![]() ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Сурет. Микроскоп схемасы2 – суретте нәрсені микроскоппен қарағандағы жарық сәулелері жолы көрсетілген, мұнда объектив және окуляр ретінде L1 және L2 линзалары алынған. Қаралатын кішкентай АВ нәрсе қысқа фокусты L1 объективтің алдына, алдыңғы фокустан сәл алыстау қойылады. Сонда оның кескіні А'В' шын, үлкен, бірақ кері болады. Ол окуляр мен оның алдыңғы фокусы аралығында жатады. Бұл кескін, лупамен қарағандағыдай, окуляр арқылы қаралады. Сонда нәрсенің өзімен салыстырғанда кері орналасқан А''В'' жорамал, ұлғайған кескін пайда болады. Егер объектив беретін А'В' кескін шамамен окулярдың алдыңғы фокус жазықтығында жатса, қалыпты көздің микроскоппен көруіне ең жақсы жағдай жасалады. Микроскоптың ұлғайтуы (Г) оның объективінің сызықтық ұлғайтуы (β) мен окулярының бұрыштық ұлғайтуы (γ) көбейтіндісіне тең болады: Г = β*γ (2) Мұндағы β= мұндағы Микроскоптың объективі мен окулярында олардың неше есе ұлғайта алатындығы жазылып қойылады. Әдетте микроскоптың объективі мен окуляры алмалы болады, олады алмастырып, микроскоптың ұлғайту дірежесін өзгертіп отыруға болады. Осы күнгі микроскоптар 1500 – 2000 есеге дейін ұлғайта алады. Бірақ іс жүзінде 1000 еседен артық ұлғайтатын микроскоптар қолданылмайды, өйткені бұдан артық ұлғайтылса, кескін айқын болмайды. Көру трубалары. Өте алыстағы нәрселерді бақылау үшін көру трубалары (телескоптар) қолданылады. Көру трубасының оптикасы да, микроскоптікі сияқты, объектив пен окуляр делінетін күрделі системалардан құралады. Бірақ мұнда объективтің фокусы қашық, окулярдың фокусы жақын болады. Сонымен қатар көру трубаларының окуляры жинағыш немес шашыратқыш системалар болуы да мүмкін. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|