ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Практикалық сабақтарды қою.Зертханалық тәжірибелерге қарағанда практикалық жұмыс оқушылардан өз бетінше жұмыс жасауды көбірек талап етеді, яғни оқушылар үйден алдын – ала дайындалып келуі керек: жұмыстың мақсатымен, мазмүнымен, оны орындау ретімен үйде танысады, конспектілейді, жұмыс жасау жоспарын құрады. Оған қоса жұмысқа тікелей қатысы бартеориялық материалды қайталайды. Ол жұмысты түсініп істеуге үлкен септігін тигізеді. Практикалық жұмысты оқушы өз бетімен жасайтын болғандықтан оның жауапкершілігі, жинақылығы, тіпті тәртібі артады. Нәтижесінде дағды қалыптасып, пәндік құзыреттілік пайда болады. Практикалық жұмыс жасау кезінде оқытушының рөлі: v оқушының сабаққа дайындығын тексеру; v жұмыс барысында кездесетін техника қауіпсіздгі ережелерін білуін және оны сақтауын қадағалау; v тәжірибенің дұрыс орындалуын бақылау; v оқушы тәжірибені түсініп орындап жатқанын бақылау; v қажет болған жағдайда жеке дифференциалды көмек көрсету керек; v жұмыс үстеліндегі реттілік тазалықты бақылау.
7 сурет. Көміртегі (ІV) оксидін 8 сурет. Тәжірибенің аралас алуға арналған қате сызба-нұсқа екі түрі көрсетілген
Практикалық сабақ кезіндегі оқушының іс – әрекетін және жазған есебін және т.б. бағалаудың критерийлері: 1. әрбір тәжірибені қатесіз және ұқыпты орындау; 2. реактивтермен, құралдармен жұмыс жасай білу; 3. сабақ барысында тәртіпті және техника қауіпсіздігін сақтау; 4. есепті (жазбаша) дұрыс, сапалы жазу (реакция теңдеулерін жазу). Әрбір практикалық жұмысты жүргізу уақыты оқу жоспары бойынша анықталады және практикалық жұмысқа арнайы сабақ жоспары жасалады. Сабақ жоспарында оқытушы бүкіл сыныптың және жеке оқушылардың жұмысына қалай бақылау және байқау жасау керек екендігін жұмыс жасау барысында оқушылар техникалық және теориялық сипаттағы қандай қиыншылықтармен кездесуі мүмкін екендігін жұмысты дұррыс жасалуы үшін оқушыларға қандай көмек көрсетуге болатындығын жоспарлайды. Сонымен қатар жоспарда: - реактивтерді немесе құрралдарды ауыстыру мүмкіндіктері (Мысалы, реакция нәтижесінде мыс гидроксидін алу.); - кейбір жағдайларда тіпті тәжірибенің ауыстыру мүмкіндіктері (Тәжірибенің мазмұнын ауыстыру жағдайда, мысалы, тартпа шкаф болмай қалған жағдайда, оқушыларға сол сабақты теориялық жағынан сұрақтар тумайтын етіп түсіндіріп өту керек); - оқушының сабаққы теориялық дайындығын тексеруге дайындығын тксеруге арналған сұрақтар тізімі жасалады; - тәжірибені орындау техникасы бойынша нұсқаулар беріледі және т.б. [28].
9 сурет. Аммиакты алу 10 сурет. Лабораториялық тәжірибесінің ыдыстардың әртүрлі қате сызба-нұсқасы типтегі суреттері
11 сурет. Практикалық жұмысты жүргізу технологиясы Қазіргі кездегі мектептердегі практикалық сабақтар оқушылардың зерттеушілік жұмыстарын ұйымдастыруға мақсатталмаған. Орта мектептердегі практикалық сабақтардың жаттығулармен сиппаталып, білімділік маңызы болуы керек. Практикалық сабақтардың қарапайым, әрі жас ерекшелігі мен оқушының дамуына байланысты тапсырмалардың да қарастырылуын қамтамасыз ету керек. Практикалық сабақтардың негізгі сипаттары келесідей: Практикалық сабақтар өтіліп жатқан курспен тығыз байланыста өткізілуі тиіс. Практикалық сабақтардың негізгі оқу курсынан қалып кетуін қалыпты жағдай деп есептемеу керек. Практикалық сабақ үшін жалпы оқу жоспары ішінен арнайы сағаттар бөлінуі керек. Қазіргі кезде химия бағдарламасында мұндай арнайы сағат саны жеткілікті бөлінбеген. Мұғалім практикалық сабақты жеке тақырып бойынша сабақтьың жұмыс барысына қарай жоспарлайды. Т қмен сыныптарда бұл бір сағаттық уақытқа, ал жоғарғы сыныптарда екі сағаттық сабақтар ретінде жоспарлануы керек. Кейбір жұмыстар, орныдалу жағдайына байланысты екі сағаттан кем емес уақытқа созылуы мүмкін.(мысалы, газдың молекулалық массасын анықтау, т.б.) Көпшілік жағдайда практикалық сабақтар оқушылар материалды өтіп болғаннан кейін жүргізіледі. Оқушының зертханалық сабақтағы экспреименттік жұмысынан практикалық сабақтың айырмашылығы да осында. Практикалық сабаққа оқушы алдын ала дайындалып баруы керек.: оқушы жұмысқа қарасты барлық жағдайларды білуі тиіс. Дайындық жұмыс кезінде бақыланатын құбылыстар мен химиялық процестерге, жасалуы керек шаралардың техникасына және жағдайға сәйкес болжамдарға бағытталуы керек. Көпшілік жағдайда оқушылар сарамандық жұмыс жағдайға алдын ала дайындықсыз келеді. сарамандық жұмыс сабақтарға дайындықты тек кейбір авторлар мен мұғалімдер талап етеді. Практикалық сабақтар жеке – жеке жүргізілуі тиіс. Тек осы жағдайда ғана ол мақсатқа жетеді. Бұл жағдайда ешқандай әдістемелерде қарсылық жоқ. Зертханалық жеке жұмыс оқушы өмірінен аз орын алады, екінші жағынан мектептерде ұжымдық жұмыс көп орын алады, сондықтан оқушылардың жеке жүргізетін өздік жұмыстарының санының өсуіне көп көңіл бөлуі керек. Қазіргі заманғы мектептерде оқушылар жеке жұмыспен сирек айналысады, көбіне топпен жұмыс жасайды. Қажеттілікке байланысты мұндай жағдайға жүгінер болса, онда әр топқа үш адамнан артық артық бөліну керек. Керісінше жағдайда мұндай сабақтар практикалық жұмыстың спецификалық сипаты мен қасиетін жоғалтады. Зертханада оқушы сарамандық жұмысының жұмыс дағдысы мен жеке жұмыс жасауға үйренумен қатар, ол кейбір жағдайларда өзінің болжамын да ұсына алады. Барлық тәжірибелер жеке басқарушылықпен немесе оқулықта көрсетілгендей нұсқаулықтар бойынша орындалады. Нұсқаулықтар оқушылардың химиядан жалпы дайындықтарын,сарамандық жұмыстың техникасын меңгере білу дәрежесіне және жас ерекшеліктерін ескеру тиіс. Төмен сыныптар үшін тапсырмалар қарапайым, ал нұсқаулықтар толық болуы керек; жоғарғы сыныптарда, керісінше, нұсқаулықтарды қысқаша түрде беру керек. Мысалы, егер 8 сыныпта суды ығыстыру арқылы газды алу жолын толық суреттесе, 10- 11 сыныптарда «Сулы немесе пневмaтикалық ваннаны қолдана отырып газды алыңдар» деген сөзбен шектелген жеткілікті. Нұсқаулықтар оқушылардың жеке жұмыс жасауы үшін қарапайым, әрі мұғалімнің қосымша нұсқауын талап етпейтіндей етіп дайындау керек. Сонымен қоса нұсқаулықтар оқушының жұмысын қиындатпау керек. Нұсқаушылыққа түрлі есептеулер мен тапсырмаларды кірістірмеу керек. Тапсырмаларды әрине орындау керек, бірақ зертханалық жұмыс кезінде емес. Нұсқаулықтар келесі бөліктерден тұруы керек: Қажетті зертханалық құрал- жабдықтар мен реактивтердің тізімі; Жұмысты орындауға қажетті нұсқаулықтар (құрылғыны жинау, жұмысты түрлі кезеңге бөліп орындау,т.б.); Алынған материалмен не істеу керектігі жөнінде көрсетілім; Қорытындыға қойылатын талаптар; Құрылғыны жинастыруға арналған көрсеткіш. Оқушылардың практикалық сабақ кезіндегі сарамандық жұмысқа қатысы бар өтілген теориялық материалды оқып дайындығымен қатар, оқушылар нұсқаулықты да білуі керек. Мұғалім, алдын ала оларға қандай жұмыс орындалатынын айтып, дайындалған немесе оқулықта көрсетілген нұсқаулық бойынша дайындауларын талап етеді. Кейбір мұғалімдер сарамандық жұмыс жүргізбес бұрын, оқушылардың оған дайындықтарын тексереді. Зертханалық сабақтарға қарағанда практикалық сабақ процесі кезінде оқушылар зертханада жұмыс жасау техникасын жоғары дәрежеде меңгерулері тиіс. Бұндай жұмыстардың нәтижесінде оұушылар зертханалық құрылғы мен іс- әрекеттер жайында нақты мәліметтер алады. Мектеп жағдайы мен мұғалім оқушылардың зертханалық жұмыс жасай алу біліктілігін арттыруға мүмкіндік беруі керек. Біліктіліктің артуына жүйелі түрде жүргізіліп отырған қорытындылаулар мен болжамдардың арқасында қол жеткізуге болады. Oқушылардың практикалық жұмыстары бойынша есебі.Бұл сұрақ оқушылардың экспермиенттік жұмыстарында үлкен орын алатындықтан, жетік қарастыру керек. Оқушылар өздерінің байқауларын жазып, құрылғылардың суреттерін салды, т.б.. Осының барлығы есептерде көрсетілуі керек. Мұндай есептер жасау оқушыларды жұмысқа мұқият қарап, оны нақтылыққа, құыптылыққа үйретеді. С. Г. Шаповаленконың айтуынша жазбаша жұмыстардың барлық сипаты, әр жұмыс бойынша нұсқаулықтарда нақты анықталуы тиіс. Оның есепке қойған талаптары келесідей: «Есеп – прибордың схемалық суретінен, байқаулардың жазбасынан, нәтижелердә түсіндіруден, нұсқаулықта көрсетілген сұрақтарға жауаптан, қорытынды жазбалардан түруы керек. Есеп- ұқыпты, қысқаша, әрі түсінікті болуы керек. Мұғаім есептерді жүйелі түрде тексеріп, қателңктердң ескерңп отыруға міндетті.» Байқауды түсіндіру мен қорытындыларды реттеу оқушылардың логикалық тұрғыдан ой санасының артуына, білім сапасының жоғары болуына оң әсер етеді. Химияны оқу сарамандық жұмысы оқу процесінің кез келген кезеңінде қолданылады. Алдымен сарамандық жұмыс оқушыларды зерттелетін затпен көрнекі таныстырады. Осы мақсатпен заттардың үлгілері, коллекциялар үлетірме материал түрінде көрсетіліп, заттың физикалық қасиетін сипаттайтын тәжірибелер көрсетіледі. Бұдан соң барып оқушыларды оның химиялық қасиетімен таныстырады. Жаңа материалды түсіндіру кезінде сарамандық жұмыс өтіліп жатқан тақырыпты тек сәйкес химиялық құбылыстар арқылы таныстырып қоймай, практикалық қолданылысымен де таныстырады. Нәтижесінде оқушылар химияның теориялық негіздерін тереңірек түсініп, жеңіл қабылдай алады. Жаңа тақырыпты бекітуде сарамандық жұмысты қолдану мұғалімге жаңа материалдың қаншалықты игерілгендігі және одан ары қарайғы іс- әрекеттерді жоспарлауға мүмкіндік береді.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|