Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Магнит индукциясының ағыны.




Егер магнит өрісінде индукция векторы (B) шамасы жағынан барлық жерде бірдей және бағыттас болса, онда мұндай өрісті біртекті магнит өрісі деп атайды. Осындай өрісте индукция векторының күш сызықтары параллель болып келеді.Енді осындай біртекті өрісте ауданы S бет перпендикуляр болып орналассын (1-сурет). Сонда магниттік индукция векторының (B) жазық беттің ауданына (S) көбейтіндісі осы бет арқылы өтетін магнит ағыны деп аталады да, оны Ф әрпімен белгілейді: Ф = BS. /1/Егер S’ жазық бет индукция векторына n нормаль бағыты бойынша α бұрыш жасай орналасса, онда магнит ағыны мынаған тең: Ф = BS’. /2/ Мұндағы S’ = S cosα болғандықтан магнит ағыны былайша жазылады:Ф = BS cosα. /3/ Магнит ағыны скалярлық шама. Магнит ағыны B cos α бұрышының таңбасына байланысты әрі оң, әрі теріс мәнді бола алады, яғни n нормальдың оң бағытына сәйкес анықталады. Әдетте магнит ағыны Ф ток жүріп тұрған белгілі бір контурмен байланысты болады, яғни бұранданың оң бағытымен сәйкес ток бағыты алынады. Сондықтан тұйық контурдың беті арқылы өткен магнит ағыны әр уақытта оң деп есептелінеді. Кез келген S бет арқылы өтетін магнит ағыны мына түрде жазылады:Ф = ∫S Bn d S. /4/ Сол сияқты кез келген тұйық бет арқылы өтетін магнит ағыны әр уақытта нольге тең болады: Ф = ∮S Bn d S = 0. /5/Осы /5/ формула магнит өрісі үш Остроградский-Гаусс теоремасы деп аталады. Мұндай қорытындының шығу себебі: табиғатта (электрлік зарядтар сияқты) магнит индукциясының күш сызықтарының бір жерден басталып, екінші жерде аяқтала алатындай магнитттік зарядтардың болмайтындығын көрсетеді. Магнит ағыны вебермен өлшенеді: 1Вб = 1 Тл∙м2. Сонымен, вебер деп біртекті магнит өріске перпендикуляр (нормаль) орналасқан ауданы 1 м2 контур арқылы өтетін индукциясы 1 Тл-ға тең магнит ағынын айтамыз.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных