Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Дәріс сұрақтары. 1.Дебиторлық борыштардың есебін ұйымдастыру




1.Дебиторлық борыштардың есебін ұйымдастыру

2. Күмәнді дебиторлық борыштар

3. Басдай дебиторлық қарыздар есебі

 

1. Дебиторлық борыш – деп белгілі бір қарым-қатынасқа байланысты заңды және жеке тұлғалардың шаруашылық субъектісінің алдындағы сатып алған тауарлары, субъектінің оларға көрсеткен қызметтері үшін, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметкерлердің субъектіден аванс ретінде алған немесе несиеге, қарызға алған тауарлары мен материалдары үшін қайтаруға тиісті борыштарын айтады. Осы субъектіге берешек борышы бар кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады.

Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын (өтелінетін) дебиторлық борыштар ағымдағы активтер қатарында есептелінеді. Олардың қатарына жататындар:

- ағымдағы активтерді сатып алуға төленген аванстық (алдын ала төленген) төлем;

- тапсырылған (берілген) шоттар бойынша алынуға тиісті борыштар;

- вексельдер бойынша алынуға тиісті борыштар;

- негізгі шаруашылық серіктестігі мен оның еншілес серіктестігі арасындғы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық борыштар;

- акционерлік қоғамның лауазымды адамдарының (тұлғаларының) дебиторлық борышы;

- басқадай дебиторлық борыштар.

Қазақстан Республикасы Бухгалтерлік есеп және аудит жөніндегі Ұлттық комиссиясының 1996 жылғы №2 «Қаржылық есепті дайындау мен ұсынуға арналған тұжырымдамалық негіздер туралы» - деп аталатын қаулысына сәйкес «Дебиторлық борыш иелік ету құқықтарымен қоса, заңды құқықтарына байланысты актив болып саналады. Яғни, «дебиторлық борыш» - дегеніміз, бұл – иелік ету хұқын қосқандағы заңды хұқықтармен байланысты активте қамтылған болашақтағы экономикалық тиімділік болып табылады.

Мысалы: америкадағы FASB-пен (қаржылық есептің стандарттарын жасау бойынша құрылған кеңесі) сәйкес, дебиторлық борыштың активі маңызды үш сипаттамаға ие:

- ол, ақша қаржаттарының тікелей немесе жанама өсуіне мүмкіндікті қамтамасыз ететін (немесе басқа активтермен бірге) болашақтағы тиімділікті қамтиды;

- активтер дегеніміз – шаруашылық субъектісі басқара алатын ресурстар болып табылады. Тиімділікке деген немесе потенцилдық қызметтерге деген хұқтар, заңды болуы немесе оларды алудың заңды дәлелдемелері болуы қажет.

Бір жылдан астам уақыт бойы алынбаған дебиторлық борынштар ұзақ мерзімді активтердегі «Ұзақ мерзімді дебиторлық борынштар» бабына енгізілуі мүмкін.

 

2. Қазіргі таңда сатылған тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін уақытылы есеп айырылыса алмай немесе алынуға тиісті сомалардың бір бөлігі ғана өтеліп, қалған бөлігінің алынбай қалуы іс-тәжірибеде жиі кездесетін белгі. Жалпы борышкердің белгіленген мерзім аралығында төлем жасай алмау фактісі осы берешек соманың жабылмай қалатындығын білдірмейді. Төлем қабілетін бақылау жүйесінің қаншалықты жетілдіргеніне, сондай-ақ оның тиімділігіне қарамастан шаруашылық субъектінің несиеге сатылған тауарлары мен көрсеткен қызметтері үшін төлем төлемеген сатып алушылар әрқашанда табылады. Сатып алушылардың келісім-шартқа сәйкес белгіленген мерзімде төлемеген шоттары «күдікті қарыздар» - деп аталады.1290- «Күдікті (күмәнді) қарыздар бойынша резервтер» (пассивтік шот)- деп аталған бас шотының бөлімше шотында күдікті қарыздарға жататын резервтер сомасы есептелінеді.

Күдікті (күмәнді) қарыздарға – уақытысында төленбеген, жабылмаған және де тиісті кепілдікпен қамтамасыз өтелмеген дебиторлық борыштар жатқызылады. Өтеу-өтелмеуі белгісіз, күмән тудыратын борыштарды есептен шығарудың екі тәсілі бар:

Біріншісі – несиеге сатудан алынатын таза табыстан есептелінген пайыз әдісі.

Екіншісі – дебиторлық қарыздарды өтелу мерзімі бойынша есептеу әдісі.

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес талап ету мерзімі өтіп кеткен дебиторлық борыштар «үмітсіз қарыз» - деп танылады. Ал үмітсіз қарыздар сомалары күдікті қарыздарға жасалған резерв есебінен есептеп шығарылады. Сондай-ақ бұл сома қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беруде көрсетілуі тиіс.

3. Шаруашылық субъектісіне басқадай операциялар бойынша тиісті дебиторлық борыштар төмендегідей шоттарда есептелінеді:

1420- «Алынуға тиісті қосылған құн салығы»,

1270- «Есептелінген проценттер»,

1250- «Жұмысшылар мен басқадай тұлғалардың борышы»,

2180- «Басқалары».

 

1420- «Алынуға тиісті қосылған құн салығы» шоты субъектінің сатып алынған негізгі құралдары, материалдары тағы да басқалары бойынша жабдықтаушыларға төленген қосылған құн салығы сомасы жайлы ақпараттарды жинақтауға арналған. Салықтың бұл түрі барлық тауарлар мен қызметтерді қамтитын жанама салық болып саналады. Осыған орай ол тауардың құнына қосылып, оның бағасын көтереді. Сондықтан бұл салықты сатып алушылар төлейді. Жанама салықтар бюджетке тауарларды сатып алатын заңды және жеке тұлғалардан түспейді, осы тауарлар сатушылардан түседі. Неғұрлым баға жоғары болса, соғұрлым салық сомасы да жоғары болады.

Кәсіпорындар Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес бухгалтерлік есепте және салық есебінде есептеу әдісін қолданады.

Бухгалтерлік есепте қосылган құнға салынатын салық (ҚҚС) бойынша есеп айырысуды көрсету үішн 1420 «Орны толтырылуға тиісті қосылған құн салығы» шоты қолданылады.

1420-шот дебеті бойынша 3310 «Төленуге тиісті шоттар» шотының кредитімен корреспонденциялана отырып, сатылып алынған тауарлы-материалдық құндылықтары, атқарылған жұмыстар және көрсетілген қызмет үшін акцептелінген шоттар бойынша ҚҚС керсетіледі.

1420 шоттың дебеті бойынша есепке алынған ҚҚС сомасы қоймаларға құндылықтардың нақты түсуіне қарай (атқарылған жұмысты қабылдау) осы шоттың кредитінен 3130 «Қосылған құн салығы» шотының дебетіне жазылады.

1420 шоттың дебеті бойынша жазбалар тек қана мына акцептелінген шот-фактуралар бойынша: материалдық құндылықтар қоймаға түспеген және кіріске енгізілмеген, ал жұмыстар атқарылған жұмыстарды немесе қызметкерді қабылдау актілері бойынша қабылданбаған жағдайда жүргізіледі.

 

1270- «Есептелінген проценттер» - шотында субъектінің шартта қаралған жалға берген негізгі құралдары берген несиелері мен қарыздары, алған вексельдері үшін пайыз түрінде алатын сомасы сондай-ақ салынған инвистициядан алатын дивидендтерінің сомсы есептелінеді. Осыған байланысты 1270- «Есептелінген проценттер» шотына сәйкес негізгі бухгалтерлік жзулар мына түрде жазылады:

- Жалдағы негізгі құралдар, алынған вексельдер, берілген пайымдар бойынша пайыздар есептегенде 1270-шот дебеттелініп, 6120-шот кредиттелінеді.

- Есептелген пайыздар бойынша борыштардың жабылуына: 1010,1020,1030- шоттарының тиістілері дебеттелініп, 1270-шот кредиттелінеді.

 

1250 «Жұмысшылар мен басқадай тұлғалардың борышы» шотында жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың дебиторлық борыштары жайлы ақпараттар жинақталады.

Өнеркәсіптік-шаруашылық қызметі барысында кәсіпорын қызметкерлерін қызмет бабымен іссапарға жібереді, дүкендерден кеңсе жабдықтарын сатып алады, почта арқылы жіберілген ақшаларды және басқа да шығындарды төлейді. Бұл шығындарды үнемі банк мекемелері арқылы нақты ақшасыз есеп-айырысу жолымен төлеу мүмкін емес. Сондықтан да жоғарыда аталған және басқа да шығындарды төлеу үшін қызметкерлерге нақты ақша беріледі және олар алған ақшасына есеп беруте тиісті.

Ақша кәсіпорын басшысы бекіткен есепке сай көлемде беріледі. Аванс тек қана басшының жарлығымен есеп берілетін сомадан шығын жасау жүктелген қызметкерлерге ғана шығын шығаруға нақтылы қажеттілік туған жағдайда ғана, сондай-ақ қызмет бабымен іссапарға жұмсалған адамдарға ғана беріледі.

Қызмет бабымен іссапарға баруға ақша іссапарға жіберілетін адамға тиесілі соманың көлемінде іссапар орнына бару және қайту жолына төлеуге, тәуліктік шығындарды және іссапар мерзіміне үй-жай жалдауға шығатын шығындарды төлеуге беріледі. Есеп берілетін соманы жұмсау құжаттарымен айғақталып белгіленген мерзімде бухгалтерияға ұсынылатын аванс есептерімен расталады. Толтырылған аванс есебі төменде келтірілген. Кассадан аванс бұрынғы берілген аванс бойынша толық есеп айырысқаннан кейін беріледі. Белгіленген мерзімде есеп берілетін соманың шығындалмаған қалдығын өткізбеген және есеп бермеген түлғалар тәртіп жөніндегі жазаға, ал қажет болған жағдайларда қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Субьект қызметкердің дер кезінде төлемеген аванс қалдығын, егер ол ұстап қалудың негізін және көлемін жоққа шығармаған болса, қызметшінің еңбек ақысына төленетін сомадан ұстап қалуға құқылы.

Берілген аванс бойынша есеп айырысудың есебі 1600 «Берілген аванстар» бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. Бұл юөлімшенің екі шоты бар – 1610 «Берілген қысқа мерзімді аванстар». 1600 «Берілген аванстар» бөлімшесінің шоттарында тауарлы-материалдық құндылықтарды жеткізуге, тапсырыс берушілерден олардың ішінара дайын болуына қарай қабылданған өнімдер, жұмыс және қызмет бойынша төлем жасауға берілген аванстар бойынша көрсетіледі.Аванс берілген жағдайда 1600 бөлімшенің шоттары дебеттеледі және 1030 «Есеп айырысу шотындағы нақты ақша», 1040 «Карт шоттағы ақша қаражаты», және т.б. шоттары кредиттеледі. Босатылған тауарлы-материалдық құндылықтарды, атқарылған жұмысты және көрсетілген қызметті қабылдау актісін, шот-фактураларды алу кезінде 1300 «Материалдар» (1310 шоттар), 1330 «Тауарлар» (1330 шотгар), 1420 «Қосылған құн салығы», 8300 «Көмекші өндірістер », 8410«Үстеме шығындар» және т.б. бөлімшелердің шоттары дебеттеледі және 3310 «Төленуге тиісті шоттар» шоты кредиттеледі.

 

Орытынды

Қазіргі таңда сатылған тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін уақытылы есеп айырылыса алмай немесе алынуға тиісті сомалардың бір бөлігі ғана өтеліп, қалған бөлігінің алынбай қалуы іс-тәжірибеде жиі кездесетін белгі. Жалпы борышкердің белгіленген мерзім аралығында төлем жасай алмау фактісі осы берешек соманың жабылмай қалатындығын білдірмейді. Төлем қабілетін бақылау жүйесінің қаншалықты жетілдіргеніне, сондай-ақ оның тиімділігіне қарамастан шаруашылық субъектінің несиеге сатылған тауарлары мен көрсеткен қызметтері үшін төлем төлемеген сатып алушылар әрқашанда табылады.

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1.Дебиторлық қарыздар деген қандай қарыздар?

2.Дебиторлық қарыздар қандай шоттарда жүргізіледі?

3.Есеп беруге тиісті адамдармен есеп айырысу қалай жүргізіледі?

4.Күдікті қарыздар деген қандай қарыздар?

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

1..«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» 2007 жылғы 24 ақпан айындағы Қазақстан Республикасының № 309-2 заңы

2..Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары 2010

3.. Бухгалтерлік есеп: Оқулық Абдина А.Р. 2010

4.. Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп. Оқулық құралы Нұрсейітов Е.О. 2009

5.. Бухгалтерлік есеп. Оқу құралы. 1 кітап. Әбдішүкіров Р.С., Мырзалиев Б.С. 2008

6.. Бухгалтерлік есеп. Оқу құралы. 2 кітап. Әбдішүкіров Р.С., Мырзалиев Б.С. 2008

7.. Бухгалтерлік есеп теориясы және тәжірибесі: Оқу құралы Мырзалиев Б.С.,Сәтмырзаев А.А.,Әбдішүкіров Р.С. 2008

8.. Бухгалтер (бухгалтерлік есеп негіздері):Оқулық. Екінші басылым. Қабылова Н., Доспалинова Ш.,Оразалинов Е2008

9.. Бухгалтерлік операцияларды жүргізудің әдістері. Практикум. Мырзалиев Б.С., Әбдішүкіров Р.С. 2008

10.. Қазіргі замандағы бухгалтерлік есеп Сейдахметова Ф.С. 2008

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных