ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
КЛАССИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ«Классикалық ғылым» деген түсінік ғылым дамуында XVIII ғасырдан бастап XX ғасырдың 20-шы жылдарына дейінгі уақытта қалыптасты. Классикалық ғылым дамуының алғашқы сатысының өз ерек-шеліктері болды: Шындықты айқын көрсететін, білімнің аяқталған жүйесіне деген ұмтылыс. Бұл классикалық механикалық дуниені өз заңдылықтары арқылы түсіндіруімен, бағыт беруімен байланысты болды. Сондықтан, механика қоршаған дүниені түсіндірудің негізгі тәсілдерін меңгерді және ғылымдар эталоны болып саналды. Табиғатты ғасырлар бойы өзгермейтін, өзіне ғана қатысы бар заңдарымен ерекшеленетін тұтас бір жүйе ретінде қарастырды. Сол кездегі классикалық ғылымда статизм, элементаризм, антиэволюционизм бағыттары болды. Элементаризм — күрделі құрылымдардың царапайым элементтерін бөліп алып, анықтама беру. Статизм — бұл құрылымдарға тән байланыстар мен қатынастарды жоққа шығару. Антиэволюционизм — реалдық құбылыстарды талқылау метафизикалық тұрғыда болды, яғни өзгеру, даму, тарихылық деген ұғымдардан аулақ болды. Ғылым дінді интеллектуальдық бедел түрінде алмастырды. Адам-зат ақыл-ойы және табиғаттың тәжірибелік өзгерістері теологиялық доктриналар мен Қасиетті жазуды Ғаламды түсіне білуден ығыстырып шығарды. Сенім мен дүниетаным екіге бөлінді. Дүние танымдық көзқараста ғылым алдыңғы орында бола оты-рып, дін мен философияға да өз қатарынан орын берді. Алдыңғы қатарлы дамыған қоғамда дуниетаным адамзатқа сенімді өмірлік жолды, дүниені түсінудің қандай жолмен таңдауды өз еркіне берді. Дегенмен, ғылым тәжірибелік жетістіктерді барынша көп беру арқылы адамзат болашағын тек ғылым ғана қамтамасыз ететіндігін дәлелдеді. Сондықтан, дін мен метафизикалық философия бірте-бірте өз әсерін жоғалта бастады. Ғылым, оның ішінде жаратылыстану ғылымдары механистикалық және метафизикалық болып қана отырып, табиғатқа деген теология-лық көзқарасты бірте-бірте ығыстыра бастады. ХУІІ-ХУІІІ ғасырларда математикада шексіз кіші шамалар теориясы (И.Ньютон мен Г.Лейбниц), Декарттың аналитикалық геометриясы, М.И.Ломоносовтың атомдық-кинетикалык ілімі, Кант-Лапластың космогониялық гипотеза-сы алдымен жаратылыстану ғылымдарына, сосын қоғамдық ғылымдарға даму идеясын енгізді. Сонымен, XVIII ғ. аяғында XIX басында көптеген ғылым салаларын ңамтыған ірі ғылыми революцияларға біртіндеп алғы шарттар жасала бастады. Алдыңғы қатарға энергия мен заттың бір-біріне айналуын зер-ттейтін физика мен химия шықты (химиялық атомистика). Геологияда жердің даму теориясы (Ч.Лайель), биологияда Ж.Ламарктың эволюция-лық теориясы пайда болды, сонымен қатар палеонтология (Ж.Кювье) және эмбриология (К.М.Бэр) сияқты ғылымдар дами бастады. XIX ғасырдың екінші жартысындағы ғылымдағы үш зор жаңалықпен байланысты революциялардың үлкен маңызы болды. Олар: Шлайденн мен Шванның клеткалық теориясы; Майер мен Джоульдің энергияның сацталу және айналу заңы; Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімі болды. Одан кейін табиғат диалектикасын толығымен негізделген үлкен жаңалықтар бірінен кейін бірі ашылып жатты: — 1861 жылы А.М.Бутлеров — органикалық қосылыстардың химиялық құрылысы теориясы; -1869 жылы Д.И. Менделеевтің периодтық системасы; 1869 жылы Л.Х.Вант Гофф пен Дж.Гиббс — химиялық термодинамика заңы; 1875 (Дж. К.Максвелл) — жарыңтың электромагниттік теориясы ашылды. Осы ғылыми жаңалықтар негізінде жаратылыстану жоғарғы сатыларға көтерілді, егер ол XVIII ғасырда тек қана фактілер жинаушы ғылым болса, ал XIX ғасырда заттар мен процестер туралы, олардың пайда болуы мен дамуы туралы ғылым болды, жаратылыстануда ғылым диференциациясы белсенді түрде жүрді, яғни ғылымның ірі салалары ұсақ бөлімдерге бөлінді (мысалы, физика — термодинамика, қатты денелер физикасы, электромагнетизм; биологияның жаңа сала-лары — генетика, цитология, эмбриология бөлініп шықты. XIX ғасырдың аяғында ғылымдар интеграциясының алғашқы белгілері шықты, ол XX ғасырға тән процесс болды. Яғни пәнаралықзерттеулер жүргізіле бастады (биохИмия, геохимия, биогеохимия тағы басқалар). Жаратылыстануға диалектикалық көзқарастардың енуіне қарамастан, дүниеге көзқарас әлі де механистикалық, метафизикалық негіздерге сүйенді. Тіршілік пен тірі организмдердің пайда болуы биология ғылымы жоғары қарқынмен дамыса да түсіндірілмеді. Дүниедегі адамның орны туралы келіспеушілік көзқарастар болды. Әрбір ашылған ғылыми жаңалықтың өз қарама-қайшылығы бол-ды. Геоцентрлік теория жоққа шығарылғаннан кейін адамзат өзінің космостағы орнына сенімсіздікпен қарады. Ғылым дамуындағы жасалған әр қадам адамды өз мүмкіндіктерін пайдалану үшін ұмтылдырды, сонымен бірге оның ойларында маза-сыздық пен бей-берекеттік тудырды. Дарвиннің эволюциялық теориясы ғылымдағы жағдайды күрт шиеленістірді. «Қудай жаратқан» деген уғым жоққа шығарылғаннан кейін адам табиғатты бағындырушы рөлінен айрылды. Христиандық теология бойынша «табиғат адамның өз рухани мүмкіндіктерін ашуға арналған үйі» деген антропоцентристік көзқарасты үстаса, оны ғылым жоққа шығарды. Дарвин адамды жаратушыға тәуелділігінен Кутқарғанмен, оны жануарларға дейін төмендетті. Бул пессимистік көзқарас термодинаимканың екінші бастамасының ашылуымен одан әрі тереңдей түсті. Онда бүкіл ғалам тәртіпті жағдайдан бейбере-кеттікке қарай қозғалады, ең аяғында ол энтропия жағдайына (жылу-лық өлім) жетеді деген. Соған қарамастан, XIX ғасыр мен XX ғасырдың басы ғылымдағы алтын еасыр болды. Ғылыми жаңалықтар ашылды, көптеген инсти-туттар мен академиялар ашылды. Әр түрлі зерттеу жумыстары үйымдасқан түрде жүргізілді. Ғылым мен техниканың бірігуімен қолданбалы ғылым салалары өте тез дамыды. Ғылым мен дүниетанымдағы қалыптасқан жағдай шешімін табуды қажет етті. Ол XIX ғасырдың 90-шы жылдарынан басталып, XX ғасырдың ор-тасына дейін созылған ғылыми революциялар арқылы шешілді. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|