Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жоғары мектептегі тұтас педагогикалық үдеріс (түсінігі, құрылымы, құрауыштары, негізгі сипаттамасын беріңіз




Педагогикалық процесс – оқытушының оқушыға өмірлік тәжірибені үйретуі үшін құрылатын оқытушы мен оқушы арасындағы ұйымдасқан қатынас. Педагогикалық үрдіс ұғымын алғаш П.Ф. Каптерев ұсынған. Ол педагогикалық үрдісті: оқыту және тәрбие деп бөлген. Оқыту дегеніміз заман талабын ескере отырып, жеке тұлға қалыптастыру барысында олардың бойында білім, білік, дағды, іскерлікті мақсатты меңгерту мен дамыту процесі. Оқытудың негізгі қызметі оқушылардың білім, дағды шығармашылық-іс-әрекетке іскерлігін қалыптастыру болса, екіншіден олардың дүниетанымын қалыптастыру болып табылады. Оқу мақсаты – адамның білім қазынасын арттыра отырып, өзінің дұрыс өмір сүруі үшін алынған білімдерін қолдана алуы, сонымен қатар өз заманына сай, айтарлықтай шығармашылық потенциалы бар жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқытудың ұйымдастырылуы формалары мен әдістерін таңдау педагогикалық процесстің жалпы әдіснамасының ұстанымдық ережелері негізінде дамиды және оқушылардың танымдық әрекеттерінің ұйымдастырылуымен тікелей байланысты. Оқыту процесінің заңдылықтары оның тұтастығын дәлелдейді. Оқыту заңдылықтары сыртқы және ішкі, жалпы және жеке деп бөлінеді. Сыртқы заңдылықтар оқытудың қоғамдық шарттардан, саяси-әлеуметтік жағдайлардан тәуелділігін сипаттайды. Ішкі заңдылықтар оқытудың мақсаты, әдістері, құралдары, түрлері арасындағы байланыстарды сипаттайды. Жалпы заңдылықтар бүкіл оқыту жүйесін қамтыса, жеке заңдылықтар оқыту жүйесінің нақты, жеке бөліктерін қамтиды.Оқыту принциптері:оқытудың ғылымилық принципі;оқытудың тарихилық принципі; көрнекілік принципі;Я.А.Коменский бұл принципті “Дидактиканың алтын ережесі” деп атаған. Көрнекілік принциптің құралдары: нақты объект; көлемді құралдар (модель, макет, муляждар және т.б.); көркем сурет (картиналар, фото суреттер, диафильмдер, т.б.); аудио,видио аппараттар және т.б. жеткіліктілік принципі;саналылық, белсенділік принципі; жүйелілік, бірізділік принципі; өмірмен байланыстылық принципі; Жаңа ѓасырдың бастауына дейінгі педагогикалыќ және жеке пєн методикасы саласындаѓы зерттеулер мен практикалыќ тәжірибелерді ескере келіп оќытудаѓы әдістеме мына тұрѓыда жүйеленді: 1. Түсіндірме иллюстративті әдіс. 2. Репродуктивті әдіс. 3. Проблемалы баяндау әдісі. 4. Ішінара іздену, немесе эвристикалыќ әдісі. 5. Зерттеу әдісі. Тәрбие білім беру, оқыту-ішкі жан дүниеге түрткі болатын, жағдай жасайтын, оларды іске асыратын - сыртқы жағдайлар. Сондықтан да философтар, психологтар адамның жан-дүниесін тәрбиелеудің қозғаушы күші бар екенін көрсетеді. Тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеу ара қатынасынан тәрбиелік қарым-қатынас өрбиді. Тәрбиелік қатынас өзара қарым-қатынастың бір түрі, ол адамды тәрбие, білім беру, оқыту арқылы дамытуға бағыттайды. Тәрбие процесінің мәні педагогикалық жағдаяттардың шешімін табу және оның себептерін айқындауға тікелей байланысты. Қазіргі таңда бұл мәселе төмендегідей жіктеледі:Педагогикалық диагностика, яғни тәрбиеленушінің тәрбиелілік деңгейін анықтап, соған сай үйлесімді тәрбие процесін іске асыру міндеттерін айқындау.Бағыт-бағдарлы жоба құру. Тәрбиені іске асыруды жоспарлай отырып, оның мазмұнын, формасын, әдістерін анықтау.Ұйымдастырушылық, яғни жоспарланған іс-әрекетті іске асырудың тәсілдерін, жүргізілу жолдарын белгілеу.Нәтижені бақылау және бағалау. Тәрбие процесінің іске асырылуын бақылай отырып, нәтижесін бағалау.Тәрбие мен оқыту бір-біріне өте ұқсас, ұқсастықтарын атасақ:-тәрбие процесі құрамына оқытудың элементтері енеді, мысалға белгілі бір ережені орындауды талап етпестен бұрын, оны орындауға үйрету қажет; оқыту процесі оқытушы мен оқушы қарым-қатынасын ұйымдастырудан тұратын болса, іс-әрекет барысында оқытушы тәрбиелеушілік қызметті де атқарады; оқыту мен тәрбиелеу процесінде бірдей әдістер қолданылады (түсіндіру, бақылау т.б.).Екеуінің айырмашылығы оқыту барысында әртүрлі ғылымдардың негізін меңгерту көзделсе, тәрбие процесінде оның жеке қасиеттерін қалыптастыру көзделеді. Сонымен тәрбие процесінің сипаты:мақсатты бағытталумен;мақсаттың бірлігі;ұзақтылығы; көп факторлылығы; тәрбие процесінің үздіксіздігі; кешенділігі; вариативтілігі; қарама-қайшылығы. Қорыта келе, өзіміз көріп отырғандай оқыту мен тәрбие тұтас процесс болғанымен өзіндік ерекшеліктері де бар.

30. ЖОО оқытушысының кәсіби іс-әрекетіндегі коммуникативті әсер ету тәсілдерін атаңыз Педагогикалық қабілеттілік (талант, мамандықты сүю, нышан) педагогикалық мамандықты ойдағыдай меңгерудің шарты болып табылады, бірақ шешуші кәсібі деп қарастыруға болмайды. Қаншама адам айқын нышанды аңғартып, мұғалімдік мамандыққа үміткер болғанмен, шын мәнінде, педагог болып шыға алмайды, керісінше, алғашында жеткіліксіз қабілеттілік аңғартқан ұстаздар кейіннен педагогикалық шеберліктің шыңына жеткені қанша? Сондықтан да педагогтің қажетті кәсіби сапаларына еңбек сүйгіштігін, тәртіптілігін, жауапкершілігін, мақсат қоя білу іскерлігін, жетістікке жету жолын таңдай білу, ұйымдастырушылықты, табандылықты, өзіне кәсіби деңгейін арттыруды және т.б. жатқызуға болады.Мұғалімнің кәсіптік - педагогикалық даярлау проблемасын зерттеуге арналған еңбектерде (Ф.Н.Гонобалин, Т.А.Воробьева, Н.В.Кузьмина, В.А.сластенин, Р.И.Хмелюк, Н.Д.Хмель, А.И.Шербаков және т.б.) кез келген адамның мұғалім бола алмайтындығы дәлелденген. Мұғалімдік мамандықтың соншама көптігіне қарамастан, оны меңгеру үшін қабілеттіліктер мен тұлғалық сапалардың ерекше қатаң құрылымы, белгілі әлеуметтік – психологиялық бейімділік қажет. Психологтар профессиограмманы негіздеуде педагогикалық қабілеттіліктердің түрін анықтауға көңіл бөледі. Мәселен, В.А.Крутецкий дидактикалық, академиялық, коммуникативтік, ұйымдастырушылық, қабілеттіліктерді қарастырды. А.И.Шербаков негізгі педагогикалық қабілеттіліктерге дидактикалық, конструктивтік, перцептивтік, экспрессивтік, коммуникативтік және ұйымдастырушылық қабілеттіліктерді жатқызды. Осы кездегі мамандықытардың ішінде ең көп және жан-жақты зерттелгені деп педагог мамандығын айтуға болады. Педагогтің жалпы кәсіптік іс-әрекеті мен қабілеттілігі, мамандығы жөніндегі икемділіктері мен дағдылары басқа мамандықтар үшін де пайдалы екендігі байқалады. Педагогикалық қабілеттіліктер -шәкірттерді оқыту мен тәрбиелеуде мұғалімнің жоғары нәтижелерге жетудің шарты болып табылатын жеке тұлғаның белгілі психологиялық ерекшеліктері. Педагогикалық қабілеттіліктерде жеке тұлғаның коммцникативтік қасиеттері жетекші рөл атқарады, ең алдымен, қабылдау саласына қатысты перцептивтік (олардың ішінде - бақылағыштығы) қабілеттілік. Олар мұғалімге шәкірттің психологиясын, жан-дүниесін, оның психикалық жағдайын нақты жағжағдайда соған сәйкес қабылдауға, сынып ұжымының жағдайын дұрыс бағалауға мүмкіншілік жасайды. Мұғалімнің коммуникативтік қасиеттерінің құрамды бөлігі эмпатияға даярлығы, демек, шәкірттердің психикалық жағдайын түсінуге ұмтылуы деп білеміз. Осының қажетті шарты – балаға жүрек жылуы. Ең соңында, мұғалімнің коммуникативтік қасиетінің үшінші бөлігі әлеуметтік өзара әрекеттегі жоғары дамыған қажеттілік деп есептеледі, ол білім беруге ұмтылуды балалармен қарым-қатынасты, балалар ұжымының өмірі мен қызметін дұрыс ұйымдастыру қажеттілгінен аңғарылады. Педагогикалық қабілеттіліктердің құрылымына кіретін жеке тұлғаның кейбір қосымша қасиеттері мен ерекшеліктерін атауға болады. Бұл ең алдымен ақылдың белгілі сапалары: өткірлігі, сыншылдығы, бірізділігі және т.б. Мұғалімнің сөйлеу тілінің мәні орасан зор: шешендік қабілеттілігінің байқалуы, тілінің лексикалық байлығы және т.б. Мұғалімнің бойында артистік сапалардың болуы (бейнелі қиялдау, фантазияға бейімділігі) осы сапалардың бәрі педагогикалық қызметте жетістіктерге жетуде белгілі рөл атқарады. Педагогикалық қабілеттер – тиімді педагогикалық қызметтің шарты ғана емес, сонымен қатар көп жағдайда мұғалімнің жемісті жұмысының нәтижесі. Педагогикалық қабілеттіліктер мұғалімнің психологиялық қасиеттерінің, қатынастарының және әрекеттерінің жалпы құрылымында байқалады, қалыптасады және дамиды. Тәжірибе және арнаулы зерттеулер көрсеткендей, мұғалімнің өзінің педагогикалық қабілеттіліктерін мақсатты қалыптастыруы және дамытуы толықтай шындық болып табылады. Жеке тұлғаның перцептивтік қасиетінің негізгі элементі – бақылағыштық педагогикалық тәжірибені меңгеру үрдісінде, сонымен қатар педагогтің арнаулы күш-жігерінің нәтижесінде дамиды және жетіледі. Белгілі психологтар мен педагогтар Ф.Н.Гоноболин, Н.В.Кузьмина, Н.Д.Левитов, И.В.Страхов, В.А.Сластенин сонымен қатар басқа да психолог, педагог ғалымдардың зерттеулері педагогикалық қабілеттіліктердің құрылымын қарастыруға мүмкіншілік берді. Бұл зерттеулердің мәліметтерін басшылыққа ала отырып, педагогикалық қабілеттіліктердің құрылымында ерекше орын алатын бірнеше түрлеріне немесе компоненттеріне тоқталамыз (негізіне Н.Ф.Гоноболин ұсынған үлгі алынды).1шешуге оны жұмылдыру және жігерлендіру, екіншіден, өзінің жекеменшік жұмысын дұрыс ұйымдастыра білу қабілеттілігі. Өзінің ұйымдастыру жұмысын дұрыс жоспарлау іскерлігін және оны өзі Дидактикалық қабілеттіліктер – шәкірттерге оқу материалын түсінікті түрде жеткізе білу, пәнге қызығушылығын арттыру, оқушылардың өз бетімен белсенді ойын дамыту қабілеттілігі. Дидактикалық қабілеттіліктің негізіне шәкірттердің дара психологиялық ерекшелігін ескере отырып, жаңа материалды тиімді әдістерді және тәсілдерді пайдаланып түсіндіру.2 Академиялық қабілеттіліктер – белгілі ғылым саласына қабілеттіліктер (математикаға, физикаға, биологияға, әдебиетке және т.б.). Қабілетті мұғалім оқу материалын оқу курсының көлемінде ғана біліп қоймайды, одан кең және терең біледі, әр уақытта да өз ғылымы саласындағы жаңалықтарды біліп отырады. Мұғалім өте жоғары мәдениетті, эрудициясы жан-жақты болу керек. 3 Перцептивтік қабілеттіліктер – шәкірттердің ішкі жан дүниесіне бойлай білетін, шәкірттерді нәзік түсіне білумен байланысты психологиялық байқағыштық қабілетті мұғалім, тәрбиеші елеусіз белгілері бойынша сыртқы белгілерге шәкірттердің ішкі жағдайындағы сәл ғана өзгерістерді аңғарып отырады.4 Тілдік қабілеттіліктер - өз ойын және сезімін тілдің мимика және пантомимиканың көмегімен ашық та және анық білдіре білу қабілеттілігі. Бұл мұғалімдік мамандықтарына ең негізгі қабілеттіліктерінің бірі, себебі ақпаратты мұғалімнен шәкірке жеткізу негізінен екінші сигнал жүйесі арқылы, сөздік сипатта іске асады.Қабілетті мұғалімнің тілі әсерлі, бейнелі, ырғақтық жағынан мәнерлі, эмоциялық тұрғыдан көркем, сөйлеу дикциясы анық, стилистикалық, грамматикалық, фонетикалық қателіктер кездеспейді. 5 Ұйымдастырушылық қабілеттіліктер – бұл, біріншіден, оқушылар ұжымын ұйымдастыра білу қабілеттіліг, негізгі міндеттерді бақылауын қажет етеді. 6 Бедел қабілеттіліктері – балалармен қарым-қатынас жасау, шәкірттерге дұрыс қатынас жасауды таба білу ептілігі, олармен, педагогикалық тұрғыдан қажетті өзара қарым-қатынасты орнату, педагогикалық тәлімнің болу қабілеттілігі. Бедел (авторитарлық) қабілеттіліктер мұғалімнің еріктік сапаларына байланысты (тез тоқтамға келу, ұстамдылық, табандылық, талап қоя білу және т.б.), сонымен қатар, шәкірттерді оқыту мен тәрбиелеу үшін жауапкершілік сезімі, мұғалімнің сенімділігіне байланысты. 7 Коммуникативтік қабілеттіліктер – балалармен қарым-қатынас жасау, шәкірттерге дұрыс қатынас жасауды таба білу ептілігі, олармен педагогикалық тұрғыдан қажетті өзара қарым-қатынасты орнату, педагогикалық тәлімнің болу қабілеттілігі. Педагогикалық тәлімді зерттеуде ерекше үлес қосқан И.В.Страховтың айтуы бойынша, бұл жағдайда негізгісі – шәкірке әсер етудің ерекше тиімді тәсілдерін табу икемділігі, тәрбие ықпалдарын қолдануда педагогикалық тұрғыдан орынды сақтау, нақты педагогикалық міндеттерді және шәкірттің ерекшеліктері мен мүмкіншіліктерін, педагогикалық ахуалды ескеріп отырудың қажеттілігі.8 Педагогикалық қиял – бұл өз іс-әрекетінің болашақта қалай болатындығын алдын ала білудегі арнайы қабілеттілігі, шәкірттің жеке басын тәрбиелік тұрғыдан жобалау. Бұл қабілеттілік педагогикалық оптимизммен байланысты, тәрбиеге сену, адамға сену. 9 Зейінді орналастыру қабілеттілігі мұғалімнің жұмысы үшін бір уақытты әртүрлі іс-әрекет түрлерінің арасында ерекше мәні зор. Қабілетті, тәжірибелі мұғалім материалды баяндаудың мазмұны мен түрін зейін қойып қадағалап, барлық оқушылардың зейінін назарда ұстап отырады, шаршау, зейін болмау, түсінбеу белгілерін реттеп отырады, тәртіп бұзушылықтың барлық жағдайларын ескереді, ең соңында, өзінің мінез-құлқын қадағалап отырады (мимика және пантомимиканы, жүріс-тұрысты). Тәжірибесіз мұғалім кейде материалды баяндауға мән беріп, осы уақытта шәкірттерді ескермейді, оларды назардан тыс қалдырады ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНИКА – бұл мұғалімге өзін тереңірек, нақтырақ, талантты етіп көрсетуге, жұмыста ең жақсы нәтижелерге қол жеткізуге көмектесетін шеберліктер жинағы. Педагогикалық қатынас икемділігі, сөйлеудің техникасы мен мәдениеті: дауыс; тыныс алу; дауыс мәнері; дауыс ырғағының мәнері; сауаттылық және т.б. Сезім мен қатынастарды мәнерлі көрсету: ымдау; пантомимика; мұғалімнің жалпы сыртқы көрінісі; Педагогтың өзінің психикалық жағдайын кәсіби өзіндік реттеуі:өзін-өзі бақылау;шыдамдылық, т.с.с педагогикалық техниканың элементтері болып саналады. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНИКА – педагог хабарлайтын ақпаратты безендіреді десек болады. Бұлар мұғалімге қабылдаудың визуалды және аудиалды жағы арқылы тәрбиеленушілерге өзінің ойы мен сезімдерін жеткізуге көмектесетін, шығармашылық мінез бен балалармен өзара тиімді әрекет етуге мүмкіндік беретін шеберліктер.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных