Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Электромагниттік индукция құбылысы.Өзара индукция құбылысы.




Электромагниттк индукция құбылысын өте тиянақты түрде 1831ж.ағылшын физигі Фарадей ашқан болатын.Бұл құбылыстың мазмұны мынадай: кез келген тұйық өткізгіш контурда осы контурмен шектелген ауданнан өтетін магнит индукциясының ағынын өзгертсек, онда электр тогы пайда болады.Осы токты индукциялық ток деп атайды. Электромагниттік индукция құбылысын мынандай тәжірибелер арқылы байқауға болады.

1.бір С катушкасын алып, оның ұштарын гальванометрмен G қосайық,онда гальванометр стрелкасының ауытқығанын көреміз.егерде магнитті суырып алсақ, стрелканың басқа бағытта ауытқығанын көреміз. Магнитті неғұрлым тезірек қозғалтсақ, стрелканың соғұрлым күштірек ауытқитынын байқаймыз.сонымен магниттің катушка индукциялық тоқтың пайда болатындығын көрсетеді.

2.орам сандары әр түрлі А және Б катушка алайық. Б катушкасы А катушкасының ішіне орналастырылған, А катушкасы тоқ көзіне және оған тізбектей R реостатпен К кілт қосылған. Ал Б катушкасы G гальванометрімен жалғанған. Сөйтіп А катушкасын кілт арқылы тоқ көзімен қосып немесе айырып отырамыз. Тоқ көзіне қосылғанда G гальванометр стрелкасы бір жағына қарай ауытқып, ал айырған кезде басқа бағытта ауытқиды.Енді реостат арқылы А катушкадағы тоқ күшін көбейтіп немесе азайтсақ, онда Б катушкасындағы индукциялық тоқтың өзгеретіндігін гальванометр арқылы байқаймыз.Сонымен, тоқ күшін Акатушкасымен қосып немесе айырсақ, онда осы контурда магнит ағынының көбейіп, азаюы Б катушкасындағы индукциялық тоқтың осыған сәйкес көбейіп немесе азаятындығын көрсетеді. Бұл тәжірибелерде өткізгіш контурдың өткізгіш контурдың айналасындағы магнит өрісінің шамасы өзгереді, яғниконтур қамтитын ауданнан өтетін магнит индукциясының ағыныда өзгереді. Мәселе дәл осы магнит индукциясы ағынының өзгеруінде екендігін мынадан шығады: индукциялық тоқ тұйық контурды өткізгіш біртекті магнит өрісінде айналдырса да туындайды. Бұл жағдайда магнит индукциясының шамасы өткізгіш айналасында тұрақты болып қаладыда, оның контур арқылы өтетін ағыны ғана өзгереді.Егер тұйық контурды біртекті магнит өрісінде іргерілете қозғаса, онда контур арқылы өтетін индукция ағыны тұрақты болады да индукция тоқ тумайды. Сонымен электроиагниттік индукция құбылысының ашылуының дегі тоқ шамасы I1үлкен мәні бар, себебі магнит өрісі арқылы электр тоғын өндіріп алудың мүмкін екендігін дәлелдейді.Сөйтіп, электр және магнит өрістерінің арасындағы байланыс келешекте электромагниттік өрістердің теориясының негізін салуға мүмкіндік береді.

Өзара индукция құбылысы Кез келген контурдағы электр тоғы озгергенде осы тоқтың айнымалы магнит өрісі көрші контурда э.к.т –ін индукциялайды. Осы екі контурдың I1 магнит ағынын Ф1 тудырыды да, осы магнит ағынының әсерінен 2-контурда индукциялық I2 пайда болады, оны галбванометр көрсетеді. Сонда 2-контурды тесіп өтетін магнит ағынын Ф21 десек,онда ол мынаған тең болады: Ф21=L21I1Сөйтіп 1-контурдағы I1 тоғы өзгергенде, 2-контурда Фарадей заңына сәйкес 21 э.кқ.к пайда болып, ол осы контурдағы магнит ағыны өзгерісінің жылдамдығына пропорционал болады: 21 =- =-L21 .Дәл осы сияқты, 2-контурдағы тоқ I2 болып, оның 1-контурды тесіп өтетін магнит ағыны Ф21 десек, онда ол мына түрде жазылады: Ф12 Ф21=L12*I2 Егер де I2тоқ өзгеретін болса, онда 1- контурды 12 э.қ.к пайда болып, ол осы контурдағы магнит ағыны өзгерісінің жылдамдығына пропорционал болады: 12 =- =-L12

L12 және L21 пропорционалдық коэффиценттері контурлардың өзара индуктивтіктері деп аталады. Сойтіп, екі контурдың өзара тең бір ғана индуктивтік коэффициенті болады дей аламыз. Өзара индукцияның индуктивтігі контурлардың геометриялық пішініне, өлшемдеріне, олардың өзара орналасуына және контурды қоршаған ортаның магниттік қасиетіне тәуелді болады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных