Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жаратылыстану тарихынан: Египеттегі, Еуропадағы жаратылыстанудың дамуы туралы не білесіз? 4 страница




Неғұрлым кейінгі дәуірдегі кешендер тас тақталармен тік бұрышты етіп қоршалды, кіре берісте галереялар салынды, төбесі бағаналармен (Беғазы, Қарағанды облысы) жабылды. Тегіскен мазарларының композицияларында (б.з.б. 9 – 6 ғасырлар,Қызылорда облысы) сыртқы қабырғалардың шаршылары оларға кірігіп тұрған дөңгелек камералармен (шикі кірпіштен тұрғызылған), сырықтармен жабылған шатырмен үйлесіп тұр. Б.з.б. 4 ғасырларда құрылыста төбені күмбездеп жабу тәсілі, сондай-ақ, оның алуан түрлері – цилиндр, сопақ, кеспек тәрізді түрлері кеңінен қолданылды. Бұлар негізінен сақ тайпалары көсемдерінің мазарларында(Баланды-2 кешені, Қызылорда облысы) тұрғызылған. Қола дәуіріндегі қабір үсті құрылыстары пішіндерінің композициясы мемориалдық және басқа құрылыстардың пішінін қалыптастыру үшін үлгі болған космогониялық түсініктердің белгілі бір жүйесі екенін дәлелдейді. Олардың жекелеген шарттары Қазақстанның кейінгі дәуірдегі ғұрыптық архитектурасының негізіне айналды.

Ерте орта ғасырлардағы кешендер [өңдеу]

Ерте орта ғасырларда отырықшы халықтардың тұрғын-жайларын жоспарлау құрылымы өзгерді. Ежелгі бекініс-қалалардың орнына нығайтылған бекініс-үйлер пайда болды, кейіннен олар қамалдарға айналды. Қамалдардың айналасына немесе бір жағына Орта Азияда шахристан деп аталатын қалалар салынды. Олар бірнеше қорғаныс дуалдарымен қоршалды. Шахристанда негізінен діниғимараттар, базарлар, ақсүйектердің, әкімдердің, ірі қолөнершілер мен саудагерлердің тұрғын үйлері тұрғызылды. Қалалардың экон. маңызы онан әрі артқан сайын оларға іргелес ұсақ қолөнершілер, саудагерлер, кедейлер тұратын рабаттар пайда болды. Үйлер мен қорғаныс құрылыстары, қорғаныс дуалдары мен мұнаралары шикі кірпіштен және саз балшық соқпаларынан салынды. Тараз қазбаларынан ірі діни ғимараттарды әшекейлеуге арналған пішімі алуан түрлі көптеген күйдірілген саз тақталары табылды.Тараз тақталары 5 – 7 ғасырларда Ақ-Тепедегі (Ташкент түбінде), Пенжикенттегі, Барахшадағы бекініс-үйлерінен табылған архит. нақыштың осындай түрлерімен біртекті. Қалалар сауда-экон. маңызының онан әрі артуы шахристанға шығыс, оңт. және батыс жағынан келіп тірелетін қала іргесіндегі рабаттардың дамуына жағдай туғызды. 11 – 12 ғасырлар қарсаңында қирап қалған бұрынғы бекіністердің орнына қаланы билеушілердің кеңейтілген, қайта жөнделген қорғаныс жүйелері бар жаңа бекіністері (сарайлар) тұрғызылды. Қаланың жоспарлау құрылымы мен бекіністері үш кезең бойында қалыптасты. Негізгі құрылыс материалдары саз балшық соқпалар мен шикі кірпіш болды. Бірінші кезеңдегі бекініс ғимараты шикі кірпіштен екі қабатты монументті етіп салынды. Оның тұғырлы қабатының ортасына биікт. 2 қабат, диам. 5,8 м жартылай өрісті күмбезбен көмкерілген және де бекіністің жоғ.қабаттағы басқа да бөлмелерінен бөлек сегіз қырлы зал орналасты. Залдың ортасында тас тақталармен шегенделген құдыққазылды. Ғимараттың батыс беті жағындағы залдың кіре берісі үстіңгі қабаттағы тұрғын жайлармен, күмбезбен көмкерілген баспалдақтар галереялары арқылы байланысады. Қабырғалардың түрлі биіктігінен ойылған ойықтардан галереяларға жарық түсірілді. Күмбезді зал ерекше құралымды құрылымымен көзге түседі. Шаршы пішінді сегіз бұрышқа айналдыру үшін оның бұрыштары кірпіш бағаналармен 2,88 м биіктікке дейін көтеріліп, содан кейін сегіз қырдың бұрыштарынан, айналдыра қалау әдісімен тұрғызылған жартылай өрісті күмбездің іргетасынан сатылы аркалар тұрғызылған. Қалыңд. бір кірпіш (40 см) күмбездің сыртқы 4 жағы айқас тартылған бедерлермен нығайтылған. Барлық бөлмелер мен баспалдақты галереялардың өтпе жолдары сыналап қаланған жебе тәрізді аркалармен жабылған. Осындай бекініс үйі Шардара бөгенінің аймағындағы Ақтөбе-І ежелгі елді мекенінен табылды. Бұл шикі кірпіштен тұрғызылған екі қабатты бекініс-үйдің бөлмелері жоғарыда айтылған тәсілмен жоспарланған, ортасында құдықты залы бар. Луговой т. ж. ст. (Жамбыл облысы) аймағындағы ежелгі Құлан қ. өзінің жоспарлану құрылымы, құрылыс материалдары және құралымдық тәсілдерінің ерекшеліктері жөнінен ерте орта ғ-ларға тән қалалардың қатарына жатады. Қазақстанның ерте орта ғ-лық ескерткіштерінің ішінде Ақыртас деп аталатын салынып бітпеген құрылыс керуен-сарайға арналған.

9 – 10 ғасырларда Қазақстанда бүкіл Орт. Азиядағы сияқты, зор сапалық өзгерістер болды. 11 – 12 ғ-ларда ол гүлдену шегіне жетті. Бұл кезеңнің қалалары 3 жеке құрылымнан тұрды: қамал, шахристан және рабат. Құрылысқа күйдірілген кірпішті қолдана бастау – сәулет өнерін дамыту ісіндегі ілгері дамуға жол ашты. Ғаныш ерітіндісін қосып күйдірілген кірпіштің өте берік болуы ғимарат төбесі құралымын жетілдіруге, үйлердің аумағын ұлғайтуға жағдай туғызды. Ғаныш ерітіндісінің тез қататын қасиеті күмбездерді шегендеусіз қалауға қол жеткізді, мұның орманы жоқ аймақтар үшін зор маңызы болды. Ерте орта ғ-лар құрылыстарындағы шаршы пішінді күмбездердің іргесі дөңгелек пішінді күмбездерге ауысуы сатылы-аркалы белдеулер арқылы жүзеге асырылды. Ғимараттардың құрылымында сегіз қырлы барабандар пайда болды. Олар ғимараттың шаршы пішінді төм. аумағының күмбездерге ауысуын оңайлатты. Желкендер сегіз бұрыштың қырларына орнатылды. Күйдірілген кірпіш бастапқыда негізгі конструкциялардың, шикі кірпіштен тұрғызылған монументті құрылыстардың (Қызылорда облысындағы бүгінгі күнге дейін біршама жақсы сақталған Сараман-Қосы мұнарасы және Бегім ана мұнарасы) алдыңғы жақ бетін қаптау үшін қолданылды. Сыртқы аумағы мұнара секілді қабір үстіне шатырлы құрылыстарды салудың ең ежелгі жергілікті дәстүрін сақтап қалған екі ескерткіштің маңызы зор (Тегіскен мазарларының солт-тегі тобы, б.з.б. 9 – 6 ғ.; Баланды күмбезі б.з.б. 4 – 2 ғ-лар).Қарахан әулеті билігі кезінде сәулет өнері барынша гүлденіп өсті. Қазақстан жерінде бұл кезеңнен Жамбыл облысындағы Бабажы қатын кесенесі (10 – 11 ғ.), Қарахан күмбезі (11 ғ.),Айша бибі кесенесі (11 – 12 ғ.), Жезқазған облысындағы Жұбан ана күмбезі (11 – 12 ғ.), Тараз қаласындағы моншалар, т.б. ескерткіштер біршама жақсы сақталған, кейбіреулерінің қалдықтары бар. Айша бибі мазары мемориалдық құрылыстардың орт. білікті түріне жатады. Егер Бабажы қатын кесенесі және Қарахан мазарының тек алдыңғы беттері кірпішпен өрнектелген болса, Айша бибі кесенесі түгел әсем және сан алуан геом. және көгеріс нақышына құрылған әшекей тақталармен қапталған. Күн түскен кезде ғимарат қабырғалары алуан түспен құлпырып тұрады. Ескерткіш қабырғаларының құралымы ерекше. Қарағанды облысының Ұлытау ауданында орналасқан Аяққамыр күмбезі Орт. Қазақстанның аса көрнекті ескерткіштерінің қатарына жатады. Кейбір зерттеушілер оны оғыз-қыпшақ дәуіріне (11 – 12 ғ-лар) жатқызады. 11 – 12 ғ-лардағы ғимараттардың күмбездеп жабылу құралымдары, архит. аумақты композициямен салынуы және архит. сәндік құралдары мен пішіндері Қазақстан жеріндегі сәулет өнерінің озық үлгімен ілгері дамуына негіз болды. Орт. Қазақстан ескерткіштерінің арасында Алаша хан күмбезі (10 – 11 ғ-лар) өзінің архит. келбетімен ерекше көзге түседі. Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи ханақасы 14 ғ-дың аяғы мен 15 ғ-дың басындағы сирек кездесетін бірден бір архит. ескерткіш болып табылады. Ғимаратты әсемдеуге ғанышқа, ағашқа, сүйекке ою-өрнек салу, тас пен металды көркемдеп өңдеу тәсілдері, халықтық бейнелеу өнерімен етене байланысты өрнектер үлгісі кеңінен қолданылды. Бұл тамаша ескерткіште Қазақстан мен Орта Азия халықтарының көп ғасырлық құрылыс өнерінің жетістіктері пайдаланылған. Қазақтың халықтық сәулет өнерін дамытуда ескерткіштің маңызы орасан зор болды.

13 – 14 ғасырлардағы кешендер [өңдеу]

Қазақстанның онан әрі дамуы Орта Азия мен Қазақстан халықтарының сәулет өнерін өркендетудің жалпы бағыт-бағдарын бейнеледі. Күмбез астындағы құралымдар жетілдірілді, құрылыстардың композ. құрылымын өзгерткен қос қабатты сымбатты барабандар, ғимараттарға әсемдік және архит. өзіндік түр беретін алуан түсті жылтыр кірпіштер, қаптағыш тақталар пайда болды.

Қазақстанның далалық аймақтарында салынған діни және мемориалдық ескерткіштер 3 негізгі топқа бөлінеді: 1) күмбезді мазарлық; 2) қоршаулар (сағана там, төртқұлақ там); 3) қабір үстіндегі ескерткіштер және қабір үстіндегі ұстындар (сыпа, үштас, бестас, қойтас, құлпытас, т.б.). Мазарлар композициясына қарай: мұнаралы, порталды-күмбезді, орт. білікті; жабу түріне қарай: сфералық немесе барабаны бар яки барабаны жоқ, шатырлы (сопақша), күмбезді болып бөлінеді. 15 – 18 ғ-лардағы мұнаралы құрылыстарға Қызылорда облысының Шахнияз, Қармақшы ата мазарлары, Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданындағы мазарлар, т.б. бірқатар ескерткіштер жатады. Олар тік бұрышты немесе көп қырлы іргетасқа қойылған биік көп қырлы барабан арқылы сопақша немесе ұя тәрізді күмбезбен жабылған. Іші еңселі, 2-қабаты күмбезбен көмкерілген, босаға табалдырығы аласа. Мұндай құрылыстардың шығуы көшпелі баспананың (күйменің) тууына себеп болды. Дөңес жерлерге салынған бұдан ертеректегі мұнаралы құрылыстардың – Қызылорда облысындағы Ақсақ қыз, Сараман-Қосы, Бегім ана (10 – 12 ғ-лар) секілді бірсыпыра ескерткіштер пішіндерінің композициясы мен құрылымы ежелгі қорған құрылыстарынан алынғаны дәлелденді. Қозы Көрпеш-Баян сұлу мазары, Домбауыл кешені, Діңгекғимараттарының құрылыс ерекшелігінде қола дәуіріндегі Дың ескерткіштері белгілері айқын көрінеді (8 – 10 ғ-лар). Космол. үлгілер діни құрылыстар архитектурасының ертедегі түрлерінің бірі және әр түрлі этн. бірлестіктердің орт-тары болды. Оңт. облыстардағы күмбезді мазарларды салу ісіндегі құралымдық тәсілдер мен пішіндер композициясы Орта Азия архитектурасы ықпалымен дамыды. Оқша ата мазарын (15 – 16 ғ-лар) салған сәулетшілер тік бұрышты қабырғалардан бұрыштардағы аркалар арқылы бірте-бірте күмбездерге көшу тәсілін қолданды. Жүніс ата мазарын салу үстінде өңделген кірпіштен жасалған күрделі сталактиттер жүйесі пайдаланылды.Орт. білікті күмбезді мазарлар (Айқожа ишан күмбезі, 17 ғ., Қызылорда) кеңінен тарады. Оңт. және шығыс аймақтарда 4 шағын күмбезі бар мазарлар өріс алды. Орт. және Бат. Қазақстанда бұрышты күмбездердің орнына ұшы сүйір шағын мұнаралар немесе үшбұрышты құймалар (төрт құлақ) орнатылды. Күмбездердің пішіндерінде қабат жасау дәстүрі сақталған. Бат. Қазақстан мазарларында мұқият қаланған және беті өңделген қабырғаларға керісінше, өңделмеген әктастардан күмбез тұрғызу әдісі тарады. Бұл архит. дәстүр ертедегі темір дәуіріндегі мемориалдық және діни ескерткіштерден басталған үш қабатты қорған және неғұрлым кейінгі дәуірдегі мұнаралы құрылыстардың пішіндерімен сабақтас. Сатылы қорғандар түрлерінің дәстүрлері қабір үстіндегі құрылыстар архитектурасында Қазақстанның барлық жерінде үштас, бестас, сыпа, сандықша түрінде сақталып қалды. 20 ғ-дың қарсаңында тастан немесе шикі кірпіштен 3 – 5 – 7 қабатты, биікт. 8 м-ге дейін жететін шағын сатылы-үшбұрышты қабір үсті ескерткіштері жасалды (Шығ. Қазақстан)

Қазақстан сәулеті (Х-Х11 ғғ.). Келесі қарақандық дәуірі (Х-ХІІ ғасырлар) ең алдымен жаңа қалалардың пайда болуымен емес, бұрынғы қалалардың қауырт өсуімен, едәуір дәрежеде олардың сеауда- кәсіп кварталдары есебімен ұлғаюмен сипатталады.Қарақандық дәуірдегі қалалар барынша алуан түлі типті құрылыстар арқылы(сардобалар) салоынды.Ислам діні үстемдігі тарауына дейін сақталып қалған христан шіркеулері мешіт етіліп қайта жасалды. Мысалы, Ертедегі таразда бас шіркеу мешітке айналдырған (б.заманымыздың 893-94 жылдары).Қалаларда құрылыс жұмыстары аумағының артумен,оларды көркейтумен, монументальды құрылыс типтерінің алуан түрлілігімен қатар, құрылыстың ұзаққа шыдауын, мықтылығын қамтамасыз ету жөнінен де белгілі дәрежеде қамқорлық туады.Бұл жөнінде арша мен қараағаштардан жасалған ағаш байлам элементтерін қолдану және жадағай кірпіштерді (30х30х5 және 26х26х5) пакйдалану,сайып келгенде құрылыс материалдар ы саласында жалпы алға басудан көрінетін антисептикалық шаралар кепілд бола алды.Қарақандықтар дәуірнде қалыптасқан монументалды құрылыстар формасы мен архитектура құрылыс тәсілдерінің негізгі дәстүріне айлады: ашық қарапайым жоба (шаршы), орталық – порталды құрылыстардың төбелері не порталды күмбез, не конус түрінде жасалуы.Бұлар архитектура шығармасывна ислам дінінің реакциялық идеялогисы дәріптеп көрсететін таптық сипатына қарамастан халықтың суәулет өнері мен дәстүрі, декоратив-жапсырма өнері бұлардың архитектуралық көркемдік бейнесінің негізі болып табылады.

Оңтүстік Қазақстан ескі қала құрылмы (Отрар, Исфиджаб, Кедер,Весидж және т.б.). Қазақстан территориясында феодалдық қарым-қатынас қалыптасуының ең бастапқы кезеңінің өзінде-ақ жаңа отарықшы егіншілік қоныстары пайда болды. Осы жаңа қоныстар сонымен қатар ертеден қоныс тепкен қыстақтардың едәуір бөлігі (қалалармен ауыл шаруашылық тұрақтары), сондай-ақ феодалға айналған шонжарлардың астана орындары өсіп әртүрлі типтегі феодалдық астаналарға айналды. Орда – қалалардан тарихқа белгілі болғандары – Чегу (үйсін ханының ордасы), Суяб (түрік қағандарының орда астанасы), Баласағұн (қарахандылықтардың бірінші астанасы), Қойлық (карлук хандарының астанасы), Янгикент (оғыздардың ордасы) және басқалар: керуен жолдарының үстіндегі және бұлардың түйіскен жеріндегі қалалар – Исфиджаб (Сайрам), Талас (қазіргі Жамбыл), Атлах, Хамукет, Құлан (Луговой станциясы), Мерке фараб (Отрар) және басқалар: ішкі сауда қалалары – Құмкент, Созақ, Алмалық (Хоргос), Сығанақ және басқалар: бекініс қорғандар – Тасақыр, Тасатөбе, Баба-ата, Ақсүмбе және басқалар.Алайда бұлай деп жіктеу белгілі бір дәрежеде шартты түрде алынғанын, қандай да болсын қаланың алғашқы негізгі құралуының басым белгілеріне ғана сай келетіндігін атап өткен жөн. Шынына келгенде осы белгілердің барлығы немесе кейбіреулері бір қаланың өзінде-ақ жалғасып ұштасып келе береді. Мысалы, Баласағұн, Суяб және осыларға ұқсас басқа да қала – ордалар керуен жолы үстіндегі негізгі пункттер де болып есептеледі: Тараз, Исфиджаб, Отрар және кейбір басқа қалалар ішкі саудада маңызды рөл атқарады. Демек, отырықшы және көшпелі халықтардың байланысын тереңдете түсті: Сығанақ, Алмалық және сол сияқты қалалар кейінде керуен жолдарының түйіскен жерлері болды. Басқа қалалар жайында да осыларды айтуға болады.

Физиканың бір саласы – «Механика» туралы қысқаша айтып беріңіз. Механикалық қозғалыстардың қандай түрлерін білесің? Механиканың негізгі заңдарын және денелердің еркін түсу заңын кім және қалай тағайындаған?

Қозғалыс y¢=xsіn j – y cos jпараллель көшірілуін, ал +b.j параметрі жазықтықтың координаттар бас нүктесінен айналуын сипаттайды. Жазықтықтағы меншіксіз қозғалыс тік бұрышты координаттарда (х, у) мынадай формулалар арқылы берілуі мүмкін: х¢=хcos j + y sіn jy мұндағы a мен b параметрлері жазықтықтың (a, b) векторына +a,¢=x sіn j + y cos jтүрлендіру. Кеңістіктегі бағдарын сақтау не сақтамауына байланысты қозғалыс меншікті (1-текті қозғалыс) немесе меншіксіз (2-текті қозғалыс) деп аталады. Жазықтықта меншікті қозғалыс тік бұрышты координаттар жүйесінде (х,у) мынадай формулалар арқылы берілуі мүмкін: х + b,¢=х cos j – y sіn j – екі нүктенің ара қашықтығы сақталатын евклидтік кеңістікті геометриялық + a,

Кеңістікте қозғалыстың аналит. түрі, оның меншікті немесе меншіксіз болуына байланысты анықтауышы 1-ге немесе –1-ге тең матрицасы ортогональды сызықтық түрлендірулер арқылы беріледі. Біз өміріміздің алғашқы күндерінен бастап-ақ айналамыздағы болып жатқан алуан түрлі өзгерістерге, әсіресе дыбыс, қозғалыс сияқты физикалық құбылыстарға ерекше назар аударамыз. Бізді қоршаған әлемнен әр түрлі қозғалыстарды жиі бақылауға болады. Мысалы, аспандағы қалықтаған бұлтты, ұшып бара жатқан ұшақты, жүріп келе жаткан машинаны, піскен алманың жерге құлап түскенін, үстел үстімен қозғалған арбашаны, серіппеде тербеліп тұрған шарды және тағы басқаларды көреміз. Бұл жағдайлардың бәрінде де дене қозғалды дейміз.

Кинематика (гр. kіnma, kіnmatos – қозғалыс)– механиканың, дене қозғалысының геометриялық қасиеттерін, олардың массасы мен әсер етуші күштерді ескермей зерттейтін бөлімі. Классикалық механиканың бөлімі.

Ол дененің неліктен осылай қозғалатынын түсіндірмейді, бірақ "Дене қалай қозғалады?" деген сұраққа жауап береді. Қозғалыс Кинематикасындағы әдістер мен тәуелділіктер әр түрлі механизмдердегі, машиналардағы, т.б. қозғалыстарды есептеуде, сондай-ақ динамика есептерін шешуде пайдаланылады. Соның ішінде қозғалыстың екі түрі болады. Олар: ілгермелі және айнымалы. Ілгермелі қозғалыс - дененің кез келген екі нүктесін қосатын түзу сызық өзіне-өзі параллель күйде қозғалатын. Мұндай қозғалыс кезінде дененің барлық нүктелері бірдей қозғалады, сондықтан ілгермелі қозғалысты қарастырылады, оның тек бір ғана нүктесінің қозғалысын қарастыру жеткілікті. Бұл жағдайда қозғалысты сипаттау үшін материал нүкте ұғымын қолдануға болады. Механикалық қозғалыс - дегеніміз уақыт өтуіне қарай дененің немесе оның кейбір бөліктерінің санақ денесі деп аталатын басқа денелерге қатысты кеңістіктегі орын ауыстыруы. Зерттелетін нысанның қасиеттеріне байланысты Кинематика: нүктелер Кинематикасы, қатты денелер Кинематикасы және үздіксіз өзгеріп отыратын орта (деформаланатын денелердің, сұйықтықтардың, газдардың) Кинематика сы болып бөлінеді.[1] Жерге қатысты белгілі бір биіктіктен түсірілген денелер қозғалыс бағытын өзгертпей, вертикаль бағытта жер бетіне жетеді. Жоғарыдан түсірілген дене еркін түсу қозғалысы барысында Жердің тартылысы әсерінен денелер тұрақты және бағыты төменге бағытталған үдеуге ие болады (g=9.8 м/2). Жерге қатысты белгілі бір биіктіктен бастапқы жылдамдықсыз түсірілген дененің Жердің тартылысы әсерінен жасайтын қозғалысы дененің еркін түсуі дейміз. Еркін түсу қозғалысын сипаттайтын теңдеулер: h=1/2gt2(t уақытта жүрілген жол), V=gt (t уақыттан кейінгі жылдамдық), V=2gh(Уақытқа тәуелсіз жылдамдық) Дененің шеңбер бойымен өзара тең аралығында бірдей жол жүруі бірқалыпты шеңбер бойымен қозғалыс деп аталады. Дененің шеңбер бойымен қозғалыс барысында дененің бір айналымға жұмсалған уақыты период Т, ал бірлік уақытта жұмсалған айналым саны жиілік ʋ деп аталады [1] Санақ жүйесі деп санақ дененсінен, онымен байланысқан координаталар жүйесінен және уақыт есептейтін аспаптан тұратын жүйені айтады. Координаталар жүйесі мен санақ жүйесі бір нәрсе емес және оларды шатастыруға болмайды.

Механика (грек. mechanіke (techne) – машина және машина жасау өнері) – материалдық денелердің механикалық қозғалысын және өзара әсерлесуін зерттейтін ғылым.

Денелердің немесе олардың бөлшектерінің уақыттың өтуіне байланысты кеңістіктегі орындарының өзгеруі механикалық қозғалыс деп аталады. Табиғатта мұндай қозғалысқа аспан әлеміндегі денелердің қозғалысы, Жер қыртысының тербелуі, мұхит-теңіздер мен ауадағы ағындар тербелісі; техникада – ұшу аппараттарының, көлік құралдарының, әр алуан механизм бөліктерінің қозғалысы,ғимараттар элементтерінің деформациясы, сұйықтықтар мен газдардың қозғалыстары, т.б. жатады. Әдетте, Механика деп Ньютонның механикалық заңдарына негізделген жарық жылдамдығынан әлдеқайда төмен жылдамдықпен қозғалатын кез келген материалдық денелердің қозғалысын сипаттайтын (элементар бөлшектерден басқа) классикалық механиканы айтады.
Механикада материалдық денелердің қозғалысын зерттегенде олардың негізгі қасиеттерін сипаттайтын абстракты ұғымдар пайдаланылады:

1. материалдық нүкте – массасы бар, геометриялық өлшемдері ескерілмейтін дене;

2. абсолют қатты дене – кез келген екі нүктесінің ара қашықтығы барлық жағдайда тұрақты дене;

3. өзгермелі тұтас орта – қатты денелердің, сұйықтықтар мен газдардың қозғалысын зерттегенде олардың молекулалық құрылымын ескермеуге болатын жағдайда қолданылатын ұғым.

Сонымен қатар тұтас ортаны қарастырғанда: идеал серпімді дене, пластикалық дене, идеал сұйық, тұтқыр сұйық, идеал газ сияқты абстракты ұғымдар қолданылады. Осыған байланысты Механика: материалдық нүкте механикасы, материалдық нүктелер жүйесінің механикасы, абсолют қатты денелер механикасы және тұтас орта механикасы болып бөлінеді. Соңғысы серпімді және пластикалық орта теориясына, гидродинамикаға, газ динамикасына бөлінеді. Бұл бөлімдердің әрқайсысы (шығарылатын есептердің сипатына қарай): кинематика, статика және динамика бөлімдеріне ажыратылады. Денелердің механикалық қозғалысын сипаттайтын негізгі заңдар мен принциптер жалпы және теор. Механиканың негізі болып саналады. Өзіндік дербес мәні бар механика бөлімдеріне: тербелістер теориясы, орнықты тепе-теңдік және қозғалыстың орнықтылығы теориялары, гироскоптар теориясы, массасы айнымалы денелердің механикасы, автоматты реттегіштер теориясы, соққы теориясы, т.б. жатады. механика физиканың көптеген бөлімдерімен тығыз байланысқан. Оның көптеген ұғымдары мен тәсілдері оптикада, статистикалық физикада, кванттық механикада, электрдинамикада, салыстырмалы теорияда, т.б. пайдаланылады. Механика астрономияның көптеген бөлімдерінде, соның ішінде аспан Механикасында ерекше орын алады. Механика қазіргі заманғы техниканың көптеген салаларының ғыл. негізі болып саналады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных