Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жаратылыстану тарихынан: Египеттегі, Еуропадағы жаратылыстанудың дамуы туралы не білесіз? 3 страница




· 1939 жылы бөлімше жанынан топырақтану және география секторлары құрылды. Қарағандыда Ботаника бағының негізі қаланды.

· 1941 жылы Тіл, әдебиет және тарих институтының лингвистика бөлімі ұйымдастырылды.

· 1940 жылы Геологиялық ғылымдар институты ұйымдастырылды.

· КСРО ғылым академиясының Қазақ бөлімшесінде 2-дүниежүзүлік соғыс басталар алдында 100-ге жуық ғылыми қызметкер, олардың ішінде 3 ғылыми доктор, 14 ғылыми кандидат жұмыс істеді. Соғыс жылдары республикаға еліміздің көптеген ғылыми мекемелері мен жоғары оқу орындары көшіп келді. Есімі бүкіл әлемге әйгілі ғалымдар – И.П. Бардин, Л.С. Берг, В.И. Вернадский, Н.Ф. Гамалея (1859 – 1949), И.И. Мещанинов, Н.Д. Зелинский, Л.И. Мандельштам (1879 – 1944), Н.В. Цицин (1898 – 1980), С.Г. Струмилин (1877 – 1974), А.М. Панкратова, А.Е. Фаворский (1860 – 1945), С.Е. Малов, В.Г. Фесенков (1889 – 1972), Г.А. Тихов (1875 – 1960), Б.А. Воронцов-Вельяминов (1904 ж.т.), т.б. осында қызмет етті. Оралдың, Батыс Сібірдің және Қазақстанның ресурстарын Отан қорғау ісіне жұмылдыру жөніндегі КСРО ғылым академиясының комиссиясы іске кірісті, оны академик В.Л. Комаров (1869 – 1945) басқарды. Ғалымдар қорғаныстық және халық шаруашылығы маңызы бар ұсыныстар жасап, оларды өндіріске енгізді, қара металдар, молибден, вольфрам, марганец кентастарының, т.б. шикізат ресурстарының мол қорын ашты. Адамдарға қан құю қызметі ұйымдастырылды, жұқпалы жараларды жедел емдеу әдістері кеңінен қолданылды.

· 1942 жылы Астрономия және физика, Химия-металлургия институттары құрылды.

· 1943 жылы топырақтану-ботаника, зоология және тропиктік аурулар институттары құрылды.

· 1942 – 45 жылдары КСРО ҒА Қазақ бөлімшесінің ғылыми мекемелері негізінде мамандандырылған химия, металлургия және кен байыту, отқа төзімді материалдар мен құрылыс материалдары, зоология инситуттары ұйымдастырылды.

· 1945 жылы Тарих, археология және этнография, Кен ісі, Топырақтану институттары, Математика және механика секторы жұмыс істей бастады (Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы). Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігін алғаннан кейінгі жылдар ішінде (1991 – 2003) ғылыми-техникалық саланы ұйымдастыруды реформалау жобалары бойынша үлкен жұмыстар атқарылды, ғылым мен техника және елдің мемлекеттік ғылыми-техниклық саясатын мемлекеттік басқарудың негізі қаланды.

· 1991 жыл еліміздің ұлттық жетістігі есебіндегі отандық ғылым дамуының жаңа кезеңі басталғандығымен ерекшеленді. Қазақстанның құқықтық меншігіне 100-ден астам жалпы одақтық мемлекеттік ғылыми-техникалық мекемелер өткендіктен ғылымды мемлекттік қолдаудың маңыздылығы күрт өсті. Жаңа жағдайларға байланысты қысқа мерзім ішінде мемлекеттік ғылыми-техникалық саясатты айқындау қажеттілігі туындады, елдің ғылыми-техникалық күш-қуатын сақтап қалу мен одан әрі дамыту үшін ғылыми-техникалық саланы мемлекеттік басқарудың тиімді құрылымын қалыптастыру мәселесі туындады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 15 қаңтардағы қаулысымен “Қазақстан Республикасының ғылым және ғылыми-техника саясаты туралы” Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Осы жылы ҚР Президентінің “Экономикалық реформалар жағдайында Қазақстан Республикасы мемл. басқару органдарының іс-қимылдары мен ұйымдастыруын жетілдіру” туралы Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технология мин. құрылды. Министрлікке мынадай міндеттер жүктелінді: республиканың ғылыми-техника саласының дамуы жолында мемлекеттік саясат жүргізу; ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау жұмыстарын үйлестіру; ғылыми-технологиялық салада халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру.

· 2000 жылы қайта құрылған ҚР Білім және ғылым минстрлігі – ғылым мен ғылыми - техника саладағы іс-әрекеттерді жүзеге асыратын, республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу бағдарламаларына үйлестіретін бірыңғай мемлекеттік өкілетті орган болып табылады. Министрлікке білім және ғылым мен техника саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыру, кепілдік етілген көлемде ақысыз білім алуды мемлекеттік оқу орындарында қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету, ғылым мен техниканы дамытудың басым бағыттарына қорларды шоғырландыру, сондай-ақ, ғылыми және педагогикалық кадрларды аттестациялау мен даярлау міндеті жүктелген. Министрлік қарамағында әр түрлі бағыттағы 130 ғылыми мекеме бар. Ғылыми зерттеулерді ҚР Президенті ұсынған “Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі қалыптасуы мен дамуы стратегиясы” аясында халықтың рухани мәдениетін түлетуге, сондай-ақ республикадағы өзге де әлеуметтік-экономикалық, экологиялық және ғылыми-техникалыө мәселелерге байланысты өзекті мәселелерді шешуге бағыттауға ерекше назар аударылды. Ғылымды ұйымдастыруды жетілдіру мен ғылыми-техникалық потенциалды дамыту, ғылыми-техникалық саланы мемлекеттік басқарудың бірыңғай жүйесін жасау Қазақстан Республикасының егемендік жолындағы стратегиялық қадамдары болды. Осы мақсатта мемлекет көлемінде ұлттық ғылыми орталықтар құру, академиялық ғылымдарды реформалау, жоғары оқу орындарының ғылыми потенциалын арттыру, республика аймақтарында ғылыми зерттеулерді дамыту, ғылымды ұйымдастырудың жаңа формаларын мемлекеттік қолдау, халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне байланысты жұмыстар жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Министрлігі Кабинетінің 1993 жылғы 22 қаңтардағы “Қазақстан Республикасында ғылым мен ғылыми-техникалық бағдарламаларды қаржыландыру және жоспарлауды жетілдіру шаралары туралы” Қаулысы бойынша ғылыми-техикалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (ҒТТКЖ) мен ғылыми-техникалық бағдарламаларды республикалық бюджеттен қаржыландыру тәртібі айқындалды. Ғылым және жаңа технология министрлігі жанынан Ғылым қоры ұйымдастырылды. 1993 жылдан бастап мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптау енгізілді. Республикада өткізілетін ашық тәжірибелік-конструкторлық және жобалық-технологиялық жұмыстар мен олар бойынша есеп беру құжаттарын мемлекеттік тіркеудің бірыңғай тәртібі бекітілді. Осылай, ҒТТКЖ-ді қаржыландыруды бағдарламалық-мақсатты әдіске көшірудің нормативтік-құқықтық негізі жасалды.

Республика ғылыми-техникалық саласы жүргізген жұмыстардың қорытындылары 1998 жылы ақпанда Астана қаласындағы көрмеде көрсетілді. Елде машина жасау, атом өнеркәсібі мен энергетиканы дамыту жөнінде мемлекеттік бағдарламалардың жобалары жасалды. Республика тау-кен металлургиясы кешенін дамытудың тұжырымдамасы жасалды. Түрлі мақсаттағы жоғары тиімді катализаторлар, қоңыр және тас көмір, тақта тасты сұйылтып қайта өңдеу кезінде алынатын синтетикалық мұнай мен оны өңдейтін шағын заттар жобалары жасалды. Астық пен күріштің жаңа сорттары шығарылды. Түрлі пайдалы қазбаларды іздеу мен өндірудің және ұтымды пайдаланудың тиімділігі жоғары әдістері мен тәсілдері анықталды. Әр түрлі үлгідегі аспаптар – жылу және электр есептегіштер, жылу энергиясын, ыстық және суық суды есептеу аспаптары мен қызметкерлерді жедел медициналық куәландыру, т.б. аппараттары өндіріске енгізілді. Алғаш рет отандық компьютерлер мен бірқатар өндірістік және тұрмыстық мақсаттағы электрондық құрылғылар шығарылды. 1998 жылдың соңына дейін 30 шағын кәсіпорын мен өндірістер ұйымдастырылды. Республика ғалымдары мемл. басқару процестерін қамтамасыз етуге белсенді үлес қосты: көне дәуірлерден бастап бүгінгі күнге дейінгі қазақ философиясының тарихы, шығыс пен батыс мәдениеті ықпалдасуы контексінде жаңа философия мен ғылым методологиясы, Қазақстан Республикасындағы конституциялық процестің дамуы, еуроазиялық интеграция, геосаясат, демографиялық даму болжамы жасалды. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі, аймақтардың өндірістік күштер құрылымын оңтайландыру мен халықты тіршіліктік қамтамасыз ету жүйесі, М.Әуезов шығармаларының 50 томдық академиялық толық жинағын дайындау мақсатында көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстары атқарылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметі жанынан іргелі және қолданбалы ғылым мен техниканы дамытудың мемлекеттік басымдылықтарына және болжам жасауға жауапты консультативті-кеңес органы болып саналатын Жоғары ғылыми-техникалық комиссия (ЖҒТК) құрылды. ҚР Үкіметінің 1998 жылғы 14 сәуірдегі “Академик Қ.И. Сәтбаевты мәңгі есте қалдыру туралы” Қаулысына сәйкес 1999 жылы бірқатар мерейтойлық шаралар өткізілді. Қ.И. Сәтбаевтың туғанына 100 жыл толу мерекесі ЮНЕСКО қолдауымен өткізілетін мерейтойлар санатына қосылды. 1999 жылы 15 – 23 сәуір аралығында Париждегі ЮНЕСКО бас пәтерінде аса көрнекті ғалым, академик Қ.И. Сәтбаевтың 100 жылдығына арналған халықаралық ғылыми симпозиум өтті. Симпозиумда “Қазақстан ғылымы өткен шақтан болашаққа" деген атпен көрме ашылып, “Қазақстандағы ғылыми ой-пікірлер тарихы”; “Қ.И. Сәтбаев – көрнекті ғылым ұйымдастырушысы"; “Қазақстанның геологиялық ресурстары”, “Минералдық шикізаттарды өңдеу” және “Ауыл шаруашылық ғылымдарының жетістіктері” деп аталатын бөлімдер жұмыс істеді. Сондай-ақ “Қазақстан және ғарыш”, “Ядролық физика”, “Қазіргі заманғы байланыс құралдары”, “Өмір сапасы”, “Қазақстан республикасындағы жоғары білім”, “Перспективті ғылыми жобалар” деп аталатын тақырыптарда материалдар қойылды. 1999 жылы 26 маусым мен 1 шілде аралығында Будапештте ЮНЕСКО және Халықаралық ғылыми қауымдастықтың бастамасымен “21 ғасырдағы ғылым. Жаңа міндеттер” тақырыбына дүниежүзілік конференция өтті. 2000 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен ғылыми-техникалық саланың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге және ғылыми-техникалық потенциалдың қалыптасуына бағытталған, экономика мен оның қорларының қазіргі заманғы инновациялық талаптарына жауап беретін ҚР-ның ғылым және ғыл.-техникалық саясатының тұжырымдамасы мақұлданды. Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның бірлесуі арқылы Астана мен Алматы қалаларында 2000 жылы 11 – 14 мамыр аралығында “Үшінші мыңжылдық ғылымы” атты халықаралық конференция өткізілді. Түркістан қаласының 1500 жылдығын тойлау шеңберінде 20 – 21 қазанда “Қазақстан мен Түркі әлемінің рухани тарихындағы Түркістан және Қожа Ахмет Иасауи” халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткізіліп, оның жұмысына Қазақстан мен таяу және алыс шет елдерден келген 200-ден астам ғалымдар мен мамандар қатысты.

· ЮНЕСКО шеңберінде атап өтілген бұл шараның соңы Париждегі ЮНЕСКО бас пәтерінде Қазақстан делегациясының қатысуы арқылы өткізілген “Түркістанға 1500 жыл” деп аталатын дөңгелек столмен аяқталды. 2001 жылы 2 ақпанда Алматы қаласында білім және ғылым қызметкерлерінің съезі өтіп, онда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевбаяндама жасады. Президент өз баяндамасында Қазақстан үшін елдің әлеуметтік-экономикалық, рухани дамуы факторында отандық ғылымды қайта құрудың өмірлік маңызы бар екендігін атап көрсетті. ҚР-ның 2001 жылғы 12 шілдеде қабылданған “Ғылым туралы” Заңы ғылымды басқаруды одан әрі жетілдірудің, инновация мен зерттеу процестерін ұйымдастырудың, кадрлар даярлаудың, отандық ғылымды әлемдік ғыл. қауымдастыққа интеграциялаудың негізін қалаушы құжат болды. Бұл заң ғылым және ғылыми-техикалық іс-әрекеттер саласындағы қоғамдық қатынастарды үйлестіруге бағыттала отырып, мемлекеттік ғылыми-техникалық саясаттың принциптері мен негізгі мақсаттарын, оны жүзеге асыратын мемл. өкілетті органдарды айқындайды және нарықтық қатынас жағдайындағы ғылымның жаңа ұйымдық формасының дамуын, ғылым саласындағы субъектілердің міндеттері мен құқықтарын белгілейді. Ғылыми-зерттеу институттарының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында, ғылыми зерттеулер үшін бірегей құрал-жабдықтар сатып алуға, ғылыми мекемелерді қазіргі заманғы компьютерлік техникамен жарақтандыруға бағытталған “Ғылыми мекемелерге құрал-жабдықтар сатып алуды республикалық деңгейде қаржыландыру” туралы жаңа бюджеттік бағдарламаға сәйкес алғаш рет қаржы бөлінді. Соңғы жылдардағы ғалымдар жүргізген ғыл. зерттеулер отандық ғылым ментехнологияның бәсекелестік мүмкіндіктерін жоғары көтеретін жаңа іргелі білімге бағытталынып келеді. Ғылыммен тығыз байланысты өндірістердің қалыптасуы үшін ғылыми базалардың құрылуы табиғи және минералды ресурстарды ұтымды пайдалану, жаңа материалдар мен препараттар жасау, техногендік қалдықтарды қайта өңдеуге тарту, тау-кен металлургиясы кешенінің тұрақты жұмыс істеуі мен тиімділігін көтеру, молекулалық және клеткалық биология нәтижелерін биотехнологияда, медицинада, ауыл шаруашылығында қолдану, денсаулық және тамақтану сапасы, телекоммуникация мен байланыстың қазіргі заманғы жүйесін құру, атом энергетикасын дамыту сияқты қажетті шаралардан тұрады. Қазіргі уақытта 36 ғылыммен тығыз байланысты өндірістерге арналған конструкторлық-жобалық және техникалық-құжаттық жұмыстар дайын. Отандық технологияны пайдалану негізінде жылына 15 млрд доллардан астам өнім беретін деңгейге жетуге мүмкіндігі бар елдегі химия және мұнай химиясы өнідірістері мен мұнай, газ және көмір өңдеу бойынша бәсекеге қабілетті және тиімді құрылыстарды кеңейту мен жаңарту көзделінуде. Тәуелсіздік жылдарындағы кезең ғылымды ұйымдастыру мен ғылыми шығармашылық процесті басқарудың жаңа тәсілдерін енгізу, ғалымдар іс-әрекетіне қолайлы жағдай туғызу, ғылыми кадрлардың жаңа буынын даярлау, білім мен ғылымды интеграциялаудың барынша оңтайлы жүйесін іздестірумен сипатталады.

Қазақстанның аграрлық ғылымын басқару түрлері бірнеше рет өзгеріске ұшырады.1941 жылы В.И. Ленин атындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының (ВАСХНИЛ) Қазақ бөлімшесі құрылды, ол 1957 – 62 жылға дейін Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдар академиясы деп аталды. Кейін аграрлық саладағы ғылыми-зерттеу институттары Ауыл шаруашылғы министрлігінің (1962 – 71) және ВАСХНИЛ-дің Шығыс бөлімшесінің (1971 – 90) құзырында болды. ҚазақстанПрезидентінің 1990 жылғы 14 желтоқсандағы жарлығына сәйкес ВАСХНИЛ-дың Шығыс бөлімшесі мен республикалық және одақтық бағыныстағы ғылыми-зерттеу мекемелері негізінде қайтадан Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдар академиясы құрылды. 1996 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдар академиясының базасы негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталық (ҚР ҰААЗО) құрылып, оған елдің агроөндірістік кешенін ғылыми зерттеулермен қамтамасыз ету міндеті жүктелді. Жалпы алғанда ҚР аграрлық ғылым жүйесінде 3372 инженерлік-техникалық және ғылыми кадрлар қызмет етеді, 1383 ғылыми қызметкердің ішінде 130 ғылым докторы, 540 ғылым кандидат бар (2002). Агроөндірістік кешенді ғылыми зерттеулермен қамтамасыз ету мәселелерімен 29 институт, олардың екі филиалы, 18 ауыл шаруашылығы, орман және малдәрігерлік станциялар, 38 тәжірибелік-эксперименттік кәсіпорындар, республикалық ауыл шаруашылығы ғылыми кітапханасы, “Бастау” ғылыми басылым редакциясы, сондай-ақ, елдің бірқатар жоғары оқу орындары айналысады. Аграрлық ғылымдар орталықтарының негізгі міндеттері: агроөнеркәсіп кешені саласында ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге бағытталған іргелі және қолданбалы зерттеулерді жүргізу; агроөнеркәсіп кешеніндегі экономикалық реформалардың ғылыми негіздерін жасау; жоғары өнім беретін өсімдіктердің сорттары мен гибридтерін, жануарлар тұқымдарын алу; ауыл шаруашылығы жануарларының, өсімдіктері мен микроорганизмдерінің құнды гендік қорын сақтау, дамыту және қолдану; ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, өңдеу және сақтау үшін ресурс үнемдейтін жаңа технологиялар, машиналар мен құрал-жабдықтар жасау; ауыл, орман, су және балық шаруашылығын кешенді механикаландыру, электрлендіру мен автоматтандыру үшін машиналар жүйесін қалыптастыру, техника мен қалпына келтірілетін энергия көздерін тиімді пайдалану әдістерін жасау; ауыл шаруашылығында табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау; агроөнеркәсіп кешенінің барлық салалары бойынша жоғары білікті ғылыми кадрлар даярлауды ұйымдастыру; тәжірибелік-эксперименттік кәсіпорындарда ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттары мен гибридтерін (будандарын), жаңа технологияларды, машиналар мен құрал-саймандарды өндірістік сынақтан өткізу; ауыл шаруашылығы дақылдарынының жоғары өнімді тұқымдарын, жануарлар тұқымдары мен тұқымдық топтарын көбейту және өткізу; ғылыми жетістіктер мен білімдерді насихаттау және тарату. Жоғарыда аталған бағдарламаларды жүзеге асыру шеңберінде соңғы жылдары ауыл шаруашылығы ғылыми мекемелері өндіріске төмендегідей негізгі ұсыныстар енгізді: агроөнеркәсіп кешенін экономикалық дағдарыстан шығару іс-шаралары ұсынылған; шаруа қожалықтарының аймақтық үлгілері жасалып, оларды дамытуды мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылды; ауыл шаруашылығының дақылдарының 193 сорты мен гибриді жасалып, мемлекеттік сынақтан өтті, 277-сі мемлекеттік сынақтан өтуде; қазақстандық сұрыптаудың жоғары сапалы сұрыптамалары пайдаланылып, ел аймақтары бойынша тұқым өсіруді ұйымдастыру құрылымы жасалды; жыл сайын дәнді дақылдардың 25 мың т, майлы өсімдіктердің 800 – 900 т, көп жылдық өсімдіктердің 450 – 500 т, картоптың 4,5 – 5,0 мың т сапалы тұқымдары өндіріліп, сатылады; ауыл шаруашылығы жануарларының 14 жаңа типі, түрлері мен тұқымдары өсіріліп сынақтан өткізілді; ауылда болып жатқан өзгерістерді ескере отырып, жануарларды тұқымдық аудандастырудың жаңа жоспары құрылды; мал шаруашылығы салаларында малдәрігерлік жағдайды жақсарту мақсатында 10 вакцина, 9 диагностикум және 3 емдік препарат жасалды; институттардың тәжірибелік-эксперименттік кәсіпорындарында елде бар ауыл шаруашылығы өсімдіктері, жануарлары мен микроорганизмдерінің гендік қоры сақталған; 35 жаңа машиналар мен қондырғы, тракторлар мен комбайндардың агрегаттары мен бөлшектерін қалпына келтіру бойынша 14 технологиялық процесс, технологиялық-жөндеу құралдарының 15 үлгісі, жиналған астықты өңдеуге арналған 14 технологиялық жабдық жасалып, сынақтан өткізіліп, өндіріске ұсынылды; өсімдік шаруашылығын кешенді механикаландыруға арналған машиналар жүйесі ұсынылды; машина-технологиялық станцияларды (МТС) ұйымдастыру бойынша ұсыныстар берілді; жергілікті шикізат негізінде емдік-сауықтыру қасиеттері бар 5 жаңа тағам өнімі, сыра мен шараптың 3 жаңа түрін өндіру технологиясы жасалды; халықар. талаптарға сәйкес тамақ өнімдері мен шикізаттың негізгі түрлеріне Қазақстанның 42 стандарты жасалып бекітілді; зерттеу нәтижелеріне Қазақстан Республикасының 173 патенті және 58 авторлық куәлігі берілген.

2002 жылы желтоқсан айында Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығы таратылып, оның қарамағындағы ғылыми-зерттеу институттары шаруашылық жүргізу құқығындағы ғылыми-өндірістік орталықтар мен ғылыми-зерттеу институттары болып қайта ұйымдастырылды.

Қазақ архитектурасы, Қазақ сәулет өнері – ғимараттарды, құрылыстар мен ескерткіштер кешендерін жобалау, салу, оларға уақыт талабына сай эстетиклық көркемдік сипат беру өнерінің ұлттық саласы. Материалдық игілікті жасаудың басты саласы ретінде Қазақ архитектурасы қоғамның өндірістік-экономика дамуына, ғылым және техника жетістіктерімен жарақтануына, оны жасаушылардың дүниетанымдық-эстет. талғамына тығыз байланысты жағдайда өркендейді. Қазақстан аумағындағы жекелеген аймақтарды, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан өңірін адамдар шелл-ашель дәуірінде (ерте палеолит кезеңі) қоныстана бастады.Ашель-мустье кезеңінде қоныстану аумағы айтарлықтай кеңейді. Қазақстан жерінде құрылыс салу жоғары палеолит дәуірінде пайда болды. Қаратаудағы, Баянауылдағы, Ұлытаудағы, Маңғыстаудағы үңгірлер мен адам тұрақтары шағын топтар болып өмір сүрген, бірігіп еңбек еткен алғашқы қауымдық құрылыстар аңшылардың, кейінірек ертедегі рулық қауымдарды құрған адамдардың тіршілік жайын сипаттайды. Бұл дәуірден ортасында дөңгелек ошағы бар, тастан немесе топырақтан қаланған, аласа қабырғалы, төбесі сырықтармен жабылған алғашқы тұрғын үйлердің (Орт. Қазақстандағы Тамды, Бөрібас,

Дамсы тұрақтары) іздері сақталып қалған. Металл құралдарын пайдалану, кетпенді егіншілікке, мал өсіруге ауысу қоғамдық еңбек бөлінісінің бастамасы болды. Бақташы тайпалардың бөлініп шығуы кейінгі қола дәуірінде (Беғазы-Дәндібай мәдениеті) ұланғайыр далалық жерлерді игеруге мүмкіндік берді. Қола дәуірі тұрақжайлары тұрғын және шаруашылық бөлігі болып, қоршаумен екіге бөлінген (бұлар шаруашылыққа арналған қосымша құрылыстармен бірге дөңгелене орналасқан) тік бұрышты жеркепелер тобынан құралды. Ошақтың үстіндегі орталық кеңістік бөренелермен сатылы-үшбұрышты түрде, басқа жағы тіреулі бөренелермен жабылды, қабырғалары тақта тастан қаластырылды немесе топырақтан соғылды (Оңтүстік Қазақстандағы Атасу, Бұғылы тұрақжайлары). Кейінірек дөңгелек пішінді үйлер, оның ішінде жиналмалы киіз үйлер, төбесі түйетайлы етіп жабылған тік бұрышты құрылыстар (қыстаулар) пайда болды. Сонымен қатар қабір үстіндегі құрылыстардың пішіндері мен түрлері сараланып бөлінді. Қола дәуір сәулет өнерінің үлгісі өңделмеген тақтатастан қаланған Дың ескерткіштері кездеседі (екідың ғимараттары). Тас ғасырының мәйіт жерленген бейіттері күмбезбен көмкерілген және айналасы дөңгелене қоршалған, ортасында тас мүсіндері бар сәулетті кешендер түрінде жасалған. Қабір үстінде көлденеңі 30 м-ге жететін үлкен қорғандар (Жезқазған облысындағы Ақсу-Аюлы кешені) жиі салынған.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных