Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Химиялық эксперимент және техникалық құралдар.




Дидактикалық құралдардың негізгі құрамына табиғи объектілер (тау жыныстары, минералдар, реактивтер, материалдар), приборлар мен зертханаға қажет құралдар, моделдер, көмекші құралдар (кестелер, сызбанұсқалар, экранды құралдар), сонымен бірге мәліметтерді көрсету арқылы түсіндіретін (әр-түрлі проекторлар, сабақты түсіндіруге, тексеруге, программалық оқытуға арналған техникалық оқыту құралдары) жатады. Дидактикалық құралдар мұғалімнің сөзін растауға, білімді тереңдетуге, қиын ситуацияларды шешуге, оқушылардың білімі мен талабын бағалауға қолданылады. Сонымен қатар оқу процесін басқарып, оқушы мен оқытылған объект және оқушы мен мұғалім арасында байланыс орнатады.

Химияны оқытуда ең алдымен заттардың табиғи объектілері қажет. Химиялық эксперимент арқылы олардың құрамы мен бір-біріне айналуларын байқауға болады. Осы байқалған құбылыстарды түсіндіру үщін көптеген көмекші құралдар пайдаланылады. Оқу процесі кезінде кейбір заттарды сезініп қабылдау мүмкін емес. Мысалы: түссіз газдарды (метан), май тәрізді түссіз сұйықтықты (күкірт қышқылы), ақ ұнтақты (кальций карбонаты). Тәжірибе жасау арқылы бұл заттар туралы көптеген мәлімет алуға болады (метанның жануы және осы кезде түзілетін өнімдерді, күкірт қышқылының суда еруін, алынған ерітіндінің индикатормен әрекеттесуін, кальций карбонатын балқытқанда ыдырауын).

Заттардың өндірісі мен қолданылуы жайлы мәліметтер оқу кинофильмдерінде тиімді әрі құжат түрінде жақсы көрсетіледі. Сол арқылы оқытудың өмірмен, теорияның практикамен байланысы күшейеді. Оқу процесіне экранды көмекші құлралдарын қолдану сабаққа жаңа оқу элементтерін қосады.

Техникалық оқыту құралдарына қандай да бір құралдың көмегімен есту және көру арқылы қабылданатын көмекші құралдар жатады. Экрандағы статистикалық суреттер (кадрлер, диафильмдер, диапозитивтер ж.т.б) фильмоскоп, диа-, грофо-, эпипроекторлар көмегімен көрсетіледі. Ал динамикалық суреттер экранда кинопроекторлер, видеомагнитафондар, теледидарлар көмегімен пайда болады. Дыбыстық мәліметтер магнитафон, радио, дыбыстық кинопроекторлер т.б арқылы беріледі. Техникалық құралдармен байланысты (тренажерлар, бақылауға арналған құралдар, программалық оқыту) дидактикалық материалдар да (мәтін тапсырмасы, жауап кілті т.б) техникалық оқыту құралдарына жатады. Аудиовизуальды құралдарыдың маңыздылығы адам мәліметтің 83 % көру арқылы қабылдаса, ал 11 % есту арқылы қабылдайды екен. Ғалымдардың зерттеуі бойынша бірдей жағдайда экранды құралдар жай сөзге немесе қарапайым көрнекі құралдарға қарағанда 30-60 % артық мәлімет береді және оқу процесінің белсенділігін арттырады. Оқыту құралдарының басымдылығы жылдамдығында ғана емес, сонымен қатар мәліметті дәл әрі нақты беруінде, құжаттылығында. Техникалық оқыту құралдары берілген мәліметті қабылдау дәрежесі жайлы білуге мүмкіндік береді. Бақылауды жеңілдетіп, оқушылардың білім сапасын анықтауға мүмкіндік береді. Оның көмегімен оқушылардың практикалық білімі мен білігін де байқауға болады. Осының барлығынан қорыта келе техинкалық оқыту құралдары оқу процесін тиімді өткізуге көп көмегін тигізеді деуге болады.

Программалық оқытуда техникалық оқыту құралдарын пайдаланып оқушылардың жұмыс істеу қабілеттерінің әр-түрлілігін ескеріп өз бетімен жұмыс істеуге баулуға болады. Негізгі мақсаты жалпы үлгерімді арттыру болып табылады. Оқыту кинолары және басқа да экранды құралдар оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, сабақты қызықты етеді.

Диапозитивті қолдану үшін химия кабинетінде сынып тақтасына бірден түсіріліп, сол сияқты тез жиналатын экран, проекторға арналған тұрғы, эпидаскоп, диапозитив және диафильмдер жинағы болуы керек.

Аудиовизуальды құралдарды қолдану дидактикалық функцияларды атқаруға көмегін тигізуі керек. Оларға сабаққа қатысты мәліметтерді толық беру, оқу процесін басқаруды жүзеге асыру, байқау, ойлау қабілеттерін дамыту, оқушылардың сезімдік тәжірибесін байыту т.б. Аудиовизуальды құралдармен жұмыс істегенде оқушылардың мәліметті сақтау қабілеті жоғарылайды. Сабақты жақсы тыңдауды ұйымдастыру үшін келесі талаптарды орындау керек: оқушылармен істелінетін жұмыстың мақсатын айқын білу және есте сақтауға басты назар аудару. Есте сақтау сабақтың мақсатымен байланысты. Сабаққа мұғалім назар аударту үшін экранды көмекші құралдармен жұмыс істемес бұрын оқушылардың мұқиат тыңдап, бұл сұрақтың қаншалықты маңызды екенін айтуы тиіс. Химия сабағында экранды көмекші құралдар құбылысты ашуға, заңдылықтар мен қатынастарды, заттар мен құбылыстардың ішкі құрылысын сипаттауға, сонымен қатар басқа заттармен құбылыстардың әрекеттесуін ашуға көмектеседі. Экранды құралдардың басқа құралдармен байланыстырылып оқытылуы оның әр-қайсысының дидактикалық мүмкіндіктерін толық ашады. Химияны оқытуда табиғи обьектілер мен құбылыстардың және олардың экранды көмекші құралдарда көрсетілуі үлкен мағына береді.

Әдебиеттер:

1. И.Нұғыманұлы, Ж.Ә.Шоқыбаев, З.О.Өнербаева. Химияны оқыту әдістемесі – Алматы. «Print-S» баспаханасы, 2005. - 353 б.

  1. Мырзабайұлы А. Химияны оқыту әдістемесінің педагогикалық негіздері. Алматы. Білім баспасы, 2004. – 223 б.
  2. Чернобельская Г.М. Основы методики обучения химии. М.:Просвещения, 1987. -413 с.
  3. Дрижун И.Л. Технические средства в обучении химии. – М.: Высш. Школа,1989
  4. Верховский В.Н., Смирнов А.Д. Техника химического эксперимента. т.1.М.: Просвещение. 1973. с. 360.

Дәріс №17-19. Эксперименттік біліктер мен дағдыларды қалыптастыру әдістемесі

1. Эксперименттік біліктер мен дағдылардың жіктелуі.

2. Эксперименттік білік пен дағдыларды қалыптастырудың әртүрлі тәсілдері.

3. Эксперименттік біліктер мен дағдыларды қалыптастыру және жетілдіру әдістемесі.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных