Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ТАҚЫРЫП 10 – Кәсіпорын капиталын интенсивті жәетиімді пайдалануын талдау




Мақсаты: Кәсіпорынның капиталды пайдаланудың интенсивті жәнетимімділік көрсеткіштерін талдау, капиталы айналымдылығын талдау, заемды капиталды тиімді пайдалануды талдау, қаржылық рычаг әсерін зерттеу.

Мазмұны

1. Кәсіпорынның капиталды пайдаланудың интенсивті және тимімділік көрсеткіштерін талдау

2. Кәсіпорын капиталы айналымдылығын талдау

3. Заемды капиталды тиімді пайдалануды талдау

4. Қаржылық рычаг әсері

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: рентабельділік, интенсивтілік, инвестицияланған капитал табыстылығы, сату рентабелділігі, капиталдың айналымдылығы коэффиценті, капитал айналымдылығы ұзақтығы және т.б.

Айналым құралдарын пайдалану тиімділігін ең алдымен олардың айналымдылығымен сипатталады. Айналымдылықты жеделдету нәтижесінде қол жеткізген тиімділік ең алдымен өнім шығысын қосымша қаржылық ресурстар кірістірмей – ақ арттыруды білдіреді. Сондай – ақ, капитал айналымдылығын жеделдету есебінен табыс сомасын арттыру жүзеге асырылады. Егер өнім өндірісі мен өткізілуі зиянды болып келсе, онда қаржылыр айналымдылығын жеделдету қаржылық нәтижелердің нашарлауына әкеледі. Бұдан тек айналымның барлық кезеңдерінде капитал қозғалысын жеделдетуге тырысу керек емес, сонымен қатар оның максималды қайтарымдылығына, яғни капиталдың 1 теңгесіне келетін табыс сомасын арттыруға ұмтылу керек екендігі шығады. Бұған барлық ресурстарды рационалды, үнемді пайдалану арқылы, олардың басы артық жұмсалуын болдырмау арқылы, ысырапқа жол бермеу арқылы қол жеткізіледі.

Сонымен капиталды пайдалану тиімділігі оның қайтарымдылығымен (рентабельділігімен) сипатталады, ол табыстың негізгі және айналым апиталының орташа жылдық сомасына қатынасы ретіеде есептеледі.

Капиталдың пайдалану интенсивтілігін сиптаттау үшін олардың айналымдылығы пайдаланылады (өнім өткізуден түскен табыстың капиталдың орташа жылдық сомасына қатынасы).

Бұл көрсеткіштер арасындағы байланысты келесі түрде беруге болады:

табыс     = табыс     х өнім өткізуден түскен табыс
Капиталдың орташа жылдық сомасы өнім өткізуден түскен табыс капиталдың орташа жылдық сомасы

Басқаша айтқанда, инвестицияланған капитал табыстылығы (ЭР) сату рентабелділігі (R) мен капиталдың айналымдылығы коэффицентінің (Коб) көбейтіндісі арқылы анықталады.

ЭР = R ´ Kоб

Бұл факторлардың капитал рентабельділігіне әсерін абсолютті айырмашылықтар әдісі бойынша есептеуге болады (кесте 12)

Кесте 12 - Капиталды пайдалану тиімділігі көрсеткіштері

Көрсеткіштер Өткен мерзім Есептегі мерзім Ауытқу (+,-)
Кәсіпорын табысы, млн тг.      
Өнім өткізуден түскен табыс, млн тг.      
Капиталдың орташа жылдық сомасы, млн тг.      
Капиталдың рентабельділігі, % 13,71 17,92 4,21
Өткізу (сату) рентабельділігі, % 16,45 17,684  
Капитал айналымдылығы коэфиценті 0,833 1,013  
Капитал рентабельділігінің келесі есебінен өзгерісі: - сату рентабельділігі - айналымдылық коэффиценті   (17,684 – 16,45) ´ 0,833 = + 1,03 (1,013 – 0,833) ´ 17,684 = + 3,18
Барлығы     4,21

Кесте деректерінен есептегі мерзімде капитал қайтарымдылығы олардың айналымдылығы есебінен 3,18% артқан, ал өткізу рентабельділігінің өсуі есебінен 1,03% артқан.

Капитал айналымдылығы оның қайтарымдылығымен тығыз байланысты болғандықтан, капитал айналымдылығы көрсеткіштерін зерттеу керек.

Капитал айналымдылығы жылдамдығы келесі көрсеткіштермен сипатталады:

- бір айналым ұзақтығы (Поб)

Мұндағы, Д – берілген мерзімдегі календарлық күндер саны;

- айналамдылық коэффиценті (Коб)

- жүктелу коэффиценті (К3)

Кесте 13- Айналым капиталы ұзақтығын талдау

Қаржы түрлері Орташа қалдығы, мың тг. Түсім сомасы, мың тг. Айналым ұзақтығы күндер
Өткен ай Есептегі ай Өткен ай Есептегі ай Өткен ай Есептегі ай Өзгерісі (+,-)
Капиталдың жалпы сомасы оның ішінде:         36,0 29,6 -6,4
Негізгі капитал         20,0 10,85 -9,15
Айналым капиталы оның ішінде:         16,05 18,75 +2,75
- ақшалай қаражат         11,1 12,0 +0,9
- дебиторлар         2,7 3,75 +1,05
- запастар         2,2 3,0 +0,8

Барлық капиталдың және айналым құралдарының жекелеген түрлері бойынша орташа қалдығын орташа хронология бойынша есептейміз:

 

Мұндағы, С1об, С2об, С3об,..., Сnoб - әрбір айдың бірінші күніне қаржыларының қалдығы, теңге; n – айлар саны.

Бір айналым ұзақтығын есептейміз:

күн

күн және т.с.с.

Мұнда өткен аймен салыстырғанда капитал айналымдылығы 6,4 күнге жеделдетілген.

Капитал айналымы ұзақтығы көбіне капитал құрылымына байланысты. Капиталдың жалпы сомасындағы негізгі капитал үлесі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым ол баяу жеделдетіледі, және керсінше, айналым активтерінің үлес салмағы артуы барысында олардың жалпы айналымдылығы жеделдетіледі. Капитал айналымының жалпы ұзақтығына байланысты келесі үрде беруге болады:

Мұндағы, Ïîá - капиталдың жалпы сомасындағы айналымның орташа ұзақтығы;

Ïîá.ê - айналым капиталының айналым ұзақтығы;

ÓÄîá.ê - айналым капиталының оның жалпы сомасындағы үлесі.

Берілген факторлардың әсерін тізбектік қойылымдар тәсілімен есептейміз:

Сонымен жалпы капитал айналымдылығы 6,4 күнге (29,6 - 36) жеделдетілген, оның ішінде айналым капиталы үлесі артуы есебінен 10,7 күнге (25,3 - 36) жеделдетілген. Айналым активтерінің айналымдылығы баяулаумен байланысты капиталдың жалпы айналымдылығы 4,3 күнге (29,6 – 25,3) баяулатылған.

Айналымдылықты жеделдету нәтижесіндегі экономикалық тиімділік айналымнан қаржылардың салыстырмалы босауымен, сондай – ақ табыс сомасын арттырғанда мазмұндалады. Жеделдетумен байланысты айналымнан босаған қаржы сомасын (-Э) немесе айналымдылықтың тежелуімен байланысты айналымға кірістірілген қосымша қаржылар сомасын (+Э) табу үшін өткізу бойынша бір күндік айналысты (түсімді) айналым ұзақтығының өзгерісіне көбейтеміз:

яғни капитал айналымдылығын 6,4 күнге жеделдетумен байланысты. Айналымнан 8107 мың теңгеге салыстырмалы босатылған.

Табыс сомасын келесі факторлар көбейтіндісі ретінде беруге болады:

Табыс сомасы капитал айналымдылығы коэффицентінің өзгерісі есебінен арттыру айналым коэффицентінің арту қарқынын өткізу рентабельділігінің нақты коэффициентіне және капиталдың нақты орташа жылдық сомасына көбейту арқылы есептеледі:

Есептегі айда капитал айналымдылығын жеделдету табыстың арту қарқынын 1194 мың теңгеге қамтамасыз етеді.

Қорытынды:

Айналым құралдарын пайдалану тиімділігін ең алдымен олардың айналымдылығымен сипатталады. Айналымдылықты жеделдету нәтижесінде қол жеткізген тиімділік ең алдымен өнім шығысын қосымша қаржылық ресурстар кірістірмей – ақ арттыруды білдіреді. Сондай–ақ, капитал айналымдылығын жеделдету есебінен табыс сомасын арттыру жүзеге асырылады. Айналымдылықты жеделдету нәтижесіндегі экономикалық тиімділік айналымнан қаржылардың салыстырмалы босауымен, сондай – ақ табыс сомасын арттырғанда мазмұндалады.

Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар:

Лекция материалдарын игеру үшін барлық көңілді негізгі ұғымдарды игеруге аудару қажет - айналым капиталы, айналым қорлары, ақша қаражаты, дебиторлық қарыз, тауарлы-материалдық запастар, аяқталмаған өндіріс, қысқамерзімді инвестициялар, дайын өнім, қарыздық капитал, меншікті капитал, кірістірілген капитал және т.б.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Дюсембаев К.Ш. Анализ финансово-экономического положения предприятия.-Алматы:Экономика.- 1999.-184 с.

2. Ефимова О.В. Финансовый анализ.2-е изд., перераб. и доп.-М.; Бухгалтерский учет.- 2004.-320с.

3. Шеремет А.Д.,Негалиев Е.В. Методика финансового анализа. М..;ИНФРА-М.-2005.-208с.

4. Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: 4-е издание, прераб. и дополн.- Минск: ООО «Новое знание», 2004.- 688с.

5. Богдановская И.А., Виноградов Г.Г., Моргун О.Ф. и другие. Анализ хозяйственной деятельности и промышленности. Учебник. Минск: Высшая школа, 1995

Өзіні өзі тексеру сұрақтары:

1. Кәсіпорынның капиталды пайдаланудың интенсивті көрсеткіштерін талдау

2. Кәсіпорынның капиталды пайдаланудың тиімділік көрсеткіштерін талдау

3. Кәсіпорын капиталы айналымдылығын талдау

4. Заемды капиталды тиімді пайдалануды талдау

5. Қаржылық рычаг әсерін зерттеу

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных