ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
ТАҚЫРЫП 4 – Кәсіпорын табыстылығын талдауМақсаты: қаржылық нәтижелерді талдау, табыстың нақты және қатысты көрсеткіштерін талдау, кәсіпорынның банкротқа ұщырау тәуекелдігін талдау. Мазмұны 1. Табыстың динамикасы мен құрылымын талдау. 2. Өнімді сатудан түскен нәтижелерді қаржылық талдау. 3. Бағаның орташа сату деңгейін және кәсіпорынның баға саясатын талдау. 4. Кәсіпорынның рентабельділігін талдау. Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: қосымша құнға салынатын салық (ҚҚС), акциздер, т.б. салықтар мен міндетті төлемдерді шегергендегі, сонымен қатар қайтарылған тауарлар құнын, сатудан жеңілдіктерді және бағаға жеңілдіктерді шегергеннен кейінгі сома және т.б. Кәсіпорынның табыстылық көрсеткіштері мен талдау міндеттері. Рыноктық экономика жағдайында кәсіпорынның қызмет етуінің экономикалық мақсаттылығы табыс алумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіші – бұл табыстар сомасы. Табыстар мен шығындар туралы есеп бухгалтерлiк есептiң №3 стандартына сәйкес анықталады. Бұл есепте кәсiпорынның қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижесi жинақталып, жалпы табыс, негiзгi қызметтен табыс, негiзгi емес қызметтен табыс, таза табыс түрiнде бейнеленедi. Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің абсолютті көрсеткіштерінен тұрады: өнімді өткізуден түскен табыс, жалпы пайда, қаржыландырудан табыстар, үлестік қатысу тәсілі бойынша есептелетін ұйымның пайда мен шығын үлесі, жалғаспалы қызмет кезеңі үшін пайда (залал), тоқтатылған қызметтің пайдасы (залал), салық салғанға дейінгі пайда (залал), азшылықтың үлесін алып тастағанға дейінгі кезең үшін қорытынды пайда (залал), азшылықтың үлесі, кезең үшін қорытынды пайда (залал), акция үшін пайда. Рыноктық экономика жағдайында табыс рөлі 2 функцияны атқарады: мемлекеттік бюджет табыстарының көзі мен кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік даму көзі. Табыс өз функцияларын тиімді орындауы үшін келесі негізгі шарттар қажет: 1. Өнімге баға еңбек өнімділігін үздіксіз жоғарылату мен өзіндік құнды төмендетуді ескере отырып, қоғамдық қажетті еңбек шығындарын анағұрлым дәлдікпен жақындатылып алынуы тиіс. 2. Өнімді калькуляциялау жүйесі мен өнімнің өзіндік құнын анықтау ғылыми негізделген болуы тиіс. 3. Табысты бөлу механизмі активті рөл атқарып және өндіріс дамуы мен оның тиімділігін арттыруда ынталандырушы фактор ретінде қызмет атқаруы тиіс. 4. Табыстың тиімді пайдаланылуы тек қалған барлық қаржылық тұтқалар жүйесінде мүмкін болады. Табыстылық көрсеткіштерін талдау міндеттеріне: − табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерінің жоспарының орындалуын бағалау; − таза табыстың құралуының құрамдас элеметтерін зерттеу; − табысқа әсер етуші факторлардың әсерін анықтау және сандық өлшеу; − табысты бөлу бағыттарын, пропорцияларын, тенденцияларын зерттеу; − табысыт арттыру резервтерін анықтау; − табыстың әртүрлі көрсеткіштерін зерттеу. Абсолюттік көрсеткіштерді талдау. Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші - өнімді өткізуден түскен табыс. Ол қосымша құнға салынатын салық (ҚҚС), акциздер, т.б. салықтар мен міндетті төлемдерді шегергендегі, сонымен қатар қайтарылған тауарлар құнын, сатудан жеңілдіктерді және бағаға жеңілдіктерді шегергеннен кейінгі сома. Қаржы шаруашылық қызметінің нәтижелері жөніндегі есептің берілген статьясы бойынша жалғаспалы қызмет кезеңі үшін пайда (залал) бейнеленеді. Ол тауарлы материалдық запастарды өткізуден, қызмет көрсетуден алынған, сонымен қатар негізгі қызметке байланысты сыйақы, пайыздар, дивиденттер, қаламақы мен ренталар түрінде бейнеленеді. Өнімді өткізуден түскен табыс құрылымында анағұрлым үлкен үлес салмақты дайын өнім мен тауарларды өткізуден түскен табыс алады. Оның шамасы өнім өндірісі деңгейімен анықталады. Табыстылықтың екінші абсолютті көрсеткіші ретінде жалпы пайда есептеледі. Ол өнімді өткізуден түскен қаржылық нәтиже болып табылады және өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады. Жалпы пайдаға әсер етуші маңызды фактор ретінде өндірістік өзіндік құн есептеледі, сондықтан оның төмендеуі жалпы табыс шамасына үлкен әсер етеді. Өнімді өткізу көлемінің натуралдық мағынада артуы табыстың артуына әкеледі. Сұранысқа ие өнім өндірісі көлемінің артуы күрделі салымдар көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін. Ал бұл табысты анағұрлым өнімді жабдықты сатып алуға, жаңа технологияларды игеруге, өндірісті ұлғайтуға бағыттауды талап етеді. Бұл жол қазіргі кезде көптеген кәсіпорындар үшін инфляция, бағалар өсуі мен ұзақ мерзімдік несие алу мүмкіндігінің болмауынан қиындық тудырады. Кәсіпорын табыстары ең алдымен бағалар өсуі есебінен жоғарғы қарқынмен өседі. Бағалар өсуі негативті фактор болып есептелмейді, егер де ол негізделген болса, яғни өнім сұранысының өсуімен, шығарылатын өнімнің техника-экономикалық параметрлерінің жақсаруымен байланысты болса. Тауарлы өнімнің жалпы пайдаға аталған факторлар әсерін анықтау үшін келесі аналитикалық 5 кестені құрамыз. Кесте 3 - Жалпы пайданы талдау
Жалпы пайданың нақты шамасы жоспардан 1768 млн теңгеге артық (6183-4415). Бұл ауытқуға келесі факторлар әсер еткен. 1. өткізілген өнімнің өзіндік құны; 2. өнім бірлігінің бағасы; 3. өткізілген өнім көлемі; 4. өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістер. Осы факторлар әсерін есептейміз: 1 фактор. Өнімнің өндірістік өзіндік құнының өзгерісінің әсерін табу үшін өткізілген өнімнің нақты өзіндік құнынан өткізілген өнімнің нақты көлемінің жоспарлы өзіндік құнын шегереміз: 16996-15741=1255 млн тг. Мұндағы: - өткізілген өнімнің нақты көлемі; - өнім бірлігінің нақты өзіндік құны; - өнім бірлігінің жоспарлы өзіндік құны. Сонымен 1255 млн теңгеге жалпы табыс төмендеген, яғни артық жұмсау орын алған. 2 фактор. Жалпы пайданың нақты шамасының жоспардан ауытқуына бағалар өзгерісінің әсерін келесі формула бойынша есептейміз: 23179-19745=3434 млн тг. Мұндағы: , - сәйкесінше нақты мен жоспарлы өнім бірлігінің бағалары. Яғни бұл фактор әсерінің шамасы өткізілген өнімнен түскен нақты түсімнен өткізілген өнімнің нақты шамасына есептелген жоспарлы мәнін шегеру арқылы есептейміз. Сонда жалпы табыс баға факторы есебінен 3434 млн теңгеге өскен. 3 фактор. Жалпы пайданың ауытқуына өткізу көлемінің әсерін анықтау үшін ең алдымен өткізу көлемі бойынша жоспардың орындалу деңгейін анықтау керек. Табыс шамасы бұл фактордан тікелей пропорционалды байланыста болғандықтан, жоспарлы табысты өткізу көлемі бойынша орындалу процентіне көбейту керек. Өткізілген өнімнің көлемін есептеу үшін әр түрлі бағалаулар ұсынылады: өткізу бағалары бойынша, өндірістік өзіндік құны бойынша. Бірінші әдіс экономистермен теріске шығарылып отыр: Өткізілген өнімнен түскен табыс (түсім) өзгерісі тек өткізудің нақты көлеміне ғана емес, сонымен қатар өткізілген өнім табыстылығына да құрылымдық өзгерістерге байланысты әсер етеді. Қазіргі кезде бағалар күнделікті өзгерістерге ұшырап отырады, сондықтан өткізу көлемін өндірістік өзіндік құн бойынша бағалау анағұрлым тиімді болып табылады. Жалпы пайдаға тауарлы өнімнің өткізу көлемінің өзгерісінің әсерін келесі есептеулер бойынша анықтаймыз: 1) Ncж=Sн/Sж*100%, мұндағы Ncж– өндірістік өзіндік құн бойынша өткізу көлемінің жоспарының қорытындылау деңгейі; Sн, Sж– сәйкесінше нақты, жоспарлы өткізілген өнімнің өндірістік құндары. Сонымен тауарлы өнімді өткізу бойынша жоспар 3,4 % аса орындалған: Ncж=Sн/Sж*100%=16996/16435*100%=103,4%, 103,4-100=3,4%. 2)Пп=ПжxNcж/100% - Пж, мұндағы Пп– өткізілген өнімнің табысқа әсері; Пж– жоспарлы жалпы пайда. Нәтижесінде 150 млн теңгеге жалпы табыс жоспардан тыс алынған: Пп=Пж*Ncж/100% - Пж=4415*103,4/100% - 4415=456,11-4415=150,11 мың теңге. 4 фактор. Аналитикалық жұмыс теориясы мен практикасында жалпы пайдаға өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістер әсерін есептеудің 2 әдісі бар: 1) өткізілген өнімнің нақты көлеміне жоспар бойынша жалпы пайда сомасын өткізу көлемі бойынша жоспардың орындалу процентіне түзетілген жалпы пайданың жоспарлы шамасымен салыстыру жолымен; 2) өткізілген өнімнің нақты көлеміне жоспар бойынша табыс пен жоспарлы талдаудың айырмасынан өткізу көлемінің өзгерісі факторының әсерінің сомасын шегеру арқылы есептеледі. Практида екінші тәсіл жиі қолданылады. Сонымен 4004-4415=-441, -411-150=-561. Құрылымдық өзгерістер әсерінен жалпы табыстың жоспарымен салыстырғанда 561 мың теңге алынбаған. Ал бірінші тәсіл бойынша: 4004-(4415*103,4/100)=-561. Жалпы табысты талдау нәтижелерін келесі 6 кестеге топтастырайық: Кесте 4- Жалпы пайданың ауытқуына негізгі факторлар әсері
Жоспардан тыс жалпы табыс келісілген бағалар деңгейінің жоғарылауы мен өнімді өткізу көлемінің жоғарылауы нәтижесінде алынған. Егер кәсіпорын өнімнің өзіндік құнының жоғарылауына жол бермегенде өткізілген өнім құрамында құрылымдық өзгерістер жоспарымен салыстырғанда орын алмаған болар еді және жалпы тиабыс 1816 мың теңгеге (1255+561) артқан болар еді. Енді жалпы пайдаға әсер етуші негізгі факторлар ретінде келесі өзгерістер есептеледі: 1) өткізілген өнгімге бағалар; 2) өткізілген өнімнен түскен табыс; 3) өткізілген өнімнің 1 теңгесіне келетін шығындар. Олардың әсерін анықтау үшін келесі 7 аналитикалық кесте құрамыз. Кесте 5 - Жалпы пайда бойынша өткен жылдан ауытқуға факторлар әсерін есептеу
Жоғарыда аталған көрсеткіштер әсерін есептейміз: 1) табысқа бағаның арту әсерін анықтау үшін есептегі жылғы өткізілген өнімнен түскен табысты өткен жылдың еркі бағаларына қайта есептеп, содан соң оны соңғы көрсеткішпен салыстыру керек, яғни 23179/1,05=22075; 23179-22075=+1104 мың теңге.
Еркін бағалардың артуы есебінен есептегі жылы 1104 мың теңгеге қосымша табыс алынған. 2) өнім өткізуден табыстың әсерін келесі жолмен есептейміз. Өткен жылы өткізілген өнімнің 1 теңгесіне келетін табыс деңгеін ескерсек, онда оның абсолюттік сомада өсуі немесе төмендеуі өнімді өткізуден түскен табыстың өсуі немесе төмендеуіне пропорционалды жүргізілуі тиіс. Өнімді өткізуден түскен табыстың өткен жылмен салыстырғанда 9,5% (22075/24392*100=90,5%, 90,5-100=-9,5%) төмендеуі орын алды. Нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыстың төмендеуі есебінен жалпы табыс 352 мың теңгеге (3703*(-9,5)/100=352) төмендеген. 3) өнімді өткізуден түскен табыстың 1 теңгесіне келетін шығындар деңгейінің әсерін анықтау үшін есептегі жылғы өнімді өткізуден түскен табыстың 1 теңгесіне келетін шығындардың нақты деңгейі мен өткен жылдың шығындар деңгейі арасындағы айырманы есептегі жылдың салыстырмалы бағадағы өнімді өткізуден түскен нақты табысына көбейтеміз: (16996/22075-20689/24392)*22075=-1728 мың теңге. Сонымен өнім өткізуден түскен табыстың 1 теңгесіне келетін шығындарды төмендету нәтижесінде жалпы табыс 1728 мың теңгеге өскен. Аталған 3 фактордың әсерінің сомасы +1104-352+1728=+2480 мың теңге. Табыстылықтың келесі үшінші абсолютті көрсеткіші ретінде негізгі қызметтен түскен табыс есептеледі: До=Д в -Р п, мұндағы, Д в - жалпы табыс; Р п– кезең шығындары. Жалпы табыс шамасы неғұрлым жоғары, ал кезең шығындары төмен болса, онда негізгі қызметтен түскен табыс соғұрлым жоғары болады. Салыстырмалы көрсеткіштерді талдау. Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштері кәсіпорынның қызметінің тиімділігін сипмттайтын табыстылық көрсеткіштері болып табылады. Ол рыноктың экономика жағдайында қаржыландырк көздерінің кірістіру қабілетін және олардың табысты пайдалануын анйқтайды. Табыстылық коэффициенттері кәсіпорын табысының құралуының факторлық ортасының маңызды сипаттары болғандықтан, олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау мен бағалауда міндетті элементтер болып есептеледі. Табыстылық көрсеткіштерін 3 топқа бөлеміз: - жалпы активтер; - өнім; - ақшалай қаржылардың таза ағымы базасында есептелетін табыстылық көрсеткіштері. Кәсіпорын активтерін тиімді пайдалануы – бұл берілген кәсіпорынға қаржы бөлу тиімділігі жөнінде сұрақты шешу үшін маңызды критерийлердің бірі болып есептеледі. Кәсіпорын мүлкінің тиімділігі көрсеткіштердің бірі ретінде табыстылық коэффициенті есептеледі. Оло таза табыстың жалпы активтерге қатынасы арқылы есептеледі. Кәсіпорынның бүкіл капиталының табыстылық коэффициенті келесі 8 кесте деректерімен сипатталады. Кесте 8 - Аван сталған капиталдың табыстылығық деңгейі,%
Жалпы активтердің табыстылық дңгейі өткен жылмен салыстырғанда 1,03% артқан. 1. Жалпы активтердің өзгерісінің табыстылық деңгейіне әсерін анықтау үшін 5040*100/37254-5040*100/30512=13,53-16,52=-2,997 2. Ал таза табыстың әсерін табу үшін 658*100/37254-5040*100/37254=17,55-13,53=4,02. 4,02+(-2,99)=+1,03%. Д0=Дч0*100%/ОА0=5040*100%/30512=16,52%, Д шартты=Дч0*100%/ А1=5040*100%/37254=13,53%. Сонымен жалпы активтердің өсуі есебінен табыстылық деңгейі 13,53-16,52 =-2,99% төмендеген. Д1=Дч1*100%/ОА1=6538*100%/37254=17,55%. Сонымен таза табыстың өсуі есебінен табыстылық деңгейі 17,55-13,53=4,02 % өскен. -2,99+4,02=+1,03%. Жалпы активтердің табыстылық деңгейін өлшеу келесі факторлардың ықпалымен жүреді: 1) өткізілген өнімнің табыстылық деңгейі; 2) жалпы активтердің айналымдылығы. Тәжірибеде ағымдық активтер табыстылығы кеңінен қолданылады. Ол ағымдық активтерге салынған 1 теңгеден кәсіпорын қанша табыс алатынын көрсетеді: Д та= Дч/Та, мұндағы, Та– ағымдық активтер; Дч– таза табыс. Акционерлік кәсіпорында акционерлік капиталды пайдалану тиімділігі көрсеткіші ретінде таза табыстың өзіндік капиталға Орытынды Рыноктық экономика жағдайында кәсіпорынның қызмет етуінің экономикалық мақсаттылығы табыс алумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіші – бұл табыстар сомасы. Рыноктық экономика жағдайында табыс рөлі 2 функцияны атқарады: мемлекеттік бюджет табыстарының көзі мен кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік даму көзі. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|