Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жоғары мектеп оқытушысын даярлау үрдісі. Кәсіби оқыту процесінің мәнін атаңыз




Әлемнің алдындағы қатарлы елдерінде жоғары және жоғары оқу орныннан кейінгі білім беру жүйесінің дамуын сараптасақ онда кредиттік білім беру жүйесін мамандар даярлауға үш сатылы модульді кеңінен таратқан: бакалавриат, магистратура, Рһ – Д доктарантура. Бұл модуль АҚШ университеттерінде және Европалық көптеген елдерінде қолданылады. Бұл білім беру жүйесі қазіргі таңда академиялық ұтқырлықты және еңбек нарығының тез өзгеріп тұрған шағында мамандарға деген сұранысты қамтамасыз етеді. Осыған орай Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесі педагог кадрларын даярлау барысында олардың біліктілігін арттыру мақсатында білім беру мазмұнын реформалауда. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына (2010 жылдың 7 желтоқсанында № 1118 Президент жарлығымен бекітілді) сәйкес педагог кадрлардың біліктілігін арттыру мәселесі тез арада шешуді талап етеді. Білікті педагогтар педагог мамандығының мәртебесін көтерудің қуатты факторы болып табылады. Педагогтың мәртебесі оның интеллектуалдық, кәсіптік деңгейімен, жеке тұлғалық қасиеттерімен белгіленеді. Аталған қасиеттерді жетілдіру үшін біліктілікті арттыру жүйесінің қызметі осы бағытқа арналуы тиіс. Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін педагогтардың біліктілігін арттыру жүйесіне өзгерістер ендіру қажет.

Осы негізде жаңадан құрылған «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының миссиясы педагог кадрлардың біліктілігін жүйелі арттыру, бұл корпоративті басқару, әлемдік және қазақстандық тәжірибені тасымалдау негізінде білімнің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.

Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы бүгінгі таңда, педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесіндегі негізгі ұйым болып табылады. Орталық педагогтардың сапалық құрамын арттыруға және кәсіптік шеберлігін жетілдіруге бағытталды. Орталық өз жұмысында мына принциптерді басшылыққа алады:

1. Қоғамға бағытталуы. Біліктілікті арттыру педагогтардың бойында азаматтық, әлеуметтік және тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруға бағытталады.

2. Ғылымилық және инновациялық. Жаңа ғылыми нәтижелерді қолдануға үнемі ұмтылу, жаңа технологиялар, ғылыми білім мен ақпаратты қолдануға дайындық.

3. Үздіксіздік. Педагогтардың өмір бойы үздіксіз білім алуын қамтамасыз ету.

4. Көптүрлілік (Диверсификационность). Білім сапасын арттыруға және біліктілікті арттыру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған қызметтің жаңа түрлерін меңгеру, қызметтердің түрлерін, санын көбейту.

5. Ашықтық (транспарентность). Орталықтың жұмысы туралы ақпараттың ашықтығы және қол жетімдігі, құрылымдық тұтастық пен тұтас жүйенің айқындығы.

6. Автономия және академиялық тәуелсіздік. Басқарудың дербестік және коллегиялық сипаты мен демократиялық принциптер негізінде шешім қабылдау, әрбір адамның жеке жауапкершілігі, оқытушыларға білім беру қызметінде академиялық тәуелсіздікті қамтамасыз ету.

7. Заңға сәйкестік. Орталық өз қызметінде барлық құқықтық нормаларды сақтайды.

8. Көшбасшылық. Педагогтардың біліктілігін арттыруда көшбасшылыққа ұмтылу, басқарудың бір вертикалын және менеджменттің жаңа принциптерін енгізу.

Кәсіптік деңгейдің сапалық өсуін қамтамасыз ету үшін мына жұмыстар белгіленді:

- жаңартылған қысқамерзімді біліктілікті арттыру курстары;

- жаңа жүйе бойынша үш айлық біліктілікті арттыру курстары;

- e-learning электрондық оқытуды енгізу бойынша біліктілікті арттыру курстары;

- «Назарбаев интеллектуалдық мектептер» АҚҚ жанынан құрылған Педагогикалық шеберлік орталықтарында оқыту;

- шетелдік біліктілікті арттыру курстарында «Өрлеу» орталығының қызметкерлерін оқыту;

- қазіргі білім беруді дамытудың бағыттарына сәйкес жасалған біліктілікті арттыру курстарының мазмұнын жаңарту;

- жаңа мазмұн жасау;

- ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдануды ендіру.

 

Кадрларды даярлау жүйесін әлемде жалпы қабылданған бакалавр-магистр моделіне көшірудің негіздері қаланды. Жоғары оқу орындарына айтарлықтай академиялық еркіндік берілді. Оқытуда пайдаланылатын ғылыми зерттеулер жанданып, академиялық ұтқырлық арта түсті. Қазақстан Республикасының 19 мыңға жуық азаматы әлемнің 35 елінде оқиды. Жоғары оқу орындарындағы бір бейінді мамандықтарға даярлау жоспарлы экономикаға тән тұрақты салаларға және тұтынушыларға ғана бағдарланған. Әлеуметтік серіктестік және кадрларды атаулы даярлау, әсіресе, өңірлік деңгейде одан әрі дамытуды қажет етеді. Техникалық, аграрлық, технологиялық, ветеринарлық мамандықтар бойынша мемлекеттік тілдегі оқулықтар мен оқу құралдарының тапшылығы байқалады. Жоғары оқу орындарындағы оқулықтардың, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттердің 50 %-ы жаңартуды талап етеді. Қайта даярлау және біліктілігін арттырудан өткен мұғалімдердің саны өсіп келеді.

Ғалымдар мен мамандардың пiкiрiнше, педагогтың ақпараттық мәдениетiн дамытудың негiзгi факторы ақпараттық және компьютерлiк технологияларды қолдануға бaйланысты бiліктілiктi көтеру жүйесi болып саналады. Педагогтардың ақпараттық және коммуникациялық технологияларды оқыту процесiнде колдана бiлу мүмкіндігін дамыту Мақсатында оку курстарын ұйымдастырудың қажеттiлiгi бүгiнгi бiлiм беру жүйесiнің кезектi мәселесiнiң бiрiне айналып отыр

Жақсы мұғалім — бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамнын ең озық бөлігінін бірі деп ссептеледі. Және солай болуға тиіс, Жоғары оқу орнында білікті мұғалімді даярлау үшін оқытушының да, студенттің де қажымас еңбегі қажет. Педагогикалык практика мұғалімді кәсіби даярлау жүйесінде басты элемент болып табылады. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасынын педагог кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру саласында "педагог кадрларды даярлау бағдарламаларына оқытудың бүкіл жылдар бойы үздіксіз педагогикалық және психалогиялық-педагогикалық практиканы енгізу" қажеттігі көрсетілген.
Кейінгі уақытта бұрын қалыптасқан ережеден ауытқып, педагогикалық практика тек бітіруіні курстарда ғана өткізіліп келді. Қазіргі студенттер Қазақстан Республикасының Білім жэне ғылым министрлігінің 2001 жылы дайындалған мемлекеттік жалпы білім беру стандарты бойынша білім алып жатса, бұл стандартта педагогикалық практика 1-курстан басталады, Бір ерекшелігі, 2004 жылы дайындалған мемлекеттік стандартта да барлық практиканың түрлері сақталып, ол 1-курста басталып соңғы курста аяқталады.

Үздіксіз педагогикалық практика жүйесі келесі кезеңдерден тұрады:
1) психологиялық-педагогикалык диагностика және тәрбие жұмысының әдістемесі бойынша практика (1-курс);
2) ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі бойынша практика (2-курс);
3) бастауыш мектептегі алғаш сабақ беру практикасы (3-курс);
4) оқу-тәрбие практикасы (4-курс).

Мұғалім кадрларын кәсіби окыту жүйесінде педагогикалык, практика өте маңызды орын алады. Ол жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие үрдісінің басты бір бөлігі болып табылады да, болашақ мұғалімдердің теориялық дайындығы мен практикалық іс-әрекетін біріктіруін қамтамасыз етеді.
Педагогикалық практика үрдісінде келесі міндеттер шешімін табады:
- студенттсрді мұғалім мамандығына деген қызығушылық пен сүйіспеншіліктің тұрақтылығына тәрбиелеу;
- нақты педагогикалық міндеттерді шешу барысында психологиялық-педагогикалық және арнайы білімдерді пайдалану үрдісін терендету, бекіту;
- болашақ мұғалімдердің кәсіби іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру және дамыту: педагогикалық қызметке шығармашылық, зерттеушілік ыңғайға бейімдеу.
Педагогикалық практиканың тиімділігінің негізгі шарттары - оның кәсіби бағыты, теориялық негізділігі, оқыту және тәрбиелеу сипаты, педагогикалық практиканың мазмұнына және ұйымдастырылуына комплексті тұрғыдан қарау, жүйелілік, оны өткізудегі қажеттілік.

Педагогикалық практика кезінде студент келесі кәсіби-педагогикалық іскерлік негіздерін меңгеруі тиіс:
- оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін және ұжымның әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, нақты оқу-тәрбие міндеттерін анықтау;
- оқушылардың дамуы мен тәрбиесін диагностикалау және жобалау мақсатында оқушы тұлғасы мен ұжымды зерттеу;
- педагогикалық қызметтің ағымдағы және болашақтағы жұмыстарды жоспарлауын жүзеге асыру (пән бойынша оқу және сыныптан тыс жұмыстар, әртүрлі іс-әрекеттерде т.б.);
- оқушылардын оқу-танымдық қызметінде басқарудың әртүрлі формалары мен әдістерін пайдалана алу және білім-тәрбие міндеттерін шешу;
- балалар ұжымын алға қойған міндеттерді орындауын ұйымдастыру (өз іс-әрекеті мен оқушылар іс-әрекетінің жүйелілігін анықтау, белсенділерді анықтау, ұжым мен белсенділердің қарым-қатынасын үйлестіру, бакылауды жүзеге асыру, жұмыстың қорытындыларын шығарып, оны талдау);
- мұғалімдермен, сынып жетекшілерімен, тәрбиешілермен, ата-аналармен және тәрбис ісіне қатысы бар барлық адамдармен дұрыс қарым-қатынаста болу;
- оқу-тәрбие жұмысын бақылау және талдау;
- ата-аналар арасында педагогикалық насихат жұмыстарын жүргізу.
Қорыта айтқанда, болашақ мұғалімнің кәсіби қалыптасуында үздіксіз практиканың алатын орны ерекше. Ол педагогикалық оқу орны мен мектеп арасындағы тығыз байланыстың нәтижесінде жүзеге асырылады. Нақты жүзеге асырудың тікелей жолы - студенттер үшін "Мектеп күнін" өткізуді қайтадан қалпына келтіру (бұрын болған). Бұл педагогикалық оқу орындарының студенттері аптаның бір күнінде толығымен мектепте болып, алдына қойған міндеттерге жетудің тікелей жолы. Өйткені, қазіргі 1,2-курс студенттері практикаға сабақтан шыккан уақытта барады, бұл кезде студентгердің қандай да бір нәрсеге үйренуге деген қызығушылығы төмен болады деп ойлаймын.
Сонымен қатар, қазір белгілі болғанындай, республика мектептері 2008 жылдан 12 жылдық білім беру жүйесіне көшкелі отыр. Осы мәселені ескере отырып студентгерді 12 жылдық білім беру бойынша бағдарламалармен жұмыс жүргізіп жатқан мектептердегі экспериментальды сыныптарға практикадан өтуге жіберуді де қазірден бастап ойлағанымыз дұрыс.

 

Болашақ оқытушыларды даярлауда оқыту мен тәрбиенің дидактикалық, педагогикалық-психологиялық мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған оқыту технологияларын қолдану мынадай қажеттіліктерге алып келеді, яғни: - қоғамды ақпараттандырудың қазіргі жағдайында білімгердің кәсіби тұлғалық міндеттеріне сай келетін оқыту мен тәрбиенің мазмұнын, әдістерін және ұйымдастыру формаларын таңдау стратегиясының әдіснамасын тұрақты түрде жетілдіру; - ақпараттық технологиялардың күн санап артып отырған мүмкіндіктерін ескеретін оқыту және кәсіби даярлау әдістемесін жасау; - болашақ оқытушының интелектуалды, тұлғалық потенциялын дамытуға ӛздігінен кәсіби білімнің жетілдіру іскерліктерін қалыптастыруға бағдарланған ӛзіндік әрекеттің бірнеше түрін жүзеге асыра алатын кәсіби маман моделін жасау; - қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар мен педагогикалық құралдарды қолдануға сүйенетін оқытудың әдістемелік жүйесін жасау.

Болашақ мұғалімдердің даярлығының құрылымдық - мазмұндық моделі мынау болмақ: - кәсіби біліктілігін кӛтеруге бағыттылығы - пән бойынша инновациялық іс-әрекетке ұмтылуы -мультимедиялы технологияларды қолдануға ұмтылуы -педагогикалық іс-әрекет теориясының кәсіби біліктілік тұрғысындағы негіздерін білуі -барлық мүмкіндіктерді ескере отырып инновациялық іс-әрекеттің кӛбіне нәтижелі болғандығын сезінуі - іс-әрекетін инновациялық тұрғыда шеше алуы -мультимедиялы технологияны қолдана алуы.Ӛзінің кӛп жылғы ізденуі, оның педагогикалық міндеттерді шешу мақсатында педагогикалық процесте қолдану арқылы педагог кӛптеген фактілерді жинақтайтыны белгілі. Сол фактілерді жинақтай отырып, педагог кӛптеген жылдар бойы олардың туынау себептерін, оларды басқарып тұрған заңдылықтарды зерттейді. Соның нәтижесінде ол тәжірибе жинақтайды.

22 Жоғары мектептегі тәрбие процесінің мәні, қозғаушы күші, негізгі заңдылықтарын атаңыз Жоғары мектептегі тәрбие – ЖОО оқытушыларының, Эдвайзерларының, қызметкерлерінің студенттерде сенімдер, алынатын біліммен көзделген адамгершілік нормалар мен жалпы мәдени қасиеттер жүйесін қалыптастыруға бағытталған арнайы жұмысы. Білім беру мекемелерінде тәрбие жұмысының бағыттары: рухани-адамгершілік, қоғамдық-саяси және құқықтық, патриоттық және ұлтаралық, мәдени-эстеттикалық және этномәдениеттік, парасаттылық, ақыл-ой, ғылыми зерттеушілік,экологиялық, экономикалық, салауатты өмірсалты тұрғысында іске асырылады

Жастарды патриоттық тәрбиелеу қазіргі заманғы адамгершілік талаптарын есепке алатын, жалпы адамзаттық құндылықтар басымдылығы негізінде руханилықты қалыптастыру факторлары мен механизмдерін пайдалану арқылы тұтас, тәрбие процесі ретінде жүзеге асырылуы тиіс.
Студенттермен жүргізілетін оқу-тәрбиелік жұмыстар түрінің бірі Эдвайзерлық болып табылады. Біздің ЖОО-ның көп жылдар бойы еңбегі Эдвайзерлықты оқытушылар мен студенттер арасындағы қарым-қатынастың алмастырылмайтын және тиімді жүйесі екенін көрсетеді. Ол көптеген міндеттерді шешуге, оның ішінде студенттерге оқуда және басқа да туындайтын мәселелерде көмек беруге, жастарға өмірлік тәжірибе, білім беру және дәстүрлерді жеткізу, олардың көзқарастары мен тәрбиелеріне белгілі бір әсер етуге мүмкіндік береді. ЖОО-да студенттер, әсіресе жоғары курстарда, әр түрлі шараларды және қызметтің алуан түрлерін ұйымдастырушылар болады: қоғамдық-саяси, көркем, еңбек, спорттық, волонтерлік, туристік, экологиялық және т.б. Қызмет түрлерінің әрқайсысының өзінің мақсаты, міндеттері, мазмұны бар, олар арқылы және олардың іске асыру процесінде студенттерді – қызметке қатысушыларды тәрбиелеу жүзеге асырылады. Тәрбиелеуді ұйымдастырушы-ларға істің (қызметтің) мақсатын ғана емес, сонымен бірге тәрбиелеудің мақсатын да ұсыну қажет, олай болмағанда қызметке қатысу не тәрбиеге қатысты бейтарап процесс болуы, не болмаса маңыздылығы күтілгеннен азырақ болуы мүмкін. Тәрбие іс-әрекеті тәрбиенің заңдылықтарын есепке алған жағдайда нәтижелі болады. Сонымен тәрбиенің негізгі заңдылықтары: Тәрбиенің іс-әрекет процесінде іске асу заңдылығы. Тәрбие процесіндегі қарым-қатынастың сипатына байланыстылығы.2. Тәрбиенің тұлғаның қоғаммен, басқа адамдармен қарым-қатынасына тәулді болу заңдылығы. Қарым-қатынас жағымсыз болса, тәрбие нәтижесі де төмен болады.3. Тәрбие мен өмірдің байланысты болу заңдылығы. Өмірден алған тәжірибе ең жақсы тәрбиеші қызметін атқарады. 4.Жеке тұлғаны тәрбиелеу, педагогикалық іс-әрекеттің қатар жүру заңдылығына сай іске асырылады. Тәрбиешінің сөзі мен ісінің бірлігі. Тәрбиеленуші тәрбиешінің ақыл-кеңесін, өз тәжірибесінен тексереді. 5. Тәрбие мазмұны, тәрбиеленушінің өмір сүріп отырған тарихи кезеңіне тәуелді болады. Тәрбие мазмұнын анықтау үшін сол кезеңдегі ғылымның, мәдениеттің жетістіктерін есепке алу керек.6.Тәрбиенің мазмұны,әдістері, формасы тәрбиеленушінің жас, жыныс, және дара ерекшеліктеріне сай жүргізіледі. 7.Тәрбие тәрбиеленушінің тәрбиешіге қарым-қатынасына тәуелді. Бір біріне деген сенімділігі, тәрбиенің нәтижелілігін арттырады. 8.Тәрбие тәрбиешінің кәсіби біліктілігіне тәуелді. 9 Тәрбиенің нәтижелілігі оған қатысушылардың (тәрбиеші, сынып жетекшісі,жоғарғы оқу орнында Эдвайзер, психолог, ата-ана, оқытушылар) іс-әрекеттерін келісіп іске асыруларына да тәуелді.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных