ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Аламның пайда болуы туралы түсінікАрыштық физика пәні туралы түсінік Арыштық физика пәнінің міндеттері мен мақсаты аламның пайда болуы туралы түсінік Ғалам – алуан түрлі формада болатын әрі ұдайы өзгеріп отыратын, кеңістік пен уақыт бойынша шеті де, шегі де жоқ бүкіл дүние. Ғаламды зерттеумен тікелей шұғылданатын ғылым – астрономия. Ал барлық ғылым білімге негізделген Ғалам жөніндегі пайымдаулар космологияның мәселесі болып есептеледі. Ғалам туралы ұғымның дамуы бірнеше кезеңге бөлінеді. Ғаламның шексіздігі туралы алғашқы пікір ежелгі дәуірдегі грек ғалымы Гераклиттің (б.з.б. 5 ғ.) еңбектерінде кездеседі. Ол Ғалам мәңгілік, аспан денелерін құрайтын материя жаңадан жасалмайды және жойылмайды деп тұжырымдаған. Гераклиттің көзқарасын Демокрит, Эпикур және Лукреций одан әрі дамытқан. Одан кейінгі дәуірлерде Жердің шар тәрізді екенін және аспан шырақтарының бір-бірінен алшақтылығын анықтауға байланысты зерттеулер (Пифагор, Аристотель, Эратосфен) жүргізілген. Жердің шар тәрізділігі туралы түсінікке сүйеніп, грек философы Филолай (б.з.б. 5 ғ.) және грек астрономы Аристарх Самосский (б.з.б. 4–3 ғ-лар) Жердің қозғалатындығы жөнінде жорамал жасаған. Бірақ шіркеу мен дін үстем болған дәуірде мұндай озық ойлар қолдау таппай, көмескіленіп қала берген. Птолемей негізін қалаған дүниенің геоцентрлік жүйесі шіркеудің қолдауымен Қайта өркендеу дәуіріне дейін үстемдік еткен. Н.Коперниктің «Аспан сферасының айналысы туралы» атты кітабы космогонияда ғыл.-зерттеуге жол ашты. Жерді аспан денелерінің бірі деп санаған Коперниктің пікірін Дж. Бруно одан әрі дамытып, жұлдыздар әлемі шексіз деген тұжырымға келді. Коперник қалыптастырған дүниенің гелиоцентрлік жүйесі Ғалам туралы ғылымның негізіне айналды. Біз мекендеген Жер де, басқа планеталар, құйрықты жұлдыздар мен метеорлық денелер тәрізді, Күн жүйесінің құрамына енеді. Күн жүйесінің диам. 10 млрд. км-дей. Бұл қашықтықты жарық 10 сағ-қа жуық уақытта жүріп өтеді.
1. Галактикалар Метагалактикада бірқалыпты таралмаған; олардың көпшілігі галактикалар шоғырлары мен топтарына жинақталған; 2. Галактикалар бір-бірінен, жуық шамамен, орналасу қашықтығына пропорционал болып қашықтайды (мыс., бір-бірінен он млн. пк қашықтықтағы галактикалар 600 км/с жылдамдықпен қашықтайды). Бұл ұлғаю, Доплер принципіне сәйкес, галактикалар спектріндегі спектрлік сызықтардың қызыл ығысуы ретінде байқалады. Мұндай алып құбылыс, көбінесе Ғаламның ұлғаюы деп аталады; 3. Ғ-ның біз орналасқан бөлігі миллиметрлік радиотолқындар диапазонындағы радиосәулемен бірқалыпты толтырылған.
· бақыланатын күйде тұрған жүйеге кететін уақыт; · берілген жүйенің пайда болуы мен жойылуының арасындағы толық уақыт. Бұл екі шаманың біріншісі жүйенің жасы, ал екіншісі жүйенің өмір сүру уақыты (теор. есептеулер негізінде алынады) деп аталады. Метагалактиканы құраушы галактикалардың бір-бірінен қашықтайтын фактісі, бұдан қандай да бір уақыт бұрын, Метагалактиканың сапасы бұдан өзгеше күйде әрі тығыз болғанын көрсетеді. Хаббл тұрақтысының ең ықтимал мәнін ескере отырып, Метагалактиканың қазіргі күйге дейінгі ұлғаю уақытының мәнін, шамамен 17 млрд. жыл деп есептеуге болады. Ал галактикалар мен жекеленген жұлдыздардың жасы бұдан аздау болатыны табиғи нәрсе. Көптеген галактикалар құрамының біртекті еместігі олардағы жұлдыздардың бір-бірімен толық араласпағандығын дәлелдейді. Бұл әрбір галактиканың өз осінің төңірегінде бірнеше ондаған айналымнан артық айналым жасамағандығын білдіреді. Біздің Галактиканың өз осі төңірегіндегі бір айналымына кететін уақыт, шамамен 200 млн. жылға жуық. Басқа галактикалардың да бір айналымына кететін уақыт осымен шамалас. Сонымен галактикалардың орташа жасы 10 млрд. жыл деп есептеледі. Галактикадан тыс астрономияның деректері бойынша, кейбір галактикалар шоғырлары мен топтарының айналу жылдамдықтарының өте үлкен болуы себебінен, тартылыс күші оларды шоғырлар мен топтарда ұстай алмайды да, ыдырайды. Көптеген жағдайда, ыдырауға кететін уақыт 1–2 млрд. жыл деп есептеледі. Дегенмен, 200–500 млн. жылдан кейін ыдырайтын галактикалар да белгілі. Мұның өзі галактикалар арасында, кейде өте жас нысандардың да кездесетінін, яғни Метагалактиканың қазіргі даму кезеңінде жаңа галактикалардың пайда болу процесінің жүріп жатқандығын көрсетеді. Галактикалар мен галактикалар шоғырлары жасының сипаттамаларын анықтайтын қазіргі бар әдістер олардың өмір сүру уақытын бағалауға мүмкіндік береді. Нысанның жасы әрдайым оның өмір сүру уақытынан кіші болғандықтан, сол әдістер арқылы нысан жасының жоғары шекарасының мәнін анықтауға болады. Метагалактиканы бүкіл ғаламмен теңдестіруді жақтаушылар, ғаламның жасы үшін, кейде Метагалактиканың жасын қабылдайды. Өйткені Ғ-да бір-бірінен алыс тұрған метагалактикалардың болатындығын дәлелдейтін фактілер әзірше жоқ. Алайда Метагалактика мен бүкіл ғаламның, сондай-ақ жекеленген метагалактикалар арасындағы күрделі қатыстардың болу мүмкіндігі жоққа шығарылмайды. Кеңістіктің мұндай үлкен көлемінде Евклид геометриясының принциптерін қолдануға болмайды. Бұл қатыстартопологиялық жағынан да күрделі болуы мүмкін. Сондықтан бүкіл ғаламның жасы туралы айту әлі ертерек. Квазарлар мен квазижұлдыздар ашылғаннан кейін Ғ-ның бұрынғы күйін зерттеудің жаңа мүмкіндіктері туды. Оларды бақылай отырып, Метагалактиканың сол аймағы жөнінде белгілі бір тұжырым жасауға болады. Бақылаулардың қорытындысын талдау нәтижесінде Метагалактиканың өте ертедегі бұрынғы күйі қазіргі күйінен мүлдем өзгеше болғандығы анықталды. Сонымен Метагалактика ылғи да эволюция үстінде деген тұжырым дәлелді болып есептеледі. Алып галактикалар 100 млрд-тан астам жұлдыздан, ал Метагалактика 100 млн-нан кем емес жұлдыздан құралатындықтан ғаламдағы жұлдыздардың саны 1019-нен астам деп есептеледі. Сондықтан мұндай кейбір жұлдыздардың төңірегінде органик. өмірдің, сондай-ақ Жерден тыс өркениеттің болу мүмкіндігі теріске шығарылмайды. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|