Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сурет. Көру трубасы схемасы.




3 – суретте окуляры жинағыш система бболып келген көру трубасының (Кеплер трубасы) схемасы көрсетілген. Мұнда объектив пен окуляр орнына L1 және L2 линзалары алынған, олар L1 линзаның артқы ұлы фокусы мен L2 линзаның алдыңғы фокусын бір – біріне дәл келтіріліп орналастырылған (бұл – телескоптық система делінеді). Егер бақыланған нәрсе алыс болса, онда оның L1 объектив беретін А'В' кескіні шын, кішірейген және кері болып, объективтің фокустық жазықтығында жатады. Бұл кескін окуляр арқылы қаралады, сонда нәрсенің өзімен салыстырғанда кері орналасқан А''В'' жорамал кескіні пайда болады. Көздің тор қабықшасындағы кескін, осы А''В'' кескін нақты нәрсе екендей болып түседі.

Кеплер трубасын телескоп ретінде пайдаланып, аспан шырақтарын бақылағанда кескіннің кері болып түсуінің ешбір зияны жоқ. Ал труба жер бетіндегі нәрселерді бақылауға қолданылса бұл қолайсыздық туғызады. Сондықтан бұл жағдайда Кеплер трубасының оптикасына қосымша линза немесе призмалар ендіріледі, олар объектив берген кескінді 1800 – қа бұрады да, кескін тура болып көрінеді. Мысалы, кәдімгі, призмалы бинокль (дүрбі) бұрғыш призмалар қосылған Кеплердің екі трубасынан жасалады.

Көру трубасының бұрыштық ұлғайтуын былайша анықтауға болады. Өте алыстағы нәрсенің объектив центрінен көріну бұрышы 2u1 болса, құралсыз көзге де ол дәл сондай 2u0 бұрышпен көрінеді. Кескіннің окулярдың оптикалық центрінен көріну бұрышы 2u2 болса, көзді окулярға тақап қарағанда да кескін дәл осындай бұрышпен көрінеді. Сонда көру трубасының бұрыштық ұлғайтуы γ жуықтап алғанда мынаған тең болады: γ= (5)

мұндағы объективтің артқы, – окулярдың алдыңғы фокус арақашықтықтары. Сөйтіп, көру трубасының бұрыштық ұлғайтуы оның объективі мен окулярының фокус қашықтықтарының қатынасына тең.

Қазіргі кезде линза мен айна аралық системалар, яғни менискілі системалар пайдаланылған телескоптар бар. Осындай менискілі телескопты ең алғаш (1941жылы) совет ғалымы Д.Д.Максутов ойлап шығарған.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных