Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Дәріс сұрақтары




1. Тауарлы-материалдық қорларды есептеудің негізгі міндеттері.

2. Материалдардың жіктелуі.

3. Материалдар қозғалысының есебі және оларды құжаттау

4. Тауарлы-материалдық қорларды бағалау әдістері

1. Тауарлы материалды құндылықтар дегеніміз – бұл тауарлы материалдық өнім өндіру барысында өзінің өзіндік құнын бірден өндірілетін өнімге беретін немесе өзіндік құнын бірден жоятын кәсіпорынның мүлкін айтамыз.

Өндіріс прцесіне еңбек құралдарымен қатар өндірістік босалқы қорлары еңбек заттары ретінде қатысады. Еңбек құралдарынан айырмашылығы еңбек заттары өндіріс процесіне бір-ақ рет қатысады және олардың құны өндірілетін өнімнің материалдық негізін құрай отырып, өнімнің өзіндік құнын құрайды.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі барысында өзінің өндірген дайын бұйымдары сату үшін, сатып алған тауарлары, сатып алған, бірақ әзірге ұйымға келіп түспеген тауарлары, аяқталмаған өндіріс, басқаларға көрсеткен қызметтері, сондай-ақ жұмыстары орындау және қызметтерді көрсету барысында пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері, отындары, ыдыс және ыдыстық материалдар, жартылай фабрикаттар және басқа да материалдары, сол ұйымның тауарлы материалдық құндылықтар түріндегі ағымдағы активі болып табылады.

Олардың өндіріс құралдарынан өзгешілігі, өндіріс құралдары шаруашылық процесіне ұзақ уақыт қатысты өзінің табиғи пішінін сақтай отырып, өндірілетін өнімге өз құнының бір бөлігін қосып отыратын болса, еңбек заттары өндірісте пайдаланған кезде өздерінің бастапқы құнды түгелдей өндірілген өнімге ауыстырады.

Материалдық құндылықтарды есепке алудың алдында мынадай негізгі міндеттер тұрады: босалқыларды кіріске дер кезінде және толық есепке алу, сақтау орындарындағы жағдайын қадағалау; босалқылардың қозғалысы бойынша барлық операцияларды толық және дер кезінде құжаттау; көліктік-дайындау шығындары (кдш) мен дайындалған құндылықтардың өзіндік құнын уақытында және толық анықтау; кдш-ны өндірістің шығындарына жазудың біркелкі және дұрыс болуын бақылау; ішкі ресурстарды жұмылдыру мақсатында субъектіге қажет емес материалдық босалқыларды сату, сақталатын орындардағы құндылықтардың қалдықтары мен қозғалысы туралы дәл мәліметтерді алу.

Өндіріс процесінде өнім өндіру және қызмет көрсету үшін керекті жағдайлардың бірі – еңбек заттары. Олардың өндіріс құралдарынана өзгешілігі, өндіріс құралы өндіріс процесіне ұзақ уақыт қатысып, өздерінен табиғи пішінін сақтай отырып, өндірілетін өнімге өз құнының бір бөлігін қосып отыратын болса, еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады. Шығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың өзіндік құнының жартысынан артығы еңбек заттарының құнынан тұрады. Еңбек заттары өндірістік қор болып табылады. Материалдық құндылықтардың есебі Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есебінің № 2 ҰҚЕС және № 2 ХҚЕС сәйкес жүргізіледі.

2. Шикізаттар деп – бұрын азды-көпті еңбек сіңірілген заттарды айтады. Бұлардың құрамына кен өндіруші өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдері (мұнай, руда, мақта, жүн, тері, ағаш және тағы да басқа материалдар) жатады.

Негізгі материалдардың қатарына өңдеуші өнеркәсіп өнімдері (ұн, мата, кірпіш тағы да басқалар) жатады. Шикізаттар мен негізгі материалдар өндірілген өнімнің негізін құрайды.

Өндірістік процестің бір сатысынан толық өтіп әрі қарай өңдеуді қажет ететін материалдар – жартылай фабрикаттар дер аталады. Материалдардың бұл түрін әрі қарай өңдеу арқылы дайын бұйымдар алынады. Олардың аяқталмаған өнімнен айырмашылығы оны сол күйінде сатуға болады. Бұндай жағдайда жартылай фабрикатты сатып алған шаруашылық субъектісі онв әрі қарай өңдейді. Сондықтан да әрі қарай өңдеуге арналған шаруашылық субъектісінің өзінің өндірген немесе басқалардан сатып алған заттары еңбек заттарының қатарында есептелінеді. Жатылай фабрикаттар қатарына құрылыс ұйымдарында – бетон және ағаш бұйымдарын, металлургияда – шойын мен болатты жатқызуға болады.

Көмекші материалдарға - әртүрлі химикаттар мен майлайтын, сүртетін және жөңдеуге керекті басқа да материалдар жатқызылады. Көмекші материалдардың негізгі материалдардан өзгешілігі олар өнімнің материалдық (заттық) негізін құрамайды. Олар өндіріс процесінде қолданылуы барысында негізгі материалдарға өзінің қандай да бір тиісті әсерін тигізіп, негізгі материалдардың түсін және тағы да басқажақтарын өзгертеді. Материалдардың бұл түріне бояуларды, әктерді (известь) жатқызуға болады.

Материалдық құндылықтарының ішінде бөлек топ болып отындар, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер, құрылыс материалдары, тағы да басқалар есептелінеді. Отындар тобына техникалық мақсатта энергия өндіруге, үй-жайларды жылытуға пайдаланылатын материалдардың барлық түрі жатқызылады.

Материалдарды есептеуді ұйымдастыру.

Субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі бас шоттар кестесінің екінші бөлімінде 1310 «Шикізат пен материалдар» шоттары жүргізіледі:

 

3. Шаруашылық субъектісінде материалды-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету жұмысымен арнайы бөлім және мамандар шұғылданады. Олар субъекті бойынша келер жылы өндірілетін өнім көлеміне қарай белгіленген өлщем бойынша өндіріске керек болатын материалдардың көлемін алдын ала анықтап, жабдықтаушы мекемелермен қажет болатын материалдар көлемі туралы шарт жасайды.

Шартта материалдардың аты, көлемі, бағасы, жеткізіліп берілетін уақыты көрсетіледі. Шаруашылық субъектісінің жабдықтау бөлімі шартта көрсетілген келісімдердің орындалуын қадағалап отырады. Ол үшін материалдарды алып келген тасымалдау көлігінің жолдама құжаты, теміржол накладнойы, транспорттық наклоднойы, жабдықтаушыдан келген басқа да құжаттар алдымен жабдықтау бөліміне табыс етіледі. Бұл жерде, яғни жабдықтау бөлімінде келген құжаттар М-1 түрлі «келген жүкті есептеу» журналына тіркеледі. Одан кейін бұл құжаттарды материалды алып келетін экспедиторға береді. Сонымен қатар, экспедиторға материалдарды алу үшін сенімхат беріледі. Экспедитор алған жүк құжаттары мен сенімхатты алғаны үшін М-1 түрлі журналға қол қояды.

Жабдықтау бөлімі келген материалдарды қабылдап алуды да қадағалап отырады. Ол үшін жоғарыда аталған журналға материалдардың қабылданған уақыты (күні, айы, жылы) мен ол үшін толтырылған құжаттың атын (үлгілі түрі) және нөмірін жазады. Материалдар мен жабдықтаушы мекемеден және жүк тасымалдаушы ұйымдардан материалдарды немесе жүктерді алу үшін шаруашылық субъектісінен тағайындалған экспедиторға немесе жүкті алатын басқа адамға үлгілі түрі М-2 немесе М-2А сенімхат беріледі.

М-2 түрлі сенімхаты лауазымды адамның материалдық құндылықтарды қабылдап алуға субъектінің сенімді адамы ретінде қатысу құқығын ресімдеу үшін беріледі. Бұл сенімхатты бухгалтерия бір дана етіп жазады. Сенімхатты алған адам оны алғаны үшін хаттың бухгалтерияда қалған түбіршегіне қол қояды. Сенімхаттың М-2А түрі, жабдықтаушы субъектілерден белгіленген мерзім ішіндегі материалды тұрақты алып тұратын экспедиторға беріледі. М-2А түрлі «сенімхат» ала нөмірленген барлық парағы арқылы жіп өткізіп тігілген және үлгілі түрі М-3 «берілген сенімхаттарды есептеу» журналына тіркелуі керек. Шаруашылық субъектісінің экспедиторы немесе басқа да қызметкері М-2А түрлі «сенімхатты» алғаны үшін осы журналға қол қояды. Кейіннен олар осы журналға сенімхатта көрсетілген материалдарды алған уақытын (күні, айы, жылы), кіріс ету құжатының нөмірін жазады. Қоймаға қабылданған материалдық құндылықтарға осы материалдарға жауапты адам сло күні үлгілі түрі М-4 «кіріс ету» ордерін бір дана етіп толтырады.

 

4. Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есебінің № 2 ҰҚЕС және № 2 ХҚЕС бойынша материалдық құндылықтар төменде көрсетілген әдістер негізінде бағаланады.

1. Арнайы (жалпылама) сәйкестендіру әдісі.

2. Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі.

3. ФИФО әдісі.

Арнайы (жалпылама) сәйкестендіру әдісі.

Арнайы (жалпылама) есептеу әдісі әдетте бірімен бірін алмастыруға болмайтын нақтылы бір материалдық құндылықтардың бағасын есептеуге арналған. Бұл әдіс жұмсалынған материалдармен істелген жұмыстардың нақты өзіндік құнын есептеп шығаруды көздейді. Сондай-ақ, бұл арнайы (жалпылама) есептеу әдісі сатылып алынғанына немесе субъектінің өзінде өндірілгеніне қарамастан арнаулы жоспарлауға арналған материалдардың өзіндік құнын есептеуге арналған.

Бұл әдіс қорлардың партиялық есебін дәл ұйымдастыру мүмкіндігі болған жағдайда қолданылады.

Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі.

Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі бойынша субъектіге кіріске алынған әрбір материалдық құндылықтардың кіріске алынғандағы шоты бойынша бағасын анықтау мүмкін болмаған жағдайда жүргізіледі. Материалдық құндылықтар тобының (түрінің) орташа өзіндік құны субъектідегі материалдардың есепті айдың басындағы қалған қалдығының құнымен ай бойы кіріске алынған материалдар құнының жиынтығын (қосындысын) материалдардың ай басындағы сандарының қалдығымен ай бойы кіріске алынған тиісті материалдардың сандарының қосындысына бөлу арқылы анықталады.

Бұл әдіс кезінде материалдық қорлардың құны – ай басындағы қалдық құнына ай бойында келіп түскен құндылықтарын қосып есептелінген орташа бағасы түсіндіріледі.

Бұл әдісті есептеудің математикалық фрмуласы мынадай:

Орташа құны = ∑ м.к. + ∑алын. / К м.қ. + К алын.

Мұндағы:

∑ м.қ. –есептік кезеңннің басындағы қалған материалдардың қалдық құны;

К м.қ. - есептік кезеңннің басындағы қалған материалдардың қалдық саны;

∑ алын. – алынған материалдардың құны;

К алын. – алынған материалдардың саны.

ФИФО әдісі.

ФИФО есептен шығарылған материалдық құндылықтарды олардың алғашқы кезекте кіріске алынғандарының өзіндік құны бойынша бағалау әдісі болып табылады. Бұл әдіс қағидасы бойынша материалдық құндылықтардың бірінші кезекте кіріске алынғаны, алғашқы болып, яғни бірінші кезекте шығыс етіледі деп есептеледі. Яғни, барлық келіп кіріске алынған материалдар бірінен соң бірі кіріске алынғандағы кезегі бойынша шығыс етіледі. Ай соңында шаруашылық субъектінің қоймасында қалған материалдардың өзіндік құны соңғы кіріске алынған материалдардың бағасымен бағаланады.

Сонымен, соңғы қалдық құны ең кейінгі сатып алынғанның құнына негізделеді. Біздің мәліметтің негізінде «ФИФО» әдісі бойынша соңғы қалдықтың және жұмсалған материалдық құны мынаны құрайды:

Материалдық құндылықтарды ФИФО әдісімен бағалау барысында материалдардың аналитикалық (талдамалық) есебін олардың түрлері бойынша ғана жүргізіп қоймай, егер олар әртүрлі бағамен сатып алынған болса, онда келіп түскен материалдарды олардың топтамасы бойынша есептеу керек.

Материалдар баланста нақты өзіндік құны бойынша көрсетіледі. Сонымен қатар, материалдар өздерінің синтетикалық (топтамалық) есебінде нақты өзіндік құнымен көрсетіледі де, ал аналитикалық (талдамалық) есебінде жоспарлы есептеу бағасымен немесе келісілген бағасы бойынша көрсетіледі. Егер шаруашылық субъектісі немесе ұйым материалдық құндылықтардың аналитикалық (талдамалық) есебін келісілген бағасы бойынша есептейтін болса, онда олардың нақты құны материалдық құндылықтардың сатылып алынған құны мен дайындау-тасымалдау шығындарының қосындысынан тұрады. Бұлардың құрамына теміржол тарифі, көлік, ұщақ және басқа да тасымалдау құралдарының тарифтері, жарналар, материалды тиеуге, түсіруге кеткен шығындар, материалдық құндылықтарды дайындаушылардың іс-сапары шығындары, қамсыздандыруға төленген төлем және басқа да шығындар жатады. Егер материалдық құндылықтардың аналитикалық (талдамалық) есебі жоспарлы есептеу бағасы бойынша есептелетін болса, онда олардың нақты өзіндік құны жоспарлы есептеу құнына баға өзгеруінен болатын ауытқуларды қосу немесе ал арқылы анықталады.

 

Орытынды

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі барысында өзінің өндірген дайын бұйымдары сату үшін, сатып алған тауарлары, сатып алған, бірақ әзірге ұйымға келіп түспеген тауарлары, аяқталмаған өндіріс, басқаларға көрсеткен қызметтері, сондай-ақ жұмыстары орындау және қызметтерді көрсету барысында пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері, отындары, ыдыс және ыдыстық материалдар, жартылай фабрикаттар және басқа да материалдары, сол ұйымның тауарлы материалдық құндылықтар түріндегі ағымдағы активі болып табылады.

 

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1.Тауарлық –материалдық қорларға анықтама беріңіз.

2.Тауарлы – материалдық қорлар қалай бағаланады?

3.Тауарлы – материалдық қорлар есебінде қандай құжаттар қолданылады?

4.Материалдық қорлардың жіктелуі

5.Тауарлы – материалдық қорлардың құжатталуы

Ұсынылатын әдебиеттер:

1..«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» 2007 жылғы 24 ақпан айындағы Қазақстан Республикасының № 309-2 заңы

2..Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары 2010

3.. Бухгалтерлік есеп: Оқулық Абдина А.Р. 2010

4.. Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп. Оқулық құралы Нұрсейітов Е.О. 2009

5.. Бухгалтерлік есеп. Оқу құралы. 1 кітап. Әбдішүкіров Р.С., Мырзалиев Б.С. 2008

6.. Бухгалтерлік есеп. Оқу құралы. 2 кітап. Әбдішүкіров Р.С., Мырзалиев Б.С. 2008

7.. Бухгалтерлік есеп теориясы және тәжірибесі: Оқу құралы Мырзалиев Б.С.,Сәтмырзаев А.А.,Әбдішүкіров Р.С. 2008

8.. Бухгалтер (бухгалтерлік есеп негіздері):Оқулық. Екінші басылым. Қабылова Н., Доспалинова Ш.,Оразалинов Е2008

9.. Бухгалтерлік операцияларды жүргізудің әдістері. Практикум. Мырзалиев Б.С., Әбдішүкіров Р.С. 2008

10.. Қазіргі замандағы бухгалтерлік есеп Сейдахметова Ф.С. 2008

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных