ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Тұлға әлеуметтенуінің мәні және негізгі факторларына сипаттама беріңізЖеке тұлғалық (индивидуальность) – 1) жеке адамның қайталанбас, өзіндік ерекшелігі, тек соған тән ерекшеліктердің жиынтығы; 2) басқа адамдардан өзінің әлеуметтік мәнді ерекшеліктері тарапынан сипатталатын адам; индивидтің психикасы мен тұлғасының өзіндік ерекшелігі, оның қайталанбастығы. Жеке тұлғалық темперамент, мінез белгілерінде, мүдделер сипатында, перцептивтік процестер мен зият санасында, қажеттіліктері мен қабілеттерінде көрінеді. Тұлға -1) дербес әрекет жасайтын субъект ретіндегі нақты жеке адам болмысының қайталанбас, ерекше әдісі, адамның қоғамдық өмірінің дара нысаны. тұлғаның мәні нақты индивидтің өзіндік ерекшелігінде, оның әлеуметтік жүйе шеңберіндегі өзімен-өзі болу қабілетінде ашылады; 1. Әлеуметтену факторлары - әлеуметтену үрдісі өтуіне қажет жағдайларды туғызатын шарттар. А.В.Мудрик әлеуметтенудің негігі факторларын үш топқа біріктіреді: макрофакторлар (ғарыш, планета, әлем, ел, қоғам, мемлекет), олар планетаның барлық тұрғындарының немесе белгілі бір елде өмір сүретін адамдардың үлкен тобының әлеуметтенуіне әсер етеді; мезофакторлар (мезо – орташа, аралық) – ұлттық сипаты (этнос - әлеуметтену факторы), олар өмір сүретін жердің орны мен типі (аймақ, қала, ауыл); бұқаралық ақпарат құралдары және коммуникацияның аудиториясына байланысты анықталатын адамдардың үлкен тобының әлеуметтену жағдайлары; микрофакторлар – нақты адамдарға тікелей әсер етушілер – жанұя, жостары, микроортасы, әлеуметтік тәрбие жүргізілетін ұйымдар – оқу, кәсіби, қоғамдық және т.б. 8. Білім берудің жаңа парадигмасы. Жоғары білім беру модернизациялаудың негізгі бағыттарын атаңыз Қазақстан білім беру парадигмасы ҚР Конституциясы, “Қазақстан – 2030” стратегиялық бағдарламасы, білім беру саясаты, заңдар мен ресми құжаттарды терең талдау нәтижесінде қалыптасып келеді. Әрбір парадигма «не үшін тәрбиелеу керек, оқушыларды қандай мақсатқа дайындау керек, не үшін өмір сүреміз» деген сұрақтарға жауап береді. Феноменологиялық немесе гуманистік парадигмада жеке тұлғаның ішкі дүниесін дамыту, оны ерікті, рухани жеке адам ретінде тану және адамдармен тіл табысуында ерекшелену қабілеттерін жетілдіру қарастырылады. Білімнің гуманитарлық парадигмасының діңгегі - оқушы емес, дайын білімді меңгерудегі ақиқатты түсінуші адам. Мұнда оқушы мен мұғалім арасындағы қарым - қатынас: ынтымақтастық, өзара жауапкершілік, өз позициясын еркін таңдау жағдайында диалогтік ұстанымда өрбиді.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|