейін) демпфері бар немесе демпферсіз аналитикалық таразы қолданылады, бірақ орта мектептерде бұндай таразылардың қолданылуы шектеулі. Бірінші типті таразыларға 500 г дейін жүк өлшейтінғ дәлдігі 0,05 г дейін техникалық таразы және техно – химиялық таразы жатады. Соңғысы жоғары сезімталды және 200 г-нан жоғары жүктерді 0,01 г және 0,001 г дейінгі дәлдікпен өлшейді. Максимальды жіберілетін ауырлық таразының коромыслдағы сәйкес цифрмен көрсетіледі. Осы таразының негізгі бөлшегі болатты үш призмасы бар коромысло болып табылады. Ортаңғы призманың ұшы төмен қаратылған және жұмыс кезінде таразы тіреуінің жоғары жағына бекітілген болат пластикасына тіреліп тұрады. Қалған екі призманың ұштары жоғары қарап тұрады. Оларға болат пластинканың көмегі арқылы сырға іледі, ілгіштеріне таразының чашкасына арналған дуганы іліп қояды. Таразы тіреуіші колонканаң муфта бекітілген. Коромыслаға төмен қарап тұрған бағыттаушы бекітілген, оның ұшы жұмыс істегенде колонканың төменгі жағында орналасқан шкала бойынша жылжиды. Таразыны жөндеу үшін гайка түріндегі коромысла ұшындағы регуляторлар қызмет етеді, олар ортаңғы сызықтан біркелкі ауытқығанша винтті стержень бойынша қозғалады. Осы таразының қарапайым дөрекі таразылардан қарағандағы айырмашылығы, олар аналитикалық таразылар сияқты арретирлік құрылғасы бар. Бұл механизм көмегі арқылы тіреу көтеріліп қайтадан түсе алады, осыған байланысты таразыны қосқан кезде призмалар тіреуіш пластинкалармен бірге және де коромысло арнайы тіреулерде ұсталып тұрады. Бұлар призмаларды үйкелуден және регулировканы және таразыда өлшеулер жүргізгенде сезімталдығын сақтаудан қорғайды. Арретирдің ұстағышын оңға бұрағанда таразыны жұмыс істеу қалпына келтіреді. Кей жағдайда техно – химиялық таразылар алдыңғы есігі көтерілетін арнайы шыны футлярға орналастырады. Футляр таразыны ауа ауытқумен және жоғары дәлдікті қамтамасыз етеді. Осы таразыларды демонстративті тәжірибелерге қолданғанда оны жоғары жаққа қояды. Өйткені таразы шкаласы алыстан жақсы көрінбегендіктен оған басқа дөрекі бөлгіші бар шешілетін шкала жабыстырып, ал бағыттаушының ұшына түсті қағаздың жолағын қоюға болады. Техно – химиялық таразы дұрыс қолданылған жағдайда барлық мөлшерлік, мектептегі демонстративті тәжірибелер үшін жоғарғы дәлдікті қамтамасыз етеді. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|