Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ТАҚЫРЫП 3 – Баланстың өтімділігін және төлем қабілеттілігін талдау




Мақсаты: Кәсіпорынның активтері мен пассивтерінің құрылымын талдау,қаржылық тұрақтылықты талдау, төлем қабілеттілігін және өтімділікті талдау, меншікті капиталдың қажетті өсімін талдау.

Мазмұны

1. Кәсіпорын активтері мен пассивтерінің құрылымын талдау.

2. Қаржылық тұрақтылықты талдау.

3. Төлем қабілеттілігін және өтімділікті талдау

4. Меншікті капиталдың қажетті өсімін талдау

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: меншікті капитал, заемды капитал, пермаментті капитал, өзгермелі капитал, актив, пассив, абсолютті өтімділік коэффициенті; аралық жабу коэффициенті; жалпы жабу коэффициенті, қаржылық тұрақтылық, төлем қабілеттілігі және т.б.

Пассив – бұл кәсіпорынның қарыздары. Кәсіпорын тиістілігіне қарай капитал меншікті (пассивтің III бөлімі) және заемды (пассивтің I және II бө-лімі) болып бөлінеді. Пайдалану ұзақтылығы бойынша капитал ұзақ мерзім-ді, тұрақты (пермаментті) (III және I бөлімі) және қысқа мерзімді (II бөлімі) болып бөлінеді (сурет 2).

Егер де, өндіріс мерзімді сипатта болса, кәсіпорынның меншікті капитал арқылы қаржылануы тиімсіз болады (бір кезеңдерде банк шотта-рында ақша қаражаттары көбейіп жатса, ал бір кезеіде азайып кетіп жатады). Егер де қаржы ресурстарына баға жоғары болмаса, кәсіпорын заемды капитал рентабельділігін жоғарылата алады. Бір жағынан, кәсіпорын өз қызметін тек қысқа мерзімді міндеттемелер арқылы жүргізіп отырса, оның қаржылық жағдайы тұрақсыз болып есептеледі. Сондықтан, меншікті және заемды капиталдың оптималды қатыстылығына кіспоырнның қаржылық жағдайы тәуелді.

Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру үшін қаржылық стратегияны дұрыс анықтап алу қажет. Бұл тұрғыда кәсіпорынның рыноктық тұрақтылығын сипаттайтын көрсеткіштерге мыналар жатады:

- қаржылық тәуелсіздік коэффициенті немесе жалпы капиталдағы меншікті капиталдың үлесі;

- қаржылық тәуелділік коэффициенті (заемды капитал үлесі);

қаржылық тәуекел коэффициенті (заемды капиталдың меншікті капиталға қатынасы).

 

Дебиторлық және кредиторлық қарыздар қатынасы 2:1 болғаны дұрыс деп саналады. Кәсіпорын айналымындағы кредиторлық қарыздарды пайдаланудың орташа ұзақтылығы келесі формула арқылы анықталады:

 

Баланс бойынша активтердің құрамы мен олардың орналасуын талдау үшін келесі аналитикалық 2 кесте құрылады:

20143=1.1а+1.2а=18642+1501

Өндірістік бағыттағы мүлік коэффициентінің шектеуі Kn 0,5 (біздің кәсіпорында 49,71% - өндірістік потенциал үлесі).

Кәсіпорын активтерінің мобильділік коэффициенті ағымдық активтердің жалпы активке қатыстылығымен анықталады.

Бұл көрсеткіш қарыздарды өтеуге кеткен капиталдың үлесін көрсетеді. Кәсіпорын активтерінің тиімді орналасуын сипаттайтын көрсеткіштің бірі - бұл мобильді және иммобильді капиталдардың қатыстылығы коэффициенті (ағымдық активтердің ұзақ мерзімді активтерге қатыстылығы). Бұл көрсеткіштің деңгейі 0,5-тен кем болмауы керек.

 

Кесте 1 - Активтердің құрамы мен олардың орналасуын талдау

Көрсеткіштер жыл басына жыл аяғына Ауытқу (+,-)
мың теңге үлес салмағы % мың теңге үлес салмағы % мың теңге үлес салмағы %
1.   1.1   1.2. Активтер құны, оның ішінде: ұзақ мерзімді активтер оның ішінде: а) негізгі құралдар б) қаржылық салымдар ағымдық активтер о.і.: а) өндірістік запастар б) дайын өнім   57,66   57,27 0,39 42,34 4,61 23,51   47,67   46,47 1,20 52,33 3,24 34,65   -143 28,9 6,56   4,59 293,75 59,32 -9,53 90,0
2. Кәсіпорынның өндірістік потенциал құны   61,88   49,71   3,53

 

Ағымдық активтер құрамы мен құрылымын анықтау үшін келесі аналитикалық кестені құрамыз (кесте 2).

Кесте 2- Активтердің құрамы мен құрылымын талдау

Көрсеткіштер жыл басына жыл аяғына Артуы (+), кемуі(-),%
мың теңге үлес салмағы % мың теңге үлес салмағы %
1.   1.1.   1.2. 1.3.     1.4. Ағымдық активтер оның ішінде: Тауарлы-материалдық запастар Дебиторлық қарыздар Ақша қаражаты және қысқа мерзімді қаржы-лық инвестициялар Басқа ағымдық активтер         -   80,93 8,45   10,62     -           80,24 7,61   6,49     5,66 59,3   57,9 43,4   -2,6     5,66

 

Ең мобильді активтерге ақша қаражаты және қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар жатады. Олардың ағымдық активтерге қатыстылығымен айналым құралдарының мобильділік коэффициенті анықталады. Бұл көрсеткіш ағымдық міндеттемелерді өтеу үшін кететін қаражаттың үлесін көрсетеді.

Меншікті капитал құрамына жарғылық қор, қосымша капитал, резервтік капитал және бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) кіреді. Меншікті айналым капиталы көлемін анықтау үшін меншікті капитал сомасынан баланс активінің І бөлім қорытындысын алып тастаймыз.

Меншікті капиталдың жалпы көлеміндегі меншікті айналым капиталының үлес салмағы жылдамдық коэффициенті деп аталады.

Kм = Kм 0,5

Мұндағы Kм жылдамдық коэффициенті.

Бұл коэффициенттің жоғары жеңгейі кәсіпорыннның оң қаржылық жағдайын сипаттайды.

Келесі қаржылық тұрақтылық көрсеткіші тауарлы-материалдық запастарды қамсыздандыру коэффициенті (Ко/з)

 

Ко/з= ,

Мұндағы З – тауарлы-материалдық запастар;

Сок – меншікті айналым капиталы.

Оның әдеттегі көлемі: Ко/з 0,6:0,8.

Дебитолық және кредиторлық қарыздар қатыстылығы 2:1 болып ұсынылады.

Қаржылық тұрақтылықтың абсолютті көрсеткіштеріне келесі көрсеткіштер жатады:

1. Меншікті айналым капиталы (Сок). Ол баланс пассивінің бірінші бөлімінен баланс бөлімінің бірінші бөлімі алынып тасталумен анықталады:

Сок=Ck – Да=IpП – IpA

2. Тауарлы-материалдық запастардың қалыптасуының меншікті және ұзақ мерзімді заемды көзқайнарлары (Сок/д).

Сок/д=Cок + До= Cок +ІІрП,

Мұндағы До ұзақ мерзімді міндеттемелер

ІІрП – баланс пассивінің екінші бөлімі.

3. Тауарлы-материалдық запастардың қалыптасуының негізгі көздері көлемі (ОИ):

ОИ=Cок/д + Кк,

Мұндағы Кк – қысқа мерзімді несиелер мен заемдар.

Бұл үш көрсеткішке тауарлы-материалдық запастармен қамсыздану көрсеткіштері сәйкестеледі:

1. Меншікті айналым капиталының артықтығы (+) немесе кемшілігі (-).

Сок= Сок –З,

Мұндағы З – тауарлы-материалдық запастар.

2. Тауарлы-материалдық запастар қалыптасуының меншікті және ұзақ мерзімді көзқайнарлар артықшылығы (+) немесе кемшілігі (-)

Сок= Сок/д –З,

3. Запастар қалыптасуының негізгі көзқайнарларының көлемінің артықшы-лығы (+) немесе кемшілігі (-)

ОИ = ОИ –З,

Осы көрсеткіштерді анықтау арқылы біз кәсіпорынның қаржылық жағдайын оның тұрақтылық деңгейі бойынша 4 типке бөлеміз:

1) қаржылық жағдайдың абсолютті тұрақтылығы;

2) қаржылық жағдайдың қалыпты жағдайдағы тұрақтылығы;

3) тұрақсыз қаржылық жағдайы;

4) кризисті қаржылық жағдай.

Олардың әрқайсысына төмендегі сәйкес келеді.

1. З<Сок немесе Сок>З.

2. Сок/д<З<ОИ

3. ОИ<З немесе З>ОИ

4. ОИ<З немесе З>ОИ және қосымша бұған кәсіпорынның кредиторлық қарыздары бар.

Кәсіпорын активтері өтімділік деңгейіне байланысты (ақша қаражатына айналу жылдамдығына байланысты) келесі топтарға бөлінеді:

А1 – ең өтімді активтер: кәсіпорынның ақша қаражаттары және бағалы қағаздар;

А2 – тез өтімді активтер: қысқа мерзімді дебиторлық қарыздар және басқа да активтер;

А3 – баяу өтімді активтер: тауарлы-материалдық запастар, ұзақ мерзімді инвестициялар;

А4 – қиын өтімді активтер: баланс активінің бірінші бөлім статьялары.

Баланс пассивтері олардың өтелу жылдамдығы бойынша топталады:

П1 – ең тығыз міндеттемелер: уақытында өтелмеген кредиторлық қарыздар, ссудалар, басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер;

П2 – қысқа мерзімді міндеттемелер: қысқа мерзімді міндеттемелер және займдар;

П3 – ұзақ мерзімді міндеттемелер: ұзақ мерзімді несиелер мен займдар;

П4 – тұрақты міндеттемелер: пассивтің бірінші бөлім статьялары «Меншікті капитал».

Егер де келесі қатыстылықтар сақталса,баланс өтімді болып есептеледі:

1. А1 П1

2. А2 П2

3. А3 П3

4. А4≤П4

Кәсіпорынның төлемқабілеттілігі мен несиеқабілеттелігін талдау. Кәсіпорынның төлемқабілеттілігі – бұл өзінің міндеттемелері бойынша уақтылы төлемдерді іске асыру.

Төлемқабілеттілік коэффициенті ақшалай қаражаттың тығыз төлемдер сомасына қатыстылықпен анықталады. Егер коэффициент бірге теңелсе немесе одан жоғары болса, кәсіпорын төлемқабілетті болып саналады.

Кәсіпорынның перспективті төлемқабілеттілігін анықтау үшін келесі өтімділік көрсеткіштер анықталады:

1) Абсолютті өтімділік коэффициенті;

2) Аралық жабу (өтеу) коэффициенті;

3) Жалпы жабу (өтеу) коэффициенті.

Абсолютті өтімділік коэффициенті – бұл ақша қаражаты мен тез сатылатын бағалы қағаздардың тығыз және қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы. Бұл көрсеткіш ағымдағы қарыздардың қаншалықты жабылғанын көрсетеді. Оның әдеттегі шектеуі Кал 0,2:0,5

Аралық өтеу коэффициентін анықтау үщін алдыңғы көрсеткішттерін ақша қаражаттарына дебиторлық қарыздар мен басқа да активтер кіреді. Бұл көрсеткіш уақтылы дебиторлармен есеп айырысу арқылы кәсіпорынның төлемдік мүмкіншіліктері қаншалықты екенін айқындайды.

Бұл коэффициенттің әдеттегі шектеуі Кпл 1 (0,7 - 0,8) немесе 0,5 төмен болмауы керек.

Кесте 2 - Ағымдағы активтердің өтімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштер жыл басына жыл аяғына өзгеруі (гр.2-гр.1)
1.   1.1.   1.2.   1.3. Ағымдық активтер, мың теңге оның ішінде: ақша қаражаттары және қысқа мерзімді қаржылық салымдар дебиторлық қарыздар және басқа активтер тауарлы-материалдық запастар (болашақ кезең шығындарысыз)             +8175   -38   +1749   +6464
2.   2.1. 2.2. 2.3. Қысқа мерзімді міндеттемелер, мың теңге соның ішінде: қысқа мерзімді міндеттемелер кредиторлық қарыздар басқа ағымдық міндеттемелер   -   - +5038   - +3787 +1251
3.1.   Абсолютті өтімділік коэффициенті (стр1.1:стр.2) 0,315   0,147 -0,168
3.2. Аралық өтімділік коэффициенті (стр1.1.+стр1.2):стр2 0,566 0,448 -0,018
3.3. Өтімділіктің жалпы коэффициенті (стр1.1+стр1.2+стр1.3):стр2 2,968 2,268 -,700

 

Ағымдық өтімділік коэффициенті (жалпы өтеу коэффициенті) ағымдық активтердің (болашақ кезең шығындарысыз) тығыз және қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасымен анықталады. Бұл көрсеткіш ағымдық активтер ағымдық міндеттемелерді қаншалықты жабатынын көрсетеді. Әдеттегі шектеуі Ктл 2.

Орытынды

Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру үшін қаржылық стратегияны дұрыс анықтап алу қажет. Бұл тұрғыда кәсіпорынның рыноктық тұрақтылығын сипаттайтын көрсеткіштерді: қаржылық тәуелсіздік коэффициенті; қаржылық тәуелділік коэффициенті; қаржылық тәуекел коэффициенті жатады.Осы көрсеткіштерді анықтау арқылы біз кәсіпорынның қаржылық жағдайын оның тұрақтылық деңгейі бойынша 4 типке бөлеміз: қаржылық жағдайдың абсолютті тұрақтылығы; қаржылық жағдайдың қалыпты жағдайдағы тұрақтылығы; тұрақсыз қаржылық жағдайы; кризисті қаржылық жағдай.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных