Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Субститут жане комплементарлы тауарлар




Вордтан карау керек. Суретке тусирип салгам

Субститут жане комплементарлы тауарлар

Субститут тауарлар – бір біріне жақын бірін бірі ауыстыра алатын тауарлар

Комплементарлы тауарлар – косымша, орын ауыстыра алатын тауарлар

35,Жалпы экономикалық тепе-теңдік.

. Өзара байланыстар сипатына қарай нарықтар бөлінеді:

– өзара тік байланыстағы нарықтар – бір нарық фирма өндірісінің өнімі екінші нарық фирма өндірісінің ресурсы (қоры) болып келеді. – өзара тік байланыстағы нарықтар – нарық өндіріс өнімдері бір-бірін ауыстырады немесе бірін-бірі толықтырады. Жалпы тепе-теңдік үлгіде өзара байланыстар мысалы ретінде мұнай, бензин, автомобильдер және көмір нарықтарын алуға болады. Бір себептерден мұнай өндірісі қысқарады дейік, нәтижесінде бағасы өсіп кетті. Оның салдары: ұсыныстың азаюы және бензин нарығында бағаның өсуі. Бензин мен автомобильдер комплементарий – тауарлар болғандықтан, автомобильдер нарығында сұраныс пен бағалар төмендейді, ал мұнай субтитут – тауары – көмір нарығында, керісінше – бағалар өседі. Осындай өзгерістермен байланысты нарықтағы өндіріс көлемдерінің және бағалардың өзгеруі кері байланыстар әсері деп аталады. Бірақ бағалар мен ұсыныстардың бірқатар өзгерістерінен кейін (әр нарықта болып жатқан) экономикада қайтадан жалпы тепе-теңдік орнайды. Жалпы тепе-теңдік орнату мүмкіндігі жөніндегі мәселе (экономикалық қажеттілікке жеткізетін) экономикалық теорияда әлі ашық болып тұр.

Нәтижелілік өлшемі – келесі шарттарға сәйкес келу:

1. бар ресурстарды пайдалану

2. өндірушінің де, тұтынушының да әл-ауқатын жоғарылату

3. сұраныстың ұсынысқа теңдігі.

4.

36,Өндіріс теориясындағы факторлар икемділігі.

Микроэкономика теориясы өндіріс теориясы деген атау алды (фирма теориясы). Өндіріс теориясы методология жағынан тұтыну теориясымен бірдей, бірақ оның айырмашылығы – зерттелетін категориялардың табиғаты субъективтік – психологиялық емес, объективтік. Сонымен, өндіріс теориясында қызметі зерделенетін субъекті – өндіруші. Өндіруші ретінде (рөлінде) кез келген жеке тұлға болуы мүмкін, бірақ микроэкономикада өндіруші ретінде әдетте фирма болады. Фирма (итал. Firma – қойылған қол) – санасыз нарық аясында адамдардың саналы ұйымдасу орындары. Фирма – пайда алу мақсатымен сауда қызметін жүзеге асыратын ұйым. Қазір дүние жүзінде 40 млн аса фирмалар бар, олардың көбі шағын және орташа бизнес аясына жатады. Фирма қызметінің негізі – өндіріс үдерісі. Өндіріс – қорларды экономикалық игіліктерге айналдыру үдерісі. Ол игіліктер тура немесе жанама түрде қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған. Өндіріске кіретін қорлар өндіріс факторлары болып келеді. Неоклассиктер оларды 4 негізгі топқа бөледі: 1.Жер – табиғи ресурстары

2.Еңбек – өнідіріс үдерісіне кіретін адамдардың ақыл-ой және дене қабілеттілігі

3.Капитал – құнды құруда тікелей қатысатын өндіріс құралдары

4.Кәсіпкерлік қабілеттілік (қызмет) пайда табу мақсатымен өндірістің басқа факторларын шоғырландыруы бойынша қызмет

37,Шығындарды эконлық және бухгалтерлік тұрғыдан қарастыру. Шығындар – бұл факторлардың ақшалай түріндегі шығындары. Бухгалтерлік және экономикалық шығындар. Бухгалтерлік шығындар – ол есепті кезеңде орын алған өндірістің нақты шығындары. Дәл осы шығындар фирманың бухгалтерлік есебінде көрсетіледі. Шығындар баламалы да болады – олар факторларды пайдаланудың баламалы кұны. Баламалы шығындардың мәнін мысалда көрсету оңай. Кез келген кәсіпкерде (жалпы кез келген экономикалық субъектіде) бар ресурстарын (қорларын) пайдаланудың бірнеше балама амалдары бар. Ол өндіріс процесін (үдерісін) ұйымдастыруы мүмкін – ғимаратты жалға алуға, негізгі және айналым капиталға ие болуға, жұмыскерлерді жалдап, өндіріс ашуға – бұл жағдайда ол өндіріс көзге көрінетін шығындарға тап болады. Бар ақшасына банкте депозиттік шот ашып, салым бойынша пайыз түрінде пайда, түсім алуы мүмкін. Егер кәсіпкер қорларды пайдаланудың бірінші амалын таңдаса, ол алмаған банк пайызы көзге көрінбейтін шығындар сомасын құрайды. Сонымен, көзге көрінбейтін шығындар қорларды пайдаланудың екі балама амалының біреуін таңдағанда, қолдан жіберіп алған (айырылып қалған) пайда болып келеді. Көзге көрінетін және көзге көрінбейтін шығындар экономикалық шығындарды құрайды.

38,Олигополия нарығындығы Бертран және Штакельберг моделі.

Бертран дуополиясы Курно дуополиясына өте ұқсас, бұл үлгідегі олигополистер бәсекелестерінің өндіріс көлеміне емес, бағалардың өзгеруіне ғана назар аударады. Бәсекелес өнімге бағаны түсіреді деп болжай отыра, А фирмасы, пайдасын жоғалтқысы келмей, бағасын түсіреді.

PA В фирманың әсер тигізу қисық

сызықтары

 

А фирманың әсер тигізу қисық

Сызықтары

 

 

Бертран тепе-теңдігінің суреті

 

39. Екі жақты монополия

Екі жақты монополия – нарықтағы жалғыз сатушысы мен жалғыз сатып алушысы бар ахуал. Екеуі де нарық билігіне ие болғандықтан, өндірістің бағасы мен көлемі олардың келісім жүргізу қабілеттілігі мен бір-бірі жөнінде мәлімет алу деңгейіне байланысты.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных