Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ПӘНДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР. Пәнді зерттеу пән бойынша силлабуспен танысудан бастайды




Пәнді зерттеу пән бойынша силлабуспен танысудан бастайды. Студент бағдарламаның мазмұнымен, ұсынылатын әдебиетпен мұқият танысуы тиіс. Әдебиетті таңдау магистрантпен өз бетінше жүргізіледі, бұл жерде студент ықылас танытып, каталогпен, библиографиялық анықтамалар мен бөгде көздермен пайдалана білуі тиіс. Жаңа тақырыпты зерттеу алдында студент дәріс уақытында оны оқуға уақыт кетірмес үшін танысқаны абзал. Себебі дәріс беруші әрбір жаңа тақырыпта зерттелуші тақырып бойынша негізгі сәттерін береді, сондықтан студентке өз білімін өз бетінше тереңдетуі керек.

Семинарлық және тәжірибелік сабақтарды дайындалу мен жүргізу үрдісінде студенттер алдын ала алған теориялық білімін бекітеді, олардың тәжірибелік пайдалану дағдыларына, оқу жұмысын оңтайлы ұйымдастыру тәжірибесіне иеленеді, бақылау жұмысын орындауға дайындалады. Маңызды міндет ретінде студенттермен мемлекет экономикасы жағдайын сипатаушы жалпылама көрсеткіштерін алу мен талдау теориясы мен тәжірибесі сұрақтары бойынша өз ойын дербес жеке мазмұндай алу дағдыларын дамыту саналады.

Себебі студенттердің семинарларда белсенділігі курсты игерудегі оның алға басуын ішкі семестрлік бақылау зерзаты саналады, осындай сабақтарға дайындық студенттен жауапты қатынасты талап етеді. Тәжірибелік сабақтарды орындау мен баяндамалар үшін жеке дәптер арнаған жөн, оның сапасын оқытушы басқа ауызша орындаған жұмыстарымен қатар бағалайды.

Әрбір сабаққа бөлінген уақыт оқыту нысанына байланысты. Сабаққа дайындалар алдында студенттер ең алдымен дәріс материалдары мен сәйкес әдеби көздерін пайдалануы тиіс.

Әрбір сабаққа дайындық сапасының өзін өзі бақылауын студенттер сәйкес тақырып бойынша өзін өзі тексеру үшін сұрақтарға жауап бере отырып, жүзеге асырады.

Семинарлар мен тәжірибелік сабақтар жүргізу үшін қажетті техникалық құралдар занятий – калькулятор.

Тәжірибелік сабақтар жоспары:

1. Оқытушымен сабақ тақырыбын, оның мақсаты мен міндеттерін мазмұндау.

2. Студенттердің баяндамаларын әрбір сұрақ бойынша талқылау. Оқытушының түйіні.

3. Есептерді шығару (егер сабақ жоспарымен қарастырылған болса).

4. Оқытушымен сабақ жалпы қорытындысын жасау және үйге тапсырма беру.

Кіріс бақылау оқытушымен студенттердің сәйкес тақырып бойынша сабақтарын тексеру мен өзектелуі арқылы жүзеге асырылады.

Шығыс бақылау оқытушымен семинарлық сабақ тақырыбының ашылу толықтығы мен сапасын, шығарылған есептер дұрыстығын тексеру арқылы жүзеге асырылады.

Үй тапсырмасын көп жағдайда есептеулерді аяқтауды, есептер шешімдерінің дұрыстығын тексеруді, есепті рәсімдеуді қамтиды.

Пәнді келесі ережелерді жетекшілікке ала отырып, зерттеу ұсынылады:

1) дәріс материалын игеру;

2) тақырып соңында берілген өзін өзін тексеруге арналған сұрақтарғ жауап бру;

3) негізгі және қосымша әдебиетті игеру;

4) семинар тақырыптарына ізденіс сұрақтарына жауаптарға белсенді қатысу;

5) семинар сақбақтарында типтік есептерді ұғынып, шығару;

6) ұқсас сптерді шығару (СОӨЖ және СӨЖ);

7) тақырып бойынша тест сұрақтарына жауап беру.

Белсенді таратпа материалдар (БТМ) тақырыпты творчествалық игеруге студенттің мотивациясын көтеру үшін сабақта таратылатын көрнекі иллюстрациялық материалдар (дәріс тезистері, сілтемелер, мысалдар, глоссарий, өзіндік жұмыс тапсырмалары).

Демонстрация (лат. demonstratio көрсету) әр түрлі көрнекі құралдарды бүкіл топқа көрсету үшін әдістемелік тәсіл. Демонстрациялау объектісіне демонстрациялау сипатындағы көрнекі құралдар, оқытушы жүргізетін сынақтар, белгілі бір қызметтің орындалу жүрісі және т.б.

Дискуссия (nam.discussio қарастыру, зерттеу) 1) топта шешімдерді қабылдау процесін интенсификациялау мақсатында бірлескен қызметтің ұйымдастыру әдісі; 2) ақиқатты ұжымдық ізденуге студенттерді белсенді тарту арқылы оқу процесінің тиімділігін және интенсивтілігін жоғарылатуға үйрететін әдіс; 3) мәселені қарастыру процесі, оны ұжымдық зерттеу тәсілі; оны шешу тәсілдері.

Тренинг – бұл өін өзі тану дағдыларын қалыптастырудың топтық әістерінің жиынтығы. Оның негізгі құралдары ретінде топтық дискуссия мен олардың әр түрлі модификациясы мен үйлесімінде ролдік ойындар. Тренингтер жеке тұлғаның жалпы коммуникативті дайындығын қалыптастыру мен жетілдіру мақсатында пайдаланылады.

СӨЖ пәннің силлабусында көрсетілген тапсырмалардың тізімі бойынша дайындалады. СОӨЖ және СӨЖ тапсырмалары өз уақытылы орындалуы тиісті және тексеру үшін ұсынылуы тиіс.

СОӨЖ – бұл студент пен оқытушының біріккен аудиторлық жұмысы. СОӨЖ тақырыптары, тапсырмалары, жүргізу нысанығ сағат көлемі көрсетілген жалпы сипаттамасы берілген пәннің силлабусында мазмұндалады. СОӨЖ дайындалған материалдар (тесттер, тәжірибелік тапсырмалар) бар, олар қандай-да бір сұрақтарды бөлшектеуге, оларды ұлғайтуға, белгілі бір жағдайларды талдау дағдыларын дамытуға, есептер шығаруға мүмкіндік береді.

СОӨЖ бақылаушы функциясы студенттердің ағымдық, рубеждік және қорытынды есебін жәнебілімін бағалау барысында жүзеге асырылады. СОӨЖ барысында бақылау жұмыстарын орындауға тапсырмалар беріледі, кеңестер беріледі және баға (ағымдық және рейтингтік бақылау) беріледі. СОӨЖ студенттердің оқулықпен және бастапқы қайнар көздермен жұмысын, қойылған міндетке сәйкес жеке дербес талдау қызметін жорамалдайды. «Статистика» пәнінен СОӨЖ бүкіл академиялық кезең бойы күні, уақыты мен дәрісханасы көрсетілген сабақ кестесіне сәйкес жүргізіледі.

СОӨЖ шеңберінде сабақтар кеңестік сипатқа ие. СОӨЖ сабақтарында төмен ағымдық рейтингке ие, қосымша кеңес алығысы келетін, пән бойынша тапсырмаларды орындау бойынша қиындықтарға душар болған студенттер тыңдалады.

Бақылау түрлері мен нысандары: ауызша нысаны – дербес жұмыс нәтижелері хабардар ету түрінде, жеке сұхбаттасу, баяндама жасау, коллоквиум түрінде жүзеге асырылады; жазбаша нысаны - дербес жұмыс нәтижелері бақылау жұмысы, конспект, реферат, баяндама, тесттер түрінде жүзеге асырылады.

Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру мақсаты ретінде саналады:

- қазіргі заманда зерттелуші тақырып бойынша статистикалық материалдарды жинақтау мен өңдеумен өз бетінше айналысу дағдыларын баулу;

- статистикалық зерттеулерді жүргізу әдістемесін иегру;

- қажетті ақпаратты табу, талдау, өңдеу мен жалпылау дағдылары мен шеберлігін баулу.СӨЖ сағаттар саны мамандықтың оқу жоспарымен анықталады.

Тапсырмаларды беру, тексеру, қорғау алдын ала анықталған мерзімдерде студенттердің білімін бақылау кестесіне сәйкес жүргізіледі.

СӨЖ курстың бірнеше тақырыптарды қамтитын модульдері бойынша жүргізіледі.

Әрбір сабақ студенттерде өзіндік жұмыстың белгілі бір дағдыларды мен шеберлігін дамытуы тиіс.

«Статистика» курсын зерттеу барысында СӨЖ келесі түрлерін орындауды жорамалдайды:

Есептер шығару. Әрбір студент оқытушыдан дербес тапсырма алып, оны жазбаша түрде орындауы тиісті.

Рефератар мен баяндамалар студенттермен таңдауы (әрбір модулден бір рефераттан) бойынша дайындалады. Студенттердің тобымен де орындалуы мүмкін, мұнда әрбір студентпен бір-бір бөлімнен бөлініп алынып, дайындалады. Реферат сұрақ мәнін ашуы тиісті, максималды түрде ақпаратталған болуы тиісті және өзінің жеке қорытындыларын мазмұндауы керек.

Материалдарды ауызша мазмұндау (presentation). Студент берілген тақырыпқа материалды өзін өзі дайындау сұрақтарына сәйкес мазмұндайды. Presentation уақыты- 10-15 минут. Келесі критерийлер бойынша бағаланады – тақырып қаншалықты ашылған және отырған халықтың қызығушылығын қаншалықты (талықлау) тудырды, қаншалықты әдебиет пайдаланылды, әсіресе қосымша әдебиет.

Жазбаша жұмыстар (конспектілер, эссе) әрбір модуль соңында жүргізіледі. Олар пайдаланылған әдебиетті қамтуы тиісті. Жазбаша жұмыс 1-2 бетке қысқаша мазмұндалуы тиіс, эссе максимум 2 бет және қарастырылатын сұрақтың толық қамтылған ақпаратты мазмұндауы тиісті.

Тесттер әрбір модуль соңында жүргізіледі, сонымен қатар оқытушы ескертпей-ақ кез келген тақырыпқа бес минуттық тестілеу жүргізуі мүмкін.

Жеке тақырыптар бойынша жобаны өңдеу бір студентпен немесе студенттердің тобымен орындалуы мүмкін.

Барлық тапсырмалар өз уақытылы орындалуы керек. Кешігіп орындалған тапсырмалар автоматты түрде төмен бағаланады (әрбір кешіккен күн үшін 0,5 балдан әрбір тапсырмадан алынады).

Курсты игеру соңында студенттер статистикалық зерттеудің теория мен әдіснамасын игеру тиісті, талдау жасау мен қорытынды жасай білуі тиіс, алынған білімін статистикалық зерттеулер жүргізу барысында пайдалану алу, сонымен қоса өз бетінше бақылаудың әр түрлі бағдарламаларын өңдей алуы тиісті және оларды қазіргі заманда іске асыруға қабілетті болуы тиісті.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных