Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сімдіктердегі су алмасу физиологиясы




Өсімдіктер денесінің басым көпшілігі (70-85%) судан тұрады. Өзінің өте ғажайып қасиеттеріне байланысты су барлық тіршілік әрекеттерінде негізгі орын алады.
Тұтас организмдегі судың маңызы орасан зор және алуан түрлі деуге болады. Тіршіліктің ең алғашқы түрлері сулы ортада пайда болған, кейін осы орта организмдер клеткаларыңда тұйықталған күйге айналады. Жер бетіндегі белгілі тірі организмдердің барлық түрлері сусыз тіршілік ете алмайтындығы кімге болса да түсінікті.
Қазіргі кездегі ғылыми мәліметтерге сүйене отырып, барлық био-логиялық жүйелердегі судың маңызын төмендегіше бейнелеуге болады. Сулы орта организмдердің клеткадағы молекулалардан бастап ұлпа және мүшелерге дейінгі бөліктерін біртұтас жүйеге біріктіреді. Өсімдіктер денесіндегі су топырақтан енетін ылғалдан бастап жапырақтың ауамен шектесетін бетіне дейінгі аралықты түтастыратын орта болып есептеледі.
Су ең жақсы, күшті еріткіш және тіршілік әрекеттеріне байла-нысты биохимиялық реакциялар жүзеге асатын негізгі орта болып есептеледі.
Су клеткадағы қүрылымдық бөліктерді қалыптастыруға қатыса-ды. Белок молекулаларындағы су олардың күрылысын анықтайды. Егер белоктың қүрамындағы суды түрлі әдістермен бөліп алса, ол үйып (коагуляцияланып) түнбаға айналған болар еді.
Су биохимиялық процестердің тікелей сыңары. Ол фотосинтез процесінде электрондар доноры болса, тыныс алуда тотыгу — то-тықсыздану реакцияларына қатысады. Су көптеген заттардың ыды-рау және синтезделу процестеріне қажет.
Су жоғары сатыдағы өсімдіктердегі ксилема және флоэмадағы симпласт пен апопласт арқылы заттардың таралуын жүзеге асыра-тьщ тасымалдау жүйесінің негізгі мүшесі болып есептеледі.
Жылу сиымдылығының және меншікті булану жылылығының өте жоғарылығына байланысты су ұлпалар температурасының күрт өзгеруінен сақтайды.
Су жақсы амортизатор ретінде организмдерді механикалық әсер-лерден қорғайды.
Осмос және тургор қысылымдарына байланысты су өсімдік клет-каларының, ұлпаларының және мүшелерінің серпімділік күйін қам-тамасыз етеді.
Үдемелі эволюция барысында өсімдік организмінде судан салыс-тырмалы тәуелсіздік қалыптасты. Балдырлар үшін су өліге дейін негізгі тіршілік ортасы болып қалды. Жер бетіндегі споралы өсімдіктерде көбею кезеңінде судан тәуелділік сақталды. Тозаңдану арқылы жыныстық жолмен кобейетін өсімдіктер бүл процеске суды қажет етпейді. Олардың тіршілік әрекеттеріне қажетті суды қабыл-дап және үнемді шығындайтын тетіктері күрделеніп, жетіліп келеді.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных