Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып. ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЕСЕБІ




 

Дәрістің мақсаты - инвестициялар есебін оқыту және құнды қағаздар нарығын қарастыру.

Негізгі ұғымдар - инвестиция, құнды қағаздар, акциялар, облигациялар, нақтылық инвестиция, қаржылық инвестиция

Дәріс сұрақтары:

1. Инвестициялар түсінігі және оның түрлері.

2. Қаржылық инвестициялар есебі.

3. Еншілес, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың инвестицияларының есебі.

 

1. Инвестициялар деп -өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шарушылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субьектісіне мүліктей, заттай, сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын атайды.

Инвестиция дегеніміз – бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте, яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор, біріншісі – уақыт, ал екіншісі – тәуекелділік.

Тағайындалу түрлері бойынша инвестициялар нақтылық және қаржылық инвестиция болып екі түрге бөлінеді.

Нақтылық инвестиция дегеніміз – шаруашылық субьектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің өсуіне, дамуына жұмсалыну үшін салынатын салымдар болып табылады.

Қаржылық инвестиция дегеніміз – акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға, облигацияларға және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттеріне салынған салымдар

Саудалық құнды қағаздар – белгілі бір коммерциялық бағытпен сауда операциялары кезінде есеп айырысуға арналған.

Нарықтағы айналымдағы ерекшеліктеріне байланысты құнды қағаздар нарықты және нарықты емес болып бөлінеді.

Нарықты құнды қағаздар – айналыста еркін сатылады немесе сатып алынады.

Нарықты емес құнды қағаздар – қолдан – қолға еркін жүре бермейді, яғни олар екінші айналымға түспейді.

Атқаратын қызметіне және роліне байланысты құнды қағаздар:

n Негізгі;

n Көмекші;

n Туынды болып үш түрге бөлінеді.

Демек инвестиция дегеніміз – табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады, яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге, басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысқа немесе іске жұмсалынуы тиіс.

Ал инвесторлар – қор нарығында құнды қағаздарды сатып алушылар болып табылады. Инвестор өз алдына дербес екі топқа бөлінеді:

n Жеке инвесторлар,

n Институттандырылған инвесторлар.

Қаржы салымына (қаржылық инвестиция) кәсiпорын-дар мен үйымдардың басқа занды түлғалардың қүнды қағаздарын (акцияларды, облигацияларды және басқа да қүнды қағаздарды сатып алуға, депөзитке салған тағы да басқа) сатып алуға жүмсаған қаржылары жатқызылады.

Қаржы нарығының айрықша белiгi, ол — қүнды қағаздар нарығы. Ал қаржылық инвестипиямен осы қүнды қағаздар нарығы тiкелей байланысты. Бүгiнгi күнi елiмiзде коптеген акционерлІк қоғамдар, сақтандыру компания-лары, инвестициялық және мемлекеттiк емес зейнетақы қорлары, сонымен қатар басқа да кәсiпорындар мен үйымдар тiркелген. Осы жоғарыда аталған кәсiпорындар мен үйымдардың барлығы да елiмiздегi қүнды қағаздар нарығыньщ потенциалды қатысушылары қатарына жат-қызылады. Олардың кейбiреулерi эмитент, яғни айналымға қүнды қағаздар шығарушылар болып табылса, ал екiн-шiлерi инвестор ретiнде қызмет атқарады. Косiпорындар мен үйымдарға жаңа технология енгiзу, ендiрiстi жаңғырту (модернизациялау), қайта қүру (реконструкциялау) әрқашанда iрi капитал салымын қерек етедi. Ал бүндай жү-мысты атқару үшiн ендiрушiлерде эр уақытта капитал бола бермейдi. Соңдықтан да кәсiпорындар мен үйымдар қа-рыз капиталы нарығына несиелер мен заемдарының қара-жаттарын, айналымға акциялары мен облигацияларын шы-ғарса, онда елiмiзде бағалы қағаздар нарығы пайда болады.

 

2. Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға жіктеледі:

а) қысқа мерзімдік – иелену мерзімі бір жылға дейін;

ә) ұзақ мерзімдік - иелену мерзімі бір жылдан артық;

Қаржы нарығы келесі нарықтардан пайда болады:

v Валюталық

v Құнды қағаздар

v Несие-капиталы

v Асыл металдар.

Қаржы нарығының айрықша бөлігі ол құнды қағаздар нарығы, яғни екі ұғым тікелей байланысты. Елімізде мыңдаған акционерлік қоғамдар мен басқа да шаруашылық субьектілері, жүздеген сақтандыру компаниялары, инвестициялық және мемлекеттік емес қорлар тіркелген. Олардың кейбіреулері эмитент, яғни айналымға құнды қағаздар шығарушылар болса, ал екіншісі инвесторлар ретінде қызмет атқарады. Іс жүзінде бағалы қағаздарын шығару арқылы капиталды тартуды көздейтін заңды тұлғалар эмитент деп аталады және сонымен қатар олар бағалы қағаздарды иемденушілердің алдында белгілі бір жағдайда борышты болып табылады. Эмитент ретінде кім болғанына байланысты бағалы қағаздар мынадай топтарға бөлінеді:

3. Еншілес серіктестіктер деп – негізгі серіктестіктің қылауындағы, яғни қол астындағы серіктестікті айтады.

Тәуелді серіктестік – дауыс бере алатын акцияларының 20%-тен артығына басқа заңды тұлға ие болғансеріктестікті айтады.

Тәуелді шаруашылық серіктестіктері – бұл инвестордың айтарлықтай ықпалында болатын серіктестік, бірігіп бақыланатын заңды тұлғалар қатарына да жатады.

Тәуелді шаруашылық серіктестіктері – бұл инвесторлардың айтарлықтай ықпалында болатын серіктестіктер, сондай – ақ бірлесіп бақыланатын серіктестіктер қатарына жатады. Айтарлықтай ықпал дегеніміз – инвестиция салынған субьектінің бақылау мүмкіндігін оның қаржы және басқа да саясаты бойынша шешім қабылдауына қатысу.

 

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1. Инвестициялар дегеніміз не?

2. Тағайындалу түрлері бойынша инвестициялар нешеге бөлінеді?

3. Қаржылық инвестиция ұғымына анықтама беріңіз?

4. Инвесторлар деп кімдерді атауға болады?

5. Еншіліс серіктестіктер ұғымына анықтама беріңіз?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1..«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» 2007 жылғы 24 ақпан айындағы Қазақстан Республикасының № 309-2 заңы

2..Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары 2010

3.. Бухгалтерлік есеп: Оқулық Абдина А.Р. 2010

4.. Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп. Оқулық құралы Нұрсейітов Е.О. 2009

5.. Бухгалтерлік есеп. Оқу құралы. 1 кітап. Әбдішүкіров Р.С., Мырзалиев Б.С. 2008

6.. Бухгалтерлік есеп. Оқу құралы. 2 кітап. Әбдішүкіров Р.С., Мырзалиев Б.С. 2008

7.. Бухгалтерлік есеп теориясы және тәжірибесі: Оқу құралы Мырзалиев Б.С.,Сәтмырзаев А.А.,Әбдішүкіров Р.С. 2008

8.. Бухгалтер (бухгалтерлік есеп негіздері):Оқулық. Екінші басылым. Қабылова Н., Доспалинова Ш.,Оразалинов Е2008

9.. Бухгалтерлік операцияларды жүргізудің әдістері. Практикум. Мырзалиев Б.С., Әбдішүкіров Р.С. 2008

10.. Қазіргі замандағы бухгалтерлік есеп Сейдахметова Ф.С. 2008

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных