Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Р Президентінің халыққа жолдауындағы жоғары мектеп мәселесіне сипаттама беріңіз




Жоғары оқу орындары – экономиканың, ғылым мен мәдениеттің түрлі салалары үшін жоғары білімді мамандар, ғылыми және педагог кадрлар даярлайтын, жоғары білімді мамандар даярлау ісін жетілдіруге бағытталған ғылыми-зерттеушілік жұмыстарын жүргізетін, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, мәдениет, т.б. салаларда еңбек ететін мамандардың біліктілігін жетілдіретін оқу орындары. Жоғары оқу орындарына академиялар, университеттер, институттар, т.б. жатады. Сонымен қатар бұлардан тыс түрлі әскери, діни, т.б. «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы бойынша Экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру Қазақстан қазіргі уақытта білім беру, адам мен бала құқығын қорғау саласындағы негізгі халықаралық құжаттарға қатысушы болып табылады. Бұл – Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясы, Бала құқықтары туралы конвенция, Адамның экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарының Халықаралық декларациясы, Еуропа өңірінде жоғары білім беруге жататын біліктілікті тану туралы Лиссабон конвенциясы, Болон декларациясы және т.б. Білім берудің құрылымы Халықаралық білім берудің стандартты жіктеуішіне сәйкес келтірілді. Оқытудың 12 жылдық моделін енгізу үшін жағдайлар жасалуда. Техникалық және кәсіптік білім қайта құрылымдалды. Мамандарды үш деңгейлі даярлау енгізілді: бакалавр – магистр – Ph.D докторы. Мамандықтардың ірілендірілген топтарынан тұратын Қазақстан Республикасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуіші бекітілді. Білім беру ұйымдарының материалдық базасы нығайтылуда. Жоғары білім республика экономикасының барлық салалары үшін құзыретті және бәсекеге қабілетті мамандарды кәсіби даярлауды қамтамасыз етуде, ғылым мен өндірісті біріктіруде маңызды рөл атқарады. Қазақстанда барлық жоғары білім жүйесін қамтитын маңызды жасырын фактор жемқорлық болып табылады. Оны жоюдың нақты шаралары қабылданбайынша жоғары білім саясаты тиімді болмайды. Жоғары оқу орындарын кадрлармен қамтамасыз етуде кері үрдіс орын алған: профессор-оқытушы құрамын жүйелі даярлау жоқ, қоса жұмыс атқару кеңінен таралған. Қазақстанның жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық ресурстары жеткілікті қарқынмен жаңартылмайды. Жоғары оқу орындарының ақпараттық ресурстары біріктірілмеген, кітапхана қоры бытыраңқы сипатқа ие. Ғылым саласында Ескірген материалдық-техникалық база және зертхана жабдықтары сапалы ғылыми зерттеулерді жүргізуге мүмкіндік бермейді. Жобалау институттары мен конструкторлық бюролар санының жеткіліксіздігі өндірістегі технология трансфертін бәсеңдетеді. Жобалау институттарының, конструкторлық бюролардың және өндірістің жоғары оқу орындарымен өзара қарым-қатынас тетігі жоқ. Жастарды ғылымға тарту үшін жағдайлар жасалмаған. Кадрлардың қартаюы байқалады. Қазақстанның жоғары оқу орындарының ғылыми әлеуеті аса тиімсіз пайдаланылады. Білімнің, ғылымның және өндірістің арасындағы байланыстың нашарлығы мына себептерге негізделген: жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдар арасындағы ведомствоаралық кедергілер; жоғары оқу орындарының ғылымын жеткіліксіз қаржыландыру; ғылым мен техниканың жетістіктеріне орай әрекет етуге, өндірістің өзгерген сұранысын есепке алуға мүмкіндік бермейтін білім беру процесін шамадан тыс әкімшілендіру; жеке меншік сектордың білімді, ғылымды және инновациялық қызметті қаржыландыруды жүзеге асыруға экономикалық ынталандыру шараларының болмауы. Қазақстанда әзірлемелерді орындайтын және ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды нәтижесіне жеткізуді қамтамасыз ететін, оларды тәжірибе жүзінде іске асыратын инновациялық құрылымды қолдаудың институционалды нысандары дамымаған. Қазақстандағы ғылыми әзірлемелердің үлес салмағы дамыған елдерде қабылданған деңгейден он есе төмен қалып отыр.

14. Кредиттік технология негізінде жоғары мектепте оқыту процесін ұйымдастырудың жолдарын көрсетіңіз. Оқытудың кредиттік технологиясын пайдалана отырып оқу процесін ұйымдастырудың басты міндеттері мыналар болып табылады:білім көлемін бірыңғайлау;оқытуды максимум жекелендіру үшін жағдай тудыру;білім алушылардың дербес жұмысының ролі мен тиімділігін күшейту.Оқытудың кредиттік жүйесіне (ОКТ) тән ерекшеліктер мыналар болып табылады:- әрбір пән бойынша білім алушылар мен оқытушылардың еңбек шығындарын бағалау үшін кредит жүйесін енгізу; - жеке оқу жоспарын құрастыру кезінде жұмыс-оқу жоспарына енгізілген элективтік пәндер арасынан оқыту пәнін таңдау еркіндігі; - жоғары оқу орнында профессорлық-оқытушылар құрамның жеткілікті саны кезінде білім беретін оқытушыларды таңдау еркіндігі; - өзінің жеке оқу жоспарын құрастыруға білім алушының тікелей қатысуы; - білім траекториясын таңдау кезіндегі білім алушыға көмектесетін эдвайзерді оқу процесіне тарту;оқу процесін ұйымдастыруда, оқытушылардың педагогикалық жүктемесінің түрлерін есепке алу мен анықтауда факультеттің кең уәкілеттілігі;оқу процесін басылған және электронды түрдегі барлық қажетті оқу мен әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету;әрбір оқу пәні бойынша білім алушылардың оқу жетістіктері бойынша бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесін пайдалану.Әрбір пән бойынша білім алушылар мен оқытушылардың еңбегін бағалау үшін кредиттер жүйесін енгізу. Бакалавриаттағы бір кредит аптасына жалпы оқу жүктемесінің 45 сағатына тең, олардың 15-і-аудиториялық (байланыс сағаты), 15-і – оқытушы басшылығымен студенттердің дербес жұмысы, 15 сағатты студент дербес игеруі тиіс және белгілі бір уақыт ішінде оқытушыға тапсыруы тиіс. Әрбір студент білім беру бағдарламасының міндетті компонентін толықтай игеруі тиіс және таңдау бойынша компоненттен кредиттің белгілі бір санын алуы тиіс. - Оқыту үрдісіне эдвайзерлерді қатыстыру; - Оқыту үрдісін қағазды және электронды жинақтауышта жиналған барлық әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету; - Әрбір пән бойынша бағаның баллдық-рейтингтік жүйесін пайдалану. Студенттердің білімдерін бағалау 4 баллдық деңгей бойынша және пайыздар мен әріптік эквивалентте жүзеге асырылады.Бакалавриаттың білім беру кәсіби бағдарламасы 4 жыл оқу ішінде іске асырылады және кемінде 40 пәннен кем емес зерделеуден тұрады. Бакалавр дәрежесін алу үшін 128 кредит алу, практиканың барлық түрлерінен өту, мамандықтар бойынша мемлекеттік емтихан тапсыру, диплом жұмысын немесе диплом жобасын қорғау керек. Теориялық оқытудың кезеңі 15 аптаға тең. Оқу жылы 2 семестрден және 2 аралық аттестациядан тұрады (емтихандық сессия) әрбірі 4 аптаға тең. Оқытудың күндізгі формасы кезінде жыл бойы 2 рет демалыс тағайындалады, қыс демалысы – 2 аптаға тең. Практика ұзақтығы оқу жоспарымен бекітіледі. Оқу жылының академиялық мөлшері қосымша семестрді енгізуімен ұлғайтылады, қосымша семестр қыс сессиясынан кейін 4 апта мөлшерінде және жаз сессиясынан кейін 4 апта мөлшерінде енгізіледі. Қосымша семестр студенттің жазылған өтініші негізінде академиялық қарыздарды және академиялық айырмашылықты жою үшін енгізіледі. Бакалавриаттағы оқытудың ұзақтығы – 4 жыл, мамандықтың оқу жоспарымен бекітіледі. Оқытудың барлық кезеңі барысында максималды академиялық мөлшер 40 оқу пәніне тең. Аралық аттестация емтихан түрінде өтеді. Бір академиялық сағат тең:
Кредиттік оқыту жүйесі бойынша бір академиялық сағат ұғымы барабарлық өзгерістерге ұшырайды, лекциятік, практикалық (семинарлық) сабақтар 1 байланыс сағатқа (50 минутқ1. немесе студиялық оқыту 1, байланыс сағатқа (75 минутқ1. немесе лабараториялық және дене тәрбиесі сабақтары 2 байланыс сағатқа (100 минутқ1., сонымен қатар барлық оқу практикалар түрлері 1 байланыс сағатқа (50 минутқ1., барлық педагогикалық практикалар түрлері 2 байланыс сағатқа (100 минутқ1., барлық өндірістік практикалар түрлері 5 байланыс сағатқа (250 минутқ1. тең.кредит (Сrеdit, Сrеdit-hоur) - білім алушының/оқытушының оқу жұмысы көлемін өлшейтін біріздендірілген бірлік. Бір кредит академиялық кезеңдегі білім алушының бір аптадағы аудиториядағы байланыс жұмысының бір академиялық сағатына тең. Әрбір лекциятік, практикалық (семинар) және студиялық сабақтардың академиялық сағаты міндетті түрде бакалавриаттағы студенттің 2 сағат (100 мин) өзіндік жұмысымен, магистратурадағы магистранттың 4 сағат (200 мин) өзіндік жұмысымен және докторантурадағы докторанттың 6 сағат (300 мин) өзіндік жұмысымен қоса беріледі;баға – студенттің берілген пәнді қалай дұрыс білетінін көрсететін сапалық көрсеткіші Кредиттік оқыту жүйесі – оқу үрдісін ұйымдастыруда жаңа ізденістерге мүмкіндік ашып, “жалпыға ортақ білім” парадигмасынан “әркімге арналған білім” парадигмасына қадам жасатады. Оқу пәні бойынша оқу әдістемелік кешені: -Әр пән бойынша силабус — бағдарламаларды оқытудан; -Практикалық (семинарлық) сабақтардың жоспарынан; -Студенттің өздік жұмысы бойынша тапсырмалардан; -Және тағы басқалардан тұрады. Оқу сабақтарын оқыту белсенді шығармашылық формаларда (кейс — сатылар, тренингтер, пікірталастар, дөнгелек үстелдер, семинарлар және т.т.) өткізу керек Оқу пәні бойынша білімді бақылау формасы — емтихан болады. Білімдері көп балды әріптік жүйе бойынша бағаланды. Қорытынды аттестаттауды өткізу формасы дипломдық жұмысты қорғау.Бірінші кезеңде кредиттік оқыту технологиясын енгізу арқылы осы салада нормативтік-құқықтық құжаттарды оқыту, қызметкерлер құрамын осы технология бойынша жұмыс істеуге үйрету, лауазымдық міндеттерді және спецификаны есепке ала отырып, кредиттік технология бойынша біліктілігін арттыру курсын әзірлеу қажет; Екінші кезең жалпыға бірдей мемлекеттік стандартқа сәйкес әзірленген типтік оқу жоспарларын зерттеу болады. Типтік оқу жоспары оқу процесінің құрылымы мен мазмұнын регламенттейтін негізгі құжат болады (техникалық және кәсіби білім үшін кредиттік технологияның сәйкестігіне жаңа мемлекеттік жалпыға бірдей стандарттарды әзірлеу қажет).Үшінші кезеңде академиялық күтізбені бекіту болады. Айта кету керек, академиялық күтізбе дәстүрлі оқу процесінің кестесінен ерекшелеу. Оның ерекшелегі академиялық күнтізбеде оқу-бақылау шаралары ғана емес, сонымен қатар мерекелік күндер де міндетті түрде көрсетілген. Студенттер шетел оқу орындарында жеке пәндерден білім алғысы келсе, олар каникул кезеңі туралы ғана ақпаратты біліп қоймай, сонымен қатар басқа да демалыс күндерін, мысалы, ұлттық мерекелерді де білулеріне байланысты.
Төртінші кезеңде оқу процесін жоспарлауда элективтік пәндер тізімдемесі (ЭПТ) қалыптасуды, барлық оқу пәндер тізбесі беріледі, білім беруге нақты бағдарламаларды таңдап алуға құрауым болып кіреді (оқушыға пәнді таңдап алуға құқық беру қажет, одан басқа, ол басқа оқу орынынан пәнді таңдап алса, кредиттер жинай алады, дұрыс білім беру кеңестігін құру үшін, барлық техникалық және кәсіби білім оқу орындары кредиттік технологияға көшуге тиісті); Бесінші кезеңде оқушылар ұсынылған КЭТ негізінде жеке оқу жоспарын құрастырады (ЖОЖ), жеке оқу жоспары әрбір оқушының бөлек білім алу траекториясын анықтап, эдвайзер көмегімен белгіленген тәртіппен тіркеу бөлімшесінде әр оқу жылына оқушының өзімен оқу пәндеріне алдын ала жазылу бойынша қалыптасады;Алтыншы кезеңде оқу процесіне енген барлық оқу-бақылау шараларының кешені мен бар оқу пәндерін толық көрсететін жұмыс оқу жоспарын құрастырады. Оқу үрдісінің ұйымдастырылуы мен жоспарлануы Оқытудың кредиттік жүйесі кезінде оқу процесі келесі түрде ұйымдастырылады:-аудиториялық сабақтар: лекциятер, практикалық сабақтар (семинарлар, коллоквиумдар), зертханалық сабақтар, студиялық сабақтар;-аудиториядан тыс сабақтар: оқытушы басшылығымен білім алушылардың дербес жұмыстары, жеке консультациялар, интернет - сессиялар, бейне-конференциялар;-оқу және кәсіби практиканы жүргізу, диплом жобасын әзірлеу, диплом жобасын дайындау;-білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау (сабақтарда сұрау салу, оқу пәндері бойынша тестілеу, бақылау жұмыстары, зертханалық жұмыстарды, курстық жұмыстарды, коллоквиумдар және т.б. қорғау);-аралық аттестация/қорытынды бақылау (оқу пәндерінің тараулары бойынша бойынша тестілеу, емтихан, практикалар бойынша есеп беруді қорғау), қорытынды мемлекеттік аттестация (диплом жобасын (жұмысын) қорғау).Оқу процесін ұйымдастыру үшін келесі құжаттама талап етіледі:1академиялық күнтізбе; 2оқу жоспары;3кесте;4әдістемелік қамтамасыз ету. Кредиттік оқыту жүйесі жағдайында лекция сабақтар барысында дәстүрлі емес жұмыс түрлері ұйымдастырылады. Бұл студенттердің өзіндік жұмысын күшейтіп, тиісті материалды жартылай ізденгіштік әдіспен меңгеруге бағыттайды. Студенттердің лекция барысындағы оқу еңбегі де бағаланып тиісті ұпайы қойылады.
Кредиттік оқыту жүйесі жағдайында студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыруда арнайы құрылған белсенді оқу материалдарын қолдану олардың пәнді терең меңгеруіне мүмкіндік береді. Белсенді таратпа материал мысалы 1-кестеде келтірілген.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных