ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Жарықтың поляризациясы.Тербелістің қандайда бір бағыты басым болатын толқын поляризациянған толқын деп аталады. Поляризацияны мынадай түрлері бөледі:а) сызықтық (жазық) поляризация, ә) дөңгелек (циркульдік) поляризация.б) эллипстік поларизация. Поляризация тек көлденең толқындарға тән.Егер орта болшектері толқынның таралу бағытына перпендикуляр бағыттарда тербелетін болса онда мұндай толқындарды көлденең толқындар деп атайды. Дөңгелек немесе эллипстік поляризациялы толқынды екі сызықтық (жазық) поляризацияланған толқынға жіктеуге болады. Егер электромагниттік жарық толқынында Ё (электр өрісі кернеулігінің тербелуші векторы) және В (магнит өрісі индукциясының векторы) векторларының тербеліс бағыттары өзгермейтін және толқынның таралу бағытына перпендикуляр жазықтықта жататын болса ондай жарық толқыны жазық паляризациясы деп атайды.Егер электромагниттік жарық толқынында Ё және В векторларының тербеліс бағыты толқынның таралу бағытына перпендикуляр кез келген жазықтықта болса, ондй жарық толқыны табиғи жарық деп аталады. Табиғи жарық жарық көздерінен тарайды.Поляризацияланған жарықты алудың әр түрлі тәсілдері бар. Табиғи жарықты поляризацияланған жарыққа айналдыру үшін қолданылатын құрылғы поляризатор немесе поляроид деп аталады. Қарапайым поляризаторға тек белгілі бір жазықтықта ғана тербелетін жарық толқындарын ғана өткізу қабілеті бар жасыл түсті турмалин кристалы жатады.Поляризатор табиғи жарықтын тек белгілі бағыттағы толқындары бар компонентін ажыратып өткізеді. Жарық толқынындағы тербеліс бағыты деп электр өрісінің Ё кернеулік векторының бағыты қабылданған. Әдеттегі жарық көздері шығаратын табиғи жарық поляризацияланбаған болып табылады. Жарық толқынында тербелістер оның таралу бағытына перпендикуляр жазықтықта барлық бағытта тербеледі.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|