Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ЫЛЫМДАҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР




Жаратылыстану жаңа революциялардың пайда болуына серпін берген физикадағы жаңалықтар болды.

Г.Герц — электромагниттік толқындардың ашылуы;

К. Рентген — қысқа толқынды электромагниттті сәуле шашу;

Дж. Томсон — электрондарды ашу;

П.Н.Лебедев — жарық қысымы;

М.Планк — кванттық идея;

А.Экштейн — салыстырмалылық теориясы;

Э.Резерфорд — радиоактивті бөліну.

1913-1921 жылдары атом ядросы туралы түсінік негізінде Н.Бор атом моделін ойлап шығарды, ол бір жағынан Д.Менделеевтің период-тық системасына сүйенді. Бүл физика мен жаратылыстанудағы жаңа революциялық алғашқы кезең болды. Ол материя мен оның қүрылысы, қасиеттері, қозғалыс формалары, кеңістік, уақыт туралы бурынғы көзқарастардың күйреуіне себеп болды. Екінші кезең XX ғасырдың 20-шы жылдарынан басталды, ол кванттық механиканың пайда болуымен және оның салыстырмалық теориясымен уштасуымен байланысты болды.

Революцияның үшінші кезеңі XX ғасырдың 40-шы жылдарында атом энергиясын игерумен, электронды-есептегіш машина мен кибер-нетиканың пайда болуымен байланысты. Сонымен қатар, бул кезде физикамен бірге хймия, биология және жер туралы ғылымдар басым дамыды.

XX ғасырдың ортасынан бастап ғылым мен тех::ика тутасымен бірігіп қазіргі ғылыми-техникалық революцияға әкелді.

Қазіргі ғылым XX ғасырмен XXI ғасыр аралығын қамтиды. Барлық сипаттары бойынша ол классикалық ғылымнан өзгеше, сондықтан кейде оны классикалық емес ғылым деп атауға болады. Қазіргі ғылымның негізгі сипаттары төмендегідей:

1. Классикалық механиканы негізгі ғылым деп санаудан бас тарту, оны кванттық-релятивистік теориямен алмастыру. Муның өзі әлемді алып механизм түрғысынан қарауды жоққа шығарды. Оның орнына байланыстар, өзгерістер, даму идеяларына негізделген ойлау әлемінің моделі келді.

— Классикалық ғылымдағы механистикалық, метафизикалық көзқарастарды диалектикалық көзқарас ауыстырды;

Классикалық ғылымдағы дәрменсіз бақылау жүргізу белсенді, жаңа тәжірибемен алмасты, буған жаңа кұрал-жабдықтар мен ғылыми әдістемелердің пайда болуы көп әсерін тигізді:

— Дүниенің ең алғашқы негізін табу мумкін еместігі сияқты материя шексіз екендігі түсіндірілді.

— Ғылыми білім бурынғыдай абсолютті шындық ретінде қарастырылмайды, тек қана көп гипотезалар мен теориялар ішінде салыстырмалы түрде шындық бар.

Классикалық ғылымға тэн табиғаттағы заттарды қоршаған ортадан бөліп алып қарауды теріске шығару;

Заттың қасиеттерінің оны қоршаған нақты жағдайларға тәуелді екендігі.

Биосфералық класқа жататын ғылымдардың дамуы, ғаламдағы өмір мен ақыл ойдың пайда болуының кездейсоқ еместігіндәлелдейтін концепциялардың шығуы.

Ғылым мен діннің қарама-қарсылығы логикалық шегіне жетті, яғни ғылым XX ғасырда басымдылыққа ие болды.

Ғылым мен өндірістің бірігуі, ғылыми-техникалық революция қоғамдағы ғылымның рөлін анықтап берді.

Сонымен қатар, ғылым жетістіктеріне гуманистік сын (философтар, мәдениет танушылар, әдебиет пен өнер қайраткерлері) айтыла бастады.

XX ғасыр аяғында дүние ғылымға деген абсолюттік сенімін жоғалта бастады. Бүл үшін посмодернизациялық көзқарас қажет болды. «Постмодерн» — жаңа сипаттағы ғылыми көзқарастарға тең келетін ғылыми көзқарастар.

Көптеген отандық ғылым зерттеушілердің болжамы бойынша бо-лашақта ғылымның жаңаша сипаттары төмендегідей болуы керек:

1. Ең алдымен, ғылым адамзат мәдениеті мен дүниетанымы жүйесіндегі өз орнын табуы қажет. Постмодернизм адам қызметінің кез келген түрінің дүниетанымдық жүйеде ерекше бөлініп шығуын қаламайды.

XX ғасырдағы өз алдына бірқалыпты дүниенің жаңа образын жасауды, яғни ешбір езгеріске жатпайтын, жүйелі, тәртіпті, бір өзіне мақсат етіп қойды. Ал, посмодерндік ғылым дүниенің өзгермелі екендігін, олай болса әрбір алынған нәтиженің ең соңғы өзгеріссіз нәрсе еместігін ашып көрсетті.

Бұрынғы ғылым мен жаратылыстану — білімнің монологтық формасын қолданады., яғни, интеллект затты түсініп білген соң өз пікірін айтады, ал постмодерндік ғылымда бақылаушы — ғалым зерттейтін дүниенің бір бөлігі саналады, яғни диалогтік дүниетаным қалыптасады.

Постмодерндік ғылымның негізі болып глобалдық экологияесептеледі. Дүниедегі құбылыстар мен өзгерістер әр түрлі жүріп жатқанпроцестердің қосындысы болып табылады.

Постмодерндік ғылымның бір қасиеті — оның комплексті турдедамуы, яғни бурынғыдай жаратылыстану, техникалық, қоғамдықғылымдарды жеке-жеке бөліп қарамау.

Бұлар тек біздің көз алдымыздағы қазіргі кезде қалыптасып жатқан болашақ ғылымның негізгі жақтары.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных