Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Френель бипризмасының көмегімен интерференциялық құбылысты бақылау.




Френель сыну құбылысын пайдаланып та бір жарық көзінен шыққан жарықты екі шоққа айырып, когерентті шоқтар алып олардың интерференциясын бақылады. Френельдің бұл жолға тәжірибесінде көрсетілген мен сындырушы бұрыштары өте кішкене болып келген призмалар, олар табандары тиістіріліп орналасқан S-жарық көзі, мен оның жорамал кескіндері. Жарық көзінен таралған бытыраңқы жарық шоғы призмадан өткенде жарық сынып жоғары қарай бұрылады. Жарық шоқтары қос призмадан өткенде біріне-бірі қарама-қарсы бағытта бұрылады. Бұл шоқтар когерентті болады, өйткені бұлар мен нүктелерден шыққан сиақты болғанмен тегіндегі бір жарық көзінен таралып отыр. Сондықтан болар бір-бірімен қосылысқан алқапта интерференция құбылысы байқалады. Сол алқапта қойылған экранның бетінде интерференциялық жолақтар пайда болады. Экранның берілген нүктесіндегі жарықталыну толқындардың жарық көзінен осы нүктеге дейінгі жолдарының айырмасына байланысты. Егер жолдар айырмасы жарық толқындардың жұп санына тең болса, онда жарықталыну максимал болады. Егер жолдар айырмасы жарық толқындардың тақ санына тең болса, онда жарықталыну минимал болады. Сонда қос призмаға монохромат жарық түсірілген болса, экранның бетінде жарық жолақ және оның екі жағында қара-қоңыр және жарық жолақтар кезектесіп орналасады. Егер ақ жарық түсірілген болса, онда орталық жолақ ақ болады да, оның екі жағындағы жолақтар түрлі-түсті болады. Сонда олардың күлгін түсті шеті орталық ақ жолақ жағында жатады. Алыстау жолақтардың түсі өте күрделі болады, өйткені ондай жолақтар ұзындықтары әр түрлі жарық толқындарының қосысу нәтижесіне пайда болады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных