Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Инерциалды емес координата жүйесіндегі механикалық жүйенің қозғалысын теңестіру




Қозғалыс мөлшері, импульс – механикалық қозғалыс өлшеуіші. Материалдық нүктенің қозғалыс мөлшері оның массасы (m) мен жылдамдығының (υ) көбейтіндісіне тең:

p=mυ

.

Ол – нүктенің жылдамдығымен бағыттас векторлық шама. Нүктенің қозғалыс мөлшері тек күш әсері жоқ кезде ғана тұрақты болады. F күш әсерінен нүктенің қозғалыс мөлшері жалпы жағдайда шамасы бойынша да, бағыты бойынша да өзгереді; бұл өзгерістің сипаты механиканың негізгі теңдеуі болып =F өрнегімен анықталады. Механикалық жүйенің қозғалыс мөлшері (Q) оның барлық нүктелерінің қозғалыс мөлшерлерінің геометриялық қосындысына тең немесе тұтас жүйе массасының (М) массалар центрінің жылдамдығына (υц) көбейтіндісіне тең: Q=∑mkυk=Mυц.

Жүйенің қозғалыс мөлшерінің өзгерісі тек сыртқы күштердің () әсерінен ғана болады. Бұл өзгеріс заңы, динамиканың көптеген мәселелерін шешуге қолданылатын, жүйенің барлық нүктелерінің қозғалысы анықталатын теңдеуімен беріледі. Тұйық жүйе үшін, яғни сыртқы күш әсер етпейтін жүйелерде немесе жүйеге әсер ететін сыртқы күштердің геометриялық қосындысы нөлге тең болғанда қозғалыс мөлшерінің сақталу заңы орындалады. Релятивистік механикада қарастырылатын жарық жылдамдығына (с) жуық жылдамдықпен қозғалатын еркін бөлшектің қозғалыс мөлшері (импульсі) мына формула бойынша өрнектеледі: p=mυ/, мұндағы ˆ8 =υ/с. Егер υ<<c болса, онда бұл формула мынадай қарапайым түрде жазылады: p=mυ. Элементар бөлшектердің қозғалыс мөлшері кванттық механикада қарастырылады. [1]

25. Үйкеліс заңы

Үйкеліс күші - дененің тіреу бетімен сырғанаған кезінде әсер ететін күш; жанасатын денелердің сұйыктар немесе газдардың қабаттарынын салыстырмалы орын ауыстыруына кедергі жасайтын күш;[1], электромагниттік күштер қатарына жатады. Дене беті тегіс болмайды. Бір дене екінші дененің бетімен қозғалғанда осы тегіс емес жерлер деформацияланады, үйкеліс күштері пайда болады.

Қатты денелер бірінің бетімен бірі қозғалғанда олардың арасында сұйық немесе газ тәрізді зат болмаса, онда пайда болатын үйкелісті құрғақ үйкеліс деп атайды. Құрғақ үйкеліс тыныштық үйкелісі және сырғанау үйкелісі болып екіге бөлінеді. Үйкелістің тербеліс үйкелісі деп аталатын түрі де кездеседі. Тыныштық үйкелісі мына формуламен анықталады: Fүйк=kN

Дөңдегі блок және сәйкес төмендегі блок еркін дене диаграмасы.

Ал дене қозғалып бара жатқанда сырғанау үйкелісі пайда болады:

Fсырғанау=kN

мұндағы, N - тіректің денеге әсер ететін реакция күші; k - үйкеліс коэффиценті. Дененің жылдамдығы артқан сайын сырғанау үйкелісі азая түседі. Үйкелістің пайдалы әрі зиянды жақтары бар. Машиналардың көптеген бөлшектері бірімен бірі әсерлескенде олардың арасындағы үйкеліс зиянды болып шығады. Оны азайту мақсатында бөлшектерді майлайды. Кей кездері үйкеліс коэффициентін азайту мақсатында, сырғанау үйкелісін подшибниктерде қолданып, тербеліс үйкелісімен алмастырады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных