Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жойқын жарылыс теориясы




Жойқын жарылыс (ағылш. Big Bang) — Әлемнің бұдан 13.7 миллиард жыл бұрын жойқын ғарыштық жарылыс нәтижесінде пайда болғанын және өзгеріп бүгінге жеткенін сипаттайтын ортақ космологиялық модел.[1]. Бұл модел қазіргі ғылыми зерттеу мен өлшеулер арқылы белгілі бір деңгейге дейін расталып отыр.[2][3] Космологтар дәріптейтін бұл теория бойынша, әлем бұрын шекті уақыттың алдында айырықша тығыз, ерекше жоғары темпратураға ие алғашқы күйден өзгеріп келген. 2013 жылғы Планк спутнигі қол жеткізген ең жоғары өлшеулер арқылы аталмыш жойқын жарылыс бұдан 13.798 (± 0.37) миллиард жыл бұрын болған көрінеді[4][5][6][7][8].

 

Ж. Леметр

Жойқын жарылыс теориясы моделі Эйнштейннің Жалпы салыстырмалылық теориясын негіз етіп, өріс теңдеулері шешімін (мысалы кеңістіктің біркелкілігі мен біртұтастығы) табуды біршама жеңілдетті.

1922 жылы КСРО космологі және математигі Александр Фридман Эйнштейннің Жалпы салыстырмалылық теориясын пайдаланып ағынды денелерді зерттеп, осы моделдің өріс теңдеуін ұсынды.

1927 жылы бельгиялық физик, діни қызметкер Жорж Леметр өз еңбегінде кеңейген әлем өз бастауын алғашқы нүктедегі жарылысқа апарып тірейтіні сөзсіз деп есептеп, Жойқын жарылыс моделі мен Тұрақты күй моделін салыстырып, алдыңғысының шындыққа тіпті де жақын екеніне көптеген практикалық дәлелдер келтірді.[9] Оның тұжырымы Фридман теңдеуі мәнімен бірдей болғандықтан, біртұтас Фридман — Леметр — Робертсон — Уокер метрикасы деп аталды. Аталған теңдеу былай көрсетіледі:

Мұнда R (Т) ғарыштық масштаб коэффициентін көрсетеді.

· k=1 -ге тең болғанда үш өлшемді кеңістік сфералды болады, оның жалпы көлемі шектеулі болып, мәні 2R(t) тең.

· K = -1 -ге тең болғанда үш өлшемді кеңістік гиперболалық кеңістік болады және жалпы көлемі шексіз.

· К= 0 -ге тең болғанда үш өлшемді кеңістік тегіс болып, жалпы көлемі шексіз болады.

 

Әлемнің тарихы -гравитациялық толқындаржойқын жарылыстан кейін ғарыштың үздіксіз кеңеюін, қозғалыстың баяулауын туғызды

1929 жылы АҚШ ғалымы Эдвин Хаббл астрономиялық күзетулер мен есептеулер арқылы жер шарынан алыс жұлдыздар мен галактикалар үздіксіз алыстап, қызарып жатқанын байқады және осы негізде Кеңейген әлем түсінігін туғызды. Бұл теория ғалымдар, әсіресе, физиктер арасында кеңінен таралып[10], қазіргі әлемнің басталу тарихы бар деп қабылданды.

Δz=Δλ / λ =Hr / c (Хаббл заңы)

Хабблдың есептеулері арқылы, ең алыс галактикалар мен үйіржұлдыздар біздің бақылауымыз тұрғысынан бізден алыстап бара жатыр, олардың бергісіне қарағанда арғысының алыстау жылдамдығы тіпті де зор екен. Демек бұл барша нәрсе бір-бірінен өзара алыстап,әлем кеңейіп бара жатқанын көрсетеді.

Егер ғарыштағы жұлдыздар мен галактикалар бір-бірінен алыстап, әлем ұлғайып бара жатқан болса, онда олар кезінде бір-біріне өте жақын болғанын көрсетеді.[11]Физиктер бұдан ары ғылыми қорытынды жасап, онда әлем ең арғы алқашқы сәтте өте тығыз және өте шағын болған деген қорытынды шығаруға болады.[12][13][14] Бөлшектік ірі үдеткіштер арқылы жүргізілген ғылыми тәжірибелер бұл теорияны растай түсті. Дегенмен, қазіргі технологияның шектемесінен, әсіресе Ірі үдеткіштердің мүмкіндігі әлі де шекті болғандықтан, әлем кеңеюінің алғашқы сәтін тіке/жанама тәсілмен айқын түсіндіру әлі де қиын болып тұр. Жойқын жарылыс теориясы әлемнің алғашқы кезеңі туралы әлі ештеңені нақты түсіндіре алмайды, оның бар мүмкіндігі сол алғашқы кезеңнен кейінгі өзгерістерді жорамалға негізделген күйде түсіндірумен ғана шектеледі.

Қазіргі өлшеулер мен есептеулер бойынша, ғарышта Жеңіл элементтер айырықша мол екені анықталды. Жойқын жарылыс теориясында айтылатын ғарыштың алғашқы тез кеңеюі (жарылысы) мен біртіндеп суу барысында алғашқы бірнеше минутта термоядролық реакциядан осы Жеңіл элементтердің мол қоры қалыптасқаны анық. Сандық және сапалық анықтау бойынша, жеңіл элементтердің молдығы алғашқы сол жарылыста пайда болған жеңіл элементтердің мөлшері мен сипатына сай келеді.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных