ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Химиялық эксперименттің атқаратын функцияларыХимиялық эксперимент маңызды функцияларды атқарады. Олар: білім, тәрбие және даму. Сонымен қатар, ақпараттық, химиялық эксперимент эвристикалық, құрастырушылық, зерттеушілік негізгі функцияларды анықтайды. Олар: Ақпараттық функция химиялық эксперимент пәннің алғашқы таным көзі ретінде болған жағдайда пайда болады. Эксперименттің көмегімен оқушылар заттың қасиеті мен өзгерісі жайлы мағлұмат алады. Эвристикалық функция енгізілген фактілерді ғана емес, сонымен қатар, көптеген эмпирикалық танымды құруға белсенді негіз болады. Қарапайым мысал, егер тәжірибе негізінде факт қалыптастырылса: оқушы натрий гидроксидіне бірнеше тамшы индикаторды (фенолфталеин) тамызған кезде, индикатор сілтінің әсерінен өз түсін өзгертетініне көз жеткізеді. Бәрінен бұрын фактіні енгізу қиындау. Мысалы, тұз қышқылының ерітіндісіне мырыштың түйірін салу кезінде оқушы біріншіден, мырыш тұз қышқылында еритінін, екіншіден, бұл реакцияның нәтижесінде газ бөлінетінін анықтайды. Жоғарыда келтірілген мысалдардың барлығынан эвристикалық шешім жасауға қолдануға болатындығын көруге болады. Зерттеушілік функция заттарды синтездеу мен талдау бойынша практикалық білік пен дағдыны дамытуға, заттардың қасиеті жайлы білім іздеу мен олардың қарапайым белгілерін зерттеуге, жалпы ғылыми – зерттеушілік жұмыстың қарапайым әдістерін меңгеруге негізделген [34]. Оқу құралы ретінде химияның “бейнесін”, ерекшелігін, бірегейлігін, қамтамасыз ететін химиялық эксперимент. Ол үш жақты білімділік функциясын орындайды (оқыту, тәрбиелеу, дамыту). Химиялық эксперимент: Ø тәрбиенің қалыптасуына көмектеседі (еңбектік, мәдениеттілік, үнемдік, этикалық, эстетикалық, танымдық, экологиялық және басқалар); Ø дамытушылыққа үйретеді (есте сақтау, ойлау, елестету, сезіну, қажеттілік мотивтері, шыгармашылығы т.б,). Ø танымдық қасиетін дамытуда маңызы зор әдіс функциясын орындайды (химиялық объектілерді тану, оқу проблемасын шешу, оқу гипотездерін тексеру). Ø оқу құралдар функциясын орындайды (көрнекіліктер, зерттеулер, жетістіктер, қорытындылар, білім және дағдыны қолдану, оқушыларды тәрбиелеу мен дамыту құралдары) [6].
1 сурет. Оқушылардың химия сабағында эксперимент жасау барысы
Химиялық эксперименттің ең басты атқаратын функциясы – оқушылардың танымдық іс – әрекетін қалыптастыру болып табылады. Танымдық іс-әрекет дегеніміздің өзі – шәкіртің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті. Ол танымдық қажеттіліктен, мақсаттан және ізденімпаздықтан қалыпасады. Ал белсенділік – білім алуының іс-әрекет пәнімен тікелей орналасу дәрежесін анықтайды. Жалпылама танымдық белсенділікке педагогика тұрғысынан мынадай анықтама беруге болады: танымдық белсенділік деп – мотивициялық – тұлғалық, мазмұндық – амалдық, және процессуалды - жергілік бөліктерінен тұратын тұлғаның интегралдық құрылымын, сипаттамасын айтамыз. Химияны оқытуда танымдық іс-әрекетті белсендіру – бұл оқушының белгілі мақсатқа бағытталған әрекеті, қызығушылығын тудырып, шығармашылығы мен шеберлігін арттыруда қолданылатын әрекеттер жиынтығы. Оқушыларда танымдық іс-әрекеттері өз бетінше жүрізу дағдысын қалыптастыру – оқытудың аса маңызды мақсаттарының бірі. Мұны жүзеге асыру оқушыларды жинақтылыққа, өзін-өзі дұрыс басқаруға үйретеді, білімді саналы түрде игеріп, оны танымдық шығармашылық және қарапайым тапсырмаларды орындауда дұрыс қолдана білуге жетелейді. Сондықтанда оқу барысында оқушылардың таным белсенділігін арттыруды олардың өз бетінше танымдық ықылас – ынтасын, ізденушілік қабілетін қалыптасатындай етіп ұйымдастыру керек. Химия сабағында танымдық белсенділікті арттыруда түрлі жаңа технологияларды қолдануға болады. Сонымен қатар оқытуда дайын білімді беру, есте сақтау, қабылдау ғана емес, оқушының білімі өз бетінше қызмет нәтижесінде кеңею керек. Осыдан оқушының жеке тәжірибесі мен іс жүзіндегі әрекеті шығады. Білім, білік, дағды оқушыларда өзіндік белсенділік негізінде, ал бұл қабілеттің өзі психикалық белсенділіктің нәтижесінде пайда болады. Оқушының танымдық белсенділігін арттыру жұмыстары сабақ үстінде жүргізіледі әрі оқушылардың өз бетінше орындайтын жұмыстарына да ерекше назар аудару керек. Оқушы танымдық іс-әрекеті арқылы қоршаған ортаны ғылыми түрде түсінуге тырысады, осының негізінде ізденімпаздықпен айналысады.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|