Главная
Популярная публикация
Научная публикация
Случайная публикация
Обратная связь
ТОР 5 статей:
Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия
Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века
Ценовые и неценовые факторы
Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка
Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы
КАТЕГОРИИ:
|
Р «Білім туралы» Заңына сипаттама беріңіз.
Білім беру туралы заң, Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңы — республика азаматтарының білім алуға конституциялық құқын қамтамасыз етуге арналған заң. 1999 жылы маусымның 7-нде қабылданды. Бұл Заңда мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері, орталық және түрлі деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар арасының білім беру саласындағы құзыретін шектеу белгіленген. Заңда білім беру саласындағы қоғамдық қарым-қатынастарды реттейтін, білім процесі субъектілерінің құқылары мен міндеттері, өкілеттілігі мен жауапкершілігі белгіленген. Білім беру жүйесінің міндеттері көрсетіліп, осы сала ұйымдарының ережелері, бағдарламалары мен білім деңгейлері айқындалған. Сондай-ақ, білім беру жүйесін басқару мен оның экономикасы, білім беру саласындағы халықар. қызмет көрсетілген. ҚР-ның білім беру саласында мұнан басқа да жекелеген нормативті актілері бар.
20.Кәсіптік зерттеу мәдениеті педагогтың өзін-өзі шығармашылық дамытуының негізін көрсетіңіз. азіргі заман талабына сай мұғалім болу ең жауапты, ең күрделі, ең зиялы мамандық болып табылады. Себебі, ол адамды қалыптастыруға, дамытуға бағытталған зор жауапкершілікті қажет ететін мамандық. Қазіргі мектептің міндеттері: - Алдыңғы ұрпақтың соңғы ұрпаққа жинаған, қалыптастырған мәдени құндылықтарын жеткізу; - Баланың тұлғасын дамыту; - Баланың, мектептің әлеуметтік бейімделуі, Қандай бір әдістермен педагогикалық технологияны пайдаланбасын, баланың рухани жан дүниесіне әсер етуде мұғалімнің өз тұлғасының әсері ерекше. Оқушылардың мұғалім бойындағы ең бағалы деп есептейтін қасиеттері: баланы жақсы көруі, мейірімділік, сезімталдық, әділеттілік, талап қойғыштық, әзіл айта білуі, келешекке сенімділік, іске шығармашылықпен қарау болып табылады. Ал, мұндай қасиеттерге еге болу үшін мұғалім рухани бай, зиялы және шығармашыл тұлға болуы қажет. К. Д. Ушинский: «Оқу орнының талабына көп нәрсе байланысты, ең бастысы тәрбиешінің тұлғасының рөлі ерекше, жас ұрпаққа беретін әсерін оқулықпен, жазалау және мадақтаумен алмастыруға болмайды», - деп жазған. Әрқайсымыз, студент не жас мұғалім болайық «мұғалім» деген сөзді естігенде өзінің ең сүйікті мұғалімдерін кәсіби шеберліктермен қоса, тұтастай тұлға ретінде есіне алады. Мұғалімнің тұлғасын тұтастай алып қарау, әрқайсысының жеке ерекшеліктерін де қоса қарастырады. Сонымен ХХІ ғасыр мұғалімнің тұлғасы қандай болу керек деген сұрақтың төңірегінде ой толғау. Педагог – зиялы тұлға. Өзін жинақы, сүйкімді ұстайды. Прогрессивті көзқарастарды алға тартады. Сыни көзқарасы қалыптасқан, ұстамды, өзгелердің пікіріне сыйластықпен қарайды. Жүйелі түрде өзіне - өзі баға беріп, рефлекция жасап отырады: мәдениеті, эрудициясы жоғары, эстетикалық, көркемдік талғамы бар. Саясатқа, білімге, өнердегі жаңалықтарға қызығушылық танытады. Шығармашылықпен өзін - өзі үздіксіз дамытып отырады. Педагог – рухани бай тұлғаОның рухани байлығы балаға деген махаббатынан, жоғары адамгершілік және ұят сезімінен көрінеді. Ол өзінің оқушылары және әріптестерінің пікірімен санасады. Тұлғаның рухани байлығы өмірдің мәнін және өмір сүру мақсатын, өзінің кәсіби шеберлігін айқындауына ұмтылуында болып табылады. Педагог адамдардың қарым - қатынасына, әлем сұлулығына ерекше мән береді. Онда эмпатия мен рефлексия жоғары дамыған. Ол жаңа өсіп келе жатқан баланың рухани әлемінің байлығын түсінуге тырысады, сондықтан да өзінің планетарлық, тіпті космостық ойлау үрдісін дамытады. Педагог – шығармашыл тұлға.Ол бірсарындылықты ұнатпайды, сондықтан үздіксіз ізденіс үстінде, жаңашыл. Ойлап шығару, жүзеге асыру – оның қалыпты кәсіби үлгісі. Мұғалім – еркін тұлға. Оның еркіндігі өмірде және кәсіби қызметте мәдениет әлемінде өз орнын табуынан көрінеді. Оның еркін ой - пікірі және кәсіби жауапкершілікті сезінуімен тұтастықта. Өзін - өзі бағалай алады, алайда менмендікке жол бермейді. Ол материалдық және рухани құндылықтар әлемінде
өз бағытын еркін айыра алады, педагогикалық догмалардан аулақ. Ол батыл шешім қабылдайды, өзінің өмірлік позициясы бар, яғни айналадағы ортаға, адамдарға, өзіне деген қарым - қатынастың берік жүйесі бар. Педагог – адамгершілігі мол, мейірімді тұлға.Бүкіл тіршілік атаулыға, әсіресе балаға үлкен сүйіспеншілікпен қарайды. Өзімен көз қарасы сәйкес келмейтін адамдарға төзімділік танытады. Әр ұлт өкілдеріне және халықтың салт - дәстүрлеріне сыйластықпен қарайды. Педагог – бәсекелестікті тұлға. Жоғары кәсіби шеберлікті меңгеру үшін рынок жағдайында өзінің жетістіктері мен кемшіліктерін біліп, мықты жақтарына сүйене отырып, әлсіз жақтарын жетілдіріп отыру керек. Озық педогогикалық тәжірибелерді оқып, танып өз ой елегінен өткізе отырып, шығармашылықпен қолдана білу керек. Кәсіби мәні бар басылымдарды қадағалап, үздіксіз білім жетілдіру курстарынан өтіп отырған жөн. Бәсекелестікті тұлға болу үшін тек өз елімізде емес, білім кеңістігінде болып жатқан жаңалықтардан хабардар болады, жоғары еңбек нәтижесіне жетуге ұмтылады. Педагог мәдениет адамы. Ол белгілі бір мәдени кеңістік пен әлеуметтік - мәдени ситуацияларды ескере отырып, ең жаңа ғылым, өнер жетістіктерін бойына сіңіреді. Өз халқының әдет - ғұрпы мен салт – дәстүрін бағалайды, біледі. Көркем және кәсіби әдебиеттерге қызығушылық танытады, өнердің алуан түріне мән береді, ең бастысы өзінің шәкірттеріне қызықтыра біледі. Педагог тәрбиеші.Педагог қандай бір бағытты қаламасын, қандай міндеттерді шешпесін, негізгі қызметі – тәрбиешілік. Тәрбие үрдісі тәрбиеленушілердің алуан түрлі іс - әрекеттерін (ойын, оқу, еңбек, жеке, ұжымдық) педагогикалық басқару негізінде жүзеге асады Қазіргі кезеңде тәрбиеші – педагогтың тәрбие жұмысын ұйымдастырушы ретінде нақты тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған білім, білік қабілеттеріне талдау жасау керек. Мұғалім – тәрбиеші үшін ең маңызды, ең шешуші құндылықтарға назар аударған жөн. Құндылықтар жүйесі қазіргі мұғалімдердің педагогикалық мәдениетінің мазмұнын айқындайды. Негізгі құндылықтардың ең бастысы – бала, оның рухани – адамгершілік әлемі. Мұғалім үшін ең маңыздысы, оның іскерлігі болып есептеледі, сонымен қатар, психологиялық мәдениеттің де рөлі ерекше. Бала психологиясының дамуындағы қайшылықтар мен қиындықтарды түсіну үшін қажет. П. П. Блонский мұғалімдерді «практикалық психолог» болуға шақырады. Тәрбиеленушілердің жан - дүниесін түсініп, сезініп, олардың жеке - психологиялық қасиеттерін бағалаған жағдайда ғана табысқа жете алады. Педагог тәрбиеленушінің сеніміне, сүйіспеншілігіне әділетті болғанда ғана бөлене алады. Сондықтан ұжымдағы тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы адамгершілік – психологиялық ахуал шешуші рөл атқарады. Балаларды қызықтыру, білім алудың қажет екенін сезіндірудің маңыздылығына нақты іс - шараға қатысуын қамтамасыз ету арқылы көз жеткізеді, бұл табысқа жетудің алғашқы қадамы болып саналады. Жұмыстың келесі кезеңі – тәрбие ісін жүзеге асыру барысында балаларды ұйымдастырып, топтық ұжымдық, ұжымдық ынтымақтасуы мен шығармашылық іс - әрекетін жүзеге асыру. Педагог тәрбиеші жобалай, болжай білу керек. Бір күн, бір апта, бір ай, бір жылды жобалап, болжай білген жөн. Сонымен бірге, тәрбиешінің тәрбиеленушімен белсенді қарым-қатынас құра білу тыңдай да, тыңдата да білу керек. Дер кезінде батыл шешім қабылдай алуы да маңызды. Жоғары рухани деңгейі, зиялылық, жұмсақ жымиыс, жайлы дауыс, жеңіл әзіл ең кішкентай балалардан бастап, ересектерге де ұнайды.Жеңіл әзіл арқылы шиеленісті жағдайдың бетін қайтаруға болады. Педагог – тәрбиеші үздіксіз даңқ пен табысқа кенеле бермейді. Қиын жағдайларда тығырықтан шығу үшін жеңіл әзіл (юмор) керек - ақ.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|