Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Мәселелік оқытуды ұйымдастыру. Мәселелік сұрақтар құрастырыңыз




Мәселелік оқыту технологиясының негізгі мақсаты –оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту.
Мәселелік оқыту технологиясының ерекшеліктері мынандай:
- оқушының белсенділігін арттыру;
- оқу материалдарында баланы қызықтыратындай құпиясы бар мәселе туғызу;
-оқушы материалды сезім мүшелері арқылы ғана қабылдап қоймайды,білімге деген қажеттілін қанағаттандыру мақсатын да меңгереді.Проблемалық оқыту кезінде мұғалім ізденіс жұмыстарын ұйымдастырады, оның барысында оқушылар жаңа білім, іскерліктерді меңгеріп, жалпы қабілетін, зерттеу белсенділігін дамытады, шығармашылыққа үйренеді, оқу мен оқыту сипаты өзгереді. Оқушылар шағын зерттеу және шығармашылық-тәжірибелік жұмыстар мен айналысады. "Зерттеу" арқылыжаңабілімдер - факті, заңдылықтар, ұғымдар, принциптер, теориялар, («режелер, алгоритмдер қалыптасады.
Проблемалық оқыту процесі мынадай:
• Проблемалық жағдай жасау және мәселе қою.
• Мәселені шешу жолдарын - гипотезаларды ұсыну.
• Таңдап алған гипотезаның дұрыстығын жаратылыс-математика бағытындағы пәндерде тәжірибе арқьшы гуманитарлық пәндердегі ережелердің дұрыстығын түпдеректер арқылы тексеру.
• Нәтижелерді қорыту: жаңа білім, іскерліктерді оқушылардың бұрынғы білім, іскерліктеріне қосу, оларды теория меп тәжірибе арқылы бекіту.
Мұғалім әр кезеңде басшы, оқуды ұйымдастырушы. Оқушылардың белсенділігі материалдық күрделілігіне, оқушылардың дайындықтары мен деңгейлеріне, жабдықтарға байланысты.
Мәселелі оқыту, меңгеру үшін мұғалім мәселелік жағдаят, мәселе, мәселелік міндет (тапсырма), гипотеза сияңты ұғымдарды жақсы білу керек. Мәселелік оқытудық маңызды кезеңі мәселелік жағдаят. Мысалы 1-сыныпта математиканың жаңя ережесін меңгеруді алып қарайық. Оқушыларға 2+6=? дегеп мысал беріледі. Қосу мен алу тәсілдерін білгендіктен, олар мұны қиналмай шығарады: 2+6 =8.
Оқушылардың бұрын оқып үйренген амал тәсілдерін ойдағыдай қолданатынына көз жеткізген соң, мүғапім енді басқа мысал береді: х+6 =9. Бірінші сынып оқушылары мұндай есепті шығарудың тәсілдерін әлі білмейді, сондықтан олар мұны бірдеи шығара алмайды. (Мәселелі жағдаят жасалды).
Мәселелік жағдаятқа енгізілетін оқу проблемалары қиын да, бірақ оқушылар шеше алатындай болу керек.
мысалы мәселелі сұрақтарды студентерге қоюға болады:

Қолайсыз сыртқы орта жағдайларда өнімді ауыл шаруашылық өсімдіктер түрін таңдап өсіру. Су тапшылыққа ұшыраған ауданға бірнеше ауыл шаруашылық өсімдіктердің дәндерін әкелген. Оның ішінде бидай, жүгері, арпа болған.

Тапсырма:

1.Қандай өсімдікті таңдау қажет, және қандай көрсеткіштерді есептеп, өсімдіктің өнімділігін білуге қажет. Жауапты негіздеңіз.

2. Мысал ретінде осы үш түрлі өсімдікке өнімділігін сипаттайтын көрсеткіштерін есептеңіз.

Мәселелік міндет ұғымының педагогикалық әдебиетте екі түрлі мәні бар. Біріншісі - оқушыдан танымдық іс-әрекетті талап ететін кез келген тапсырма, екіншісі - кез келген міндет емес, оқушыларды өздері үшін жаңа білімдер алуға ықпал жасайтын міндеттер.
Гипотеза жорамал - ғылыми қиял формаларының бірі. Кез келген жорамал емес, әдетте дәлелденген жорамал ғана гипотеза болып санала алады. Гипотеза - проблеманы шешу тәсілі. Мысалы, бірінші мысалдағы есепті шығару үшін оқушылар жорамалдар ұсынады, яғни проблеманы шешу тәсілдерін іздейді, оны өздері табуға тырысады.
Дидактикада мәселелік оқыту көптеген түрлері жасалды: іскерлік ойындар, процестерді моделдеу (компьютер арқылы модельдеу) нақты жағдайларды талдау әдісі, ой майданы, эвристикалық әңгіме және басқалары.
Мәселелік оқытудық жақсы жақтары: өзіндік шығармашылық іс-әрекет арқылы өз бетімен білім алу, оқу еңбегіне деген қызығушылықтың жоғарылығы, өнімді ойдық дамуы, оқытудың берік және пәрменді нәтижелері.
Кемшіліктері: оқушылардың танымдық іс-әрекетінің әлсіз басқарылуы, жобаланған мақсатқа жету үшін өте көп уақыттың кетуі. Сондықтан оны дидактикалық мақсаттарға сөйкес, басқа оқыту түрлерімен ұштастыруа қолдану керек

Мәселелі оқытудың қасиеті: 1. Балалардың өздігінен жұмыс істеуінің жоғарылығы;

2. Балалардың танымдылық қызығушылығын немесе жеке басын қалыптастыру.

Мәселелі оқыту бірнеше кезеңдерді қамтиды:

1) жалпы мәселелі жағдайды ұғыну;

2) оның талдауы, нақтылы мәселелердің тұжырымдамасы;

3) мәселені шешу (ұсыну, гипотезді дәлелдеу, оларды тізбекті тексеру).

Психикалық процестерді дамыту үшін балалардың танымдылық қызметін (сезім, қабылдау, еске сақтау, қиял, ойлау, сондай – ақ тілін дамыту) қалай ұйымдастыру керек?

Кредиттік оқыту технологиясы бойынша педагогикалық бақылауды ұйымдастыру технологиясын бейнелеңіз: тақырып бойынша бақылау сұрақтары, тестер, емтихан және сынақ сұрақтары, аралық бақылау және т.б

60 Жоғары мектепте сабақта іскерлік ойын өткізу тәртібін сипаттаңыз.

Іскерлік ойынды дайындау куратордан мұқияттылық пен жинақталған-дықты талап етеді. Егер ойынның міндетін оның өзі құрастырса, онда оның тәрбиелік мақсаттарын ойластыру тиіс. Егер ойын үшін дайын міндетті алса, ол өзінің іскерлік ойындарды жүргізу тәжірибесін және сол кездері болған күрделі эпизодтарды еске алып, оның мәнін ойыншы тарапынан да, жүргізуші тарапынан да түсінуге міндетті.

Ойын сипатталуы тиіс – бұл міндетті шарт. Ойынның шарттары мен мақсаттарын «дауыстап» беруге болады. Сипаттама даналары барлығы үшін жеткілікті болуы тиіс. Шрифт ұсақ болмауы тиіс.

Ойын ережелерін барлығы білетінінен, бірақ олардың бірдемесін ұмытып қалғанынан немесе дәл есінде сақтамағанынан бастаған мақсатқа сәйкес болады. Сондықтан іскерлік ойынға қатысушыларға іскерлік міндетті шешудің аса «тиянақсыз» сұрақтарын (түйіндерін) регламенттейтін құжаттардан үзінділер бар материалды тарату өте пайдалы болады. Бұл Конституциядан, заңдардан, нұсқаулардан, қаулылардан, жарлықтардан және т.с.с. үзінділер болуы мүмкін. Қатысушылардың таратылған материалдың барлығын өздерімен бірге алып кетуге рұқсат етуі дұрыс болады.

Іскерлік ойынды өткізу кезінде міндеттің мазмұнына байланысты калькуляторлар, оқу тақтасы немесе сұлбалар мен формулаларды бейнелеуге арналған ватман, анықтамалықтар, заңдар мен нормативтік актілер мәтіндері қажет болуы мүмкін.

Іскерлік ойынды екі куратор-педагогтың күшімен өткізгені дұрыс болады. Ойынның кейбір сәттері әр түрлі функцияларды бір мезгілде орындауға, мысалы, келесі ойындық бұрылысты ойлап табуға және топты «ойындық тонуста» ұстап тұруға мәжбүр етуі мүмкін. Бірақ екі оқытушыға мұндай жағдайларсыз да, әсіресе командалардың жұмысын бақылағанда жұмыс жетеді.

 

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных