Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Химиялық эксперимент таным көзі және тәрбиелеу құралы ретінде.




Лекцияның қысқаша конспектісі

Лекция №1-4. Химиялық эксперименттің химиядан білім берудегі рөлі және орны

Жоспары:

1. Химиялық эксперимент таным көзі және тәрбиелеу құралы.

2. Химиялық эксперименттің атқаратын функциялары.

3. Химиялық эксперимент түрлері.

Химиялық эксперимент таным көзі және тәрбиелеу құралы ретінде.

Сөз – көрнекі және сөз – көрнекі – сарамандық әдістерді оқытудың ең маңыздысы химиялық эксперимент болып табылады. Ол химияны оқытуда ең маңызды рөлді атқарады. Химиялық эксперимент оқушыларға тек атаулармен ғана емес, сонымен қатар, химия ғылымының әдістерімен таныстырады. Химиялық экспериментке үлкен үлестерін қосқан ғалымдар: В.Н.Верховский, В.В.Фельдт, К.Я.Парменов, В.В.Левченко, В.С.Полосин, Д.М.Кирюшкин, Л.А.Цветков және тағы басқалар.

К.Я.Парменов эксперименттің техникасына қана назар аудармай, сонымен қатар, оқыту процесіндегі методикасына да басты назар аударды. Ол былай деген – «Демонстрациялық тәжірибені жүргізу барысында оқушылардың тәжірибені бақылауы мен оны батыл жүргізуіне дайындау керек» - деген.

Химияны меңгеруде химиялық эксперимент оқу процесінің құрамды бөлігі ретінде маңызды роль атқарады. Әрбір ғылыми түсінік қойылған міндеттен қисынды (логический) шығуы керек және практика жүзінде орнығуы керек, сонда ғана химияның эксперименттік сипаты танылады.

Химия пәні бойынша оқу тәрбие процесінде оқушыларда терең сапалы білім қалыптасуы үшін эксперимент пен теория тығыз байланыста болу керек.

Таным – белгілі бір нәрсені (затты), құбылысты, процесті, фактіні сезіну және қабылдаудан басталады, одан кейін қорытындылау мен абстракциялауға ауысады.

Химиялық таным – химиялық құбылыстар мен процестерді қабылдау негізінде қалыптасатын, олардың маңызды белгілері туралы жинақталған білім. Оларға анализ жасау оларға тән барлық маңызды белгілерді, ерекшеліктерді анықтауға мүмкіндік береді және соның негізінде химиялық заңдылықтар қалыптасады.

Химиялық эксперименттің әртүрлі түрлерін пайдалана отырып мұғалім оқушыны теориялық білімдерін нақтылауға, жинақтауға және практика жүзінде іске асыруға үйретеді. Химиялық эксперимент оқушыларға теория жүзінде оқыған, меңгерген түсініктері мен қалыптасқан білімдерін практика жүзінде көздерімен көріп, қолдарымен ұстап, жасап көруі арқылы тереңдетуге көмектеседі. Оқушылар жинақтаған білім, біліктерін және қалыптасқан дағдыларын тек орта мектепте ғана пайдаланып қоймай, одан кейін де пайдалана алады.

Мұғалім еңбегінің ең бастысы сыныптағы оқушылармен жұмыс істеуге бағытталады. Ол әр баланың жас ерекшелігімен жеке қабілеттерін ескере отырып, танымдық қызығушылығын қалыптастыруға міндетті. Жеке жұмыс жүргізу үшін түрлі әдіс – тәсілдерді қолдану баланың еңбек дағдысын, шығармашыл, дара қабілеттерін дамытады.

Химиялық эксперимент – құбылыстардың сырын ашудың негізгі құралы. Эксперимент арқылы құбылыста ешбір жұмбақ, жасырын сыр жоқ екеніне, олар да табиғи заңға бағынатыны, ол заңдарды білу химиялық өзгерістерді адамның сарамандық іс – тәжірибелерінде кең пайдалануға мүмкіндік туғызатынына оқушылардың көзі жетеді. Эксперимент оқыту үрдісінде теорияның тәжірибемен өзара байланысын іс жүзіне асырады, білімді сенімге айналдырады.

Эксперимент оқушылардың білімін, іскерлігін және алған дағдыларын тексерудің әдісі ретінде де қолданылады. Сонымен қатар, эксперримент оқушылардың бақылаушылық, ізденушілік қабілетін дамытады, білімді өз бетінше алуға, оны жетілдіруге, алған білімді іс жүзінде қолдана білуге тәрбиелейді. Эксперимент химия сабағында, сарамандық сабақтарда дәлелдеу және тексеру құралы ретінде де пайдаланылады.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных