Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР




Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ) - бұл студенттердің өз бетінше дербес жасаған жұмысы. СӨЖ тақырыптары, тапсырмалары, оларды жүргізу нысандары, сағаттар көлемі көрсетілген оның жалпы сипаттамасын «Қаржылық талдау» пәнінен силлабус қамтиды. СӨЖ дайындалған материалдарды (сұрақтарды, тәжірибелік тапсырмаларды) қамтиды.

СӨЖ функциялары: дайындық және есептік.

Дайындық функциясы аудиториядан тыс уақытта студенттермен алған тапсырмаларды орындауға бағытталады: дәрісті оқу, қосымша әдебиетті оқу, жағдайды шешу, есептер, тесттерді орындау, конспектілеу, баяндамалар жасау және т.с.с.

СӨЖ есептік функциясы орындалған тапсырмаларды студентпен өткізуді білдіреді: ауызша сұрау, жұмысты жазбаша рәсімдеу, сызба, кроссвордтарды құру, тесттерді орындау, баяндамаларды баяндау және т.с.с. Берілген функция ағымдық, аралық есеп және қорытынды бақылау барысында студенттердің білімін бағалау жүзеге асырады.

Әдістемелік нұсқаулардың мақсаты - студенттерне ғылыми ұйымдастырылған жүйеде статистикалық зерттеу әдістерін қолдану арқылы әлеуметтік экономикалық құбылыстары мен процестерінің сандық өзгерістерін, сапалық жағымен байланыстыра отырып, зерттеу жұмыстарын қалай жүргізу керек екендігін үйрету. Әдістемелік нұсқаулардың міндеті - бұл студенттерге оқу материалын тереңдетуде және бекітуде көмек көрсету.

Бұл пәнді зерттеу пәннің силлабусымен танысудан басталады. Студент мұқият бағдарламаның мазмұнымен, ұсынылған әдебиетпен танысуы тиіс. Әдебиетті таңдау студентпен дербес жүргізіледі, ол мұнда ынталық танытып, библиографикалық анықтаманы және басқа көздерімен пайдалануды үйретеді. Жаңа тақырыпты зерттеу алдында студентке, дәріс сабақтарында оны оқуға уақыт кетірмес үшін, онымен танысқан жөн. Дәріс беруші әрбір жаңа тақырып бойынша негізгі сәттерді ғана беретіндіктен, студентке өз білімін дербес зерттеу арқылы тереңдетуі керек.

СӨЖ пән бойынша силлабуста ұсынылған тапсырмалар тізімі бойынша әзірленеді. СОӨЖ және СӨЖ тапсырмалары өз уақытылы орындалуы керек және тексеру үшін ұсынылады. Студент білімін бағалау критерийлермен, курс саясатымен және білімін бағалау шкаласымен мұқият танысуы керек.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных