Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тұтас жүйелер физиологиясы




Жоғары омыртқалы жануарлар мен адамның барлық талдағыштар жүйесіне мынадай жалпы құрылыс негіздері тән:

1. Талдағыштар жүйесі көп қабатты жүйке нейрондарына тұрады. Олардың алғашқы қабаты қабылдағыш құрылымдарымен, ал соңғысы үлкен ми сыңары қыртысының ұласқан аймақтарымен байланысты болады. Ал қабаттар, олардың аксондары түзетін, өткізгіш жолдар арқылы өзара байланысады. Талдағыштардың мұндай құрылымы әр түрлі қабаттарда мәліметтерді өңдеуге, арнаулы бағытқа салуға мүмкіндік туғызады. Бұл организмдерде барлық талдау жасалған жай сигналдарға тез әсер тигізуіне жағдай жасайды.

2. Талдағыштар көп жолды болады. Олардың әрбір қабатында барлық деңгейге кезегімен серпініс жіберетін көптеген (он мыңдаған, ал кейде миллиондаған) жүйке элементтері бар. Талдағыштардың мұндай көп жолдары жасалған талдаудың, өте сенімділігін және дәлдігін қамтамасыз етеді. Байланыс арналарының сенімділігі нейрондардың өзара жапсарласуынан ұлғаяды. Бір нейрон тарамдалыс арқылы жоғары деңгейде орналасқан бірнеше нейрондармен ұштасады. Ал көптеген нейрондардың тек біреуіне түйістірілісі (конвергенция) ақпаратты дәл жеткізеді.

3. Шектес қабаттарда сезіну алқымы деп аталатын әр түрлі элементтер саны кездеседі.

4.Талдағыштардың тура және көлденең бөлшектері болады.Жүйке элементтерінің бір немесе бір неше қабаттан қүрылатын бөлімі тікелей ажыратылыс дифференциация деп аталады.

Әр бір бөлімнің мәселен, иіс буылтығы, иімді дене өзінің атқаратын жеке қызметі болады.

5. Сезім жүйелері тіршіліктік мәні бар ақпараттарды кері байланыс негізінде белсенді түйсінетін және өңдейтін үрдіс ретінде қаралады.

6. Сезім жүйесінің өрлеуші өткізгіш жолдары ми қыртысының тұрақты жіне қосымша жобаланыс аймақтарында тұйықталады.

7. Әр бір сезім жүйесі қосқапталдас өлшемдестік, симетрия түрінде құрастырылады. МИдың орталық құрылымдары қабылдағыш аппаратқа сәйкес жұптасып қалыптасады. Сезімдік жүйелердің жұптасуы негізінде, кеңістікте әр келкі орналасқан нысандарды қабылдау осы әрекеттік тетіктер арқылы атқарылады.

Талдағыштардың шеткі бөлімін морфологиялық айырмашылығы бар және арнаулы физиологиялық бағытқа икемделген көтеген қабылдағыштар құрады.

1.Алуан түрлі қабылдағыштар - тітіркендірістің әсерін жүйкенің ұшына немесе қабылдағыштарға өткізуге икемделген күрделі құрылымы бар сезіну мүшелері.

2.Әр бір қабылдағыш тітіркендірістің белгілі бір түрлерін мәселен, жарық дыбыс, жылылық, суықтық т.б ерекше сезеді.

Көру. Көру талдағышы – адам мен жануарлар үшін аса маңызды сезім мүшелерінің бірі. Ол барлық сезім мүшелерінен миға келетін мәліметтің 90 пайызын жеткізеді.Көзге ілінген заттардың кескіні торлы қабыққа түсіп, сондағы қабылдағыштарды қоздырады. Заттарды анықтап қарау үшін көзді аударып, оған тура бағыттау керек. СОндықтан табиғатта жануарлардың көтеген түрлерінде көз алмасы шар тәрізді болып келеді. Көз алмасының үш қабықшасы бар, олар көз ұясында орналасқан.Оны сыртынан ақ қабықша склера қаптайды, бұл тығыз дәнекер тінінен тұрады. Ақ қабықшаның алдынғы бөлімі мөлдір қасаң қабыққа өтеді. Ал қабықшадан кейін тамырлы қабықша орналасқан: тамырлы қабықшаның алдынғы бөлігі нұрлы қабық деп аталады. Нұрлы қабықтан кейін екі жағы да дөңес мөлдір линза - көз бұршағы орналасқан. Көзің ішкі қуысын шыны тәрізді дене толтырып тұрады.

Есту.Есту жүйесі - мағнасы жағынан адамның екінші дистанциалық талдағышы болып саналады. Адам анық сөйлей бастағанан, есту сезім жүйесң оған ең жоғары дәрежеде қызмет атқарады.

Есту мүшесі негізгі үш бөліктен - сыртқы, ортанғы, және ішкі құлақтан тұрады.Есту қабылдағышы ішкі құлақтың ирімді түтігінде орналасады, ол самай сүйегінің жуандаған бөлігінде жатады. Есту талдағышының сигналдарды өңдеп, жүзеге асыратын көптеген дәйекті қосылған бөлімдері бар.

Сыртқы құлақ. Құлақтың сыртқы есту тесігі дыбыс толқындарын дабыл жарғағына жеткізу міндетін атқарады. Дабыл жарғаға сыртқы есту тесігі арқылы келетін дыбыс толқындарының әсерінен соған сәкес тербеліске келеді.

Ортаңғы құлақ. Ауамен толған ортанғы құлақтың негізін асас маңызды өткізгіш қызметін атқаратын бір- бірімен дәйекті байланысқан балғашық, төс және үзенгі сүйекшелері құрайды.

Ішкі құлақ және дыбыс түйсігі.Ішкі құлақта кіреберіс аппаратынан кіреберіспен имекті арналардан басқа дыбыс терделісін қабылдайтын есту қабылдағыштары орналасқан иірімді түтігі болады. Иірімді түтігінің төбесііе жеткенде бұл екі мембрана қосылады және оның үстінде тесігі геликотрема болады.

Дәм сезімі.Дәм сезу жүйесіауыз қуысына түскен тағамның сипатын, мөлшерін және түрін анықтап, организмнің тіршілігін, зат алмасуын, сыртқы ортаға бейімделуін қамтамасыз етеді.Дәм талдағыштары - дәм сезу баданасы тілдің түпкі жағына, жұмсақ таңдайда, тілше мн жұтқыншақтың шырышты қабықшасында орналасқан. Адамда он мыңға жуық дәм сезу баданасы болады. Дәм баданалары тілдің емізікшелерінде орналасады. Дәм қабылдағыштары төрт түрлі дәмді сезеді:тәтті, ащы, қышқыл, тұзды.

Иіс талдағышы. Иіс сезім жүйесінің қабылдағыштары жоғарғы мұрын кеңсірігінде орналасқан. Олардың ауданы шамамен 5-8 см кв. Адамдарда иіс сезгіштердің жалпы саны 10-20 млн –ға жетеді. Иіс кірпікшелері арнайы бездер түзетін сұйықтыққа малынып тұрады. Иіс қабылдағыштарының бетінен тіркелетін электор көрсеткіші электроольфактограммадеп атайды. Ол иісті зат аз уақыт әсер еткен жағдайда да пайда болып, біренше секунтқа созылатын, шайқалу тербелісі 10 мВ монофазалық теріс толқыннан тұарды.

Жоғарғы нерв жүйесінің іс-әрекеті.Адам мен жануарлардың үлкен ми сыңарлар қыртысы және оған таяу құрылымдары орталық жүйке жүйесінің жоғары бөлімі болып табылады.Жоғары жүйке іс- әрекеті туралы мәдилік ғылым төрт қағидаға: рефлекс, доминанта, бейнелеу және мидың жүйелілікқызметіне негізделген.

Рефлекс ұғымы 17 ғасырды алғашқы Рене Декарт 1596-1650 ж ұсынған әлемнің механикалық көрінісі туралы ілімінде пайда болды.

Алғашқы рет орыстың атақты физиологы И.М.Сеченов жануарлардың, адамның мінез құлығы, оның санасымен ақыл ойының ең күделі көрістері, мидың рефлекстік қызметімен байланысы туралы батыл болжам ұсынды.

Оның ми рефлекстері деген еңбегі жарық көргенше, оқымыстылар психикалық құбылыстарға салалы физиологиялық талдау жасай алмады.

Сеченотың ойлары И.П.Павлов ерекше дамытты және нақтылы тәжірибе жүзінде дәлеледеді. Ол, шартты рефлекстер әдісін енгізі, жоғары жүйке іс- әрекеті туралы осы заманғы ілімнің ірге тасын қалады. Оның зеттеулері рефлекстік ілімнің негізгі: себептестік, анализ және синтез, құрылымдық қағидаларын жасады. Павловтың көрсетуі бойынша, ОЖЖ-нің төменгі бөлімінде- қыртыс асты, ми бағанында, жұлында пайда болатын рефлекстік әсерленістер туа біткен және тұқым қуалйтын тұрақты жүйке жолдарымен орындалады.

Жоғары жүйке іс әрекеті организммен сыртқы ортаның күрделі қарым- қатнасын қамтамасыз етіп оның мінездік негізін құрады. Сонымен, жоғары жүйке іс әрекеті орталық жүйке жүйесінің адам мен жануарлардың мінешздіек әсерленістерін қамтамасыз ететін жүйке үрдістерінің жиынтығы. Бұл үрдістер дене қүрылысы күрделі жануарлар мен адам мінезінің сыртқы ортадағы үнемі өзгеріп тұратын құбылыстарға икемделу жағдайын жасайды. Олар икемделудің туа біткен және жүре пайда болған түрлеріннен тұрады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных