Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Табиғатты сипаттаудың континуальды концепциясы




Дыбыс пен жарықтың таралуы туралы көзқарастардың қалыптасуына байланысты бөлшектер моделімен қатар, тұтас орта моделі де пайда болды. Бүкіл кеңістік жарық тасымалданатын эфирмен қамтылып, аспан денелері осы ортада жүзіп жүреді деп саналды. Жарық көзінен қабылдағышқа жарық аралығындағы эфир арқылы таралады деп ұйғарылды, яғни дыбыстың ауада таралу аналогиясы қабылданды.

И. Ньютон жарықты бөлшектер немесе корпускулалар ағыны, ал Гюйгенс оны толқын деп ұйғарды. XYII ғасырда Рене Декарттың «Бастамалар» («Начала») және одан ертеректе «Жарық туралы» («О свете») деген ғылыми трактаттары жарық көрді. Ертедегі атомистерден өзгеше көзқарастағы Декарт материя шексіз, бөлінеді деп есептеп, оның ұсақ бөлшектерін «элементтер» деп атады. «Элементтерге» от, ауа және Жерді жатқызды. Жер бөлшектері – еңі ірі, баяу қозғалатын, өзара оңай бірігеді. Ауа бөлшектері – ұсақ, қозғалғыш, жылтыр және шар тәрізді бір-біріне қатысты жылжығыш. От бөлшектері – оңай бөлінетін, ауа мен жер бөлшектері арасын толтыратын белгілі бір формасы жоқ ең жұқа материя деп саналады. Бұл «элементтер», яғни бөлшектер қозғалып орын ауыстырады және әлемдегі барлық қозғалыстар механикалық орын ауыстыруға жатады деп ұйғарылды. Декарт бойынша, «жасырын» әсерлесу күш мүлдем болмайды, физикадағы әсерлесу – денелер немесе бөлшектердің өзара әсерінен болады. Осының нәтижесінде олардың қозғалыс күйі өзгерілді деп есептелді. И. Ньютон механикасында денелердің өзара әсерлесуі күш арқылы сипатталды. Бастапқыда келген нүктесіндегі бір бөлшек тербеліске түссе, ол көрші жатқан екінші бөлшекке беріліп, оны да тербетеді. Бұл процесс ары қарай белгілі бір жылдамдықпен таралады. Кеңістікте тербелістің таралу процесін серпімді толқын деп атайды. Орта бөлшектері тепе-теңдік қалыпта тербеліп тұрады, толқынмен ілесіп ілгері қозғалмайды. Серпімді толқындар қума және көлденең толқындарға бөлінеді. Қума толқындарда бөлшектер толқынның таралу бағытында тербеледі, ал көлденең толқындар оған перпендикуляр тербеледі. Жиіліктері 16 мен 2000 Гц дейінгі серпімді толқындар адамның мүшесіне әсер етіп, есту қабілеттілігін туғызады, оны дыбыс дейміз. Жиілігі 16 Гц-тен кем серпімді толқындар инфрадыбыс, ал 2000 Гц-тен артығы ультрадыбыс деп аталады, яғни дыбыс пен жарықта толқындардың табиғаты бар. Электромагниттік толқындар жиілікке байланысты гаммарентген, ультракүлгін, көзге көрінетін инфрақызыл және радиотолқындарға бөлінеді. Дифракция, интерференция және поляризация құбылыстары жарықтың толқындық табиғатымен смпатталады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных