Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ТАҚЫРЫП 9 – Капиталды қалыптастыру мен орналастыруды талдау




Мақсаты: Кәсіпорынның капиталды қалыптастыру көздерінің динамикасы мен құрамын және орналастыруды талдау, дебиторлық қарыздардың жағдайын, қолда бар ақшаның қозғалысы мен жағдайын талдау.

Мазмұны

1. Кәсіпорынның капиталды қалыптастыру көздерінің динамикасы мен құрамын талдау

2. Кәсіпорын капиталын орналастыруды талдау

3. Дебиторлық қарыздардың жағдайын талдау

4. Қолда бар ақшаның қозғалысы мен жағдайын талдау

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: айналым капиталы, айнлаым қорлары, ақша қаражаты, дебиторлық қарыз, тауарлы-материалдық запастар, аяқталмаған өндіріс, қысқамерзімді инвестициялар, дайын өнім, қарыздық капитал, меншікті капитал, кірістірілген капитал және т.б.

1.Айналым қорлары – бұл кәсіпорынның ағымдық активтерге салынған капитал бөлігі. Материалдық заттай белгісі бойынша айналым құралдарының құрамына: еңбек заттары (шикізат, материалдар, жанар май, отын, т.б.), кіәсіпорынның қоймасындағы дайын өнім, сату үшін тауарлар, ақшалай қаржы мен есептесудегі қаржылар кіреді.

Айналым қорларының сипаттас ерекшелігі ретінде олардың айналымының жоғарғы жылдамдығы есептеледі.

Айналым қорларын талдау міндеттеріне:

1) Айналым қорларының құрамы мен құрылымының өзгеруін талдау;

2) Айналым қорларының құралу көздерін анықтау;

3) Айналым қорларының тиімді пайдалану көрсеткіштерін анықтау

Айналым қорларының айналымы келесі тізбектік сызба бойынша жүргізіледі:

 

Сатып алу өндіріс өткізу

Ақша Тауар (ресурстар) Өнім, тауар Ақша

 

яғни капитал айналымы 3 кезеңді қамтиды: сатып алу; өндіріс; өткізу, сату.

Ақшалай қаржылар айналымы жасадатын уақыт мерзімі өндірістік – коммерциялық цикл ұзақтығы деп аталады. Айналым капиталы бір бөлігі өндірісте (запастар, аяқталмаған өндіріс, болашақ кезең шығындары) және екінші бөлігі айналымда (дайын өнім, есептегі қаржылар, қысқа мерзімді қаржылық бөлулер, кассадағы ақша т.б.) айналады.

Кәсіпорынның қаржыларын орналастырудың қаржылық қызметте және оның тиімділігін жоғарылатуда үлкен маңызы бар. Негізгі және айналым қорларына салынған қаржылардан, ақшалай және материалдық формада болуына, олардың қатынасы қаншалықты оптималды екеніне, өндірісте және айналымда болуын кәсіпорынның қаржылық жағдайы байланысты. Егер кәсіпорынның шикізаты, материалдары болмауынан өндірістік қуаттары толық пйдаланылмаса, онда кәсіпорынның қаржылық нәтижелері төмендейді. Сондай – ақ, егер артық өндірістік запастар болса да осындай жағдай туады. Нәтижесінде капитал тұрып қалады, олардың айналымдылығы баяулайды, қаржылық жағдайы нашарлайды. Жақсы қаржылық нәтижелер барысында, рентабельділіктің жоғарғы деңгейі барысында да, егер ол өзінің қаржылық ресурстарын тиімсіз пайдаланса, яғни өндірістік запастардың номативтен жоғары мөлшеріне бөлсе немесе үлкен дебиторлық қарыз орын алса, онда кәсіпорында қаржылық қиындықтар туады.

Сондықтан кәсіпорынның активтерін талдау процесінде ең алдымен олардың құрамы мен құрылымындағы өзгерістерін зерттеу керек.

Айналым құралдарының құралу көздерін талдау. Айналым құралдарының құралу көздерінің құрылымы:меншікті;қарыздық;қосымша;

Тағайындалу деңгейі бойынша пайдаланылатын капитал меншікті (пассивтің I бөлім) және қарыздық (пассивтің II иен III бөлімдері) болып бөлінеді. Пайдалану ұзақтығына байланысты капитал тұрақты (перманентті - пассивтің I мен II бөлімдері) және қысқа мерзімді (пассивтің III бөлімі - өзгермелі капитал) болып бөлінеді.

Меншікті капиталға қажеттілік кәсіпорынның өзін - өзі қаржыландыру талаптарымен негізделеді. Ол кәсіпорынның дербестігі мен тәуелсіздігінің негізі болып табылады. Бірақ кәсіпорынның қызметін қаржыландыру тек меншікті қаржы есебінен жүзеге асырылатындықтан әрдайым тиімді болмайды, әсіресе егер өндіріс мерзімдік сипатқа ие болса, онда жекелеген мерзімдерде банктегі есеп – шотқа үлкен қаржы жинала бастайды, ал басқа мерзімде олар жеткіліксіз болуы мүмкін. Сондай – ақ, егер қаржылық ресурстарға бағалар төмен болса, ал кәсіпорын салынған капиталдың жоғарғы деңгейдегі қайтарымдылығын қамтамасз ете алса, онда қарыздық қаржылар кірістіріп, меншікті капитал рентабельділігін жоғарылата алады. Бірақ, кәсіпорынның қаржылары негізінен қысқамерзімді міндеттемелер есебінен құралады, онда оның қаржылық жағдайы тұрақсыз болуы мүмкін, себебі қысқамерзімді пайдаланудағы капиталмен тұрақты оперативті жұмыс қажет.

Сонымен, меншікті және қарыздық капиталдың оптималды қатынасына кәсіпорынның қаржылық жағдайы байланысты.

Қорытынды:

Сонымен, айналым қорлары – бұл кәсіпорынның ағымдық активтерге салынған капитал бөлігі. Материалдық заттай белгісі бойынша айналым құралдарының құрамына: еңбек заттары (шикізат, материалдар, жанар май, отын, т.б.), кіәсіпорынның қоймасындағы дайын өнім, сату үшін тауарлар, ақшалай қаржы мен есептесудегі қаржылар кіреді. Айналым қорларының сипаттас ерекшелігі ретінде олардың айналымының жоғарғы жылдамдығы есептеледі. Айналым қорларын талдау барысында айналым қорларының құрамы мен құрылымының өзгеруі талданып, айналым қорларының құралу көздерін анықталып, зерттеп талдау қажет.

Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар:

Лекция материалдарын игеру үшін барлық көңілді негізгі ұғымдарды игеруге аудару қажет - айналым капиталы, айналым қорлары, ақша қаражаты, дебиторлық қарыз, тауарлы-материалдық запастар, аяқталмаған өндіріс, қысқамерзімді инвестициялар, дайын өнім, қарыздық капитал, меншікті капитал, кірістірілген капитал және т.б.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Баканов М.И., Шеремет А.Д. Теория экономического анализа. Учеб.-4-е изд.,доп и перераб.-М.; Финансы и статистика.- 2001.-416 с. 2. Баканов М.И., Шеремет А.Д. Теория экономического анализа. Учеб.3-е изд.,доп и перераб.-М.; Финансы и статистика.- 2003.-285 с. 3. Дюсембаев К.Ш. Анализ финансово-экономического положения предприятия.-Алматы:Экономика.- 1999.-184 с. 4. Ефимова О.В. Финансовый анализ.2-е изд., перераб. и доп.-М.; Бухгалтерский учет.- 2004.-320с. 5. Шеремет А.Д.,Негалиев Е.В. Методика финансового анализа. М..;ИНФРА-М.-2005.-208с. 6. Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: 4-е издание, прераб. и дополн.- Минск: ООО «Новое знание», 2004.- 688с. 7. Богдановская И.А., Виноградов Г.Г., Моргун О.Ф. и другие. Анализ хозяйственной деятельности и промышленности. Учебник. Минск: Высшая школа, 1995

Өзіні өзі тексеру сұрақтары:






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных