ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Жаратылыстану тарихынан: Египеттегі, Еуропадағы жаратылыстанудың дамуы туралы не білесіз? 2 страница2) Майер мен Джоульдің энергияның сақталу және айналу заңы; 3) Дарвиннің эволюциялық ілімі болды. Одан кейін табиғат диалектикасын толығымен ашқан үлкен жаңалықтар бірінен кейін бірі ашылып жатты: - 1861 жылы А.М.Бутлеров – органикалық қосылыстардың химиялық құрылысы теориясы; - 1869 жылы Д.И. Менделеевтің периодтық системасы; - 1869 жылы Л.Х.Ван Гофф пен Дж.Гиббс – химиялық термодинамика заңы; - 1875 (Дж. К.Максвелл) – жарықтың электромагниттік теориясы. Осы ғылыми жаңалықтар негізінде жаратылстану жоғарғы сатыларға көтерілді, егер ол XVIII ғасырда тек қана фактілер жинаушы ғылым болса, ал ХІХ ғасырда ол заттар мен процестер туралы, олардың пайда болуы мен дамуы туралы ғылым болды. жаратылыстануда ғылыми диференциациясы белсенді түрде жүрді, яғни ғылымның ірі салалары ұсақ бөлімдерге бөлінді (мысалы, физика – термодинамика, нақты денелер физикасы, электромагнетизм; биологияның жаңа салалары – генетика, цитология, эмбриология бөлініп шықты. ХІХ ғасырдың аяғында ғылымдар интеграциясын алғашқы белгілері шықты, ол ХХ ғасырға тән процесс болды. Яғни пәнаралық зерттеулер жүргізіле бастады (биохимия, геохимия, биогеохимия тағы басқалар). Жаратылстануға диалектикалық көзқарастардың енуіне қарамастан, дүниеге көзқарас әлі де механистикалық, метафизикалық негіздерге сүйенеді. Тіршілік пен тірі организмдердің пайда болуы биология ғылымы жоғары қарқынмен дамыса да түсіндірілмеді. Дүниедегі адамның орны туралы келіспеушілік көзқарастар болды. Әрбір ашылған ғылыми жаңалықтың өз қарама-қайшылығы болды. Геоцентрлік теория жоққа шығарылғаннан кейін адамзат өзінің космостағы орнына сенімсіздікпен қарады. Ғылым дамуындағы жасалған әр қадам адамның өз мүмкіндіктерін пайдалану үшін ұмтылдырды, сонымен бірге оның ойларында мазасыздық пен бей-берекеттік тудырды. Дарвиннің эволюциялық теориясы ғылымдағы жағдайды күрт шиеленістірді. Құдай жаратқан деген ұғым жоққа шығарылғаннан кейін адам табиғатты бағындырушы жағынан айрылды. Христиандық теология бойынша табиғат адамның өз рухани мүмкіндіктерін ашуға арналған үйі деген антропоцентристік көзқарасты ұстаса, оны ғылым жоққа шығарды. Дарвин адамды жаратушыға тәуелділігінен құтқарғанмен, оны жануарларға дейін төмендетті. Бұл пессимистік көзқарас термодинаимканың екінші бастамасының ашылуымен одан әрі тереңдей түсті. Онда бүкіл ғалам тәртіпті жағдайдан бейберекеттікке қарай қозғалады, ең аяғында ол энтропия жағдайына (жылулық өлім) жетеді деген. Соған қарамастан ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басы ғылымдағы алтын ғасыр болды. Ғылыми жаңалықтар ашылды, көптеген институттар мен академиялар ашылды. Әр түрлі зерттеу жұмыстары ұйымдасқан түрде жүргізілді. Ғылым мен техниканың бірігуімен қолданбалы ғылым салалары өте тез дамыды. Ғылым мен дүниетанымдағы қалыптасқан жағдай шешімін табуды қажет етті. Ол ХІХ ғасырдың 90-шы жалдарынан басталып, ХХ ғасырдың ортасына дейін созылған ғылыми революциялар арқылы шешілді. Б.з.б. IV мыңжылдықтың өзінде-ақ Египетте білімнің әр түрлі салалары дамыған. Осыған байланысты жазудың қажеттілігі туған. Ал мемлекет пайда болған кезде жазу біржола қалыптасқан еді. Перғауындарға сауатты адамдар қажет болды. Алғашқы египеттіктер айтайын деген ойын суреттер арқылы білдірген. Ал таңба суреттер-иероглифтердің саны 750-дей болған. Таңба суреттерді тақса да, ағашқа да ойып салған. Одан әрі сабақты оқулық бойынша түсіндіремін. Ежелгі Египетте математикалық білімдердің болғандығын «математикалық папирустар» дәлелдейді. Ежелгі Египетте құрылысқа тасты пайдалану кең өріс алды. Оған дәлел-Египеттегі пирамидалар, храмдар, сәулетті үйлер. Бұл міндеттерді орындау үшін құрылысшыларға қандай білім, амалдарды білу керек болды деп ойлайсыңдар? Ғылымның қай түрі дамыды? Оқушылар ойын тыңдап болған соң сөзін жалғастырып, кітаптағы суретке оқушылар назарын аударамын. Ақ жібек матадан тігілген әдемі киім киген шонжар пальманың көлеңкесінде тұрып, егіншілер еңбегін бақылай отырып, іштей есеп шығарады: «Құлдар мен шаруалар еген даласынан храмға арнап 400 қап бидай жинады, 20 қабын шондарларды асырауға қалдыру керек, 80 қабын бордақыланған малға жемге жұмсаймын, 40 қабын құлдардың күн көруіне, 20 қабын көктемгі егіске. Сонда қанша қабы қалды? Ол ойланып, есептеп көрсе, 240 қап бидай ды сатуға болады екен. Ауыл шаруашылығының тез өркендеп, дамуына байланысты египеттіктерге көп есеп шығаруға тара келді. Осының бәрі қандай ғылымның дамуына әкелді? Әрине, оқушылар: «Математика», -деп жауап береді. Перғауын Ніл өзенінің бойына, табиғаты әдемі жерге сарай салғызуға нұсқау береді. Құрылысшылар кеңесе отырып, ол құрылысқа қанша кірпіш кетеді, неше құл мен шаруаны жұмысқа жегу керек, қанша күнде салып бітіруге болады-осының бәрін есептеп шығарады. Қолөнершілер де қоланы құйғанда мыс пен қалайының қанша бөлігін жұмсау керек екенін дәл есептеп алу қажет болған. Тақтаға ежелгі египеттік сан таңбаларын жазып көрсетеді де, нені білдіретінін сұраймын. Таңбаны жазу мен есептеу жүйесі қиын да, көп болды, соған қарамастан адамдар арифметикалық амалдың төрт түрін меңгере білді. Египетте ең жоғары дәрежеде дамыған ғылымдардың бірі геометрия болды. Өйткені күнделікті тұрмыста, құрылыс саласында, жер өлшегенде ауданы мен көлемін анықтау қажет болды. Египеттіктер тік төртбұрыштың, үшбұрыштың, трапецияның және шеңбердің бер көлемін есептей білген. Олар ұзындықты шынтақпен де алақанмен де саусақпен де есептеген. Ежелгі мысырлықтарға Нілдің қашан таситындығын күні бұрын білу қажет болған. Ең қысқа түнде таң алдында аспаннан жарық жұлдыз көрінетіндігін байқаған. Дәл сол күні су таси бастаған. Ежелгі Египетте мектеп оқушыларына арналған ереже болған. Ережеде мынадай сөздер бар: «Өз қолыңмен жазып, өз аузыңмен оқы. Өзіңнен артық білетіндермен ақылдас, болмаса сені ұрып-соғады. Баланың құлағы арқасында, ол таяқ жегенде ғана тыңдайды». Египетткітер перғауындарды да құдайға теңеді. Оларды «құдайдың ұлы», құдіретті деп санап, пір тұтқан. Егер перғауын аяқ киімін сүйдірсе, оның өзі үлкен құрмет деп есептелген. · Ежелгі Египетте перғауынның билігі қандай болған? · Мемлекеттік билік пен діннің арасында қандай байланыс жатыр? Оқушылардың жауабын тыңдап болған соң, сөзін жалғастырып, ежелгі египеттіктердің перғауындарды пір тұту құрметіне толып жатқан мерекелер мен ойын-сауықтар ұйымдастырғаны туралы баяндаймын. Осы бөлімді түсіндіру кезінде «Осирис пен Исида» туралы мифтің мазмұнына тоқталып, егер үлгерсе, толық айтып беремін. Р.М.Рубенштейннің «Ежелгі Шығыс» атты сыныптан тыс оқулығын пайдаланамын. Фивы қаласындағы храмдар туралы айтылғанда оны салуға әлемнің әр түкпірінен келген, ең таңдаулы шеберлердің қатысқаны, оның колонналы залы дүние жүзіндегі ең биік зал болғаны, храм ішіндегі бөлмелерде 200-ден астам мүсіндер барын әсерлі түрде баяндаймын. Египетте жазу өнері б.з.б. IV м.ж. пайда болды. Ең алғаш жазулар сурет ретінде салынған. Ең алғаш жазуларды таңбалар мен суреттер құрады. Бұндай таңбалар иероглифтер деп аталды, ал египеттік жазу иероглифика деп аталады. Олардың саны 700-ден аса болды, ал кейінірек тіпті бірнеше мыңға дейін жетті. Иероглифтер ондағы бейнелер қайда қарап тұр, солай оқылады. Оңнан солға немесе солдан оңға. Бірақ иероглифтер адамның бар ойын бейнелей алмады, адамдардың, жердің аттарын суретпен таңбалау мүмкін болмады. Сондықтан бірте-бірте күрделі сөздерді белгілейтін дыбысты таңбалар пайда болды. Египетте 24 дыбысты таңбалайтын алфавиттік жүйе пайда болды. Египеттіктер тасқа, ағаш қабығына, балшыққа, теріге жазған. Соның ішінде ең көп тарағаны папирус өсімдігінен жасалған қағаз-папирус болды. Папирустан жасалған жазуға арналған ленталардың кейбіреуінің ұзындығы 45 метрге жеткен. Математикалық білімдер. Ежелгі Египетте математикалық білімдердің болғандығын «математикалық папирустар» дәлелдейді. Математикадағы жетістіктер: - Пирамидалар салғанда оның көлемін есептеп отырған. - Күрделі геометриялық құрылыстар салған. - Архитектура мен сурет өнерінің бірлестігін анықтап, ұтымды пайдалана білген. - Дөңгелек көлемін қандай әдіспен анықтау керектігін білген. - Түбірасты квадраттарын анықтай білді. - Кез келген заттың көлемін есептей алған. -Арифметикалық және геметриялық прогрессия туралы білді. Египетте ең жоғары дәрежеде дамыған ғылымдардың бірі геометрия болды. Египеттіктер тік төртбұрыштың, үшбұрыштың, трапецияның және шеңбердің де бет көлемін есептей білген. Аспан әлемі. Египеттіктердің астрономия саласына қызығушылығы жоғары болды. Әр түрлі планеталар мен жұлдыздарды айыра білген. Өз білімдерін күнтізбе жасауға жұмсаған. Ең негізгі жұлдыз Сириус болды, египеттіктер оны Сопдет деп атады. Ең алғашқы египеттік күнтізбенің шығуын осы жұлдызбен байланыстырған. Астрономиядағы жетістіктер: 365 күннен тұратын күнтізбені құрастырды. § Суда ұстайтын шыдамды сағатты ойлап тапты. § Жұлдыздарды жұлдыздар бірлестігіне біріктіріп, оларға атау берді.§ Күн сағаттары арқылы күндізгі уақытты анықтады. § Түнгі уақытты анықтайтын жұлдыздар кестесін жасады. § Медицина. Египеттіктердің медициналық жетістіктері біздің күнге дейңн жеткен. Олардың дәрігерлері әр сала бойынша маманданған: біреулері көзді қараған, екіншілері-тіс, енді біреулері-аяқ. Жетістіктері: • Әр түрлі аурудың емі жазылған Эберстің папирусы табылған. • Сүйек ауруларының сипатын жазған Херст папирусы. • "Книга сердца" кітабында жүрек ауруларының сипатын және оны емдеу жолдары берілген. • "Книга глазных болезней" көз ауруларының емі жазылған. Медицина дінмен тікелей байланысты болды. Ауруды емдеуде дұға оқу ерекше орында болды. Храмдарда дәрігерлер өмір сүрді, олар абыздар қызметін де атқарды. Ежелгі египеттік дәрігерлер адам денесінің құрылысын жақсы білген. Олар дінмен байланыстыра отырып ежелгі адамның денесін келесі жаңа өмірге дайындап, бальзамдап, арнайы ақ матамен ораған (мумиялаған). Египет балалары білімді мектептен алған. Мектеп сарай маңында және храм қасында орналасты. Мектепте қатаң тәртіп болды. Ережеде мынадай сөздер бар: «Өз қолыңмен жазып, өз аузыңмен оқы. Өзіңнен артық білгенмен ақылдас». Географиялык ашулар тұсындағы Колумбпен Васко да Гаманың саяхаттарынан кейін, басқа теңізшілер де дүние жүзінің түкпір-түкпіріне қауіпті теңіз саяхаттарына шығуды тоқтатқан жоқ. XVII ғасырдың басында Австралия құрлығы ашылды. Орыс аңшылары Солтүстік Азияның зерттелмеген жерлеріне еніп, Тынық мұхит жағаларына шықты. Батыл саяхатшылар құрлықтың, теңіздер мен мұхиттардың көп бөлігін зерттеді. География ғылымы тамаша табысқа жетті. Ашық теңізде кеменің қай жерде жүргенін дұрыс анықтау үшін планеталар мен жұлдыздардың қозғалысын жақсы білу керек болды. Дінбасылар Птолемейдің аспан шырағы эпицикл шеңберлерімен айналады, әрбір шеңбердің ортасы Жерді айналады, Жер қозғалмайды деген ілімін қуаттады. Бұл ілім Жер мен адамды Құдай жаратты, ол Күн мен планеталарды Жерді айналып жылжуға мәжбүр етті деген діни қиялға қайшы келмеді. 6. Қазақстанда жаратылыстану қалай өркендеді? Ежелгі Қазақстандағы қалалар және олардың архитектурасы туралы нені айтуға болады? Қазақстанда ғылыми ой-пікірдің тууы ежелгі замандардан бастау алады. Археологиялық зерттеулер мен жазба деректер бізгеЖетісуда, Орталық және Шығыс Қазақстанда 6 – 8, 9 – 11 ғасырларда-ақ болған ежелгі қалалар мен қоныстар мәдениеті туралы деректер береді. Бұл мәдениеттің иелері өз көркемөнерін, қолөнерін және жазуын жасаған жергілікті түркі тайпалары: оғыздар,қарлұқтар, қимақтар, қыпшақтар еді. Орта Азия мен Қазақстанның 8 – 11 ғасырларда араб халифатына кіруіне байланысты өлкеде ислам діні таралып, мәдени өмірде араб мәдениетінің ықпалы күшейе түсті. Батыс Еуропадағы латын тілі сияқты араб тілі халифат аумағында халықаралық әмбебап тілге айналды. Алайда жергілікті мәдениет пен тіл сақталып қалды. Араб мәдениетін жасауға және дамытуға халифаттың бір кездегі арабтар жаулап алған елдерінен шыққан көптеген талантты ғалымдары барынша белсене қатысты. Орта ғасырлардағы қалалар өздерінің базарларымен және қолөнершілерімен ғана емес, сонымен бірге ақындарымен, ғалымдарымен, суретшілерімен, бай кітапханаларымен, оқу орындарымен де дүние жүзіне мәлім болды. Қалалардың арасында Үндістан мен Қытайдан Еуропаға қатынайтын “Жібек жолы” деп аталатын сауда керуен жолының географиялық және экономикалық жағынан аса маңызды торабында, Орта Азия мен Қазақстанның отырықшылық-егіншілік аудандарының түйіскен жерінде орналасқан Отырар (Фараб) қаласы ерекше көзге түсті. Отырар кітапханасы қолжазба кітап қорының байлығы жағынан Египеттегі Александрия кітапханасынан кейінгі аса ірі кітап қоймасы болды. Отырарда ұлы ғалым Әбу Наср әл-Фараби дүниеге келді. Ол аса зор ғылыми мұра – жүзден астам ірі еңбектер қалдырды. Орта Азия мен Қазақстан қалаларынан Әбу Райхан әл-Бируни, Әбу Абдаллаһ әл-Хорезми, Әбу Әли ибн Сина, Әбу Жафар ат-Туси, Рудаки (860 – 941) және басқа көптеген ғалымдар шықты. Хорезмимен бірге әйгілі астрономиялық кестелерді жасауға қатысқан астроном әрі математик – Ғаббас әл-Жәуһари (9 ғасырдың 1 жартысы), сондай-ақ, оның замандастары – Ысқақ әл-Фарабижәне 40 мың сөзден тұратын араб тілінің түсіндірме сөздігін жасаушы Исмаил әл-Жауһари әл-Фараби танымал болды. Ертіс жағалауында қимақтар арасынан географ әрі тарихшы Жанах ибн Хақан Қимақи шықты. 10 – 11 ғасырларда қазіргі Қазақстан аумағында өмір сүрген Қарахан әулеті мемлекетінде тамаша ақын әрі ойшыл Жүсіп Баласағұни өз шығармаларын жазды, оның 1069 жылы жазылған “Құтадғу білік” кітабы дүние жүзінің көптеген елдеріне тарады және оны ғалымдар бүгінге дейін зейін қоя зерттеуде. Ортағасырлық өркениеттің дамуында Ежелгі Грекия мәдениетінің елеулі ықпалы болғаны сөзсіз. Шығыстың озық ойшылдарының ғылым мен мәдениетке қосқан баға жетпес үлесін сол кездің өзінде-ақ Еуропа ғалымдары да мойындаған болатын, мұны 10 – 12 ғасырларда Шығыс ғалымдары мен ақындары кітаптарының Францияда, Италияда, Испанияда және Еуропаның басқа да елдерінде аударылып кеңінен таралғандығы да дәлелдейді. Олар: Ибн Синаның (Авиценна) “Медицина каноны”, әл-Хорезмидің “Алгебрасы мен теңдеуі”, Ибн Рушдтің (1126 – 98), т.б. еңбектері. Орта Азия мен Қазақстандағы ғылым мен мәдениеттің 9 – 11 ғасырлардағы дамуы туралы айта келіп, орыс шығыстанушысы Н.И. Конрад ғылыми тәжірибеге “Шығыстың дәуірлеуі” деген терминді енгізді. Қазіргі Қазақстан аумағында ғылым мен мәдениет қарама-қайшы және шектеулі түрде дамыды. Бұл өлкенің Жоңғар және басқа сұрапыл шапқыншылықтарға ұшырауы оның жағдайын мүлде қиындата түсті. 16 ғасырдағы ғалым Мұхаммед Хайдар Дулаттың “Тарих-и Рашиди” деген еңбегі нағыз шыншыл да айқын шығарма болды, оның мәні күні бүгінге дейін жойылған жоқ. 17 ғасырдағы автор – Қыдырғали Жалайыридің “Жамиғ ат-Тауарих” деген шежірелер жинағы да назар аударарлық бірегей еңбек, бұл жинақ 13 – 15 ғасырлардағы қазақ халқының тарихы мен этнографиясының аса қызғылықты деректемесі болып табылады және ол қазіргі қазақ тіліне өте жақын тілде жазылған. 17 ғасырдың соңы – 18 ғасырдың басынан бастап Ресейдің және Батыс Еуропаның бірқатар елдерінің ғалымдары Қазақстан аумағы мен халқын, оның тарихын, мәдениетін, тұрмысы мен салтын зерттей бастады. Осы өлкені алғашқы зерттеушілердің бірі орыс картографы С.У. Ремезов болды, ол “Сібір халықтары және олардың шекаралары туралы сипаттама” деген еңбек жазып қалдырды. 18 ғасырдың алғашқы ширегінде Қазақстанда И.Д. Бухгольцтың, С.Лихаревтың, И.Унковскийдің және басқа ғалымдардың экспедициясы зерттеу жұмыстарын жүргізді. Олар Ертіс өзенінің алабын Зайсан көліне дейін, Тарбағатай тауының және Жетісу Алатауының сілемдерін зерттеді. А.Бекович-Черкасскийдің ғыл. экспедициясы Арал теңізін және Каспий теңізінің аумағын картаға түсірді, сондай-ақ қазақ халқы туралы кейбір этнографиялық мәліметтер жинады. Қазақстан Ресейге қосылғаннан кейін (1731) оны ғыл. тұрғыда зерттеу ісі неғұрлым кең түрде және жедел қарқынмен қолға алынды. 1725 жылы құрылған Ресей ҒА Қазақстан өлкесін географиялық, геологиялық және этнографмялық тұрғыда зерттеу үшін 1733 жылдың өзінде-ақ экспедиция ұйымдастырды. 1733 жылдан 1771 жылға дейін Батыс Қазақстанға академияның көптеген экспедициясы келіп қайтты, бұл экспедицияларды С.П. Крашенинников (1711 – 1755), И.Г. Гмелин (1709 – 1755), И.И. Лепехин, П.С. Паллас, И.П. Фальк, П.И. Рычков, т.б. басқарды. Орынбор тұрақты экспедициясы құрылды, оған И.К. Кирилов, П.И. Рычков, В.Н. Татищев (1686 – 1750) сияқты белгілі орыс ғалымдары жетекшілік жасады. “Ерте заманнан бергі Ресей тарихы”, т.б. еңбектерінде В.Н. Татищев қазақтардың тарихына зор көңіл бөлді, олардың этнографиялық тегі, тұрмысы, мәдениеті мен әдет-ғұрпы жөніндегі мәселелерді тұңғыш рет ғылыми әдебиетте баяндауға талпынды. Рычков, Паллас, И.И. Георги, Фальк, И.Г. Андреев, Г.И. Спасский, Н.Я. Бичурин, С.Б. Броневский, В.И. Даль (1801 – 1872), А.И. Левшин өздерінің еңбектерінде қазақтардың тарихын, материалдық және рухани өмірін егжей-тегжейлі баяндады. Өлке тарихына декабристер, сондай-ақ орыстың ұлы ақыны А.С. Пушкин де зор көңіл бөлді. Қазақтардың тарихы жөнінде “Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы” деген (1832) үш бөлімнен тұратын тұңғыш іргелі еңбек жазған А.И. Левшинді Ш.Ш. Уәлиханов қазақ халқыныңГеродоты деп атады, ал оның монографиясын ғылым үшін қымбат қазына деп бағалады. Белгілі орыс ғалымдары П.П. Семенов-Тян-Шанский, Н.М. Пржевальский, Г.Н. Потанин өлкені зерттеуге ғана емес, сонымен бірге Қазақстанда 19 ғасырдың 2-жартысы мен 20 ғасырдың басында демократиялы ғылыми ойдың қалыптасуына да зор үлес қосты. Осы аса ірі ғалымдар, сондай-ақ В.В. Григорьев, Н.Ф. Костылецкий, Е.П. Михаэлис, П.Е. Маковецкий, А.А. Блек қазақтың ағартушы-демократтары – Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, Абай Құнанбаевтардың рухани өсіп-толысуына тікелей ықпал етті. Ресей Федерациясының шалғайдағы отары – Қазақстан 20 ғасырдың басында бірте-бірте капиталистік қатынастар аясына тартыла бастады. Алайда патриархаттық-феодалдық қатынастардың үстемдігі, патша өкіметінің езілген халықтарды әдейі мешеулік пен қараңғылықта ұстаған отаршылдық саясаты, шын мәнінде, қазақтарды әлеуметтік және ұлттық прогреске жеткізетін жолды жауып тастады. 20 ғасырдың басында қазақ балаларының басым көпшілігі әрі дегенде тек ауыл медресесінде ғана оқи алды, мұндағы оқу балаларға діни аяттарды жаттатумен ғана шектелді. Қазақ жерінде 1916 жылдары қарсаңында небары бірнеше орыс және орыс-қазақ мектебі ғана болды. Оларда 19370 қазақ баласы оқыды. Ресей Ғылым Академиясының, басқа ведомстволардың ғалымдары Батыс Қазақстанға ара-тұра келіп қайтқанына қарамастан Қазақстан тұтас алғанда 1917 жылы Қазан төңкерісіне дейін ғылыми тұрғыдан терең зерттелмей жатты, ал оның қойнауы табиғи шикізат қорларына бай болатын. 1920 жылы академик И.М. Губкиннің басшылығымен әрі тікелей қатысуымен Жайық-Ембі мұнайлы ауданын зерттеу ісі ұйымдастырылды. 1920 жыды сондай-ақ, Қарағанды көмір алабын, Екібастұз көмір алабын зерттеу, этнографиялық және археологиялық экспедициялардың барлау жұмыстары басталды. Түбірінен қайта жабдықтау көзделген негізгі 8 экономикалық ауданның қатарында Түркістан да болды. 1919 жылы Қырғыз (Қазақ) ревкомы штабының жанынан тарихи-статистикалық бөлім құрылып, ол 1920 жылы ғылыми комиссия (кейін ҚазАКСР Халық ағарту комиссариатының Академиялық орталығы болып қайта құрылды) ретінде Қырғыз (Қазақ) ревкомының ағарту бөлімі құрамына енді. 1920 жылы Ресей ғылым академиясының Табиғи өндіргіш күштерді зерттеу жөніндегі тұрақты комиссиясы жанынан Қазақстанның жер қойнауын, өсімдіктері мен жануарларын, жалпы табиғатын, сондай-ақ, мәдениетін, тұрмысын, тілін, этникалық процестерді кешенді түрде зерттеу үшін бірқатар тұрақты және маусымдық экспедициялық отрядтар құрды. Қазақстандағы алғашқы мемлекеттік ғылыми мекемелер, негізінен, ауыл шаруашылығымен байланысты болды. Олар: Өлкелік өсімдік қорғау станциясы (1924), Тыңайтқыш және агрономдық-топырақтану ғылыми-зерттеу институты (1926), 1925 жылы Санитариялық-бактериолдық институт ашылды. Алматы Бас геологиялық к-тінің және Түсті металдар институтының бөлімшелері жұмыс істей бастады. Одақтас және автономиялық республикалардың табиғи қорларын зерттеу жөнінде құрылған ерекше к-т 1920 жылдың басында-ақ Қазақстанды кешенді зерттеу жөнінде шаралар белгіледі. 1927 жылы республиканың табиғи ресурстарын кешенді түрде зерттеу жөнінде КСРО ғылым академиясының қазақстандық экспедициясы құрылып, оны акад. А.Е. Ферсман басқарды. 1932 жылдың КСРО ғылым академиясының қазақстандық экспедициясы отрядтарының негізінде дербес 8 экспедиция ұйымдастырылды. 1932 жылы қарсаңында республикада 10-нан астам ғылыми-зерттеу институты мен тәжірибе станциясы, жүздеген тірек пунктері, лабораториялар мен ауа райын зерттеу станциялары, бірсыпыра геологиялық барлау ұйымдары болды. ҚазАКСР Мемлекеттік жоспарлау комиссиясы жанындағы экономикалық зерттеу институты, ауыл шаруашылығын қайта құру, қой шаруашылығы, сойыстық мал шаруашылығы, топырақтану, құрылыс институттары сол кездегі ірі ғылыми мекемелердің қатарына жатады. Сол жылдары геологтар А.А. Гапеев пен Д.Н. Бурцев Қарағанды алабында жаңа көмір кен орындарын ашты. М.П. Русаков, Қ.И. Сәтбаев, Р.А. Борукаев Қоңыратта, Жезқазғанда және Бозшакөлде мыс кен орындарын барлады. Республика ғылымын дамытуда қол жеткен табыстардың нәтижесінде және ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруды жақсарту және оларды үйлестіру мақсатында Кеңес үкіметінің және КСРО ҒА төралқасының шешімі бойынша 1932 жылы 8 наурызда КСРО ғылым академиясының Қазақстандық базасы құрылды. Онда небары зоология және ботаника секторлары жұмыс істеді. 1935 жылы құрамында қазақ тілі мен әдебиеті, халық шығармашылығы секторлары бар Қазақ ұлттық мәдениеті ғылыми-зерттеу институты база қарамағына берілді, сол жылдары Алматыда Ботаника бағының негізі қаланды. Медицина ғылымы дамыды. 1933 жылы Мал шаруашылығы институты, 1935 жылы Егіншілік институты, Мал дәрігерлік және ауыл шаруашылығы экономикасы институттары құрылды. Ауыл шаруашылығы тәжірибе станцияларының тұтас жүйесі пайда болды. Мамандандырылған институттар – ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру, су шаруашылығы, орман шаруашылығы, өсімдік қорғау, жеміс-жүзім шаруашылығы, астық шаруашылығы институттары ұйымдастырылды. 1940 жылы Бүкілодақтық ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының (ВАСХНИЛ) Қазақ бөлімшесі құрылып, оған республиканың ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми-зерттеу мекемелеріне басшылық ету және олардың жұмысын үйлестіру міндеті жүктелді. Совет 1938 жылы КСРО ғылым академиясының Қазақстандық базасы Қазақ бөлімшесі болып қайта құрылды. Бөлімше президиумын акад. А.Д. Архангельский басқарды. Бөлімше ұйымдастырылғаннан кейін ғылыми-зерттеу институттарының жүйесі жедел қарқынмен дами бастады. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|