Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып: ЕСЕП САЯСАТЫ




 

Дәрістің мақсаты - есепті циклді, есеп регистрлерін және түгендеу тәргендеу тәртібін қарастыру, құжат реквизиттері.

Негізгі ұғымдар - есептік цикл, есеп регистрлері, түгендеу мерзімі, түрлері,

Дәріс сұрақтары:

1. Есептік цикл

2. Бухгалтерлік құжаттар, есеп формалары.

3. Түгендеу

 

1. Есептік цикл - қаржылық есеп берушілікке апаратын оның алдында жасалатын бірізді қадамдардың сериясы. Бұл цикл әрбір есептік кезеңде қайталанады. Есептік циклдағы қадамдар және олардың мақсаттары:

- операцияларды немесе фактілерді тіркеу үшін тағайындау, мақсаты-операциялар немесе фактілер туралы алғашқы фактілер түрінде ақпараттар жасау;

- бухгалтерлік жазбаларды сәйкес журналдарда тіркеу, мақсаты- журналдан Бас кітапқа ақпараттарды көшіру;

- журналдардан Бас кітапқа көшіру, мақсаты-журналдан Бас кітапқа ақпараттарды көшіру шоттардағы ақпараттарды сақтау тәсілі;

- корректировка жасалған бақылау балансын дайындау, мақсаты-журналдағы жазбалардың дұрыстығы үшін материалдарды дебеті мен кредитінің теңдігін тексеру үшін ыңғайлы тізім жасау;

- Бас кітапқа журналдың жазбаларын тіркеу, мақсаты- аударымдардың мерзімі өткен қарыздары, яғни алғашқы құжаттарда көрсетілетін бағалау және басқа да фактілерді тіркеу;

- корректировка жасалған тексеру балансын дайындау, мақсаты- дебет және кредиттердің теңдігін тексеру және қаржылық есеп берушіліктерді дайындау;

- қаржылық есептерді дайындау, мақсаты- қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есепті балансты және бөлінбеген табыстың есептерін қолдана отырып шешімдер қабылдайтын сыртқы пайдаланушыларға жалпылынған қаржылық ақпараттар беру;

- бас журналда шоттардың жабылуынтіркеу;, мақсаты- уақытша шоттарды жабу және таза табыс сомасын бөлінбеген табысқа апарады;

- шоттарды жапқаннан кейін баланс дайындау, мақсаты- шоттарды жапқан соң дебеттердің және кредиттердің теңдігін тексеру;

бас кітапта тұрақты шоттардың қалдықтарын тіркеу

Кәсіпорында жүргізілетін барлық шаруашылық операциялар ақтаушы құжаттармен өңделіп отыруы керек. Бұл құжаттар алғашқы есептік ақпараттар болып, бухгалтерлік құжат жасалған шаруашылық операцияны іс-әрекет деп танып, оған материалдарды жауапты адамды бекітетін жазбаша куәлік.

 

2. Бухгалтерлік есеп регисгрлеріндегі шаруашылық операциялардың жасалғанын құжаттары. Сондықтан да оларды құрастыруға талап жоғары.

Алғашқы құжаттар шаруашылық операция, іс-әрекет жасалған мезетте топтастырылады. Алғашқы құжаттарды толтырған және қол қойған адамдар ондағы мәліметтердің нақтылығы мен құжатгардың сапалы құрастырылуына жауап береді. Құжаттардағы барлық көрсеткіштер толық толтырылып, бос бағаналар мен жолдар сызылып тасгалады. Алғашқы құжаттардың типографиялық тәсілмен шығарылған арнайы формалары болмаған жағдайда міндетті түрде келесі реквизиттер болуы керек:

- құжат аты;

- форма коды;

- құжат толтырылған дата;

- құжат тиесілі кәсіпорын оты;

- шаруашылық операция мазмұны;

- шаруашылық операция өлшемдері (мөлшері, сомасы),

- шаруашылық операцияны жасауға жауапты тұлғалардың аты-жөні,
қызметі, қолдары.

Қажет болған жағдайда қосымша реквизиттер де егізілуі мүмкін.

Орындалған есептік құжаттар архивте сақталады. Алғашқы құжаттардың сақталуы бухгалтерлік есепті дұрыс құруда маңызды роль атқарады. Есептік құжаттарды сақтау нормативті актілермен бекітілген уақыттар ағымында жүргізіліп, кез-келген уақытта кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау үшін немесе мемлекеттік органдар мен аудиторлық фирмалар талап еткен кезже мәліметтер алуға мүкіндік береді.

Бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспары, есеп саясатының басқа да құжаттары, мәліметтерді өңдеудің компьютерлік бағдарламалары бухгалтерлік есепте соңғы рет пайдаланылғанынан бастап бес жыл ағымында кәсіпорында сақталуы керек.

3. Түгендеу (немесе түгелдеу) — бүл бухгалтерлік есеп әдісінің басты элементтерінің бірі, ол есеп айырысудың ақша қаражаттарының, аяқталмаған өндірістің, тауарлы-' материалдық қүндылықтардың, материалдық емес активтердің, негізгі қүралдардың нақты қолда барын тексеруін және олардың есеп мәліметтерімен салыстыруын көздейді. Меншік түріне (нысанына), қызмет түріне және жүмыс істеу тәртібіне қарамастан, оны барлық кәсіпорын жүргізеді. Ол құжаттаудың міндетті қосымшасы болып табылады. Тек соның көмегімен шаруашылықта болатын әрі жасалатын барлық шаруашылық құбылыстар бухгалтерлік есепте көрініс табады. Толық түгендеу әдетге, жылына бір рет жылдық есеп берудің алдында жасалады, оның мақсаты кәсіпорынның барлық активтері мен пассивтерін баланста дұрыс көрсету болып табылады. Мүндай толық түгендеу бақылаушы органдардың талабы бойынша да жасалуы мүмкін. Ішінара түгендеу, тек қана түгенделетін объектілердің кейбір бөлігін ғана қамтуы мүмкін, оларға, кәсіпорынның кассасындағы нақты ақша қаражаты, кәсіпорындағы негізгі құралдардың саны т.б.

Түгендеу өз сипатына қарап жоспарлы және кезектен тыс жүргізілуі мүмкін

жоспарлы - алдын ала белгіленген мерзімде, қойған мақсатына және
мүмкіндігіне сай етіп жүргізіледі;

кезектен тыс - бұл кәсіпорын басшысының тапсырмасы бойынша
бақылаушы органдардың талабы бойынша материалды жауапты тұлғаның
ауысқан кезінде, табиғи апаттардан кейін жүргізіледі. Онда оның кезектілігі, түгендеуді жүргізудің мерзімі, түгендеу комиссиясының құрамы және т.б. қағидалар қарастырылады.

Орытынды

Кәсіпорында жүргізілетін барлық шаруашылық операциялар ақтаушы құжаттармен өңделіп отыруы керек. Бұл құжаттар алғашқы есептік ақпараттар болып, бухгалтерлік құжат жасалған шаруашылық операцияны іс-әрекет деп танып, оған материалдарды жауапты адамды бекітетін жазбаша куәлік. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінде күніне көптеген және әртүрлі операциялар болып жатады. Әрбір шаруашылық операция өз кезесінде есептік құжатта тіркеледі. Есептік құжаттық объектілері болып жабдықтау, өндіріс және өткізу процестері, сонымен қоса, кәсіпорынның ішіндегі және сыртындағы қаржылық, шаруашылық, есептік қатынастар табылады.

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1.Бухгалтерлік құжаттарға анықтама беріңіз?

2.Есеп регистрлері қандай болады, олардың түрлері қандай?

3.Бухгалтерлік есептің формасы деген не?

4.Есеп регистрлеріндегі қателерді қалай түзетеді?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1..«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» 2007 жылғы 24 ақпан айындағы Қазақстан Республикасының № 309-2 заңы

2..Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары 2010

3.. Бухгалтерлік есеп: Оқулық Абдина А.Р. 2010

4.. Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп. Оқулық құралы Нұрсейітов Е.О. 2009

5.. Бухгалтерлік есеп. Оқу құралы. 1 кітап. Әбдішүкіров Р.С., Мырзалиев Б.С. 2008

6.. Бухгалтерлік есеп. Оқу құралы. 2 кітап. Әбдішүкіров Р.С., Мырзалиев Б.С. 2008

7.. Бухгалтерлік есеп теориясы және тәжірибесі: Оқу құралы Мырзалиев Б.С.,Сәтмырзаев А.А.,Әбдішүкіров Р.С. 2008

8.. Бухгалтер (бухгалтерлік есеп негіздері):Оқулық. Екінші басылым. Қабылова Н., Доспалинова Ш.,Оразалинов Е2008

9.. Бухгалтерлік операцияларды жүргізудің әдістері. Практикум. Мырзалиев Б.С., Әбдішүкіров Р.С. 2008

10.. Қазіргі замандағы бухгалтерлік есеп Сейдахметова Ф.С. 2008






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных