Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Осымша кәсіптік білім беру. ҚКБ ерекшеліктері, міндеттері, функцияларын атаңыз




Қазіргі кездегі Қазақстан мен ТМД елдерінің экономикалық жағдайы, оның каншалықты нарық жағдайына бейімделуіне білікті жұмысшы мамандарға деген сұранысты қанағаттандыру мәселесіне тікелей байланысты болып отыр. Саяси-әлеуметтік және экономикалық реформаларды жүзеге асыруда бәсекелестік басты орынға шықты. Қалыптасқан жағдайда халықты әлеуметтік қорғау институттары нарықтық қатынастар саласында болып жатқан өзгерістердің даму қарқынына ілесе алмай, еңбекке жарамды белгілі бір әлеуметтік топ корғаусыз қалады. Бұл адамдар үшін басты қорғаныс қызметі, әрі кепілі - ол елдегі кәсіптік білім беру жүйесін дұрыс жолға қою болып табылады. Білім беру, оның ішінде кәсіби білім беру жүйесінің қызметін дұрыс ұйымдастырғанда ғана қоғамның әрбір мүшесіне тиісті жалпы немесе кәсіптік білім бере аламыз. Тек қана нарық талабына лайық сұранысқа ие жоғары білікті дәрежеде дайындалған кәсіптік мектеп, колледж не жоғарғы оқу орнын бітірген мамандар арқылы ғана ішкі еңбек ресурстарын толықтырып, жұмыссыздықты жоюға жол ашуға болады. Сөйтіп, қоғамда болып жатқан экономикалық өзгерістер талабын бұрынғы білім беру жүйесі қанағаттандыра алмайды. Өндіргіш күштердің даму қарқынына ілесу үшін білім беру жұйесі мына төмендегі екі заңдылыққа сүйенуі керек: өндіргіш күштердің даму деңгейіне білім беру жүйесінің сәйкестігі; өндіріс қатынастар жағдайына білім беру жүйесінің сәйкестігі. Бұл сәйкестік алдыңғы қатарда болса ғана нәтиже бермек. Педагогика ғылымдарының докторы, профессор А. Новиковтың пікіріне сүйенсек, «жеке тұлғаға жалпы және кәсіби білім беру ісінің даму қарқыны өндірістің даму деңгейінен асып түсуі керек»-дамыта білім беру ісін басты принцип етіп ұстауымыз керек. Осы жерде жалпы бастауыш және орта кәсіптік білім беру жүйесінің білікті жұмысшылар мен мамандар даярлауда тиісті білім мазмұнымен қамтамасыз етуде рөлі қандай деген сұрақ туындайды. Жалпы Қазақстан мен ТМД елдерінде еңбек ресурстары сапасы туралы мәселе бастауыш және орта кәсіптік білім мекемелері түсініктерінің дайындық деңгейі деген мәселемен ұштасып жатыр. Атап айтқанда, мұнда тек белгілі бір теориялық білім, кәсіби білік және практикалық дағдыны қалыптастыру ғана емес, әңгіме жеке тұлғаның бойында тиісті кәсіби шеберлік пен жалпы адамзаттық құндылықтарды еңбек барысында үйренумен қатар, сонымен бірге жаңа техника мен технологияларды өндіріске тиімді ендіре білу, қажет болған жағдайда нарық пен бәсекелестік талап етіп отырған кәсіп саласы мен мамандықты қысқа мерзімде игере білу қабілеттілігі де басым болуы тиіс. Көптеген дамыған елдерде әр адам өз кәсібі мен мамандығын 3-4 рет (ал, кейбір жоғары дамушы елдерде 5-6) рет өзгертіп немесе біліктіліктерін көтере алады. Қорыта келе, кәсіптік білім орындарын бітіруші түлектердің дайындық сапасына қойылатын талаптарды мына екі топқа бөлуге болады. Біріншісі - олардың білімі, біліктілігі және дағдысын арттыру деңгейі. Қазіргі педагогика ғылымы теориялық мәліметтерді практикалық тұрғыда іске асыра білу қабілеттілігіне баса назар аударуда. Бастауыш және орта кәсіптік білім беру мекемелері жаңа қызмет түріне бейімдеуді қалыптастыруы қажет. Екіншісі - түлектердің ойында дара тұлғаға лайық кәсіби шеберлік пен әлеуметтік мәні бар қасиеттерді дамытуды басты назарда ұстау қажет. Қазіргі заманғы кезек күттірмейтін басты міндет - кәсіптік білім беруді ізгілендіру мәселесі. Практикалық педагогиканың да алдында тұрған қиын міндет - жеке тұлғаны кәсіби мораль негізінде тәрбиелеу. Оны кәсіби біліктілікпен қатар жүретін қасиет, өлшем десек те қателеспейміз. Бұл мәселені шешу жаңа типтегі кәсіби оқу тәрбие мекемелерінің үлесіне тиюі керек, олар жоғары кәсіптік білім беретін мектептер және кәсіптік лицейлер мен колледждер. Сөйтіп, казіргі кездегі кәсіби педагогиканың басты міндеті — осы оқу орындарына арналған білім мазмұнын жаңарту болып отыр. Осы мәселелерді сапалы әрі түпкілікті шешу үшін кәсіптік білім мазмұнына философиялық және әдістемелік-теориялық ғылыми негіздеме әзірлеу қажеттігі туындайды. Оның мына төмендегідей жолдары бар: адамзаттың дамуы мен оның өмір сүру кеңістігінің, қызметінің ажырамас бір бөлігі кәсіби ізгілікті философияның калыптасуы мен байланыста болуы қажет; жеке түлғалардың адамгершіліктік қасиеттері оның кәсіби шеберлік деңгейінің басты көрсеткіші, негізгі алғышарты болып табылуы тиіс; қазіргі кәсіптік оқу орындарындағы кәсіби білім берудің, оқытудың түпкі мақсаты моральдық ұстанымы жоғары кәсіпкерлерді тәрбиелеу болып отыр; XXI ғасыр кәсіби мамандарын тәрбиелеп, әзірлеудің, оларды жүзеге асыратын орталықтар болып қазіргі жаңа типтегі кәсіптік білім мекемелері, лицейлер, колледждер және кәсіби білім шеберліктерін тыңдау орталықтары болуы тиіс; жаңа кәсіпкерлік философияны негізге ала отырып, кәсіптік білім мекемелері, лицейлер мен колледждердегі білім мазмұнын, оның теориялық - әдістемелік негіздерін қайта әзірлеуіміз керек; үшінші мыңжылдыққа кадам басқан жаңа қоғамның мамандары мен кәсіпкерлерін қалыптастыратын негізгі тұлға — инженер-педагог кадрларды дайындауды, қайта әзірлеуді қолға алуымыз қажет; кәсіптік білім мекемелері мен оқу орындарын басқару жүйесі тек әкімшілік емес, оның білім мазмұнына толық жауап беретін, сол саладағы ғылыми-теорияльк әзірлігі бар, түпкі мақсатты болжай білетін, соған бар күш-жігерді ұжымда жұмылдыра алатын іскер басшы болуы тиіс. Кәсіптік білім беру жүйесі - бұл кәсіби және жоғарғы білім беру мекемелері, оның ғылыми және ғылыми-әдістемелік органдары және олардың басқару жүйесінің мен қоса жиынтығы. Кәсіптік білім беру жүйесінің құрылымы мына төмендегідей: Бастауыш кәсіптік білім; Орта кәсіптік білім; Жоғары кәсіптік білім; Жоғары білімнен кейінгі кәсіптік білім; Қосымша кәсіптік білім. Қазақстан Республикасында «Білім беру туралы» Заңының 22-бабына сәйкес мына төмендегі білім беру деңгейлері жүзеге асырылады: Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту; Орта білім; Жоғары кәсіптік білім; Жоғары білімнен кейінгі кәсіптік білім. Бастауыш кәсіптік білім - кәсіптік мектептер мен лицейлерде негізгі жалпы білім базасында орта білім берумен бірге белгілі бір кәсіп саласы бойынша жұмысшы қызметкерлер даярлайды. Оқу мерзімі кәсіптік мектептерде 2-3 жыл, ал кәсіптік лицейлерде 3 жыл, кейбір күрделі технологиялар мен құрылғыларды үйрену 4 жыл мерзімді қажет етеді. Бастауыш кәсіптік білім беру қайсы бір кәсіп саласы бойынша орта білім негізінде қысқартылған уакыт мерзімінде де жұмыс істей алады. Кәсіптік оқыту өндірісте, оқу-өндірістік комбинаттарда, оқу орталықтары мен басқа да жұмысшыларды дайындайтын құрылымдарда атқарылады. Орта кәсіптік білім- колледждер мен училищелерде орта білім базасында кәсіби бағдар бойынша конкурстық негізде беріледі. Колледждер мен училищелерде оқу мерзімі 3-4 жыл. Жалпы орта білімі, не бастауыш кәсіптік білімі бар азаматтар өз кәсіп салалары бойынша орта кәсіптік білімі қысқа мерзім ішінде, жеделдетілген бағдарламалар арқылы алуына болады. Колледждер мен училищелер тиісті лицензиясына сәйкес бастауыш және орта кәсіптік білім беруді жүзеге асырады. Орта кәсіптік білімі бар азаматтар болса ықшам әрі икемделген бағдарламалар аркылы қысқа мерзімде қосымша мамандық иеленуіне болады. Қазақстан Республикасы Президентінің 11 қазан 2001 жылғы № 1459 жарлығымен бекітілген «ҚазақстанРеспубликасында 2005-2010 жылдарға арналған білімдідамытудың мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес бастауышкәсіптік білім мен орта кәсіптік білім берудің бір бөлігі техникалықжәне ауылшаруашылық мамандықтары бойынша шоғырландырылып, орта білім жүйесіне көшіріліп, еңбек нарығы сұраныпотырған жаңа технологиялық талаптар негізінде жоғары сапалымамандар даярлай бастайды. Техникалық және кәсіби білім берудіңбазалық деңгейі — техникалык және қызмет көрсету саласыбойынша білікті жұмысшылар мен мамандар әзірлеуге бағыт алуытиіс. Орта кәсіптік білім берудің кейбір жекелеген бағдарламаларыбойынша орта кәсіптік білімді игеруді жаңа деңгейге көтереді. Бұлсатыдағы жалпы білім беретін бағдарламалар мазмұны кәсіптікбіліммен катар, жоғарғы оқу орнының 1-2 курстағы бакалавр деңгейін қамти алады. Қазақстан Республикасында мына төмендегі оқу орындары жоғарғы білімді жүзеге асырады. Университеттер, академиялар, институттар мен оларға теңестірілгендер (консерваториялар,жоғарғы мектеп, жоғарғы училище). Жоғарғы оқу орындары тиісті лицензиясына сәйкес жалпы орта білім, бастауыш және орта кәсіптік білім негізінде білім беру бағдарламаларын жүзеге асыра алады. Жоғарғы оқу орнының кұрамына біртұтас оқу және ғылыми - өндірістік кешен ретінде қызмет атқара алатын заңды тұлғалық мәртебесі бар құрылымдар да кіруі мүмкін. Медициналық жоғарғы оқу орындарында өз алдына жеке клиникалық базасы болып, ол Қазақстан Республикасы Зандылықтарына қайшы келмейтін қаржы көздері арқылы қызмет ете алады. Қазақстан Республикасында жоғарғы кәсіби білім берудің мына төмендегі құрылымдары белгіленген: жоғарғы базалық білім (бакалавриат), оку мерзімі 4 жыл, оны бітіргендерге «бакалавр» академиялық дәрежесі беріледі. Жоғары ғылыми-педагогикалық білім алғысы келетіндер үшін оқу мерзімі әртүрлі болуы мүмкін: оқу мерзімі жоғарғы базалық білім негізінде - 2 жыл, арнайы жоғары білім бойынша - 1 жыл. Оларға «Магистр» академиялық дәрежесі беріледі. жоғарғы арнайы білім, оқу мерзімі 4 жылдан кем емес, қорытынды аттестатция бойынша оларға «жоғары білікті маман» атағы беріледі. Жоғары медициналық білім берудің кейбір мамандықтары бойынша, оқу мерзімі 7 жылды құрайды, оқу жылы интернатураны бітірумен аяқталады. Интернатурадан өтпеген бітірушілер, клиникалық практикаға жіберілмейді. Университеттер мен академиялар білім беру саласы бойынша орталық атқару органдары келісімі мен жоғарғы кәсіби білімнің белгіленген нақты бір мамандықтары бойынша кадр дайындаумен айналысады. Орта кәсіптік білімі бар азаматтар өз кәсіп саласы не ұқсас мамандықтар бойынша қысқа мерзімде жеделдетілген бағдарламалар мен жоғарғы кәсіптік білім ала алады. Сондай-ақ жоғарғы кәсіптік білімі бар азаматтар арқылы негізде қысқа мерзімде екінші жоғары кәсіптік білім алуға мүмкіндігі бар. Көп сатылы жоғары кәсішік білім беру мекемесінің құрылымы туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Жоғарғы оқу орны өзінің ғылыми жұмыстарында Қазақстан Республикасының заңдылықтарын басшылыққа алады. Жоғарғы оқу орнындағы тәрбие жұмыстары студенттердің оқу, ғылыми, шығармашылық және өндірістік бірлестіктері және оқытушылар мен қызметкер арқылы ортақ мақсатқа жұмылдырыла жүргізіледі. Жоғарғы білімнен кейінгі кәсіптік білім үздіксіз білім беру жүйесінің жоғарғы сатысы болып табылады және ол жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлар дайындауда өз алдына белгілі бір мақсат қояды. Азаматтардың жоғары білімнен кейінгі кәсіптік білім алуы үшін арнайы жоғары білікті мамандығы мен академиялық «Магистр» дәрежесі болуы керек, Медицина саласында ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау клиникалык ординатураларда, аспирантурада, адъюниктурада жоғарғы оқу орнының докторонтурасында, ғылыми-зерттеу мекемелерінде, сондай-ақ ғылым кандидаттарын аға ғылыми қызметкер, ізденуші есебінде жұмысқа алу арқылы жүргізіледі. Оқу мерзімі аспирантура мен адъюнктурада күндізгі бөлімде 23 жылға дейін, сырттан оқыту бөлімі үшін 4 жыл, ал «Магистр» дәрежесі барлар үшін тиісінше 2—3 жыл көлемінде Ассистентурадағы өтіл мерзімі күндізгі бөлімде 2 жыл, сырттай бөлімде 3 жылдан аспауы керек. Докторантура мерзімі 3 жыл, ал аға ғылыми қызметкерлерді докторлық диссертациясын қорғау мерзімі 2 жыл. Жоғарғы білімнен кейінгі кәсіптік білім беру туралы Ережесі Қазақстан Республикасы білім беру саласы бойынша орталык атқарушы орган бекітеді. Білім беру мазмұны – кәсіптік қызметке оқып дайындалудың соңғы нәтижесіне қойылатын талапты белгілейтін санат. Мұнда бітірушілердің біліміне, шеберлігіне және дағдысына, олардың жалпы білімділік деңгейіне, ой өрісінің кеңдігіне, зияткерлік даму деңгейіне, танымдық қажеттілік пен қызығушылықтың қалыптасуына, маңызды кәсіптік қасиеттердің өзіндік дамуына дайын болуға қойылатын талаптар туралы айтылады. Бұл даму деңгейіне байланысты қоғаммен қойылатын талап және ол ғылым, мәдениет, өндіріс, қоғамның дамуына байланысты өзгеріп отырады. Білім беру мазмұны – бұл білім беру орнының әр болашақ маманға қатысты іске асыруға тиіс мақсаты. Бұл мақсатты іске асыру білім беру мазмұны болып табылады. Оқыту мазмұны білім беру мазмұнының мақсатына қатысты құрал ретінде қатысады. Оқыту мазмұны ретінде оқу ақпараты және жиынтығында білімнің, шеберлік пен дағдының қандай-да бір жүйелерін меңгерудің әлеуетті мүмкіншілігін, қандай-да бір дүниетанымдық, азаматтық және маңызды кәсіптік қасиеттерді қалыптастыруды қамтамасыз ететін есептер, тапсырмалар және жаттығулар кешені қатысады. Оқыту мазмұны ықшамдалған түрінде - оқу жоспары, жазылған түрінде оқу бағдарламасы түрінде ұсынылған, ол толығымен оқулықтар, оқу құралдары, дидактикалық материалдар мазмұндарында, оқытушымен оқу ақпаратын мәлімдеуде ашылады. Кәсіби білімнің мазмұны болашақ мамандардың қоғамның мақсаттары мен талаптарына сәйкес білім, дағды шеберліктерінің жүйесінен білініп, олардың өмірге көзқарасы, азаматтық және кәсіби сапаларында, оның білу мүмкіндігі мен талаптарымен белгіленеді. Маманның дайындық деңгейінің талаптары, ықшамдалған түрде мамандық бойынша Мемлекеттік білім беру стандартында ұсынылғанан. Кәсіби білім беру стандарты бір жағынан, отандық және әлемдік еңбек нарығындағы бәсекелестігіне, қоғам мүшелері үшін әлеуметтік кепілдік ретінде қызмет жасаса, екінші жағынан, олардың дербес талаптарын қанағаттандыруы тиіс. Бұл үшін ол қоғамның нақты ресурстарына сүйеніп (қоғамның сол уақыттағы мүмкіндік шегінен шықпайтындай), мазмұны мен көлемі бойынша да қабылдануға болатындай болып, шет елдік білім беру стандарттарымен түйісуі тиіс. Кәсіби білім беру ерекшелігі, жалпы білім берумен салыстырғанда, оның кәсіптер мен мамандықтарды таңдаудың үлкен мүмкіндігінде, жұмыскерлерді дайындау нысандарында, оқу-бағдарламалық құжаттамалар өмірінің едәуір қысқа мерзімінде, себебі, кәсіби оқытудың мазмұны ғылыми-техникалық прогресс нәтижесінде жылдам өзгеретін еңбек мазмұнымен тығыз байланысты. Бұл жерде келесі заңдылық орын алады: кәсіби білім берудің төменгі деңгейі үшін бұл өзгерістер, жоғары деңгейдегілерге қарағанда (мысалы, техника мен технологиямен түйісе жұмыс істейтін жұмысшылары үшін еңбек мазмұны ғылыми-техникалық негіздер және техника мен технологияны жобалау әдістерімен істес болатын инженерге қарағанда көбірек өзгереді) жиі болады. Кәсіби білім берудің мемлекеттік стандарт элементтік құрылымын қарастырайық-та, стандарттың жекелеген құрамдастары арқылы ашылатын жетекші түсініктерге тоқталайық. Кәсіби оқытудың мемлекеттік стандарт концепциясының маңызды теориялық ережелері «біліктілік» және «біліктілік деңгейі» түсініктерінің жетекші рөлін негіздеу болып табылады. Біліктілік сатысы – бұл кәсіпті (мамандықты) меңгеру үшін қажетті жалпы және кәсіби білім беру қатынасын және белгілі қатынасын сипаттайтын, кәсіби білім берудің үздіксіз жүйесіндегі кадрларды дайындаудың аяқталған кезеңі Берілген саты шеңберінде нақты тұлғаның кәсіби шеберлігін біліктілік деңгейі сипаттайды. Біліктілік деңгейі білім және шеберлік көлемі сияқты, білім және шеберлік ауқымы параметрлерін тексеретін объективті және диагностикалық жеткілікті тақырыптағы жеке тұлғаның оқығанына; білім және шеберлік сапасына байланысты. Кәсіби ауқымның күрделілігі мен ғылыми сыйымдылығы жалпы және кәсіби білім берудің көлеміне және қатынасына қойылатын талаптар анықтайды. Сәйкесінше, кәсіптер мен мамандықтар біліктілік сатылары бойынша тізілуі мүмкін. Қазіргі заманғы үздіксіз кәсіби білім беру жүйесінде бес негізгі біліктілік сатысын бөліп қараған жөн. Біліктіліктің бірінші сатысы түрлі нысандарда алынатын жылдамдатылған кәсіби дайындықпен ұштасатын негізгі жалпы білімді білдіреді. Екінші саты – негізгі жалпы білім беру және бастауыш кәсіби білім беру мекемелеріндегі бір-екі жылдық бөлімшелеріндегі сәйкес топтардың кәсібі бойынша кәсіби білім алу. Жалпы орта білім беру мен бастауыш кәсіби білім беру мекемелерін ұштастырып екі-үш жылдық бөлімшелеріндегі кәсіби білім беру Үшінші саты ретінде сипатталады. Біліктіліктің төртінші сатысы жалпы білім беру және кәсіби лицей, техникум, колледждер сияқты «беделді» кәсіби білім беру оқу орындарындағы кәсіби білім. Бесінші саты түрлі жоғарғы білім беру деңгейлеріне сәйкес келеді. Еңбектің интеллектуалдылық дәрежесі – ойлау және мануалдық қызмет қатынасын көрсетеді. Бастауыш кәсіби білім берудің кәсіптері мен мамандықтар тізілімі кәсіби топтар реестрі, кәсіптер және оларға кіретін мамандықтарды білдіріп, бастауыш кәсіби білім беру мекемелерінде дайындалып, мемлекеттік деңгейде «Білім туралы» заңмен реттеледі. Бұл құжатта кәсіптер мен мамандықтар оларды меңгеру үшін қажетті, жалпы жіне орта білім беру қатынасының аумағын реттейтін, біліктілік сатылары бойынша реттеледі. Әр кәсіпке және мамандыққа қолданылатын ең кем (базалық) оқу мерзімі мен мүкін болатын мамандықтар белгіленген. Параметрлердің бөлігі директивті түрде тағайындалады: базалық кәсіби білім алудың ең кем мерзімі, біліктілік сатысы; басқа параметрлер – нақты оқу мерзімі, мамандықтардың саны және құрамы, т.б. - өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Кәсіби білім беру мемлекеттік стандартының маңыздылығы бойынша келесі элементі, кәсіби білім беру мазмұнының негізгі инвариантты құрылымдық бөліктерін көрсететін оқу жоспарының моделі болып табылады. Қазіргі педагогикада оқыту нысандары және оқытуды ұйымдастыру нысандары болып бөлінеді. Оқыту нысандары – бұл оқушылардың оқу топтарында, микротоптарда, жекелеген оқушылардың өзара және оқу түрінің (фронтальды, топтық, жеке, қос-қостан) шеңберіндегі оқытушымен арасындағы өзара қатынасының түрлерін ұйымдастыру. Ғалымдар «Оқытуды ұйымдастыру нысандары» деп «тарихи қалыптасқан, жүйелілік және тұтастық, өзіндік даму, жеке қызметтік сипат, қатысушылар құрамының тұрақтылығы, белгілі өткізу тәртібінің болуы тән тұрақты және логикалық түрде аяқталған педагогикалық процесті ұйымдастыруды» атайды. Өндірістік оқытуды ұйымдастыру нысандары Өндірістік оқыту процесі әртүрлі нысанда жүргізіледі: өндірістік саяхат, практикум, кеңес беру, кәсіптік мектептің, лицейдің оқу цехындағы сабақ, кәсіпорындардың цехтарында оқыту, жұмысорындарында өтетін бітіру алдындағы өндірістік тәжірибе және т.б. Нақты бір кәсіпті оқуда әдетте нақты нысандар өз міндеттерін орындайтын ұйымдастыру нысандарының кешені пайдаланылады.

28 Оқытуды ұйымдастыру түрлері: дәріс және семинар сабақтары, лабораториялық, практикалық жұмыстарын сипаттаңыз. Жоғарғы мектептерде оқытуды ұйымдастырудың әр алуан түрлері бар: лекциялар, практикалық оқулар және оның түрлері – просеминар, семинар, арнайы семинар, зертханалық жұмыстар, практикум, өз бетінше жұмыс, студенттердің оқу-зерттеу жұмыстары, өндірістік және педагогикалық практика және басқалар. Дидактикада олар студенттердің белгілі бір дидактикалық міндеттерді шешуі үшін танымдық қызметтік басқару тәсілдері ретінде түсіндіріледі. Сонымен қатар лекция, семинар, өз бетінше жұмыс, оқытуды ұйымдастыру түрлері ретінде болады, өйткені олар оқытудың мазмұны мен әдістерін жүзеге асыру шеңберіндегі студенттер мен оқытушылардың өзара іс-әрекетін жүзеге асыратын тәсіл болып саналады. Жоғары мектептерде оқытуды ұйымдастыру дәрісханалық және дәрісханадан тыс жолдармен іске асырылады, олардың әрқайсысында студенттермен оқу жұмысын ұйымдастырудың жаппай, топтық және жеке түрлері қолданылады. Оқу пәнін ұйымдастырудың дәстүрлік формасын төмендегіше жинақтауға болады. Теориялық дайындыққа бағытталған Практикалық жұмыстарға бағытталған, лекция, семинар, өз бетінше жұмыс, конференция, кеңес беру практикалық оқулар, курстық жобалау, дипломдық жобалау, практика, іскерлік ойындар жүргізіледі. Біздің қарастырып отырғанмыз ең басты лекция. Жоғары мектептің бүкіл тарихи кезеңдерінде – дүниеге келуінен бастап, бүгінгі күнге дейін лекция оқытуды ұйымдастырудың жетекші формасы болып табылады. Студенттің оқу пәнімен алғашқы таныстығы содан басталады, ол жастарды лайықты мамандық пен ғылымға жетелейді, ғылыми білімдердің негізін қалайды. Жоғары оқу орындарындағы лекция – оқытудың дидактикалық циклінің басты буыны. «Лекция» сөзінің негізінде латынша «lektio» оқу деген сөзі жатыр. Лекция Ертедегі Грецияда пайда болған және ертедегі Римде және орта ғасырларда әрі қарай дамыған. Жоғары оқу орындарындағы лекция – дәріскердің дәрісханамен шығармашылық қатынасы, осындай қатынастардың тиімділігі, танымдық және эмоциялық тұрғыдан алғанда, студенттердің осындай мәтінді оқығанына қарағанда, өте жоғары саналады. Лекцияларда тыңдаушыларға қайталанбас, күшті әсер қалдыратын, айрықша, тек өзіне ғана тән сипаттар бар. Сонымен қатар, лекция білім негіздерінің сараланған түрін және оқу материалына бағыт алуда өте үнемді тәсіл екендігін атап өтуіміз керек. Егер лекция ойлау қызметінің белсенділігін арттырған жағдайда, онда оқылатын жаңа оқу материалын студенттер жақсы меңгереді. Сондықтан лекцияда ең басты нәрсе – тыңдаушылардың ынта-ықыласын арттыру, олардың ойының дәріскер ойына ерісіп отыруы. Семинар сабақтары көбінесе оқылған лекция тақырыбына байланысты негізгі өзекті мәселелерді талқылау, оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылық белсенділіктерін шыңдау мақсатын көздейді. Тақырып сұрақтарына сай пікір алмасу, өз көзқарастарын дәлелдеу, мұғалімдерге оқушылардың оқу материалын қаншалықты меңгергенін, соған орай сенімдері мен түсініктерінің қалыптасқандығын бақылап, тексеріп, бағалап және бағыт-бағдар беріп отыруға мүмкіндік туғызады. Семинар сабағына әзірлену кезінде оқушылар тезистер мен баяндамалар жазып, қосымша әдебиеттерді пайдаланады. Ұсынып отырған сұрақтарға қатысты, ондағы бар негізгі ойларды қамтып, конспект құрады. Міне, осындай жұмыс-тардың нәтижесінде семинар жұмысы оқытуды ұйымдас-тыруда тиімді форма екенін тәжірибе көрсетуде. Семинар сабағын өткізу барысында мұғалім пробле-малық жағдай туғызып, талқыланып отырған сұрақтарға оқушылардың қызығушылығын оятады, олармен ақылдаса отыра оны талдаудың жоспарын құрады және ұжымдық ізденушілік әрекеттеріне қолайлы жағдай туғызады.  





Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных