ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Озғыш ұлпалар физиологиясыҚозғыш ұлпалардың физиологиясы. Қозу- Ұлпаның тітіркендіргіш әсеріне арнайы және бейарнамалы реакциямен жауап беретін физиологиялық процесс. Қозғыш ұлпа дегеніміз қозуға қабілетті ұлпаларды атайды. Қозғыш ұлпалардың 3 түрі бар:1. Жүйкелік - жүйкелік серпіністерді тасымалдау қызметін атқарады. 2. Бұлшықеттік– тітіркендіргіш ұлпаның жиырылуы мен босаңсуы. 3. Бездік– сөл бөлу қызмет атқарады Бұлшық ет талшықтарының физиологиясы. Қан тамырлар жүйесінің жұмысы, жүректің қызмет атқаруы, асқорыту жолының жұмысы, кеңістікте дененің қозғалысы мен қимыл-тұрпаттың бір деңгейде болуы адам мен омыртқалы жануарларда бұлшықеттің екі типімен іске асырылады, көлденең жолақты (қаңқа бұлшықетті, жүрек бұлшықетті) және тегіс. Олар бір-бірінен жасушалық және ұлпалық құрылыммен, жүйкелендірілуімен, қызметтену механизмі дәрежесімен ерекшеленеді. Бұлшықет қызметі: 1. Адам денесінің кеңістікте қалпын сақтауды қамтамасыз етеді. 2. Кеңістікте дененің орын ауыстыруын, жүріп тұруын қамтамасыз етеді. 3. Қимылды іске асырады. 4. Жылу көзі ретінде жылуды реттеу қызметін атқарады. Бұлшықеттің қызмет ету барысында өте көп мөлшерде жылу бөлінеді. Бұлшықеттің құрылысы: Адам мен омыртқалы жануарларда екі түрлі бұлшықет болады: 1. Көлденең жолақты (қаңқа, жүрек бұлшықет) 2. Тегіс- бірыңғай салалы. Бұлшықет мүше ретінде белгілі қызмет атқарады, 72-80%су, 16-20%тығыз заттан тұрады. Бұлшықет талшығы көп ядролы жиырылғыш жасуша. Ұзындығы бірнеше мм-ден бірнеше см-ге дейін созылады, d = 10-100 мкм. Талшық беткейі түссіз қабық сарколеммамен қапталған. Саркоплазмада жиырылғыш жіпше миофибрилдер орналасқан. Митохондрияда тотығушы және тағы басқалар бірнеше ферменттік процестер жүргізеді. Саркоплазмада бұлшықет ақуыздары орналасқан. Жиырылу аппараттың қызметтінің бірлігі-саркомер. Бұлшықет ақуыздарының түрлері: 1. Суда еритін саркоплазмалық ақуыздар миоглобин, миоген, миоальбумин. 2. 80%миофибрильді ақуыздар миозин, актин, актомиозин, тропомиозин. 3. Стромалық ақуыздар коллаген және эластин. Бұлшықеттің қажуы. Қажу – жұмыс істеу барысында басталып, дем алудан кейін жойылатын, ағза құрылымдарының жұмысы қабатының уақытша төмендеуі. Барлық бұлшықетке тән физиологиялық қасиеттер: 1. Қозғыштық - тітіркендіргіштің әсеріне әрекет потенциалы мен иондық өткізгішті өзгертумен жауап береді; 2. Өткізгіштік- бұлшықет талшығының тұла бойымен және терең әрекет потенциалын өткізу қаблеттілігі; 3. Жиырылғыштық- қозу кезінде қысқарып немесе босаңсу және кернеулікті дамыту қабілеттілігі. 4. Серпімділік- бұлшықет созылғанда кернеулікті дамыту қабілеттілігі. Бұлшықет жиырылуының тәртібі мен түрлері. Бұлшықеттінің жиырылуының тәртібі үшке бөлінеді: 1. Бұлшықеттің изотониялық (изос- тұрақты, тонус-кернеулік) жиырылу тәртібі. 2. Бұлшықеттің изометриялық жиырылу тәртібі. 3.Ауксотониялық жиырылу тәртібі деп аталады. Бұлшықет жиырылуының 3 түрі бар: 1. Бұлшықетті немесе оның жүйкелендіретін қозғалысжүйкесін бір ғана әсермен тітіркендіруді бұлшықеттің жеке жиырылуы деп атайды. Онда негізгі 3 фазаны айыруға болады: жасырын, жиырылу және босаңсу кезеңдері. 2. Жинақталу– бұлшықетке бірнеше тітіркендіргіштермен әсер еткенде пайда болған жиырылулардың қосылуы. Оның 2 түрі бар: толық және толық емес жинақталу. 3. Тетанус– бұлшықеттің сіресіп, қатып қалуы. Оның 2 түрі бар: тісті және жайпақ тетанус. Жүйке талшықтарының физиологиясы. Жүйке талшықтары (ЖТ) жүйке жасушасының өсінділері болып табылады. ЖТ 2 топқа бөлінеді: 1. Миелинді немесе етті – соматикалық және вегетативтік жүйке жүйесінің талшықтары. Етті ЖТ сыртынан миелин және Шванн қабықтарымен қапталған, өстік цилиндрден тұрады. Әрбір 1-2,5 мкм аралықта миелин қабығы үзіледі де, ол Ранвье үзілісі деп аталады. Қозу миелинді ЖТ-да секірмелі түрде өтеді. 2. Миелинсіз немесе етсіз – симпатикалық жүйке жүйесінің талшықтары. Миелиндіден айырмашылығы тек Шванн қабығымен қапталады. Ранвье үзілісі болмайды. Қозу етсіз ЖТ-да үздіксіз түрде өтеді. Физиологиялық тұрғыдан ЖТ 3 түрі бар. А-, В- және С-типтес. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|