Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Материалдық емес активтерді бағалау.




Материалдық емес активтер оларды сатып алу сәтінде сатып алу құны бойынша бағаланады.Сатып алу құнына активті сатып алуға байланысты жұмсалған ибарлық шығындар қосылады.

Материалдық емес активтерді есепке алған кезде олардың қызмет ету мерзімін дұрыс анықұтап алу керек.

Материалдық емес активтерді есептен шығару.

Материалдық емес активтердің құндары олардың қызмет ету мерзімінің ішінде жүйелі түрде есептен шығарылады. Материалдық емес активтерге амортизация есептеуде жүйелеп қолданылатын әдіс тікелей сызықтық материалдық емес активтердің пайдалы қызмет ету мерзімін мерзім сайын қайта қарап отыру керек. Бірақ, сатып алу күнінен бастап жиырма жылдан аспауы керек. (авторлық құқықтан басқасы)

Материалдық емес активтерді құнсыздануы

Материалдық емес активтердің есебін жүргізу үшін келесідей шоттар қолданылады. 2730 «Басқа да материалдық емес активтер»

2740 «Материалдық емес активтердің амортизациясы және құнсыздануы».

3. Фирмалардың іскерлік репутациясы ең көп таралған және маңызды материалдық емес актив болып саналады.

Гудвилл ыирмаларды сатқан кезде ғана пайда болады. Бұл активтерден алынатын болашақтағы экономикалық пайда. Гудвилл сомасы кәсіпорынды сатып алу құнымен олардың таза активтерінің арасындағы айырмасы ретінде анықталады. Таза активтер (баланс бойынша анықтаймыз)

Таза активтер = активтердің жалпы сомасы – міндеттемелер

4. Ғылыми зерттеу жұмыстарына және жаңалықтарға (разработка) жұмсалатын шығындар. Халықаралық қаржылық есеп стандарттары бойынша № 38 зереттеулермен дайындамаларға келесідей анықтамалар берілген.

Зерттеулер дегеніміз – жаңадан ғылыми техникалық білімдерді алу мақсатында қабылданған жоспарланған зерттеу жұмыстары. Мұндай зерттеулер белгілі бір мақсаттар бойынша жүргізіледі.

Дайындамалар дегеніміз – жаңадан материалдар приборлар, өнімдер, жүйелер, жасап шығару үшін немесе оларды жетілдіру үшін ғылыми зерттеулердің нәтижелерін қолдану.

5. Сатуға немесе жалға беруге арналған компьютерлік қамтамасыз ету бағдарламаларын дамыту ғылыми зеттеу жұмыстарының маңызды бөлігін құрайды. Мұндай шығындарды есепке алған кезде бағдарламалық қамтамасыз ету пакеттерін жетілдіру үшін жұмсалған шығындардың қайсысы есептен шығарлатыны, қайсысы капитализацияланатын көңіл аудару керек. Негізгі ерекшеліктері:

1. компьютерлік бағдарламаларды дайындауға жұмсалған барлық шығындар есептен шығарылады. (сату және жалға беру)

2. өнімдердің түп нұсқасын жасауға жұсауға арналған шығындар капиталзацияланады.

Өзін- өзі бақылау сұрақтары:

· Материалды емес активтердің түрлері

· МЕА-ді тану, бағалау;

· Гудвиллді анықтау;

· Материалды емес активтерге тозу есептеу;

· Бағдарламалық қамтамасыз ету шығындары.

 

1. Толпаков Ж.С. «Қаржылық есеп» 2 Бөлім Қарағанды, 2010

Нұрсейітов Е.О. Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп: оқу құралы / Е. О. Нұрсейітов. - Толықтырылып, 1-рет қазақ тілінде

Тақырып 5 Активтердің құнсыздануы (ҚЕХС IAS 36)

 

Дәріс түрі: Ақпараттық (дәстүрлі)

Дәрістің мақсаты:: Активтердің құнсыздануынан болатын өзгерістерді есепке алуды меңгеру

Тақырып бойынша кілт сөздіктері:

Белсенді нарық – бұл төменде келтірілген талаптардың барлығы сақталатын нарық Амортизацияланатын құн – актив сатып алуға шыққан нақты шығындар немесе өзіндік құн шегеріліп, қаржы есептілігінде нақты шығындардың орнына көрсетілген басқа өлшем.

Амортизация – бұл активтің амортизацияланатын сомасын оның пайдалы қызмет мерзімі ішінде жүйелі түрде бөлу.*

Дәріс сұрақтар:

1. Активтердің құнсыздануы, оның анықтамасы мен белгілері

2. Құнсызданған активтерді бағалау

3. Құнсызданудан алынатын зиянды тану.

4. Активтердің құнсыздануының синтетикалық есебі

Дәріс мазмұны:

Активтердің құнсыздануы, оның анықтамасы мен белгілері

Құнсыздануда қолданылатын негізгі түсініктер:

Белсенді нарық – бұл төменде келтірілген талаптардың барлығы сақталатын нарық:

а) нарықтағы айналым объектілері біртекті болып табылады;

ә) əдетте, кез келген уақытта мəміле жасағысы келетін сатушылар мен сатып алушылар табылуы мүмкін; жəне

б) бағалар туралы ақпаратқа баршаның қолы жетеді.

Қаржылық жағдай туралы есептік құн – жинақталған амортизация жəне құнсызданудан болған жинақталған шығын сомасы шегерілгеннен кейін актив көрсетілетін сома.

Ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірлік – бұл басқа активтерден немесе активтер тобынан түсетін ақшалай қаражаттар ағынына едəуір дəрежеде тəуелді емес ақшалай қаражаттардың түсімін қамтамасыз ететін ең аз бірегейлендірілетін активтер тобы.

Корпорациялық активтер – бұл қарастырылатын қозғалысқа келтіретін бірліктер, сол сияқты басқа да қозғалысқа келтіретін бірліктер ретінде ақша қаражаттарының болашақ түсімдеріне салым салатын гудвиллден басқа активтер.

Есептен шығару шығындары – бұл қаржы шығындарын жəне, пайдаға салынған салық жөніндегі шығыстарды қоспағанда, активтің немесе қозғалысқа келтіретін бірліктердің шығарылуына тікелей байланысты қосымша шығындар.

Амортизацияланатын құн – актив сатып алуға шыққан нақты шығындар немесе өзіндік құн шегеріліп, қаржы есептілігінде нақты шығындардың орнына көрсетілген басқа өлшем.

Амортизация – бұл активтің амортизацияланатын сомасын оның пайдалы қызмет мерзімі ішінде жүйелі түрде бөлу.*

Сатуға жұмсалған шығындар шегерілген əділ құн – бұл жақсы хабардар, осындай мəміле жасағысы келетін жəне бір-біріне тəуелді емес тараптардың арасында мəміле жасалған кезде, есептен шығару шығындары шегеріліп, активті немесе қозғалысқа келтіретін бірліктерді сату жолымен алуға болатын сома.

Құнсызданудан болған шығын – бұл активтің қаржылық жағдай туралы есептік құнының немесе қозғалысқа келтіретін бірліктің оның өтеу сомасынан асатын сомасы.

Активтің немесе қозғалысқа келтіретін бірліктің өтеу сомасы екі өлшемнің ең үлкені: оны сатуға шыққан шығындар немесе шегерілген оның əділ құны немесе оны пайдалану құндылығы болып табылады.

Пайдалы қызмет мерзімі – бұл не:

(а) ұйым активті пайдалануды көздейтін уақыт кезеңі; не

(b) өндіріс бірліктерінің немесе ұйым активті пайдаланудан алуды күтетін сол сияқты бірліктердің саны.

Пайдалану құндылығы – бұл активтен немесе қозғалысқа келтіретін бірліктен алынуы күтілетін ақшалай қаражаттардың болашақ ағындарының дисконтталған құны.

2. Активтің құнсыздануы мүмкіндігінің көрсеткіш болу-болмауын анықтағанда, ұйым, ең кемінде, төмендегі көрсеткіштерді, қарастыруы тиіс:

Ақпараттың сыртқы көздері

а) кезең ішінде активтің нарықтық құны уақыт өткеннен кейін немесе қалыпты пайдаланылғаннан кейін күтуге болатынға қарағанда айтарлықтай елеулі өлшемге азайған;

ә) ұйым үшін теріс əсер ететін елеулі өзгерістер кезең ішінде болған немесе таяу болашақта ұйым жұмыс істейтін технологиялық, нарықтық, экономикалық немесе заңдық жағдайларда немесе актив арналған нарықта күтіледі;

б) кезең ішінде инвестициялар кірістілігінің нарықтық пайыздық мөлшерлемелері немесе басқа нарықтық көрсеткіштері ұлғайған жəне осы ұлғаюлар, бəлкім, активті пайдалану құнын есептеген кезде дисконттау мөлшерлемесіна əсер етуі жəне оның өтелетін сомасын елеулі түрде азайтуы мүмкін;

с) ұйымның таза активтерінің қаржылық жағдай туралы есептік құны оның нарықтық капиталдандыруынан асып түседі.

3.Егер активтің өтелетін сомасы оның қаржылық жағдай туралы есептік құнынан аз болған кезде ғана, қаржылық жағдай туралы есептік құн активтің өтелетін сомасына дейін азайтылуы тиіс. Бұл азайтылу құнсызданудан болған залал болып табылады.

Егер актив басқа Стандартқа сəйкес (мысалы, 16 Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар (IAS) ХҚЕС-ына сəйкес қайта бағалау үлгісі бойынша) қайта бағалану бойынша көрсетілмесе, құнсыздану залалы пайдалар мен залалдар туралы есептің өзінде танылуы тиіс. Қайта бағаланған актив бойынша құнсызданудан болған кез келген залал осындай басқа Стандартқа сəйкес қайта бағалаудан болған құнның азаюы ретінде есепке алынуы тиіс.

Қайта бағаланбаған актив бойынша құнсызданудан болған шығын пайдалар мен шығындар туралы есепте танылады. Алайда, қайта бағаланған актив бойынша құнсызданудан болған шығын, құнсызданудан болған шығын осы активті қайта бағалаудан болған кіріс өлшемінен аспаған дəрежесінде, басқа толық табыс арқылы танылады. Осындай бағаланбаған актив бойынша құнсызданудан болған шығын осы активті қайта бағалаудан болған кіріс өлшемін азайтады.

Құнсызданудан болған залалдың бағалау өлшемі ол жатқызылған активтің қаржылық жағдай туралы есептік құнынан көп болған кезде, егер мұны басқа Халықаралық қаржы есептілігі стандарты талап етсе ғана, ұйым міндеттемені тануы тиіс.

Құнсызданудан болған шығын танылғаннан кейін осы актив бойынша амортизациялық аударымдар активтің өзгертілген қаржылық жағдай туралы есептік құнын бөлу үшін, оның жою құнын шегере отырып (егер ондайлар бар болса), оның қалған пайдалы қызмет мерзімінің ішінде жүйелі негізде болашақ кезеңдерде түзетілуі тиіс.

Құнсызданудан болған шығындар танылған жағдайда, кейінге қалдырылған барлық салықтық активтер немесе міндеттемелер 12 Пайдаға салынатын салықтар (IAS) ХҚЕС-ына сəйкес активтің өзгертілген қаржылық жағдай туралы есептік құнын оның салықтық базасымен салыстыру арқылы анықталады

Өзін- өзі бақылау сұрақтары:

1. Активтердің құнсыздануы, оның анықтамасы мен белгілері

2. Орны толтырылатын құн.

3. Сату бойынша шығындарды алып тастағандағы әділетті құн.

4. Қолдану құндылығы. Басты (генерирующая) бірлік

5. Құнсызданудан алынатын зиянды тану.

6. Құнсызданудан алынатын зиянды қайта қалпына келтіру (реверсирование)

7. Активтердің құнсыздануының синтетикалық есебі

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных