ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Зерттеу тақырыбының ғылыми аппаратының құрылысын талдаңызМаманның зерттеушілік мәдениеті» немесе «когнитивті құзіреттілік» ұғымын Сіз қалай түсінесіз? Сізде магистрант ретінде қандай ғылыми мәдениеттің құрауыштары қалыптасқан, қалай ойлайсыз? Құзіреттілік - белгілі бір кәсіптік сферада жұмысты толықтай жүргізу үшін индевидте білімнің, біліктіліктің, іскерліктің және әртүрлі кәсіптік ситуацияларды шеше білу қабілетінің болуы деп қарастырылатын тұлғаның қасиеті болып табылады. Егер болашақ пелагогтың құзіреттілігінің қалыптасуына келетін болсақ, онда білімділік, біліктілік, іскерлік, қабілеттілік, яғни маманның дайындығы қарастырылады. Кейбір ғалымдар құзыреттілікті адамның әр уақытта еңбекке деген кәсіптік көзқарасын,, тұлғаның ортамен қарым-қатынасындағы құндылығын, жеке және шығармашылық біліктілігінің өркендеуін көрсететін ғылыми және кәсіптік жүйе деп қарастырады. Бұл қасиеттер жаңа қоғамдық қарым-қатынастарды болдыратын жаңа идеялардың, құбылыстардың, мәдениет объектілерінің пайда болуына әкелетін педагогикалық ситуацияларды тудыру үшін қолданылады. Төменде жоғары мектеп оқытушысының құзыреттілігінің негізгі аспектілері келтірілген: - Басқару аспектісі (оқытушының студенттермен оқу үрдіс қарым-қатынасын қалай басқаруы, жоспарлауы, анализдеуі, ұйымдастыруы, қадағалауы) - Психологиялық аспект (оқытушы тұлғасының студенттерге қалай әсер ететіндігі және студенттердің жеке қабілетін оқытушының қалай ескеретіндігі) - Педагогикалық аспект (қандай жүйе эәне әдістер қөмегімен оқытушының оқу үрдісін жүргізуі. Қорытындылай келе жоғары мектеп оқытушысының кәсіптік құзыреттілігі- педагогикалық және тәрбиелік жұмыстарды дұрыс жүргізе алу үшін керек біліми, ғылыми және тәжірибелік біліктілктің жиынтығы.
56. Жоғары мектеп оқытушысының моделін құрастырыңыз Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекеттер қатарына қосылғаннан бері қоғамды ақпараттандырудан туындаған өзгерістер оның барлық салаларымен қатар мұғалімдік кәсіби – іс-әрекет деңгейіне, өндіріс пен әлеуметтік саладағы ғылымдардың жетістіктеріне және прогрессивті технологияны енгізу мерзімінің қысқартылуына қойылытатын талаптар күшеюде. Елбасының 2010 жылғы жолдауындағы: «Жоғары білім саласы ең жоғары халықаралық талаптарға жауап беруі тиіс. Елдегі ЖОО-лар әлемінің жетекші университеттерінің рейтингіне енуге ұмтылулары керек. 2015 жылға қарай Ұлттық инновациялық жүйе толыққанды жұмыс істеп, 2020 жылға қарай елде енгізілетін талдаулар, патенттер мен дайын технологиялар түрінде өз нәтежелерін беруге тиіс»- деген сөзі дәлел болады. Осы бағытта жасалып жатқан іс-шаралардың бірі –Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етіп отырған 2010 жылы, еуропалық жоғары білім беру аймағына енуді көздейтін Болон процесіне қосылу туралы шешімнің қабылдануы да айырықша мәнді шара. Бұл оқиғаны білім беру жүйесінде көрініс алған елеулі тарихи оқиға десе болады.
57. Жоғары оқу орындарындағы тәрбие жұмысының негізгі бағыттарын баяндаңыз. ЖОО да тәрбиелік іс шараға мысал келтіріңіз Патриоттық тәрбиенің не екенін және студенттер жеке тұлғасының патриоттық қасиеттерінің қалай қалыптасатынын анықтау үшін ЖОО-дағы тәрбие жұмысының жалпы ұғымдарын қарастыру қажет. Тәрбиелеу қоғамдық құбылыс ретінде – өскелең ұрпақтың қоғамның өміріне, тұрмысқа, қоғамдық-өндірістік қызметке және адамдар арасындағы қатынастарға енуінің, кіруінің күрделі және қарама-қайшы әлеуметтік-тарихи процесі. Ол қоғамдық прогресті және ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етеді. Жоғары мектептегі тәрбие – ЖОО оқытушыларының, кураторларының, қызметкерлерінің студенттерде сенімдер, алынатын біліммен көзделген адамгершілік нормалар мен жалпы мәдени қасиеттер жүйесін қалыптастыруға бағытталған арнайы жұмысы. Тәрбиелеу процесі мақсатты кешенге сәйкес жүзеге асырылады (1-сурет), бірақ құрама бөліктердің жай ғана қосындысы болып табылмайды, олар өзара байланысқан, ЖОО тіршілік әрекетінде ширатылады, өзара әрекеттеседі, көбінесе бір-бірін толықтырады. Кураторлардың тәрбиелеу жұмысының негізгі бағыттары: азаматтық-құқықтық, мәдени-адамгершілік, гуманитарлық-эстетикалық, экологиялық, дене тәрбиесі болып табылады. Берілген әдістемелік нұсқауларда Қазақстан азаматының қасиеттерін қалыптастыру негізі ретінде студенттерді патриоттық тәрбиелеуге негізгі көңіл бөлінген. Патриоттық тәрбиелеу процесін басқару оның нәтижелілігін сипаттайтын кері байланыссыз мүмкін емес. Бұл функцияны орындауға тәрбиелеудегі бақылау, өзін-өзін бақылау және өзін-өзі бағалау әдістері көмектеседі. Бақылау әдісі студенттер қызметі мен іс-әрекетінің барысын немесе нәтижелерін, олардың тапсырмалар мен міндеттерді орындауын тексеру мақсатында пайдаланылады. Берілген әдіс әңгімелесу, бақылау, жиналыста есеп беру, еске салу, қызметін бағалап жазбаша бұйрық беру, тестілеу түрінде берілуі мүмкін. Негізгі бақылау түрлеріне мыналар жатады: студенттерді педагогикалық бақылау; патриоттық қасиеттердің тәрбиеленгендігін айқындауға бағытталған әңгімелесу; сұрақ-жауаптар (сауалнама, ауызша және т.б.); қоғамдық пайдалы қызмет нәтижелерін талдау; тәрбиеленушілердің патриоттық тәртібін зерделеу үшін жағдайлар жасау. Өзін-өзі бақылау әдісін студент өзінің дамуын мен тәрбиесін ынталандыру немесе тексеру үшін өз-өзіне қолданады. Оны білдіру түрлері: ойлау, өз-өзін бақылау, өз-өзіне бұйрық беру, рефлексия, тестілеу. Студенттердің тәрбиеленгендігі көрсеткіштері туралы олардың қызметтің барлық негізгі түрлеріне (Республика күніне, Конституция күніне, Жеңіс күніне арналған іс-шараларды, дөңгелек үстелдерді, диспуттарды және т.б. ұйымдастыруға) қатысу дәрежесі және осы қатысудың нәтижелілігі бойынша айтуға болады. Тәрбие – қоғам дамуының маңызды стратегиялық ресурсы. Қазақстанда азаматтық қоғам қалыптасуы жағдайларында тәрбиенің басты мақсаты жеке тұлғаны кәсіптік және әлеуметтік білікті, өзгеріп жатқан әлем жағдайларында шығармашылық пен өзін-өзі анықтауға қабілетті, азаматтылық пен патриотизмнің, жауапкершілік пен жаңаны құруға ұмтылыстың дамыған сезімдерін иеленген түрде қалыптастыру болады. Білім беру қызметі жүйесіндегі тәрбие міндеттерін шешудің басымдылығы Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларында айқын белгіленген. ҚарМТУ үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға, әлеуметтік, этикалық, мәдени, экологиялық аспектілерді есепке алып қоғамның проблемаларын ұғынуға, қоюға және шешуге қабілетті азаматты тәрбиелеуге, толерантты, адамгершілік жауапты, ұжымда оңай бейімделетін, бәсекелестік жағдайларында еңбек етуге әзір және өзінің туған білім ордасымен байланысты үзбейтін болуына барынша мүмкіндік туғызады. Студентті шығармашылық, жан-жақты дамыған жеке тұлға, өмірлік ұстанымы белсенді азамат және қазіргі заманғы кәсіби шебер-маман ретінде қалыптастырудың маңызды шарты университеттің корпоративті мәдениетіне негізгі түрде қосылған тәрбиелеу жұмысының жүйесі болып табылады. Студент жастар тәрбиесі білім беру процесінің ажыратылмас бөлігі, осыдан, ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес әрбір оқытушының, куратордың және ЖОО қызметкерінің кәсіби міндеті болып табылады. Патриоттық тәрбиелеудегі рольдік ойын – тәрбиелеу процесінің тиімді маңызды нысандарының бірі, ол практикалық тәжірибені және өмірлік құнды патриоттық мақсаттарды дамытады.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|