Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Табиғатты сипаттаудың корпускулярлық концепциясы




Физика материялық бөлшектердің, заттардың, өрістің және басқа денелердің қасиеттері мен қозғалыс заңдары туралы ғылым. Бұл анықтамадағы «бөлшектер» мен «өріске» ерекше мән беріледі, физикада материя өріс пен зат деп екіге бөлінеді. Барлық заттар бөлшектерден құралады, яғни материя құрылысы үздік-үздік, дискретті. Левкипп Демокрит пен Эпикур философиясында «бөлуге», «кесуге» болмайтын атомдар ең кіші, әрі ең соңғы, жасауға немесе жоюға болмайтын бөлшектер ретінде қарастырылған. Ньютон физикасында да осындай бөлшектер туралы айтылады. Ұлы физик бастапқыда ең қарапайым қозғалыс бөлшектердің механикалық қозғалысын зерттеген Физиканың прогресі тікелей көрнекіліктен біртіндеп бас тартуға негізделген еді, ал бұл қазіргі физиканың тәжірибеге сүйенуіне қайшы келетін секілді. Мәселен, нақтылықтың кейбір жақтары бақылауға келмейтіндіктен көрнекілік қате нәтижелерге әкеліп соғуы мүмкін. Аристотель механикасы мына принциптерге негізделген, «егер денені итеруші күш әсерін тоқтатса, қозғалыстағы дене тоқтайды немесе ауыр денелер жылдамырақ құлайды». Үйкеліс күші ескерілмегендіктен бұл принциптер нақтылыққа сәйкес келеді деп есептеледі. Дұрыс қорытынды жасау үшін идеал тәжірибе, яғни нақтылықтан абстракцияға көшу қажет болды. Бөлшектің геометриялық өлшемі жоқ, тек массасы бар деу –бөлшектің моделін сипаттайды. Үйкеліс күшін жою мәселесі идеал жылтыр дене және идеал жылтыр бет түсініктерін ендіруді қажет етті. Мұндай тәжірибелерді Галлилео Галлилей іске асырды және ол Аристотель принциптерінің қате екендігін көрсетті. Галлилей Пиза қаласындағы ең биік мұнаралардан әртүрлі салмақты денелерді тастаған деген сөз бар. Шын мәнінде зерттеуші жылтыр көлбеу бетпен салмақтары әртүрлі жылтыр шарларды жылжыту арқылы тәжірибе жасады. Галлилей өлшеулерінің нәтижесінде салмақтары әртүрлі денелердің жылдамдығы бірдей заңдылық бойынша артатындығы анықталды. Ньютон өзінің механикалық қозғалыс заңдарын Галлилей тәжірибелерінің нәтижелеріне сүйеніп қорытқан болатын. Ұлы физиктің тәжірибесінде көлбеу жазықтық бойымен домалаған денелерге үнемі бірдей күш әсер етеді де, олардың жылдамдықтары артады. Осыдан барып денеге әсер етуші күш оны қозғалтумен қатар оның жылдамдығын өзгертеді деген қорытынды жасалды. Сонымен қатар, денеге күш әсер етпесе ол түзу бағытта, тұрақты жылдамдықпен қозғалатындығы тұжырымдалды. Ньютон тұңғыш рет дене күйін, яғни физикалық жүйені зерттеді. Ол дененің орнын координаттармен және орналасудың өзгерісімен, яғни жылдамдықпен және жылдамдықтың өзгерісі –үдеумен сипаттады. 1687 жылы И. Ньютонның «Натурфилософиясының математикалық бастамасы» деп аталатын ғылыми еңбегі жарық көрді. Онда Ньютонның үш заңы деп аталатын, механикалық қозғалыс заңдары берілген еді. Бірінші заң: Галлилей тәжірибесіне негізделген, екінші заңда –денеге күш әсер еткендегі ондағы өзгеріс айтылған, яғни дене үдей қозғалады және дене массасы артса, үдеу кемиді делінген болатын. Ньютон «Мен алыстағыны көру себебім алыптардың иығында тұрғандығымнан» деп бекер айтпаған. 1543 жылы Н. Коперниктің «Аспан сферасының айналуы жөнінде» атты кітабы шықты. Онда әлемнің гелиоцентрлік ілімі дамытылды. Г.Галлилей өзінің жердегі қозғалыс заңдарын аспан денелеріне пайдаланып Коперник ілімін қолдады. Ал И.Кеплер өзінің назарын шексіз аспанға бағыттады. Ол 1609-1619 жылдағы планеталар қозғалысының үш заңын тұжырымдады. (Кеплердің эмпирикалық заңдары) Ньютон динамика заңдары мен Кеплер заңдарының негізінде өзінің Бүкіл әлемдік тартылыс заңын қорытындылады. Ньютон негізін салған механика заңдары XYIII-XIX ғасырда механиканың қарқындап дамуына себепкер болды және бұл кездегі философия түгелімен механикалық еді. 1845 жылы Нептун планетасының ашылуы Ньютон ашқан механика заңдарының дұрыстығын дәлелдеді. ХХ ғасырдың басында механика заңдарын жемісті пайдалану нәтижесінде Пьер Лаплас (1749-1825) ғылымының детерменизм доктринасын енгізді. Онда Әлемнің бастапқы моменттеріндегі күйі бойынша оның келешектегі процессін сипаттайтын заңдар жүйесін тұжырымдауға болады делінген. Лапластың бұл доктринасы Архимедтің «Маған тіркеу нүктесін көрсетіңіз, мен Жер шарын төңкеремін» дегенннің аналогиясы. Лаплас дененің бір кездегі орны, жылдамдығы және үдеуі белгілі болса, оның өткендегі немесе келешектегі, яғни кез келген моментте пайда болатындығын есептеуге болады деп қарастырды. Денелердің механикалық қозғалыстарын қарастырған кейбір физикалық шамалар тұрақты деп алынған, яғни уақытқа байланысты өзгермейді деп есептелген. Бұл шамалар қозғалыс өлшемдері ретінде қабылданған. Ең баста физика тарихында, импульс және тірі күш, соңынан энергия қабылданды. ХVІІ ғасырда денелердің бір-бірімен соқтығысуын зерттегенде импульс пен тірі күш ендірілді, ал ХІХ ғасырда энергия туралы түсінік қалыптасты. Сонымен, жаратылыстану ғылымының бір саласына жататын физиканың аумағы өте кең және практикада өте көп қолданылады. Микроәлемдегі құбылыстар кванттық механикада, ал кеңестік, уақыт және материя тұтастығы жалпы салыстырмалылық теориясында қарастырылады. Макроәлем үшін классикалық физиканың заңдары жеткілікті.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных