Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Мемлекет тарапынан монополияны реттеу.




Монополиялардың мемлекеттік реттеуінің мақсаты: монополияның жағымсыз жақтарын шектеу, атап айтқанда – көтеріңкі бағалар мен өндірістің төмен көлемін. Ол заң және экономикалық шаралар арқылы іске асырылады.

Заң шараларына жатады: бағалар мен нарықты бөлу туралы заңнамалық тиым салу, бірігу (қосуларды бақылау, тұтыну қызмет көрсетулер жиынтығын реттеу).

Экономикалық шаралар – бағалар мен пайдалардың реттеуі: тура (бағаның жоғары және төмен шегін және пайданың шекті деңгейін реттеу) және жанама (салық салу).

49. Сызықтық өндіріс функциясы.

Сызықтық өндірістік функцияның төмендегідей түрін қарастырайық: У = α + b K + c L

Факторлардың орташа өнімділігінің көрсеткіштері:

УУ

АРК = К; АР L = L

 

Шекті өнімділіктің көрсеткіштерін анықтайық:

∆ У∂ У∆ y∂ y

МРк = ∆ К = ∂ К = b; MPL = ∆ L = ∂ L = c.

Факторларға деген икемділіктің көрсеткіштері:

 

MPkKMPLL

Еk = APk = b У; EL = APL = с У

 

У = α + bK + cL = Уo = const деп алайық, осы кезде изоквотаны құру теңдеуін аламыз:

bK + cL = Сo = const.

Бұл теңдеудің жазықтықтағы графигі – түзу сызық болады.

Технологиялық алмастырудың шекті нормасы коэффициентінің мәнін есептейміз:

МРLс

МRTS LK = МРК = b = const.

Олай болса өндіріс факторлары өзара бірін-бірі толықтай ауыстыра алады дейміз.

 
 

50. Сұраныс көлемінің және сұраныстың өзгеруі.

Сұраныс қисығының бойымен қозғалу сұраныс көлемінің өзгерісі деп аталады. Ол бағаның өзгеруіне байланысты сатып алынатын тауар көлемінің өзгеруін көрсетеді. Нақты өмірде сұраныс көлеміне әсер ететін негізгі факторлар көп. Олар: сол берілген тауардың бағасы – P, басқа тауардың бағасы (Pa , Pb,...), тұтынушылардың табысы (I) және олардың талғамы (T).

Сұраныс қисығының түгелімен жылжуын сұраныстың өзгеруі деп аталады. Сұраныстың өзгеруі графикте көрсетілмеген бағадан басқа фактор әсер еткенде болады.

 

51. Энгель қисықтары.

«Табыс – тұтыну» қисық сызығының негізінде Энгельдің жеке тұтыну қисық сызығын салуға болады (Энгель қисық сызығы) (32 сурет). Ол тұтынушының табыс деңгейінің өзгеруіне байланысты тауарлардың әр түрлі топтарын тұтыну тәуелділігін талдауға мүмкіндік береді. ХІХ ғасырда неміс статистигі Э.Энгель табыс деңгейі өзгеруінің тұтыну құрылымына тигізетін ықпалын зерттей отыра, бір заңдылықты тапты, ол кейін Энгельдің тұтыну заңы деп аталды. Энгель заңы: халықтың тамақ өнімдеріне шығындар үлесі бойынша жоғары дәрежедегі дәлдікпен халықтың әл-ауқатының деңгейі жөнінде айтуға болады: ол неғұрлым жоғары, соғұрлым халық кедей. Табысы жоғары болған сайын адамның сұраныстары да жоғарылайды. 33 суретте Энгель заңы жақсы көрсетілген: ең алдымен азық-түлік (тамақ) өнімдерімен қанығу орын алады, сонан соң өнеркәсіп тауарларымен (стандартқа сай сапасы бар), ең соңында – жоғары сапалы тауарлар мен қызмет көрсетулер.

52. Жалпы, орташа, шекті өнімдер түсінігі. Олардың арасындағы байланыс.

1. Жиынтық (жалпы) өнім ТР (total product) – шығарудың жалпы көлемі;

2.Орташа өнім АР (average product) – жиынтық өнімнің ауыспалы фактор санына қатынасы..

3. Шекті өнім МР (marginal product) – ауыспалы фактор бірліктерінің қолдануын көбейтуден алынған жиынтық өнімнің өсімі.

53. Сызықтық емес өндіріс функция.

54. Жетілген бәсекелестік нарықта қысқа мерзімде фирманың жұмысын тоқтату жағдайы.

Жетілген бәсекелестік жағдайда қызмет жасайтын фирманы сұраныс пен ұсынысты талдау тұрғысынан қарайық. Жетілген бәсекелестік жағдайда қызмет жасайтын фирма үшін шекті табыс бағаға тең, яғни сатылған тауардың әр бірлігіне фирма шығару көлеміне байланыссыз оның нарықтық бағасына тең сомасын алады. Шекті табыс орташа табысқа тең: P = MR = AR.

55. Өндіріс мүмкіншілігі қисығы.

Экономикалық таңдау кезінде баламалы шығындарды есептеу экономикалық талдаудың маңызды принциптерінің бірі болып есептелетіндігі бізге белгілі.

Енді баламалы (альтернативті) шығындарды график арқылы, яғни өндірістік мүмкіндіктер қисығы арқылы көрсетуге болады. Бұл қисық – екі секторлы экономикалық модель. Берілген өндірістік ресурстар қорын және белгілі деңгейдегі технологияны пайдаланып, осы ресурстан дайын өнім өндіргенде бір ғана баламалы игіліктің өндірісін кеңейтуге болады, бірақ осы уақытта басқа игіліктің өндірісі азаяды. Және де бұл кезде ресурстардың өндірістік құрылымдарының баламалы мүмкіндіктері өте көп болады.

Өндірістік мүмкіндіктер дегеніміз – технологиялық дамудың белгілі бір деңгейінде қолдағы бар ресурстардың барлығын аса толық және тиімді пайдалана отырып экономикалық игіліктерді өндірудегі қоғамның мүмкіндіктері. Жоғарыда атап өткеніміздей, өнімнің мүмкін шығарылымын өндірістік мүмкіндіктер қисығы сипаттайды. Мысалы, қоғамда тек қана екі игілік өндіріледі: тұтыну заттары және инвестициялық тауарлар. Оны 2.1 суретінен көруге болады. Осы суретке сәйкес, А нүктесінде – ресурстардың барлығы тұтыну заттарын өндіруге жұмсалады. Е нүктесінде – ресурстардың барлығы инвестициялық тауарларды өндіруге жұмсалады. D нүктесі – тиімсіз өндірісті білдіреді. N нүктесі – мүмкін емес өндірісті сипаттайды. А, В, С, Е нүктелерінен өтетін қисықты біз өндірістік мүмкіндіктер қисығы – ресурстарды толық пайдалану кезіндегі альтернативтік нұсқаларды сипаттайтын қисық деп атаймыз.

А

тұтыну В. N

заттары

 

С

 
 


. D

E

Инвестициялық тауарлар

Сурет 2.1 Өндірістік мүмкіндіктер қисығы

 

56. Табыс әсері және ауыстыру тиімділігі. Хикс моделі.

Ауысу әсері тұтынушының арзандаған тауарды көбірек сатып аладуы және басқа тауарлардан бас тартуы. Ауысу әсері әрқашан теріс болады, себебі тауар бағасының түсуі тұтынуды өсіреді. Табыс әсері стандартқа сай, жақсы тауарлар үшін теріс (бағаның төмендеуі тұтынуды көбейтеді), ал сапасыз тауарлар үшін оң (бағаның төмендеуі тұтынуын азайтады).

Хикс тәсілі бойынша бағалардың өзгеруінен тұтынушы қажеттіліктерді қанағаттандырудың бұрыңғы деңгейін сақтап қалуға тырысады, яғни нақты табыс тұрақты шама ретінде қаралады

57. Еңбек нарығындағы монополия. Кәсіподақтың рөлі.

Еңбек нарығы – бұл жұмыс күшін тауар ретінде сату - сатып алу туралы экономикалық қатынастардың жүйесі. Нарықтардың басқа да түрлеріне сәйкес еңбек нарығында жұмыс күшіне деген ұсыныс пен сұраныс туады.

Еңбек нарығына тән қасиеттер:

- жұмыс орындарын ұсынатын кәсіпорындардың санының мол болуы (жұмыс күшіне сұраныс);

- әртүрлі мамандықтағы еңбеккерлердің санының мол болуы (жұмыс күшінің ұсынысы);

- еңбек нарығында бірде - бір кәсіпорын және бірде - бір еңбекккердің күш ықпалының жүрмеуі;

- жұмыс күшінің еңбек ақының мөлшерімен бағалануы.

Еңбек ақыны кең және тар мағынада түсіндіруге болады. Кең мағынада еңбек ақы әртүрлі мамандықтағы еңбеккерлердің жалпы еңбекақысы. Бұл жағдайда еңбек ақы сомасына еңбек ақымен қатар сыйлықтар және басқа да ынталандырушылық ақылары кіреді. Тар мағынада, еңбек ақы – пайдаланған еңбек бірлігінің бағасы.

Атаулы еңбек ақы ақшаға шығарып берілетін еңбек ақы, яғни еңбектердің өз еңбегі үшін алған ақша санасы. Нақты еңбек ақы еңбеккердің алған ақша санасына өзі үшін және отбасы үшін қанша қажетті өмір сүру тауарларын сатып алуға болатынын көрсетеді. Нақты еңбек ақы номиналды еңбек ақы мөлшерінен, алынатын салық шамасынан, тұтыну тауарлардың бағасынан тәуелді.

Жұмыс күшіне сұраныстың өсуі жұмыспен қамту деңгейіне және еңбек ақыны өсіруге әкеледі, ал сұраныстың азаюы - жұмыспен қамту жағдайына еңбек ақыны төмендетуге әкеледі. Сұраныс пен ұсыныстың қисықтарының қиылысуы еңбек ақының теңдік деңгейіне (Wе) әкеледі, Е нүктесінде жұмыспен толық қамту жағдайы орнайды: сұраныс ұсыныспен теңеледі: (7.2-сурет)

 
 

 

Мұндағы L –сұраныс болып тұрған еңбек мөлшері, W/P - нақты еңбекақы. Нақты еңбекақы өскенде кәсіпкерлер тарапынан еңбекке сұраныс кемиді. Жұмысшылар тарапынан ұсыныс пен еңбекақы арасындағы тәуелділік тікелей - еңбекақы өскен сайын, жұмыс орнын алғысы келетіндер саны да өседі.

Еңбекті ұсыну қисығы қысқа мерзімінде тік түзу сызық болып келеді (EL) (бұл кезде еңбек ұсынысының икемділігі төмен), ұзақ мерзімді кезеңде қисық дәстүрлі түрдегі ұсыныс қисығын көрсетеді.

Еңбек ақының формаларын үлгі ретінде былай көрсетуге болады:

Рента меншікке келетін табыстың бір түрі, капиталды жерге пайдалану құқы үшін меншік иесіне түсетін төлем. Оның көлемі аренда келісімінде белгіленеді.

58. Изокоста. Технологиялық алмастырудың шекті нормасы.

Өндіріс факторларының әр түрлерін көрсетіп, бірдей жиынтық шығындарды беретін түзу сызық изокоста деп аталады (isocost). Изокостаның теңдеуін өндірушінің бюджеттік шектеу теңдеуінен алуға болады:

С = WL + IK, = > K = C/I – (W/I) · L;

L = C/W – (I/W) · K

Технологиялық ауысу нормасы (MRTSLK) – басқа факторлардың өзгерістеріне байланысты бір фактордың қажет сандық өзгерістерін көрсететін шама (тұрақты шығару көлемінде) (marginal rate of technical substitution):

MRTSLK = ­­– ΔК/ ΔL Q = const шартында.

Технологиялық ауысудың шекті нормасы факторлардың шекті өнімдерімен тікелей байланысты – норма олардың кері өзара қатынасына тең.

MRTSLK = (­­– ΔК/ ΔL) (МРL/МРK)

59. Олигополия кезіндегі фирмалардың стратегиясы және ойын теориясы.

Басқа нарық үлгілерден айыратын олигополияның ең басты ерекшелігі – фирманың стратегиялық мінез-құлқы (іс-әрекеті). Олигополист-фирмалар бір-бірінен өзара тәуелді, өз бәсекелес басымдықтарын жоғалтпау үшін бір-бірімен санасуға тиісті. Олигополистер әрқашан «бәсекелестеріне қарап» өмір сүреді. Ол таңдаған өндірістің көлемі мен бағасы бәсекелестер өндірісінің көлемі мен бағаларынан жоғары дәрежедегі тәуелділікте, себебі олигополия нарығы аз ғана бәсекелес арасында бөлініп, әр қайсысының іс-әрекеті (мінез-құлқы) басқалардың жүріс-тұрысынан тәуелді. Сондықтан, пайданы көбейтуге ұмтылған олигополист шекті шығындар мен шекті түсімді теңдеудің классикалық әдісімен пайдалана алалмайды (яғни шекті түсім сұраныс функциясынан тәуелді). Осыған орай олигополия жағдайларында барлық фирмалар ұмтылатын тепе-теңдіктің бірыңғай нүктесі жоқ. Стратегиялық мінез-құлық (жүріс-тұрыс, іс-әрекет) сипатына байланысты олигополияның бірнеше үлгісі бар. Егер олигополист – фирмалар кооперативтік стратегияы пайдаланса, өндіріс көлемі мен бағалар монополиялық түріне жақындайды (бұндай стратегияның шекті түрі – картельді құру). Бұл жағдайда кооперативтелген олигополия туралы айтады. Егер олигополист – фирмалар бір-бірінен тәуелсіз қызмет жасаса, бағалар мен ұсыныстар бәсекелеске жақындайды (осындай іс-әрекеттің шекті түрі «бағалар соғысы»), ал нарық кооперативтелмеген олигополия деп аталады. Кооперативтелмеген олигополия жағдайларында бәсекелестердің (қарсыластардың) іс-қимылдарына қатысты болжамдарындағы айырмашылықтар басты рөл атқарады. Олигополистердің іс-қимылдары (әрекеттері) неменеге, неге мақсатталғанына байланысты – бағаны немесе өндіріс көлемін белгілеуге ме, сандық олигополия (фирма өндіріс көлемін белгілейді) мен бағалық олигополияны (фирмалар бағаларды белгілейді) айырады. Олигополияның бірінші үлгісін 1838 жылы француз математигі әрі экономисті А. Курно ұсынып, оны Курно дуополиясы деп атайды. Сол уақыттан бастап, қазіргі күндерге дейін олигополияның көптеген теориялары пайда болды.

Ойындар теориясы бір-біріне қарама-қарсы мақсаты бар фирмалардың іс-әрекетін талдайды.

60. Монополиялық баға құру саясаты.

Монополистік модель-монополистік рыноктық құрылым болып көбінесе бағаны басқаруға қаратылған. Оның мәні тұтынушыларды, яғни сатып алушыларды сору, олардың табысын фирманың пайдасына айналдыру.

Монополистік баға белгілеудегі стратегиялар:баға белгілеуді кемсітуі (дискриминация)

Баға бойынша кемсіту теориясын енгізген ағылшын экономист Альфред Пигу (1877-1959)

Бір түстегі товарларға әр түрлі баға қою сұранушыны баға арқылы кемсіту болып табылады. Товардың біріншісі (бірлігі) сатып алушыға –Р1-бағада сатылады, екінші бірлігі –Р2-бағада сатылады; үшінші бірлігі-Р3 бағада сатылады...

Демек, сатушы-монополист сатып алушы – тұтынушының сатып алу (төлеу) қабілетін өз пайдасына айналдырады.

Баға белгілеудегі кемсіту жеке-жеке товарларды сатуда (Р1;Р2;Р3...) көрінсе, соң екінші дәрежеде –товарды тобымен (партиясымен) сатуда да жүзеге келеді. Бұл түйір сауда емес, бәлки көтере саудаға жақын (ұқсас)

Түйір саудасына ұқсас, топ –тобымен сауда да бірінші топты Р1 бағада, екінші топты Р2 бағада, үшінші топты Р3 бағада сатуы мүмкін. Фирманың жалпы пайдасы көп болуы күтіледі. Оның үстіне товарлары тез сатылады, яғни товарлар ақшаға айналады.

Қорыта айтқанда баға арқылы кемсітудің түр-түрі көп: азанғы сауда, кешкі сауда, маусымды сауда, бұйыртпа (заказ) баға т.б.

Монопсония - бір ғана сатып алушы. Бұл жағдай қалыптасса, сатып алушы арзан алуға ұмтылады. Демек монопсония өз пайдасын ойлайды.

Екі жақты монополия да кездеседі. Өндіруші де біреу, тұтынушы да -біреу. Енді баға монопсонияның сатып алу деңгейіне байланысты болады.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных