ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар. Лекция материалдарын игеру үшін кәсіпорынның табыстар мен шығындар туралы бухгалтерлiк есептiң №3 стандартын оқи алуыЛекция материалдарын игеру үшін кәсіпорынның табыстар мен шығындар туралы бухгалтерлiк есептiң №3 стандартын оқи алуы, қаржылық нәтижелерді сипттаушы көрсеткіштерді анықтай алуы, рентабельділік көрсеткіштерін талдай алуы, табыстылық көрсеткіштерін талдауға көңіл бөлу қажет. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 1. Басовский Л.Е. Теория экономического анализа: Учебное пособие – Москва: ИНФРА, 2005 2. Басовский Л.Е. Экономический анализ (комплексный экономический анализ хозяйственной деятельности): УП – Москва: ИНФРА-М, 2005 3. Шеремет А.Д. Теория экон. анализа: учебник – Москва: ИНФРА-М, 2003 4. Савицкая Г.В. Анализ хоз. деятельн.: УП – Москва: ИНФРА-М, 2005 5. Управленческий анализ. С.А. Бороненкова УП – Москва: ФиС, 2004 6. Чернов Т.П. Экономический анализ: Торговля, общее питание, тур. бизнес: УП для вузов. Под ред. М.И. Баканова – Москва, 2003 Өзіні өзі тексеру сұрақтары: 1. Кәсіпорынның табыстылық көрсеткіштерін талдау. 2. Рыноктық экономика жағдайында табыс рөлі қандай? 3. Табыс функциялары қандай? 4. Абсолюттік көрсеткіштерге қандай көрсеткіштер жатады? 5. Салыстырмалы көрсеткіштерге қандай көрсеткіштер жатады?
ТАҚЫРЫП 5 – Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін бағалау Мақсаты: Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін бағалау маңыздылығын және іскерлік белсенділік көрсеткіштерін талдау. Мазмұны 1. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін бағалау маңыздылығы 2. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін талдау көрсеткіштері Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: іскерлік белсенділігі, авансталган капитал, капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті, негізгі кұралдардың айналымдылығы, меншікті капиталдың айиалымдылық коэффициенті, ағымдағы активтер (мобильді қаражат) немесе айналым капиталының айналымдылық коэффициенті, ағымдағы активтердің (айналым капиталының) айналымдылық коэффициенті, ағымдағы активтердің 6ip айналымының ұзактығы, айналым каражатын бекіту коэффициенті және т.б. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен кызметінің тиімділігін бағалау және талдау қаржылық талдаудың қорытынды кезеңі болып табылады. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі каржылық жағдайында ең алдымен оның қаражат айналымының жылдамдығымен көрінеді. Іскерлік белсенділікті талдау, кәсіпорынның өз қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланғандығын анықтауға мүмкіндік беретін, әр түрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттердің деңгейі мен қозғалысын зерттейді. Кәсіпорынның каржылық жағдайы активтерге салынған қаражаттың, қаншалықты тез нақты акшаға айналуына тікелей тәуелді болады. Жоғарыда айтып өткендей, кейбір актив түрлері әр түлі айналым жылдамдығына, яғни олардың ақша қалпына көшу жылдамдығына ие болады. Қаражаттың айналымда болуының ұзақтығы ішкі және сыртқы сипаттағы бірқатар әр бағыттағы себептердің жиынтық әсерімен анықталады. Бірінші қатарға кәсіпорынның әрекет өрісін (өндірістік, делдалдык, жабдык,тау-өткізу және басқа), салалығын (мысалы, кондитер фабрикасы мен станок жасау зауытының айналымдылығы әр түрлі болатындығы еш күмән тудырмайды), ауқымын (көп жағдайда шағын кәсіпорындарда, үлкендеріне қарағанда қаражат айналымдылығы айтарлықтай жоғары келеді -бұл шагын бизнестің бір артықшылығы деуге болады) және тағы басқаларын жатқызуга болады. Елдегі экономикалык жағдаймен оған байланысты шаруашылықты жүргізу шарттары да, кәсіпорынның, активтерінің айналымдылығына аз әсер етпейді. Сөйтіп, елдегі өтіп жаткан инфляциялық процестер, кәсіпорындардың басым көпшілігінің жабдықтаушылармен, сатыпалушылармен реттелген шаруашылық байланысының болмауы шамадан тыс кор жинактауға әкеліп соқтырады да, бұл қаражат айналымын айтарлықтай бәсеңдетеді. Каражаттың айналымда болу кезеңі, едәуір дәрежеде кәсіпорынның ішкі жағдайымен бірінші кезекте, оның активтерін баскару стратегиясының тиімділігімен (немесе жоқтығы) анықталатындығын айта кету керек. Шынында да, қолданылған баға саясаты, кұрылған актив кұрылымы, пайдаланылған тауарлы-материалдық қорларды бағалау әдістемесіне байланысты кәсіпорын өз қаражатының айналымының ұзақтығына көп немесе аз әсер ету еркіндігіне ие болады. Іскерлік белсенділік коэффициентінің кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін үлкен маңызы бар, өйткені қаражаттың айналым жылдамдығы кәсіпорынның төлем қабілетіне тікелей әсер етеді. Оған қосымша, басқадай бірдей жағдайда қаражаттың айналым жылдамдығының өсуі кәсіпорынның өндірістік-техникалық күшінің артқанын көрсетеді. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштеріне мына коэффициенттер жатады: 1. Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті. Ол жылына канша рет айналу мен өндірудің толық циклі болатындығын және активтердің әрбір ақша бірлігі сатылған өнімнің қанша ақша бірлігін әкелгенін көрсетеді. Бұл көрсеткіш мына формула бойынша анықталады: КоА = ДN / Ак Мұндағы, КоА - капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті; ДN - өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс (саудадан тускен акша); Ак- авансталган капитал (кезеңдегі орташа баланс валютасы). Авансталган капиталдың кезеңдегі орташа шамасының жалпы айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның іскерлік белсенділігі туралы жан-жақты түсінік береді. Сатудан түскен табыстың баланс валютасының (барлық капиталдың) орташа шамасына қатынасымен есептелетін ол, кәсіпорынның барлық капиталының айналым санын көрсетеді және олардың жұмылдыру көздеріне байланыссыз, барлық. ресурстарды кәсіпорынның пайдалану тиімділігімен сипаттайды. Бұл көрсеткіш салаға байланысты ауытқып отырады және өндіріс процесіндегі ерекшеліктерді қамтып көрсетеді. Түрлі кәсіпорындарға немесе 6ip кәсіпорынға әр жылдардағы жалпы айналымдылык коэффициентін салыстырғанда, активтердің орташа жылдық сомасын бағалауда біркелкілі қамтамасыз етілгендігін тексеру кажет. Мысалы, егер 6ip кәсіпорында негізгі кұралдар бікалыпты тура сызықты шығынға жазу әдісімен есептелген амортизацияны назарға ала отырып бағаланса, екіншісінде басқа 6ip шапшаңдатылған амортизация әдісі пайдаланылған болса, онда екінші жағдайда айналымдылық тым жоғары болады. Одан басқа, бұл көрсеткіш бірдей жағдайда кәсіпорынның нeгізгіi кұралдары көбірек тозған сайын жоғарылай береді. Белгіленген жағдайлар, капиталдың жалпы айналымдылық коэффициентін талдау кажетті түзетулерді ескере отырып жургізуді керек етеді. Біздің кәсіпорын үшін капиталдың жалпы айналымдылык коэффициенті өткен жылы 0,80 рет кұраса – (24392/30512), ал есеп беру жылында - 0,62 рет (23179/37254) болды. Көрсеткіш кәсіпорынның жалпы капиталын (барлық ресурстарды) пайдалану тиімділігінің төмендегенін көрсетеді. Егер өткен жылы кәсіпорында активтердің әрбір акша бірлігі 80 тиын келтірсе, есеп беру жылында ол 18 тиынға кеміді. Нәтижесінде кәсіпорынның барлық мүмкіншіліктерін пайдаланып, өнімді сатудан түскен табыс түріндегі жалпы тиімділігі өткен жылмен салыстырғанда 6706 мың теңгеге (-0,18*37254) кеміді. Жалпы (авансталған) капиталдың орташа шамасының жыл бойы 1,22 есе (37254:30512) өcyi, өткен жылмен салыстырғанда өнім сату көлемін 5394 мың теңгеге (37254-30512) • 0,80 = 6742-0,80=5394) арттыруға мүмкіндік береді. Осы екі фактордың жиынтық әсері бізге сатылған өнім көлеміндегі жалпы ауыткуды береді: 1312 - 6706+5394. 2. Негізгі кұралдардың айналымдылығы. Бұл көрсеткіш қор кайтарымдылығын көрсетеді, яғни кәсіпорынның кезеңдегі негізгі өндірістік корларын пайдаланудың тиімділігін сипаттайды. Ол саудадан тускен табысты (ақшаны) қалдық кұны бойынша кезеңдегі негізгі кұралдардың орташа шамасына бөлу арқылы есептейді. Кор кайтарымдылығы коэффициентінің артуына негізгі кұралдардың үлес салмағының салыстырмалы жоғары болмауы немесе олардың техникалық деңгейінің жоғарылығы есебінен қол жеткізуге болады. Алайда бұл жерде жалпы заңдылық былайша болады: коэффициент жоғары болган сайын, есеп беру кезіндегі шығындар азая түседі. Коэффициенттің төмен болуы өнімді сатудан түсетін табыстың жетімсіздігін не болмаса осы активтер түрлеріне тым жоғары деңгейде қаржы бөлінгендігін көрсетеді. Бұл көрсеткіш төменде жан-жақты қаралады, өйткені ол көбінесе кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайды. 3. Меншікті капиталдың айиалымдылық коэффициенті. Ол мына формула бойынша каралады: К= ДN / Ск Мұндағы: К- меншікті капиталдың айналымдылык коэффициенті; ДN - өнімді сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) тускен табыс; Ск - баланс бойынша меншікті капиталдың кезеңдегі орташа шамасы. Бұл көрсеткіш кызметті әр кырынан сипаттайды: коммерциялык. кезкараспен қараганда ол сатудың артықтығын немесе жеткіліксіздігін анықтайды; каржылық жағынан - салынған меншікті капиталдың айналым жылдамдығын, ал экономикалық тұрғыдан – кәсіпорынның меншік иелері (акционерлер, мемлекет немесе баскадай меншік иелері) тәуекелдік етіп салып отырған ақша каражатының белсенділігін көрсетеді. Егер коэффициент өте жоғары болса, салынған капиталдан сату деңгейінің едәуір арткандығын білдіреді, ал бұл несиелік корлардың артуын, меншік иелеріне қарағанда істе кредиторлардың көбірек катысуы мумкін шекке жетуінен туындайды. Бул жағдайда міндеттемелердің меншікті капиталға катынасы артады, кредиторлардың кауіпсіздігі төмендейді және табыстың кемуіне байланысты кәсіпорын айтарлықтай қиыншылыктарға кездесуі мумкін. Керісінше, коэффициенттің төмендегі меншікті капиталдың бір бөлігінің әрекетсіз жаткандығын білдіреді. Бұл тұста коэффициент, меншікті каражатты осы жағдайға сай келетін табыс көзіне салу кажеттілігін көрсетеді. 4. Ағымдағы активтер (мобильді қаражат) немесе айналым капиталының айналымдылық коэффициенті. Ол ешм сатудан тускен (ак;ша) табысының (жумыс, қызмет көрсету) ағымдагы активтердің орташа шамасына катынасымен формула бойынша аныкталады: К°А = ДN / Тс Мұндағы: К°А – ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициенті; Тс - ағымдағы активтердің орташа шамасы. Ағымдағы активтердің (баланс активінің II бөлімі) орташа шамасы формула бойынша аныкталады: Тс= Он+Ок / 2 Мұндағы Тс- ағымдағы активтердің орташа шамасы; Он, Ок — сәйкес жыл басындағы жэне аяғындағы активтер шамасы. Активтердің орташа шамасының толығырақ есебі активтер жағдайы туралы ай сайынғы мәліметтерді пайдаланған кезде алынатын болады. Сонда активтердің шамасы формуламен белгіленеді: Тс = Мұндағы: Оп - п айындагы активтер шамасы. Ағымдағы активтердің (айналым капиталының) айналымдылык. коэффициенті олардың айналым жылдамдығын, яғни зерттелген кезеңдегі барлық айналым каражатының айналым санын көрсетеді. Ағымдағы активтердің айналымдылығының үдеуі олардың к.ажеттілігін кемітеді де, кәсіпорындарға халық щаруашылыгының мұктажы үшін (абсолюттік босату) немесе косымша өнім өндіруге (салыстырмалы босату) айналым қаражатының бір бөлігін босатуға мүмкіндік береді. Айналымның жылдамдауы нәтижесінде айналым қаражатының заттык. элементтері босайды, щикізат, материалдар, отын корлары мен аякталмаған өндірісті істеу аз кажет болады, демек, бұрын осы қорлармен іске салынған акша ресурстары босап шығады. Босаган акша ресурстары кәсіпорынның ең өтімді активтерін арттырады, нәтижесінде оның төлем қабілеті бекіп, каржылық жағдайы жақсарады. Ағымдағы активтердің айналым жылдамдығы бұл -өзі өндірістік-шаруашылық қызметтің ұйымдастыру-техникалық деңгейінің кешенді керсеткіші. Айналым санының артуына айналу уакыты мен өндіріс уак.ытының қысқаруы есебінен қол жеткізуге болады. Өндіріс уақыты технологиялық процесс пен пайдаланылған техниканың сипатымен байланысты. Оны қысқарту үшін технологияны жетілдіріп, еңбекті механикаландыру және автоматтандыру қажет. Айналым уакытын кысқартуға мамандану мен бірлесудің дамуы, тікелей шаруашылық аралық байланыстырудың жақсаруы, жүк тасу, өзара есеп айырысу мен құжат айналымын тездетумен кол жеткізуге болады. Әрбір кәсіпорын үшін айналымдылық коэффициенті өзіндік сипатта болады, егер ол анықталған болса, онда оның мағынасын колайлы деңгейде ұстап тұру керек. Оны табу оп-оңай, егер кәсіпорын коэффициенттің осы мағынасында үнемі заемдық капиталды пайдалануға тырысатын болса, онда шығындарды жабу мен қызмет аукымын кеңейту үшін айналым капиталының айналымдылығының бұл жылдамдығы ақша каражатын жеткіліксіз мөлшерде туындатып отырғанын көрсетеді. Ал керісінше, егер кәсіпорын тұрақты сату көлемінде немесе оның артуы барысында жеткілікті табыс тапса, онда айналым капиталының айналым жылдамдығы тиімді болгандығы. Ағымдағы активтердің айналымдылық жылдамдығы, жоғарыда келтірілген формула бойынша есептелген оның айналым санымен ғана емес және айналымның ұзақтығымен, айналым қаражатының беку коэффициентімен де сипатталады (немесе айналымдылықтың айналым коэффициентімен). Ағымдағы активтердің 6ip айналымының ұзактығы мына формуламен анықталады: До = 360/ К°А = 360* Тс / ДN Мұндағы: Д°- бір айналымныц күнмен есептелген ұзактығы; К°А -ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициенті немесе ағымдағы активтердің айналым саны. Көрсеткіштің бір жылдық мәнін есептегенде кезеңнің ұзақтығы 360 кун, бір тоқсанға - 90 күн, бір айға - 30 күн кұрайды. Айналым каражатын бекіту коэффициентінің формуласы мына түрде көрсетіледі: К°з = ДN / Тс Мұндағы: К°з - айналым каражатын бекіту коэффициенті Тс- ағымдағы активтердің орташа шамасы. 7-кестеде осы көрсеткіштерді есептеу керсетілген. 7-кесте – Кәсіпорынның ағымдағы активтерінің айналымдылық көрсеткіштерінің динамикасы
Кестеден ағымдағы активтердің 6ip жылда айналым жылдамдығының 1,8-ден 1,3 есеге дейін кысқарғаны көрінеді, нәтижесінде 6ip айналымның ұзактығы 77 күнге арткан, бұл кәсіпорынның каржы жағдайының нaшapлaғaнын күәландырады (талданып отырған кезеңде ағымдағы активтерге салынған қаражаттың, толық циклден өтуі мен кайтадан ақша түріне келуі былтырғы жылға қарағанда 77 күнге - ұзақ болады). Осының салдарынан кәсіпорынға былтырғы жыл деңгейінде өндірістік коммерциялық қызметін жалғастыру үшін қосымша қаражат жұмылдыру қажеттігі туындайды. Айналымға қосымша жұмылдырылған қаражатты есептеу мына формуламен жүргізіледі: Тқос = Мұндағы: - есеп беру жылындағы сатудан түскен табыс (ақша); Тқос - қосымша жұмылдырылған ағымдағы активтер; және - есеп беру жэне өткен жылдағы сәйкес айналым кезеңі
Біздің кәсіпорынның мәліметтері бойынша айналымға қосымша жұмылдырылған қаражат мөлшері 4958 мың теңге кұрады: 23179/360 * (277-200) = 4958 Осылайша, 6ip айналымның 77 күнге баяулауы айналымға 4958 мың теңге қосымша қаражат жұмылдыруды қажет eтті. Ал есеп беру жылында ағымдағы активтердің айналымдылығы 1,3 рет кұрады, демек, жыл бойғы қосымша жұмылдырылған қаражат 6445 мың теңге (4958*1,3) болды. Ағымдағы активтерді пайдалану тиімділігінің төмендегенін олардың бекіту коэффициенті де күәландырады. Сонымен, егер өткен жылы өнім бірлігіне ағымдағы активтердің 56 тиыны келсе, есеп беру жылында бұл көрсеткіш 21 тиынға артты, ал барлық сатылған өнімге айналым каражатының үстеме шығыны 4868 мың теңге (0,21*23179) құрады. Сонымен, ағымдағы активтердің, айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның барлық мобильдік қаражатының айналым жылдамдығын көрсетеді. Оның өcyi материалдық айналым қаражатының айналымдылық коэффициентінің артуымен үйлессе ол жағымды, ал егер соңғысы азайса, онда жағымсыз. 5. Материалдық айналым қаражатының айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның талдау кезіндегі шығындары мен қорларының айналым санын көрсетеді, яғни олардың сатылу жылдамдығын сипаттайды. Толықтай алғанда бұл коэффициенттің мәні жоғары болған сайын, осы аз өтімді бапта соғұрлым азырақ қаражат байланады, кәсіпрынның қаржылық жағдайы тұрақтанып, айналым капиталында көбірек өтімді құрылым болады. Және керісінше, басқадай жағдайда тауардың шамадан тыс жиналып қорлануы, кәсіпорынның ісерлік белсенділігіне кері әсер етеді. Коэффициентті есептеу формула бойынша жүргізіледі, онда алымында — сатудан (ақша) түскен табыс, ал бөлімінде - кезеңдегі шығындар мен материалдық-өндірістік корлардың құнының орташа шамасы. Өндірістік қорлар (материалдар) оларды дайындау (сатып алу) құны бойынша есептелетіндіктен, корлардың айналымдылық коэффициентін есептеу үшін сатудан түскен табыс емес, сатылған өнімнің өзіндік құны пайдаланылады. Онда есептеу мына формуламен іске асырылады: К°з = SN / Зс Мұндағы: К°з – материалдық айналым құралдарының айналымдылық коэффициенті; SN— сатылған өнімнің толық өзіндік құны; Зс — өндірістік корлардың орташа кұны. Неғұрлым айналымдылық көрсеткіші жоғары болған сайын, соғурлым қорлар тезірек ақшалай қаражатқа айналады. Оның төмендеуі салыстырмалы түрде өндірістік қорлар мен аякталмаган өндірістік ұлгайғанын немесе дайын өнімге деген сұраныстың бәсеңдегенін көрсетеді. Өндіріс пен өнімді еткізуді қалыпты жүргізу мақсатында қорлар оңтайлы болуы керек. Көлемі жағынан кішіi, бірақ көбірек қозғалмалы қорлардың болуы, кәсіпорынның қорында аз сомадағы ақшалай қаражаттың бар екендігін білдіреді. Қорлардың жиналып қалуы, кәсіпорынның өнімді өндіру мен сатудағы белсенділігінің күрт азайғанын куәландырады. Материалдық айналым құралдарының айналымдылық коэффициентінің шамасына оны есептеу әдістемесі ғана емес және де кәсіпорында қабылданған материалдық қорларды бағалау әдістемесінің де айтарлықтай әсерін тигізетінін назарда ұстау қажет. Қазipгi уақытта материалдық қорларды бағалаудың есептеу саясатын таңдауда кәсіпорынның құқықтары едәуір кеңейтілген. Осылайша отандық есептеу практикасында 6ipiнші рет біздің кәсіпорындар шет елдерде кеңінен танымал және колданылатын ЛИФО мен ФИФО (LIFO, FIFO) сенімді материалды бағалау тәсілдерін қолдану мүмкіндігіне ие болды. ЛИФО әдісі ең соңғы сатып aлынған материалды 6ipiнші кезекте өндіріске шығынға шығаруды көздейді. Сонда баланстағы қалдықтың шамасы 6ipiнші сатып алынған материалдың өзіндік құнынан туындап анықталады. Kepiciнше ФИФО әдісін пайдалану кезең соңындағы материалдық қорларды соңғы сатып алу бағасымен бағалауға негізделген, ал жұмсалған материалдар сатылған өнімнің өзіндік құнына олардың алғашқы сатып алу құны бойынша шығынға шғаарылады. Енді материалдық қорлардың айналымдылығының көрсеткіші шамасына оларды бағалаудың сол немесе басқа әдісін пайдаланудың қалай әсер ететіндігін қарастырады. Біздің елімізде осы кезге дейін материалдық қорларды бағалаудың ең кең тараған тәсілі, дайындаудың орташа сарапталған накты өзіндік құны бойынша бағалау болып келді. Кәсіпорын үшін оны пайдаланудың жағымсыз салдарына мыналарды жатқызуға болады, 6ip жағынан ол сатылган өнімнің өзіндік құнын төмендетеді (табыс пен одан төленетін салықты шамадан тыс көтереді), екінші жағынан материалдың қалдығының құны айтарлықтай төмендетуге әкеліп соғады, демек, олардың айналымдылығын жасанды түрде арттырады. Материалдар корын соңғы сатып алу (ЛИФО) құны бойынша бағалау әдісін қолдану, салық салу тұрғысынан инфляция жағдайында өте тартымды болғанымен (сол сатылган өнімнің өзіндік құнын тым жоғарылататындықтан), материалдар қалдығы шамасының бұрмалануына, яғни азаюына әкеліп соқтырады. Нәтижесінде бұл жағдайда да активтердің айналымдылық көрсеткішінің анықтығы төмендейді. Тауарлы-материалдык құндылық қорларын бірінші сатып алу құны бойынша (ФИФО) бағалау тәсілін қолдану, сатылған ешмнщ өзіндік құны материалға деген ең төмен (инфляция жағдайында) бағадан басталып құрылып, ал олардың қалдықтары ең жоғары (нарықтық) құны бойынша бағалануына әкеліп соғады. Осыған байланысты материалдық айналым қаражатының және бүтіндей ағымдағы активтердің айналымдылығы бұл жағдайда жоғарыда қаралған тәсілдерге қарағанда обьективті түрде төмен болады (осыған байланысты мынаны есте ұстаған дұрыс: өзінің кредиторлары немесе инвесторларына кәсіпорындағы каражаттың жоғары айналымдылығы туралы ақпарат беруге ынталы менеджердің көзкарасынша әдістің бұл артықшылығы, сонымен қатар оның кемшілігі де болып көрінуі мүмкін). Сонымен, тауарлы-материалдық қорларды бағалаудың үш қаралған тәсілі мысалдарынан, алға койылған міндеттер мен активтерді баскарудың ұшталлған стратегиясынан басталған кәсіпорын, өзінің активтерінің айналымдылық коэффициентінің шамасын белгілі мөлшерде зерттеуге мумкіндік алатынын көруге болады. Біздің кәсіпорынымызда сатылған өшімнің өндірістік өзіндік құны негізінде есептелген материалдық айналым құралдарының айналымдылық коэффициенті өткен жылы 1,73 рет, ал есеп беру жылында 1,18 рет құрады. Оның 0,55 пунктке төмендеуі ағымдағы активтердің айналымдылык коэффициенті деңгейіне кері әсер етті. 6. Дайын өнімнің айналымдылық. коэффициенті. Бұл көрсеткіш өнімді сатудан түскен (жұмыс, қызмет көрсету) табыстың (ақша) кезеңдегі дайын өнімнің орташа шамасына қатынасымен формула бойынша анықталады: Кдайын = ДN / ДӨ Мұндағы: Кдайын - дайын өнімнің айналымдылық коэффициенті; ДӨ - баланс бойынша кезеңдегі дайын өнімнің орташа шамасы. Ол дайын өнімнің айналым жылдамдығын көрсетеді. Оның өсуі кісңпорынның өніміне деген сұраныстың артқанын көрсетеді, ал төмендеуі — сұраныстың төмендеуіне байланысты дайын өнімнің шамадан тыс жиналып қалғанын білдіреді. 7. Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті. Ол өнімді сатудан түскен табыстың (ақша) кезеңдегі дебиторлық борыштың орташа шамасына қатынасымен формула бойынша анықталады: Кдеб = ДN / ДЗ Мұндағы: Кдеб — дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті; ДЗ— дебиторлык борыштың кезеңдегі орташа шамасы. Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті дебиторлық борыштың сапасы мен көлемін бағалау ушін пайдаланылып, кәсіпорын берген коммерциялық несиенің ұлгайғанын немесе төмендегенін көрсетеді. Егер коэффициент шоттарды төлеуге карай құрылган сатудан түскен табыс (акша) бойынша есептелсе, оның өсуі — несиеге сатудың азайғанын, ал төмендеуі — несиеге берудің көлемінің артқанын білдіреді. 8. Кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті. Ол өнімді өткізуден түскен табыстың кезеңдегі кредиторлық борыштың орташа шамасына қатынасымен формула бойынша есептеледі. Ккред = ДN /КЗ Мұндағы Ккред – кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті; КЗ- кезеңдегі кредиторлық борыштың орташа шамасы. Кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті сияқты коммерциялық несиенің артқанын немесе төмендегенін көрсетеді. Айырмашылығы тек мынада: дебиторлық борыш коэффициенті кәсіпорын берген коммерциялық несиенің артқанын немесе төмендегенін көрсетсе, ал керсінше кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті кәсіпорынға берілгенін айқындайды. Кредиторлық борыш коэффициентінің өсуі – кәсіпорынның борышты төлеу жылдамдығының артқанын, ал төмендеуі – несиеге сатып алудың артқанын көрсетеді. 9. Ақша қаражатының айналымдылық коэффициенті. Кәсіпорынның ырғақты қызмет етуі үшін ақша қаражаты қозғалысының жылдамдығының ерекше маңызы бар. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының ойдағыдай болуының негізгі шарттарының бірі, оның ағымдағы міндеттемелерін жабуды қамтамасыз ететін ақша қаражатының құйылуы болып табылады. Демек, бұндай аса қажет ақша қаражаты қорының болмауы кәсіпорынның қаржылық қиыншылығы бар екендігін куәландырады. Сонымен қатар ақша қаражатының шамадан тыс көп болуы, инфляция және ақшаның құнсыздануына байланысты, іс жүзінде кәсіпорын шығынға ұшырап отырғанын білдіреді. Осыған байланысты кәсіпорындағы ақша қаражатын басқарудың тиімділігін бағалау қажеттігі туындайды. Ақша қаражатының айналымдылық коэффициенті мына формуламен есептеледі: Кақша = АҚ айналымы/АҚ Мұндағы АҚайналымы – талдау кезеңіндегі ақша қаражатының айналымы; АҚ – ақша қаражатының орташа қалдығы; Кақша –ақша қаражатының айналымдылық коэффициенті. 10. Иивестицияланған капиталдың айналымдылығы. Инвестицияланған капиталдың айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның өзінің дамуына салған инвестицияны коса есептегенде, оның ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді инвестицияларының айналым жылдамдығын көрсетеді. Алымында — сатудан түскен табыс (ақша), бөлімінде – кезеңдегі инвестицияланған капиталдың орташа шамасы: Кинв = Мұнда: Ди – және Ки – сәйкес ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді инвестициялар. Бұл коэффициенттің мағынасын сол кезендегі icтeгi капиталдың (барлық активтерден қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді инвестицияларды алып тастағанда), яғни тікелей өндірістік кызметтегі капиталдың айналымдылық коэффициентімен салыстырған абзал. 11. Icтeгi капиталдың айналымдылығы алымында - сатудан түскен табыс (ақша), бөлімінде - кезендегі icтeгi капиталдың орташа шамасы келтірілген формула бойынша есептеледі. Кіс = ДN /ФК Мұндағы: Фк - icтeгi капитал. Бұл коэффициенттің мағынасын талдағанда өндірістік қызметке тікелей қатысатын капиталдың айналымдылығының баяулағанын немесе жылдамдағаанын көруге болады. Өзінің дамуына салған инвестицияны қоспағанда, активтердің жалпы айналымдылық көрсеткішімен салыстырғанда бұл коэффициенттің алынған мағынасы кәсіпорынның сатудан түскен табысына (ақша) тікелей эсер етпейтін инвестициялардан тазарған. 12. Перманенттік капиталдың. айналым жылдамдығын сатудан түскен табысты кезендегі перманенттік капиталдың орташа шамасына бөлу жолымен алынған коэффициент анықтайды: Кперм = ДN / Пер.к Мунда: Пер.к – перманенттік капитал = меншікті капитал+ұзақ мерзімді міндеттемелер. Бұл коэффициент кәсіпорынның ұзақ мерзімдік пайдалануындағы капиталдың қаншалықты тез айналатындығын көрсетеді. Оның мәні меншікті капиталдың айналымдылық көрсеткішіне ұқсас, тек 6ip айырмашылығы, талдағанда кәсіпорынның ұзак мерзімді міндеттемелерінің әсерін еске алу керек. 13. 1скерлік белсенділік индексі айналым капиталын басқару өрісінде, кезеңдегі кәсіпорынның нeгiзгi кызметі бойынша кәсіпкерліктің тиімділігін сипаттайды. Ол талдау процесіндегі істегі капитал айналымдылығы мағынасын негзгі қызметтің табыстылығына (рентабельділігі) көбейту арқылы есептеледі: Иіскер = - icтeгі капиталдың айналымдылық коэффициенті - негізгі қызметтің табыстылығы; Д°— негзгі қызметтен түскен табыс; ДN - өнімді сатудан түскен табыс.
Орытынды Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі каржылық жағдайында ең алдымен оның қаражат айналымының жылдамдығымен көрінеді. Іскерлік белсенділікті талдау, кәсіпорынның өз қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланғандығын анықтауға мүмкіндік беретін, әр түрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттердің деңгейі мен қозғалысын зерттейді. Іскерлік белсенділік коэффициентінің кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін үлкен маңызы бар, өйткені қаражаттың айналым жылдамдығы кәсіпорынның төлем қабілетіне тікелей әсер етеді. Оған қосымша, басқадай бірдей жағдайда қаражаттың айналым жылдамдығының өсуі кәсіпорынның өндірістік-техникалық күшінің артқанын көрсетеді. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|