ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Дифракция құбылысыДифракция құбылысы жарықтың толқындық сипаты білінетін құбылыстардың біреуі дифракция құбылысы болады. Дифракция деп жарықтың түсусызықты жолдан бұрылу құбылысы айтылады. Жарықтың осындай қасиеті бар екендігін мынадай тәжірибек жасап, білуге болады. Егер бір тар саңылаудан өткен жарық шоғының жолында саңылаудан 40 см жерде, оған параллель етіп тартылған дм-і 0,2мм-дей жіңішке сым тұрған болса, сонда екі мертдей жердегі ақ экранға түскен сымның геометриялық көлеңкесінің дәл ортасына жіңішке ақ жолақ пайда болады. Бұл тәжірибеден жарық толқыны сымды орағытып барып көлеңке алқабына түскені байқалады. Демек, бөгетке кездесіп жарықтың жолы қисаяды. Бұл ретте орсы физигі В.Х. Аркадьев мынадай тәжірибе жасаған. Диаметрі 1-1,97мм инеге одан 24,17м қашықтықта тұрған өлшемдері 0,7х0,7мм саңылау арқылы толқын ұзындығы 0,46мкм монохромат жарық шоғын түсірген иненің екінші жағына 15,47м жерге фотопластинка қойып сол ине көлеңкесінің фотосуретін түсіріп алған. Сонда, ине көлеңкесінің дәл ортасында жіңішке жарық жолақ, екі жағында онымен қатарласа орналасқан бірнеше жарық және қара-қоңыр жолақтар байқалған. Бұдан жарық толқынының жолындағы инені айнала өтіп көлеңке алқабына барғаны байқалады. Дифракция құбылысы тек жарыққа қана емес басқа да толқындық процестерге тән құбылыс. Мысалы, дыбыс толқындары да жолында кездескен бөгетті айнала бұрылып таралады биік үйдің бір жағынан шыққан дыбыс оның екінші жағынан да естіледі, өйткені, дыбыс толқыны үйдің бұрышына жетіп бұрылады да, қалқаланып тұрған алқапқа барады. Басқаша айтқанда, дифракцияланады. Бұл ретте бір ескерте кететін нәрсе: жарықтың тридифркциясы кәдімгі жағдайларда байқалмайды. Оны тек ерекше жағдайларда ғана байқауға болады.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|