Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Студенттің тәрбиелілік деңгейін диагностикалау картасын құрастырыңыз.




Студенттің рухани адамгершілік мәдениеті, оның жеке тұлға ретіндегі табысты түрде өз іс-әрекеттерінде іске асырылатын әлеуметтік мәні бар қасиеттер жүйесінің жетілуі және дамуынан көрінеді.

Қоғамдық-саяси және құқықтық мәдениеті студенттердің өмірге белсенді көзқарасы, идеялық саяси көзқарастары мен сенімдерін, Қазақстан Республикасының заңдары мен заңдық актілерін білуімен сипатталады. Осы мақсатта студенттермен қоғамдық өмір туралы, оның дамуы туралы, қазіргі заманның күрделі мәселелерін түсіндіру, саяси мәдениет қалыптастыруға бағытталған ісшаралар (дәрістер, әңгімелер, кештер және т.б.)жүргізілуі тиіс.

Патриоттық және ұлтаралық деңгейі Қазақстан Республикасының әрбір студенттің жалпыұлттық санасын қалыптастыру, отанға сүйіспеншілігін, мемлекеттік рәмізді, тілді құрметтеуге, толеранттыққа тәрбиелеу көзеделеді. Тұлғаны тәрбиелеу мен білімдендіруде маңызды роль атқаратын- құқықтық тәрбие мен білім. Яғни, қоғамның әрбір азаматының ҚР заңдарын білу және оны сақтауға тәрбиеленуі аса қажет.

Мәдени-эстетикалық және этномәдениеттік. Бұл бағытта жеке тұлға бойында қажетті мәдени құндылықтар ақпарат жүйелері, кітапханалар, жетекші мамандар, барлық саладағы студенттер арқылы сіңіріледі. Сондай-ақ маңызды іс-әрекетті студенттердің оқудан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастырыуы арқылы жүзеге асырылады.

Ғылыми-зерттеушілік. Алдымен студенттер теориялық білімдерін практикада қолдануға машықтанады. Оқу барысында олар ғылыми зерттеу жұмыстарын іске асырады. Оларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулу арқылы ғылыми-зерттеу мәдениетінің қалыптасуына жағдай жасалуы тиіс.

Экологиялық. Экологиялық тәрбие саласында жалпы ақпараттандыру мен студенттердің техникалық білім алуымен қатар қоршаған ортаны қорғауды басқару мен экологиялық саясатты жасау мен оған белсене қатысу саласындағы түрлі оқуларды іске асыруға баса көңіл аударылады.

Экономикалық. Экономикалық тәрбие жүйесі студенттердің екінші кезектегі жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесуі. Экономикалық білім мен тәрбие беру барысында студенттер қоғамның экономикалық саясатын, өндіріс, айырбас, бөлісу және тұтыну ауқымындағы негізгі ұғымдарды меңгерулері тиіс. Экономикалық білімдер теориясы қоғам өмірінің материалдық негізін түсіндіреді, адам және оның экономикалық қатынастарын реттейді. Ал, экономикалық тәрбиенің мақсаты-қоғам сұранысын қанағаттандыратын экономикалық сана қалыптастыру. Яғни, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы адамның шешуші ролін ұғынулары, қоғам және тұлғаның мүддесіне сай қоғамдық өндіріс пен еңбекке жаңаша қатынастарды қалыптастыруды үйренулері тиіс.

Салауаттық өмір салты. Жастардың денсаулығының кепілі де салауаттық өмір салтын ұстануларынан басталады. Қоғамда дені сау адамды тәрбиелеуде бұл тәрбиенің орны ерекше. Ол белгілі орындарда, яғни спорт алаңдарында, сауықтыру орындарында іске асырылады.

Адамгершілік тәрбиесі. Жастарды адамгершілікке тәрбиелеу дегеніміз олардың бойында болуға қажетті ізгі қасиеттерді сіңіру. Бұл ұғымға педагогикалық энциклопедияда: “Адамгершілік-мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді қалыптастыру, адамгершілік сезімдерді дамыту, моральдық сананы мақсатты бағытталған түрде қалыптастыру” немесе мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді, мінез білімдерін, моральдық қасиеттерді қалыптастыру процесі” деп анықтама берілген болса, Қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігінде: “Адамгершілік тәрбиесі-мақсатқа негізделген көзқарасты, сенімді, парасатты мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді қалыптастыруға және адамгершілік сезімді, ұлттық сананы, қарым-қатынасты дамытуға, жалпы адамзаттық тәрбиенің құрамдас бөлігі”-деген анықтама беріледі. Яғни адамгершілік тәрбиесі тәлім-тәрбиенің ықпалды әсерімен моральдық сананы қалыптастырудың этикалық білімділікті, адамгершілік сезімді дамытудың сара жолы болады деген қортынды жасауға болады

Имандылық тәрбиесі. Имандылық тәрбиесi бүгiнгi таңда қоғам қажеттiлiгiнен туындап, өзектi мәселелердiң құрамына енуде. Бұл ұғым көпшiлiк түсiнiгiнде дiни ұғыммен суреттеледi. Бiрақ имандылық ұғымы таза дiни ұғымды бiлдiрмейдi. Тұрмыстық өмiрде иманжүздi, иманды т.б. ұғымдар пайдаланылған және әлi де пайдалануда. Ендi жеке-жеке талдап көрсек иманжүздi деп, бойында адамгершiлiк қасиеттер, кеңпейiлдiлiк, жанашырлық, инабаттылық, iзеттiлiк т.б. да қасиеттерi бар адамдарды жатқызсақ, иманды адам деп те осы қасиеттердi бойына сiңiрген және оны сенiммен ұштастыра бiлетiн адамдар тобы жатқызылады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных