Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жалпы экономикалык тепе тендиктин вальрас модели




Швейцар экономисті Л.Вальрас әзірлеген моделінде (үлгісінде) тепе-теңдіктен ауытқу нақты нарық бағасының тепе-тең бағасынан ауытқу нәтижесінде болады (9 сурет). Нақты нарық бағасы (Р1) теңсалмақты баға (РЕ) деңгейінен төмен белгіленді дейік. Бұл жағдайда сұраныс ұсыныстан асып (QD > QS), сұраныс артылып қалады, ол сатып алушылар арасында бәсекелестік туғызып, нарық бағасын теңсалмақты баға деңгейіне дейін жоғары итермелейді. Егер нарық бағасы (Р2) теңсалмақтыдан (РЕ) жоғары болса, ұсыныс молшылығы (артылып қалуы) орын алып, сатушылардың бәсекелестігі нарық бағасын теңсалмақты деңгейге дейін төмендетеді. Вальрас бойынша сұраныс пен ұсыныс функцияларының түрі:

QD = f (P); QS = f (P); тепе-теңдік шарты QD = QS

 

P2 P2

 

E PE E

PE

 

P1

P1

 

QS QE QS' QS QE QS'

9 сурет. Вальрас бойынша 10 сурет. Маршалл бойынша

тепе-теңдік тепе-тендік

 

Маршалл моделінде (үлгісінде) тепе-теңдіктен ауытқу ұсыныс нақты шамасының тепе-тең шамасынан ауытқуынан болады (10 сурет). Егер ұсыныс нақты шамасы тепе-тең деңгейінен төмен болса, сұраныс бағасы ұсыныс бағасынан жоғарылап кетеді (Р2 > Р1). Жоғары баға ұсыныстың өсуіне әкеледі. Маршалл бойынша, сұраныс пен ұсыныс функциялары мен тепе-теңдік шарты мынадай болады:

PD =f (Q); PS = f (Q); PD= PS

41.Еңбек нарығындағы монополия және экономикалық рента.

Еңбек нарығы – бұл жұмыс күшін тауар ретінде сату - сатып алу туралы экономикалық қатынастардың жүйесі. Нарықтардың басқа да түрлеріне сәйкес еңбек нарығында жұмыс күшіне деген ұсыныс пен сұраныс туады.

Еңбек нарығына тән қасиеттер:

- жұмыс орындарын ұсынатын кәсіпорындардың санының мол болуы (жұмыс күшіне сұраныс);

- әртүрлі мамандықтағы еңбеккерлердің санының мол болуы (жұмыс күшінің ұсынысы);

- еңбек нарығында бірде - бір кәсіпорын және бірде - бір еңбекккердің күш ықпалының жүрмеуі;

- жұмыс күшінің еңбек ақының мөлшерімен бағалануы.

Еңбек ақыны кең және тар мағынада түсіндіруге болады. Кең мағынада еңбек ақы әртүрлі мамандықтағы еңбеккерлердің жалпы еңбекақысы. Бұл жағдайда еңбек ақы сомасына еңбек ақымен қатар сыйлықтар және басқа да ынталандырушылық ақылары кіреді. Тар мағынада, еңбек ақы – пайдаланған еңбек бірлігінің бағасы.

Атаулы еңбек ақы ақшаға шығарып берілетін еңбек ақы, яғни еңбектердің өз еңбегі үшін алған ақша санасы. Нақты еңбек ақы еңбеккердің алған ақша санасына өзі үшін және отбасы үшін қанша қажетті өмір сүру тауарларын сатып алуға болатынын көрсетеді. Нақты еңбек ақы номиналды еңбек ақы мөлшерінен, алынатын салық шамасынан, тұтыну тауарлардың бағасынан тәуелді.

Жұмыс күшіне сұраныстың өсуі жұмыспен қамту деңгейіне және еңбек ақыны өсіруге әкеледі, ал сұраныстың азаюы - жұмыспен қамту жағдайына еңбек ақыны төмендетуге әкеледі. Сұраныс пен ұсыныстың қисықтарының қиылысуы еңбек ақының теңдік деңгейіне (Wе) әкеледі, Е нүктесінде жұмыспен толық қамту жағдайы орнайды: сұраныс ұсыныспен теңеледі: (7.2-сурет)

Рента меншіккекелетінтабыстыңбіртүрі, капиталдыжергепайдалануқұқыүшінменшікиесінетүсетінтөлем. Оныңкөлемі аренда келісіміндебелгіленеді.

42. Ұзақ уақыт мерзімдегі өндірістік шығындар.

Ұзақ мерзімді кезеңде шығындардың қисық сызықтары өндірістің әр түрлі көлемдері үшін олардың ең аз маңызын көрсетеді. Сондықтан, ұзақ мерзімді орташа LRAC (long run average costs curve) шығындар қисық сызығының графигі өндірістің әр түрлі көлемдерінің қысқа мерзімді орташа шығындарының қисық сызықтарына қатысты жанама болып келеді де (56 сурет), «орауыш қисық сызық» деп аталады. Ұзақ мерзімді шекті LRMC шығындардың қисық сызығы қысқа мерзімді шекті шығындардың қисық сызықтарына сәйкес салынады.

43. Монополия биліктің көрсеткіштері.

Оны өлшеу үшін келесі көрсеткіштер қолданады:

1. Лернердің монополиялық билік индексі – мына формула бойынша анықталады: IL = (PM – MC)/PM = 1/ED,

мұнда IL – Лернер индексі

РМ – монополиялық баға

МС – шекті шығындар

ED – сұраныстың бағалық икемділігі

Нағыз бәсекелес жағдайларында Р = МС болғандықтан, Лернер индексі бәсекелес фирма үшін 0 тең. Монополия жағдайларында Р>МС, Лернер индексі 0-ден – 1дейін аралықта жағымды сан болып келеді. Оның мағынасы неғұрлым 1-ге жақын, фирма соғұрлым көптеу монополиялық билікке ие. Тәжірибеде шекті шығындар шамасын есептеу оңай емес, сондықтан олардың орнына көбінесе орташа шығындарды пайдаланады, Лернер индексінің түрі келесідей көрінеді:

IL = (PM – АC)/PM

Бөлшектің алымы мен бөлгішін Q көбейтіп, алымында пайданы, бөлгішінде (валдық) жалпы табысты аламыз: IL = П/ТR. Демек, фирманың жоғары пайдасы, Лернер индексіне сәйкес, монополиялық билігі барының көрсеткіші.

2. Херфиндаль – Хиршман индексі – нарықта қызмет жасайтын барлық фирмалардың нарықтық үлесін көрсетуге мүмкіндік беретін нарықтық шоғырлануының көрсеткіші. Сондықтан Херфиндаль – Хиршман индексі олигополистік нарықты талдау үшін қолданады. Ол әр фирма сатуларының үлестер төртбұрыштары сомасы ретінде есептеледі:

IHH = q12 +q22 +q32 + … +qn2 = ∑qi2 , мұнда qi – фирманың сату үлесі пайыздық білінуінде. Индекстің мағынасы неғұрлым көп, нарықтағы шоғырлану соғұрлым жоғары және фирмалардың нарықтық үлестерінің таратылуы (үлестіруі) соғұрлым бірдей болмайды. Егер нарық монополиялық болса, Херфиндаль – Хиршман индексі 10000 тең, өйткені q1= 100. егер нарықта 100 фирма болса, IHH = 100. Херфиндаль – Хиршман индексі монополияға қарсы саясаттағы тәжірибеде кең қолданады. АҚШ 1000 жетпейтін индекс шоғырланбаған деп есептеледі, 1800 жуық – орташа шоғырланған, 1800 астам – жоғары монополияланған. 3. Джини коэффициенті – фирмалардың пайыздық санына келетін нарықтың пайыздық үлесін көрсетеді де мына формула бойынша анықталады: G = D/N, мұнда D – нарық көлемінің кумулятивті пайызы

N – нарықтағы фирмалар санының кумулятивті пайызы.

Егер Джини коэффициенті 0 тең болса, нарықтағы барлық фирмалардың үлестері бірдей, Джини коэффициенті 1 тең болса, нарықта 1 фирма ғана бар. Коэффициент 1-ге неғұрлым жақын, нарықтағы шоғырлану соғұрлым жоғары.

44. Ұсыныс икемділігі. Уақыт факторларының ұсыныс икемділігіне әсері.

Ұсыныс көлеміне әсер ететін ең басты фактор тауардың бағасы болып табылады. Баға өзгерген уақытта ұсыныс көлемі де өзгеріп отырады. Осы байланысты табу үшін ұсыныстың бағалық икемділігі деген көрсеткішті қолданамыз.

Ұсыныс икемділігін қарастырғанда уақытты 3 кезеңге бөлеміз:

1. Дәл қазіргі кезең;

2. Қысқа кезең;

3. Ұзақ мерзімді кезең.

EP(S)=0, ұсыныс өте икемсіз болады.

1>EP(S)>0, икемсіз ұсыныс.

EP(S)>1, ұсыныс икемді.

Ұсыныс икемділігі төмендегідей формулалармен анықталады:

1. Ұсыныс функциясы берілген болса

2. Нүктелік икемділік:

3. Доғалық икемділік:

45. Өндіріс ауқымының өсу тиімділігі.

Ауқым әсері – өндіріс факторлар шығын шамасының салыстырмалы өзгеруі мен шығару көлемінің салыстырмалы өзгеруінің ара қатысы.

Өндіріс факторларының N есе өзгеруі шығаруды да N есе өзгертеді, ол ауқымның тұрақты қайтарымын немесе ауқымның тұрақты әсерін білдіреді. Өндіріс факторларының N есе (өсуі) шығарудың N есе аздау өсуі ауқымның қайтарым кемушілігі немесе ауқымның теріс әсері болады. Егер өндіріс факторларының N есе өсуі шығарудың N еседен көп өсуіне әсер етсе, оны ауқымның өсу қайтарымы немесе ауқымның оң әсері деп айтады.

Изокванта картасын талдай келе, ұзақ мерзімді кезеңде ауқым әсерінің білінуін көруге болады. Егер шығару көлемі тең шамада өскенде изокванталар тақалса (51-а), ол ауқымның оң әсерін көрсетеді – шығарудың көбеюі факторлардың аз шығындарын талап етеді. Ал изокванталардың алшақтауы (51-в) ауқымның теріс әсерін көрсетеді – шығарудың көбеюі көптеген шығындарды талап етеді. Оған сәйкес, егер изокванталар сол калпында қалса (51-б), ауқым әсері тұрақты болады.

K K K

 

 

а) L б) L в) L

Изокванта картасындағы ауқым әсері

Шығару көлемінің өсуінде (ол фирманың өсуіне тең) ең алдымен ауқымның оң әсері орын алады, сонан соң ол ауқымның тұрақты әсерімен, соңында ауқымның теріс әсерімен ауысады

46. Табыс-тұтыну және баға-тұтыну қисықтары.

Табыстың өсуіне байланысты көрметілетін қисық табыс-тұтыну қисығы деп аталады. Бұл қисықты кейде тұрмыстың деңгейін көрсететңн қисық деп те атайды. Бағаның өзгеруңне байланысты тұтынушылар талғамы қалай өзгергенің бейнелейтін қисық баға тұтыну қисығы деп аталады.

47. Ұсныс көлемінің және ұсыныстың өзгеруі.

Ұсыныстың өзгеруі – ұсыныс қисығының тауардың бағасынан басқа факторлар әсер еткендегі толық өзгеруі немесе жылжуы.

Ұсыныстың көлемі – ұсыныс қисығының тауардың бағасының өзгеруі, бірақ басқа факторлардың тұрақты болуы.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных