Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ақша қаражаттары




Ақша қаражаттарының эквиваленттері дегеніміз – ақша

қаражаттарының белгілі бір сомасына оңай айнала алатын және құндылықтардың аздаған өзгеру тәуекелдіктеріне ие болатын тез өтімді қысқа мерзімді салымдар. Мысалы, өтеу мерзімді 90 күнге дейінгі құнды қағаздар. Ақша қаражаттарының эквиваленттері инвестиция мақсатында емесе қысқа мерзімді ақшалай міндеттемелерді қанағаттандыруға арналған.

Компенсациялық қалдық дегеніміз – несие беру жөніндегі келісім шартты қамтамасыз ету үшін банк талап ететін сол шотта үнемі болып тұратын сома. Ақша қаражаттарына банктік овердравт кейде кіреді.

Кіші касса күнделікті шығыстарға арналған дайын қолма-қол ақша тұратын алдын-ала құырлған аванстық қор. Аванстық қорлар ерекше мақсаттар үшін құрылып жұмсалған сайын орны толтырылып отырады.

Кіші касса қызметтерді транспорттық шығындардың құны, точталық шығындар кеңсе тауарларын сатып алу, жеткізу бойынша шығыстар сияқты ұсақ төлемдерге арналған.
Кіші касса шотының қалдығы жалпы ашқа қаражаттары шоттары қалдығының бір бөлігі болып табылады.

3. Ішкі бақылау жүйесі дегеніміз – келесілерді жүзеге асыру үшін жасалған процедуралар және саясат.

· Автивтерді қорғау үшін.

· Компанияны қаржылық саясатына сәйкестікті қамтамасыз ету.

· Бухгалтерлік есеп шоттарда бейнеленген мәліметтердің анықтылығына қамтамасыз ету.

Ақша қаражаттарына жүргізлетін ішкі бақылау келесі функцияларды орындайды:

o Ақша қаражаттарына бөлек сақтау есебін бөлек жүргізу

o Қолма-қол ақшаға жүргізілген барлық операциялар есепке алу.

o Кассада қажетті қалдықты ғана сақтау.

o Касса қалдығын мерзімі сайын тексеру.

o Ақша қаражаттарына іс-жүзінде бақылау жасау.

Дебиторлық борыштар көрсетілген қызметтерге сатылған тауарлардың нәтижесінде пайда болады.

Төлеу мерзімі бойынша дебиторлық борыштар екі түрге жіктеледі:

- Қысқа мерзімді (1 жылға дейінгі дебиторлық борыштар)

- Ұзақ мерзімді (1 жылдан жоғары)

Операциялардың сипаты бойынша дебиторлық борыштар

1) Саудалық

2) Саудалық емес болып жіктеледі.

2. Несиеге сатылған тауарлардың сомасы көп жағдайда өз уақытылы немесе мүлдем төленбеуі мүмкін. Мұндай уақытында төленбеген борыштарды күмәнді дебиторлық борыштар. Есептеу принципіне сәйкес күмәнді дебиторлық борыштардан алынатын зияндар сатып өткізу жүргізілген есепті кезеңге танылуы керек, яғни күмәнді дебиторлық борыштың болуы күтілетін болса, онда алдын ала резерв құрылады.

Күмәнді дебиторлық борыштар бойынша резервтерді есепке алу үшін 1290 «Күмәнді қарыздар бойынша резервтер» контрактивті.

3.Күмәнді дебиторлық борыштарды бағалаудың 2 әдісі бар:

§ Несиеге таза сатудан пайыз әдісі

§ Дебиторлық борыштарды төлем мерзіміне қарай есепке алу әдісі.

Бірінші әдістің мақсаты күмәнді дебиторлық борыштардың нәтижесінде пайда болатын шығыстарды дәл өлшеу болатын болса.

Екінші әдістің мақсаты дебиторлық борыштың таза құнын дәл анықтау.

 

Өзін- өзі бақылау сұрақтары:

· Ақша қаражаттары дегеніміз не?

· Ақша баламаларына нелер жатады?

· Ақша қаражаттарына нелер қосылмайды?

· Ішкі бақылаудың функциялары?

· Дебиторлық борыштарға анықтама, олардың жіктелуі;

· Дебиторлық борыштар қай кезде танылады;

· Дебиторлық борыштардың есебі;

 

Әдебиеттер тізімі:

1.Нұрсейітов Е.О. Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп: оқу құралы / Е. О. Нұрсейітов. - Толықтырылып, 1-рет қазақ тілінде шығарылған. - Алматы: LEM, 2009. - 426 c.

2. Проскурина В.П. Бухгалтерлік проводкалар / В. П. Проскурина. - Алматы: LEM, 2011. - 292 б.

Тақырып 2 Қорлар есебі (ҚЕХС 2)

 

Дәріс түрі: Ақпараттық (дәстүрлі)

Дәрістің мақсаты: ТМҚ дың мәнін, жіктелуін, есебін, бағалануын қарастыру

Тақырып бойынша кілт сөздіктері:

  1. Консигнация – сатушы мен сатып алушынын келісім гарты бойынша консигнатордың қоймасындағы тауарлар.

. ФИФО -«Бірінші келді бірінші кетті» принципі қолданылады, яғни бірінші кезекте сатылған немесе өндіріске жұмсалған ТМҚ дың өзіндік құны бірінші кезекте келіп түскен тауар партиясының құнымен есептеледі.(әдіс)

Дәріс сұрақтар:

1. Қордың анықтамасы және жіктелуі.

2. Тауарлы материалдық қордың өзіндік құндары бойынша бағалау

3. Тауарлы материалдық қордың өзіндік құндарын анықтау әдістері

4. Тауарлы материалдық қордың қаржылық есептілікте ашып көрсету.

5. Тауарлы материалдық қордың синтетикалық есебі

Дәріс мазмұны:

1. Тауарлы материалдық қорларға келесідей активтер жатады:

1. шаруашылық қызметінде сатуға арналған дайын өнімдер, тауарлар. Оның ішінде жолдағы тауарлар.

2. Аяқталмаған өндіріс, жұмыстар мен қызметтер

3. Өндіріс процесінде пайдалануға арналған шикізаттар, материалдар, сатып алынған шала фабрикаттар, отын, ыдыс, ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер және т.б. материалдар.

ТМҚ дың құрамына кірмейтін тауарлар:

  1. Клиенттердің заказы бойынша дайындалып құны төленседе әлі жөнелтілмеген тауарлар.
  2. Консигнация келісім гарты бойынша консигнатордың қоймасындағы тауарлар.

2. ТМҚ дың өзіндік құндары келесідей шығындардан тұрады:

  1. ТМҚды сатып алу шығындары оның ішіне сатып алу құны, орны толтырылмайтын салықтар;
  2. Қайта өңдеу бойынша шығындар, бұл шығындарға дайын өнімді өндірумен байланысты келесідей шығындар жатады.

А) өнімдерді дайындаумен байланысты қызметкердің еңбек ақылары

Б) өнімдерді өңдеумен байланысты бөліп таратылған үстеме шығындар.

1. ТМҚ ды тиісті жеріне апарғанға дейінгі тасымалдау шығындары.

ТМҚ ды сатып өткізудің таза құны дегеніміз – тауарларды сату мен оны сатуға дайындау бойынша шығындарды алып тастағандағы болжанып отырған сату бағасы.

Таза сату бағасы төмендегі себептермен өзіндік құнды анықтау мүмкін болмаған жағдайда қолданылады:

1. ТМҚ бүлінсе.

2. олар толық немесе жартылай ескірсе.

3. ТМҚдың нарықтық бағасы төмендесе.

Сатып өткізудің таза құнын анықтаудың келесідей әдістері бар:

А) баптық әдіс – ТМҚдың әрбір түрінің өзіндік құнымен (баласнтық құны) таза сату құнының арасындағы ең кішісі алынады.

Б) Негізгі тауарлық топтар әдісі – ТМҚ дың әрбір тобының өзіндік құнымен таза сату құны салыстырылып кішісі алынады.

В) Қорлардың жалпы деңгейі бойынша – Кәсіпорынның қолындағы барлық ТМҚ дың өзіндік құндары мен сатып өткізудің арасындағы кіші мағынасы алынады.

ТМҚдың өзіндік құндарын анықтау әдістері нарық заманында баға күн сайын өзгеріп тұрады. Бухгалтерлік есептің мақсаты өндіріске жұмсалған тмқ дың және айдың соңында қоймада қалған тмқ дың өзіндік құндарын дәл анықтап өту.

ТМҚ дың өзіндік құндарын анықтау үшін номері № 2 халықаралық қаржылық есеп стандартында келесідей әдістер ұсынылады:

1. Орташа құн әдісі

2. ФИФО әдісі

3. Ерекше ұқсастыру әдісі

Орташа құн әдісінде айдың басындағы болған және ай бойы келіп түскен тауарлардың жалпы сомасын олардың санына бөлу арқылы бір өлшем бірлігінің орташа құны анықталады. Осы орташа құнды пайдаланып өндіріске жұмсалған немесе сатылған ТМҚ дың өзіндік қорлары және қоймада қалған тауарлардың өзіндік құндары анықталады.

ФИФО әдісінде «Бірінші келді бірінші кетті» принципі қолданылады, яғни бірінші кезекте сатылған немесе өндіріске жұмсалған ТМҚ дың өзіндік құны бірінші кезекте келіп түскен тауар партиясының құнымен есептеледі. Осылайша, қоймада қалған тауарлардың өзіндік құны соңғы партияның бағасымен бағаланады.

Ерекше ұқсастыру әдісінде бірін-бірі алмастыра алмайтын арнайы жобалармен тапсырыстарға арналған ТМҚ дың өзіндік құнын есептеуге арналған, яғни әр тауар бойынша жеке-жеке есептелнеді.

ТМҚ-ды есепке алудың екі жүйесі кезедеседі:

1.мерзімдік жүйе

2.Үздіксіз жүйе

ТМҚ-дың мерзімдік жүйесінде – жыл бойы ТМҚ-дың талдамалық есебі жүргізілмейді.

ТМҚ-дың нақты саны мерзім сайын өткізіліп тұратын түгендеу нәтижесінде анықталады. Сондықтанда сатып өткізілген ТМҚ-дың өзіндік құндары түгендеу аяқталғанша анықталмайды. Сатып өткізілген ТМҚ-дың өзіндік құндары келесідей формуламен анықталады:

Мерзім басындағы ТМҚ қалдығы

+

Келіп түскен ТМҚ

=

Сатуға дайын ТМҚ-дың өзіндік құндары

-

Мерзім соңындағы ТМҚ-дың өзіндік құндары

=

Сатылған ТМҚ-дың өзіндік құндары

ТМҚ-дың есебінің үздіксіз жүйесі – бұл жүйені қолданған кезде ТМҚ-дың бастапқы қалдығы келіп түсуі олардың шығыс етілуі, рет ретімен синтетикалық шоттарда көрініс табады. Нәтижесінде, кез келген уақытта ТМҚ-р жөніндегі және олардың өзіндік құндары туралы кез келген ақпаратты алуға мүмкіндік береді. Бұл жүйе бойынша сатып өткізілген ТМҚ-дың өзіндік құндары сол сәтте «Сатылған өнімдердің өзіндік құны» шотында көрсетіледі. 7010

ТМҚ-ға талдау жасаған кезде келесідей екі көрсеткіш анықталады:

1.ТМҚ-дың айналымдылығы

2.Бір айналымның ұзақтығы

Айналымдылық = ТМҚ өзіндік құндары / қорлар

Бір айналымның ұзақтығы = Қорларды / Сатылған тауарлардың өзіндік құндарына

ТМҚ-дың есебі бойынша қаржылық есептерде келесідей мәліметтер ашып көрсетілуі керек.

1. ТМҚ-ды бағалауға арналған есеп саясаты;

2. ТМҚ-дың жіктелуі бойынша баланстық құндарына расшифровка жасау;

3. ТМҚ-дың құндарын олардың таза сату құнына дейін жеткізу себептері және оларды есептен шығару;

4. Егер де ТМҚ-дың өзіндік құндары ЛИФО әдісінен аяқталса, онда басқа әдістерді қолдану нәтижесінде алынған айырмашылықтар ашып көрсетіледі;

5. Сатып өткізілген ТМҚ-дың өзіндік құндары;

6. Міндеттемелерді орындауға кепілдік ретінде салынған ТМҚ-дың баланстық құндары;

Өзін- өзі бақылау сұрақтары:

1. ТМҚ анықтамасы, жіктелуі;

2. ТМҚ-дың қозғалысының есебі;

3. ТМҚ-ды құжаттау;

4. ТМҚ ды бағалау;

5. ТМҚ ды есепке алу жүйелері

6. Алдағы кезең шығындары

7. Берілген аванстардың есебі

8. Салықтық активтердің есебі






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных